Ұлттық бірегейлік



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі0,61 Mb.
#110166
  1   2
Байланысты:
Улттык бирегейлик
Microsoft Power Point бағдарламасында гиперсілтеме құру, олқылық жоспары новый, Документ Microsoft Office Word


ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК 

Орындаған: «Қаржы-20К1» тобы

Қабылдаған: Бияздыкова Кенжегул Алимбеккызы



ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты

бағдарламалық мақаласы қазақстандықтарды елең еткізген еді. Алты бағытты қамтитын мақаладағы негізгі

мәселенің бірі – ұлттық бірегейлікті сақтау. Яғни, ұлттық бірегейлікті сақтап, үшінші жаңғыруды жүзеге асыратын

ұлттық идеология – мақаланың ұстанымы болатын. Мұның арғы жағына тереңдесек, ұлттық код, ұлттық мәдениет,

ұлттық негіздер, латын жазуына көшу сияқты сүбелі мәселелер шығады.Кез-келген халықтың рухани деңгейі арқылы

ұлттық бірегейлік көрініп, жүзеге асып отырады.Қысқа қайырғанда, ұлттық бірегейлік ұлттың өркендеу

мүмкіндігінің барометрі.Бұл ретте, әлемдегі жаңалықтың адамзат қоғамына ықпалын тигізбей қоймайтыны анық.

Заманның ағысына қарай мәдениет, адамзат өзгеріп, түрлі топтар, секталар пайда болуы мүмкін. Яғни, мемлекетті

әлсірету арқылы ұлттық бірегейлікті ыдыратуға болады.Дегенмен, өркениеттің игілігінен бас тартып, толық

тұмшаланып тірлік кешу – қиынның қиыны. Қадымнан қазірге дейін қазақ руханиятындағы елдік, ар-намыс,

қайырымдылық, төзім, қанағат, мейірімділік сынды ізгі қасиеттер – ұлттық бірегейліктің негізгі тұтқасы. Алаш

тұлғаларының ұстанымына айналған бұл құндылықтар арқылы қазақтың отбасында, қоғам өмірінде бірлік, түсінік,

төзімділік, қайырымдылық сақталған. Адал еңбекпен күн кешуді мақсат ету – бірегейлікті сақтаудың алғышарты.Ал

ұлттық бірегейліктің негізгі белгілері: ұлттық дәстүр, ұлттық тәрбие, діннің таза күйінде сақталуы, тарих, тарихқа

құрмет, ұлттық өнер, туысқандық дәстүр, қоғамда, отбасында ұлттық құндылықтардың сақталуы, заман талабына

сай икемділік, білімділік, ғылымның мемлекетке тигізер пайдасы бағалау т.б.Атам қазақта «Ел боламын десең,

бесігіңді түзе» деген керемет мағыналы сөз бар. Бұл аталы сөз ұлтты ұйыстыруға ұлттық бірегейлікке, елдік пен

ауызбіршілікке үндейді. Себебі, ұлттық бірегейліктің түп-тамыры әрбір отбасындағы ұлттық дәстүрден бастау

алады. Әрине, жаһандану дәуірінде ұлттық болмысты жоғалтпай, бабадан балаға мирас болып жалғасқан ата

дәстүрді ұмытпаған абзал.Ал ұлттық бірегейлік болмаса не болады? Ұлттық бірегейлік болмаса, тұлғалық бірегейлік

болмайды. Тұлға болмаса, тарих та болмас еді.



Жаһандану және интеграциялану жағдайында қоғамда ұлттық бірегейлік мәселесі

мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін шешуші рөл атқарады. Ұлттық

бірегейлік түбегейлі анықталмаған жағдайда қоғам ішінде дағдарыстың орын алу

ықтималдығы күшейеді. Яғни, өз кезегінде ұлтаралық және этносаралық қарым-қатынастар,

көші-қон үрдістері мен жергілікті элиталардың ұлттық саясаттағы жұмысының күшеюіне өз

әсерін тигізеді. Нәтижесінде, азаматтардың өздері бірегейлігін іздестіру барысында рулық,

тайпалық, діни, отбасылық сияқты басқа да бірегейлік түрлерінің күшейіп, кең таралуына

жол ашады. Мемлекеттің ішінде түрлі ағымдардың күшейіп, тоқырауға ұшырауына алып

келеді. Сондықтан нақты ұлттық бірегейлік қалыптасқан қоғамда ғана тұрақталған және

мығым мемлекеттің дамуы орын алады.

Ұлттық бірегейлікті сақтау-ұлттық жаңғыру.Ұлттық жаңғыру деген сөздің өзі үлттық

сананың кемелденуін білдіреді.Оның екі қыры бар:

Ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.



Ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып,оның бірқатар сипаттарын өзгерту.




Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ұлттық-мемлекеттік құрылысында екі бағыт

айқын анықталды. Бірақ оларды зерттемес бұрын, біз «ұлт», «этнос» және тағы басқа

ұғымдардың мәнін және мазмұнын ашып, анықтап алуымыз керек.ұлттық бірегейлік,

әрине, көптеген сыртқы факторларға байланысты сырттай өзгергенімен, заманға сай

бейімделгіштік қасиетін көрсете отырып, өз ядросын, немесе түпкі тамырын өзгеріссіз

қалдыра алады. Сол арқылы өзіндік ықпал да етеді. Бұл жағдайда бірегейлік қорғағыштық

қызмет атқарады. Заманның қойған талабына сай ұлттың бейімделуін жеңілдететін де осы

бірегейліктің қасиеті.Қазақ ұлттық бірегейлігін қазақ халқының өзіндік сананың, рухани

дүниесінің сыртқы көрінісі ретінде қарастыра отырып, қазақтың ұлттық бірегейлігіне

сипаттама бергенде біздің мақсатымыз басқа халықтарда жоқ қасиеттер, өз ұлтымызда бар

деп айтудан аулақпыз. Ұлттық қасиеттер барлық халықтарда кездеседі, тек мәселе — ол

қандай деңгейде көрсетілгендігі. Мысал ретінде өмір сүруге қабілеттілікті алсақ, ол

барлық ұлттарға тән қасиет, тек кейбір объективті себептерге — халықтың маңдайына

түскен қиын тарихи сынақтарға байланысты — ол біздің ұлттық менталитетімізде,

бірегейлілігімізде қарқынды даму деңгейде кездеседі. Ұлт бірегейлігін зерттеген

ойшылдардың атап кеткен ұлттық қасиеттер, әлеуметтік нақты өмірде көрініс тауып отыр,

бұл жерден біздің

көретініміз — саналылықтан санасыздықтың басым тұрғаны;

адамгершілік және рухани элементтердің мәнінің жоғарылығы.



Қашан да қоғамға қажет нәрсе ұлттық бірегейлік, себебі, мемлекеттің тұтастығы қоғамдағы

ұлттың және зиялылардың азаматтық бірегейлігіне тәуелді. Ұлттық бірегейлік ұрпақтың

(халықтың) рухани деңгейінен шығады, рухани деңгей арқылы көрініп, жүзеге асып

отырады. Ұрпақтың рухани деңгейі ұлттық тәрбие, діни сауаттылық, тарих білімі,

интеллектуалдық қызметі, мәдениеті, қабілеті, өнері, білімі, еңбекқорлығы негізінде

көрініп отырған. Рухани деңгейі бар қоғамда ұлттың және оны демеп отыратын

зиялылардың азаматтық, тұлғалық бірегейлігі сақталмақ. Керісінше жемқорлыққа,

парақорлыққа халықтың көзі үйренген ортада ұлттық бірегейлік түгіл азаматтық бірегейлік

болмайды, болса да қоғамда елдің табиғатына, ұлттың мінезіне жат нәрселердің орын алуы

себепті тарихтан келе жатқан дәстүрден (ұлттық бірегейлік пен тұлғалық бірегейліктің

жолынан) өсіп келе жатқан ұрпақтың ішкі әлемі алшақтай түспек.



Ұлттық бірегейлік адамның белгілі бір ұлтқа,елге, мәдени кеңістікке жататындығын

білдіретін бірегейліктің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде анықталып жүр. Ол –

азаматтық және ұлтшылдық сияқты түсініктермен теңестірілмейді, дегенмен, олар

оған күшті әсер ете алатын факторлар болып табылуы мүмкін. Сонымен бірге ұлттық

бірегейлік адаммен бірге тумысынан пайда болмайды. Ол белгілі бір адамдардың

тобының тілін, тарихын, қауымдастықтың мәдениетін қабылдаған кезде пайда

болады. Осыған белгілі бір мемлекетке тиесілік, мемлекеттік бірегейлікке, ұлттық

идеяға және мемлекеттік символдарға шынайы берілушілік сезімін де қосуға

болады.Ұлттық бірегейлік көпдеңгейлі және көпқұрамды болуы да мүмкін. Жеке

мемлекеті жоқ азшылықты құрайтын халықтарда ұлттық бірегейлік көп жағдайда

саяси ұлтпен және мемлекетпен байланысты едәуір кең ұлттық бірегейліктің

құрамдас


бөлігі

болып


табылатын

өңірлік


этномәдени

бірегейлікпен

анықталады.Мәселен, мигранттардың ұлттық бірегейлігі олардың шыққан жерімен

анықталса, екінші жағынан, жаңа мемлекетпен және мәдени ортамен өзіндік

бірегейленуімен де анықтауға болады



Жаһандану бүгінгі таңда жалпы дүниежүзілік процесс болып табылады. Жаһандану кезеңінде

Қазақстан өзінің ұлттық және мемлекеттік бірегейлілігін сақтап қалу мәселесі туындайды.

Осы арқылы мемлекетіміз әлемдік ұйымдарда өз орнын сақтап, нығайта алу мүмкіндігіне ие

болады. Бұл дегеніміз жаһандану кезеңінің барлық жағдайларына көне бермеу керек, яғни

Қазақстан тікелей өз даму стратегиясын жүргізуі қажет. Сонда ғана ұлттық және мемлекеттік

бірегейлілігімізді сақтап қала аламыз.Тәуелсіздіктің қалыптасуы, ұлттық мемлекеттіліктің

дамуы қоғамдағы біріктіру факторы болып табылатын салауатты ұлттық бірегейлілікті

қалыптастыруымен тығыз байланысты. Ол мемлекет территориясында тұратын барлық

этностық топтар мүдделерінің теңқұқылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатқа едәуір

ықпал


ете

алады.Бүгінгі

таңда

Қазақстан



Республикасының

ұлттық-мемлекеттік

құрылысында екі бағыт айқын анықталды. Бірақ оларды зерттемес бұрын, біз «ұлт», «этнос»

және тағы басқа ұғымдардың мәнін және мазмұнын ашып, анықтап алуымыз керек.Этнос

және ұлт — әр түрлі әлеуметтік құбылыстар. Ю.М.Бородай олардың айырмашылығын жақсы

көрсете білді. Этностық қауымның спецификасы адамның антропогенетикалық ерекшелігіне

негізделеді. Сондықтан да этникалық «табиғи» қауымның дамуы ешқандай мемлекет

басқаруын қажет етпейді. Керісінше, ұлт мемлекет пен азаматтық қоғамның жемісі болып

табылады.



Н.Ә.Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті ретінде ұлттық бірегейліктің нақты үлгісін

табуды, қоғамдық тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуді өзінің негізгі міндеті деп

санады. Сондықтан да Елбасы ұлтаралық қатынастар саласы «...сондайлық нәзік, оның жүрек қылы

сондайлық сезімтал болғандықтан, қоғамның көңіл-күйін барынша мұқият зерттемеу, оған дер кезінде құлақ

аспау – кешірілмес жайт», – деп бағалағаны да кездейсоқ емес шығар. Айта кету керек, Елбасы Н.Ә.Назарбаев

қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің өсуі мен Қазақстанның этнодемографиялық, діни және т.б. ерекше-

ліктерін ескере отырып, ұлтты бірегейлендіру мәселесін қарастыра келе, Қазақстандағы ұлттық бірегейліктің

нәсілдік өлшемін бірден ысырып тастап, біздің ел жағдайында оны орынсыз деп тапты. Президент ұлт

мәселесін шешуде көп еңбекті және тынымсыз жұмысты талап ететін, бірақ соның ішіндегі ең сенімді жолын

таңдады: «Бұл – түйісу нүктелерін іздеу, халықтар арасындағы келісім мен сенім аймақтарын кеңейту».

Келісім саясаты мен парасатты ұлттық стратегиясыз ешқандай міндеттерді шешу мүмкін емес еді. Президент

сонымен бірге тарихи таяу болашақта жұрттың бәрін этникалық, діни, мәдени алуандылығына байланысты

бір ғана қазақстандық ұлтқа айналдырудың мүмкін еместігін, тіптен ондай міндеттің күн тәртібінде

тұрмағандығын ескертеді. Ендігі мақсат – қазақстандықтардың бойында бар біртұтас саяси құндылықтарды

тәуелсіз Қазақстан халқының азаматтық санасындағы басты да басым тетікке айналдыру қажеттігіне назар

аударады. Демек, бірегейлендірудің бірінші деңгейінің немесе Қазақстан халқының қалыптасуының мәні –

өзіміздің азаматтық және саяси тағдырымызды барша азаматтардың тағдырымен бірдей дәрежеде қорғайтын

тәуелсіз Қазақстан мемлекетімен тығыз ұштастыруымызда жатыр екен. Яғни, бұл жерде әңгіме суперэтнос

қалыптастыруда емес, керісінше, тұп-тура халықтың, Қазақстан халқының қалыптасуында болып отыр.



Қазақстанда ұлттық бірегейлікті анықтауда қоғамда екі концепцияның қарама-қайшылығын

Қадыржановта айтады. Ол оны «Қазақ ұлты» және «қазақстандық ұлт» деп екіге бөліп

көрсетеді. Бұл екі тұжырым қазірше виртуалды кеңістікте, қоғамдық дискурс саласында

күрес жүргізіліп отыр деп пайым жасайды.Кеңестік уақытта қалыптасқан адамдардың саяси

мәдениеті, коммунистік санасы мен халықтың құндылықтарымен астасып жатыр. Бұл өз

кезегінде коммунистік жүйенің ыдыраған тұсында адамдардың бірегейлігін таңдауында

тығырыққа тірегені анық. Оған қоса ұлттық құрамның түрлі этнос өкілдерімен араласып

көпэтносты және мультимәдени қоғамның қалыптасуы тағы бар.

Атам қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген керемет мағыналы сөз бар. Бұл аталы

сөз ұлтты ұйыстыруға ұлттық бірегейлікке, елдік пен ауызбіршілікке үндейді. Себебі,

ұлттық бірегейліктің түп-тамыры әрбір отбасындағы ұлттық дәстүрден бастау алады. Әрине,

жаһандану дәуірінде ұлттық болмысты жоғалтпай, бабадан балаға мирас болып жалғасқан

ата дәстүрді ұмытпаған абзал.



Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен

жасалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бірегейлігін қалыптастыру

тұжырымдамасы әзірленді. Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен

1996 жылы 23 мамырда жаңа егемен және тәуелсіз Қазақстанда бірыңғай азаматтық

бірегейлікті қалыптастыру мүмкіндіктері туралы ұсыныс жан-жақты қоғамдық, саяси

және мемлекеттік талқылауға түсті. Мемлекет және қоғам үшін бірыңғай бірегейлік

алдағы уақыттағы және болашақтағы дамуға қажет деп бекітілді. Президенттің

бірыңғай мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыру бойынша ең маңызды ұсыныстары

мен бастамаларына тоқталып өтейік.

Біріншіден, азаматтар арасындағы ұлттық ұстаным бойынша өзара бөлініс мәселесін

шешудегі ең маңызды ұсыныс ретінде және шығу тегі, ұстанымдары бойынша

қарама-қарсылықтарды әлсірету үшін барлық азаматтарды біртұтас тәуелсіз

мемлекеттің бір бөлігі ретінде өздерін бағалау үшін тапсырмаларды іске асыру

көзделді. Елбасының идеясы барлық тұрғындардың, барлық саяси күштердің

мемлекеттің игілігі үшін өзара әрекетін арттырумен байланысты екенін байқауға

болады;



Екіншіден, тұжырымдамада қарым-қатынас тілінің еркін таңдалуы нақты

бекітілген. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде бекітілуі басқа да көпшілік

этностардың орыс және басқа да тілдерін еркін қол-данылуын шектемеуі

қажет деп айтылған. Сонымен бірге, мемлекет тіл саясатын дамыту мен оны

іске асыру мемлекеттік тілді және басқа тілдерді білмеу себепті жік туғызбауы

керек делінген;

Үшіншіден,

мемлекеттік

бірегейлік

тұжырымының ерекше

маңызды

теориялық және ғылыми жетістігі – Президенттің ұлттық саясатының

стратегиялық мақсаты Қазақстанның патриоттық, жоғарғы білімді, мәдени

азаматын қалыптастыру болып табылды. Осыған сәйкес мемлекет, басқару

жүйесі, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар, саяси партиялар, элитаның

назарын, жастарды демократиялық, азаматтық қоғам жағдайына дайындау

және ұлттық белгісі бойынша өзара бөлінушілікке жол бермеуге бағытталған.

Тұжырымдаманың мәні мен мақсаты біртұтас Қазақстанның төңірегіне

барлық халықтарды шоғырландыруға арналады.



Біздің пікірімізше, ел ішінде барлық этнос өкілдерінің жалпы бірыңғай бірегейлігін

қалыптастыруда маңызды, мәнді рөлді азаматтардың жоғарғы патриоттық сезімі

атқарады. Ол тек жоғарғы саяси және құқықтық мәдениет бар жерде ғана іске аса

алады. Ол үшін азаматтардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру керек.

Сондықтан, Қазақстандағы ұлттық бірегейліктің қалыптасуына президенттік

институттың рөлі мен маңызын түсіну - еліміздегі ұлттық мәселелерді терең зерттеуді

қажет етеді. Қазақ халқының тәуелсіздік алуы және өз алдына жеке дер-бес

мемлекетінің құрылуы мен қазақ ұлтынан мемлекет басшысының тағайындалуы

патриоттық сезіммен қатар, мемлекет құрушы және ұланғайыр аумақтың иесі болу

мақтанышын оятты. Яғни, бұл үрдіс қазақ халқының ұлттық санасының одан сайын

оянуына түрткі болды.



Ұлттық бірегейліктің мазмұны мен парадигмасын анықтауға ұмтылу

мен


ғылыми

іздестірудің

саяси-құқықтық

негізі


Қазақстан

Республикасының ең алғашқы ата заңы 1993 жылғы Конституциясында

қаланды.

1993


жылғы

Конституциясының

47-бабы

этностық


компонентке негізделген ұлттық бірегейліктің нақты парадигмаларын

көрсетті. 1993 жылы ең алғашқы Конституция Қазақстанда ұлттық

құрылыстың этномәдени моделінің басымдығын байқатты.



1975 жылы «Этникалық бірегейлік» атты Дж. Де-Востың ұжымдық еңбегі жарық көреді.

Біріншіден Дж. Де-Вос этникалық біргейліктегі эмоционалды-субъективті, тіпті иррационалды

астарды зерттеуге ұсынысын айтатын болсақ, екіншіден ол бұл феноменнің рационалды

маңыздылығын да жоққа шығармайды. Этникалық бірегейліктің негізгі белгісі ретінде

сабақтастық сезімі, өткенмен тығыз байланысты көрсетеді. Де-Вос бұл сұрақты тұлғаның

бүгінінен

айырмай,

оның


әлеуметтік-экономикалық

мәртебесі

мен

болашақтағы



талпыныстарымен қатар зерттейді. «Шығу тегінің, дінінің, құндылықтарының, тіршілік ету

тәсілдерінің бір екендігі туралы сезім – «ортақ негіз» тектес – ішкі өзін өзі анықтауымен

сипатталатын топқа адамдардың бірігу үдерісінде үлкен маңызға ие. Бір әлеуметтік топтың

ішінде есею, байланыс құралдарының ұқсастығы адамдар арасындағы барлығына түсінікті

бейімделу механизмдерін қалыптастырады, бұл келіспеушіліктердің мүмкіндігін азайтады»-

деп жазады Дж. Вос . Жалпы осы мәселе төңірегінде ұлттық мінез-құлық, ұлттық менталитет,

этникалық бірегейлік, этникалық ментальдық бір-біріне қатысты ұқсас және бір-бірін

толықтыратын ұғымдар. Бұл ұғымдардағы негізгі екпін ұлттық және этникалық деген

сөздерде. Дж. Де-Востың пікіріне толық сүйенетін болсақ, ұлттық деген ұғым этникалық деген

ұғымнан өзгеше емес. Ұлт деген ұғыммен көбіне саяси белгілері бар топтарды жатқызады.

Көптеген зерттеушілер үшін ұлттық бірегейлік және субъективті мәдени бірегейлік бір біріне

сәйкес келетін ұғымдар екені дәлелденген болып табылады, әсіресе этникалық және ұлттық

бірегейлік тарихы жағынан сәйкес болса, басқа жағдайда этникалық бірегейлік ұлттық

бірегейлікке қарағанда кең ұғым болып саналуы мүмкін.




Адам, ұлт, адамзатты өмірінің - өз болмысын (табиғатын, идеясын) ұғыну, өз бірегейлігінсезіну. Сондықтан,

жеке адам мен адамзат өмірінің мәні тәрізді, этнос өмірінің мәні – онтологиялық-философиялық мәселе және

жеке онтологиялық астар. Этнос өмірінің мәні биологиялық тұрғыдан алғанда – өзінің нақты тіршілік етуін

жалғастыру, яғни ұрпақ жалғастыру. Этнос өмірінің мәнін ұлттық идеямен байланыстыратын зерттеушілер

бірегейліктің қалыптасуында құндылықтардың бағыттаушы рөліне назар аудартады.Осы ұлттық идея барлық

халыққа түсінікті түрде айтылған және танылған кезде халықтың бірегейлігі туралы және оның ұлттық,

этникалық өзіндік санасының оянғаны туралы айтуғаболады. В.И. Курашов өз ойларының негізгісі ретінде

былай деп көрсетеді:-Елдің болмысы оның дәстүрінде, аңызында жатыр, және сол дәстүр мен аңыздар ұлттық

менталитеттің мәнін ашуға көмектеседі. Халық болмыстық ерекшелігін тану оның өмір сүру ерекшелігін

түйсінумен тығыз байланысты. Ұлттық бірегейлік – дегеніміз жалпы азаматтық болмыстың белгілерін алып

тастағандағы ұлттың болмысы. Осыған байланысты зерттеу барысында жалпы адами және этникалық

болмысты бөлу қажеттілігі туындайды. Менталді бірегейлікті құрайтын құрамдас бөлігі ретінде этносты алуға

болады. «Этнос – тарихы, территориясы, тілі, психологиясы, мәдениеті, ортақ белгілері арқылы біріккен

адамдардың тұрақты қауымдастығы». Этносты ұлт ретінде қабылдамасақ та бұлменталді бірегейліктің бір

белгісі болып табылады, себебі этностық сезім арқылы адам қоршаған ортасын қабылдап, өз

көзқарасынқалыптастырады. Ең бастысы этникалық өзіндіксана өзіндік басқару, білім, мәдениет және ана

тілдегі ақпараттар анықталады. Менталді бірегейліктің ерекшелігін түсінуде маңызды рөлді ұлттық идея

атқарады. Ұлттық идея қоғамдағы адами мәселелерді айқындап, қоғамдағы тұлғаның рөлін көтеруге

бағытталады.Қазақстандық менталитеттің бірегейлік идеясының бөліктері ретінде келесі принциптерді

атапөтуге болады:- шынайы халықтық патриотизмі;- ұлттар арасындағы мәмілелік:- жалпы адами

құндылықтар.



Энтони Смит бойынша ұлттық бірегейліктің теорияларының классификациясы:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет