Тақырыбы: Ұлттық киім , сән әлемі бренд бола ала ма
Студент:
Мамандығы:
Тобы:
Оқытушы:
Сөз саны:
Түйін
Ұлттық киім ұлттың жаны мен сәні.Берілген мақалада ұлттық киім сән әлемінің бренді болуы мүмкіндігі мәселесін қарастырдық.Тақырып төңірегінде жүргізілген зерттеулерге тоқталып өттік.Нәтижеге қол жеткізк үшін сауалнама әдісін қолдандық.
Түйінді сөздер:ұлттық киім, сән әлемі,бренд,дизайнер,аксессуар.
Кіріспе
Мұражай және өнертану оқулықтары бойынша көрген экспонаттар және жалтыраған журналдар мұқабасынан көрген ұлттық киімдер адамдар үстінде пайда бола бастады. Қазіргі заманғы модельерлер өз сәнді жинақтарында дәстүрлі костюмдердің бөлшектерін пайдаланады. Бұл тек Ресей дизайнерлері туралы ғана емес. Тіпті Карл Лагерфельд, Kenzo, Dolce & Gabbana, Valentino сияқты сән әлеміне тіпті бүкіл әлемге танымал, әр түрлі халықтардың ұлттық киімінің мотивтерін коллекцияларда пайдаланған кезде сән сыншыларының оң пікірлері мен өз шығармашылығының жанкүйерлері тарапынан қызу овациялар алды. [1]
Қазақстандық дизайнерлер мен модельерлер дәстүрді сәтті жаңғыртуда. Соңғы жылдары ұлттық стиль элементтері сәнге және отандық сұлулықтың күнделікті киіміне сенімді түрде кірді.
Қазақтар сондай-ақ ата-бабалардың дәстүрлі үйлену киімдерін қастерлейді. Бүгін, алыс өткен сияқты, қазақ келіні тек дәстүрлі бас киімде — саукелеге тұрмысқа шығады.
Кез келген халықтың ұлттық киімі тек практикалық функцияны ғана емес, тұрмыс пен мәдениетті көрсетеді. Қазақ ұлттық киімі көп қырлы және көптеген элементтерден тұрады. Ерлер мен әйелдер гардеробы өзінің практикалық, функционалдық және экологиялық жағынан ерекшеленеді.
Соңғы жылдарда ұлттық нақышта киім ұсынып жүрген дизайнерлер қатарына Нуржамал Нурпейсова, Аида Кауменова, Куралай Нуркадилова және Айгуль Касымова кіреді.[2]
Берілген жұмыста біз қазіргі заман адамдары үшін ұлттық киім , сән әлемі бренд бола ала мадеген сұраққа жауап іздейміз.Әдебиеттерге шолу бөлімінде осы тақырып бойынша жүргізілген жұмыстарға тоқталып өттік.Зерттеу әдісінде қолданылған әдіске түсіндірме беріп, нәтижелерінде зерттеу нәтижелерімен бөлістік.Талқылауда алынған нәтижелерді талқыладық,қорытынды бөлімінде жалпы жұмыстың тоқетерін жазып өттік
Әдебиеттерге шолу
Ұлттық киім тақырыбында зерттеулер мен әдебиеттер, ақпарат көздеріндегі мәліметтер де көптеп кездеседі. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында біз осы жұмыстарға жүгініп, қажетті ақпараттарды алдық.
Чаббаров Р.Х. ның «Национально-культурные тенденции в современном дизайне и архитектуре» деген еңбегінде жаңа өмір жағдайларын ескере отырып, заманауи киімді жобалау және өндіру кезінде дәстүрлі костюм элементтерін біріктіру мүмкіндігі қарастырылады. Кәсіби дизайнды байыту және киімді жобалауда қажетті жаңа шешімдерді анықтау аспектісінде халық шығармашылығының әлеуеті ашылады. Ата-бабалардың мәдени мұрасына дизайнер-модельерлердің көңіл бөлу мысалдары келтірілген.[4]
Виниченко И. В., және Евдущенко Е. В. Жазған мақалада заманауи киімді жобалау үшін шығармашылық негіз ретінде дәстүрлі ұлттық костюмді талдау тәсілдері қарастырылады. Зерттеу жұмысының әдістемесі мен сипатын таңдауға назар аударылған. Орыс халық киімі үлгісінде дизайн-жобалау нәтижелері көрсетілген. Авторлар ұлттық киімнің жан-жақты этномәдени талдауы этникалық стильде киімнің сапалы жобалануына ықпал етеді деген қорытындыға келеді.[5]
Сәнді подиумдарда өнер туындысы ретінде ғана сүйетін көптеген киімдер бар. Ал қарапайым өмірде қандай жағдай бар? Ұлттық салт-дәстүрлер байқалатын қазіргі заманғы сән киімдері бар ма? Бұл сұрақтарға жауапты эссе соңында алатын боламыз.
Зерттеу әдісі
Зерттеу онлайн сауалнама алу әдісімен жүргізілді. Поштаға және тағы да басқа әлеуметтік желілерге сауалнама сілтемесін жібере отырып, N=80 респонденттен сауалнама алынды. Сауалнама анонимді түрде мұғалімдер,студенттер мен оқушылар арасында жүргізілді. Сауалнама берілген тақырыпқа қатысты сұрақтарды қамтиды.
Зерттеу нәтижесі
Сауалнаманың бірінші сұрағы сауалнама қатысушыларының гардеробында қазақ ұлттық костюмі, киім элементтері барлығы туралы болды. Бұл сұраққа
|
сауалнама қатысушыларының 24%-ы Ия, менде әртүрлі жағдайлар үшін әртүрлі стиль бар деп,36%-ы Иә, мен маңызды жағдайлар үшін киемін деп,22%-ы Жоқ, бірақ бұрын болды деп,18%-ы Жоқ, және ешқашан болған жоқ деп жжауап берді.
1-сурет. Қазақ ұлттық костюмі, киім элементтері барлығы туралы
Сауалнаманың келесі сұрағы сауалнама жауап берушілерінің қандай жағдайларда киетінін білуге анықталды.Қазақ ұлттық киімін қандай жағдайларда киесіз? деген сұраққа10%-ы Ұлттық мерекелер –Наурыз және т. б. деп,21%-ы отбасылық мерекелер деп,6%-ы салтанатты іс-шаралар деп,14%-ы сахналық костюм ретінде деп,0%-ы күнделікті өмірде деп,49%-ы кимеймін депжауап берді. Күнделікті өмірде киетін адам табылмаса да, жартысы кимеймін мүлде деп жауап берсе де,сауалнама нәтижелерінен біз халықтың біршама пайызының ұлттық киімдерді киетінін анықтадық.
2-сурет. Қазақ ұлттық киімін кию себептері
Сауалнама этникалық ерекшелікті көрсетеін киім сәнділігі туралы сұрақпен жалғасын тапты.Сіз этникалық ерекшелікті көрсететін киім сәнді болуы мүмкін деген пікірмен келісесіз бе? деген сауалнаманың үшінші сұрағына37%-ы толығымен келісемін деп,27%-ы мен келісемін деп,20%-ы мен келіспеймін деп,16%-ы мүлдем келіспеймін деп жауап берді. Көріп тұрғанымыздй, көп бөлігі толығымен келісемін деген нұсқаны таңдады.
3-сурет. Этникалық ерекшелікті көрсететін киім сәнді болуы мүмкін деген пікірмен келісуі
Зерттеудің келесі сұрағы этникалық және діни уәждері бар аксессуарлар мен әшекейлер туралы жауап берушілердің ойларын білуге бағытталды.Сіз қазақ халқының этникалық және діни уәждері бар аксессуарлар мен әшекейлерді күнделікті өмірде киесіз бе? деген сұраққа31%-ы иә, киемін деп,69%-ы жоқ, кимеймін деп жауап берді.
4-сурет. Қазақ халқының этникалық және діни уәждері бар аксессуарлар мен әшекейлерді күнделікті өмірде киюі
Келесі сұрақ ұлттық сән брендтерінің сұраныс қаншалықты екенін білу үшін дайындалды.Сіздің ойыңызша, қазақша сәнді брендтер қаншалықты сұранысқа ие? деген сұраққа38%-ы жастар арасында ғана емес, бүкіл халық арасында өте сұранысқа ие және танымал деп,19%-ы тек аға ұрпақ үшін танымал деп,28%-ы жас ұрпақтың арасында ғана танымал деп,15%-ы жастарда да, аға буында да танымал емес деп жауап берді.
5-сурет. Қазақша сәнді брендтер қаншалықты сұранысқа иелігі
Талқылау
Зерттеу әдісі зерттеу жұмысымыздың нәтижесіне қол жеткізумізге көмегін тигізді. Сауалнама нәтижелері бойынша біз жастардың біршамасы ұлттық киімдерді киетінін және ұлттық нақыштағы аксессуарларды тағатындарына көзіміз жетті. 38% жауап берушілер ұлттық нақышта киім тігетін брендтер сұранысқа ие деп санайтындарын білдік. Сонымен қатар, 31% жауап берушілер ұлттық аксессуарларды күнделікті өмірде киетіндіктерін айтты.
Ұлттық киімдерге деген қызығушылықтың барлығы ұлттық нақыштағы образдардың сәнге айналатындығының көрсеткіші деп санаймыз. Және де, біздің зерттеуіміздің басты сұрағына іздеген жауабымыз оңтайлы – ұлттық киім сән әлемі бренді бола алады деп толық сеніммен айта аламыз.
Қорытынды
Бұл мақалада біз қазіргі ұлттық киім , сән әлемі бренд бола алу мүмкіндігін
талқыладық.Осы мәселе жайында жазылған әдебиеттерді оқып, ақпараттарды сараладық.Сауалнама әдісі арқылы адамдардың бұл мәселе төңірегіндегі ой -пікірлерін анықтадық.
Жалпы,қазақ халқы өз ұлттық мәдениетін, дәстүрін құрметтейтін халық
және той,қуаныш,мерекелерде ұлттық киімдерді киюді жөн санайтын халық.
Күнделікті өмірде киім ретінде киетін әжелеріміздің үстінен кәжекей,бешпент,ою
өрнекті орамал көре аламыз.Тойларда жеңгелеріміз бірдей нақышта ұлттық киім киюді сәнге айналдырды.Ал,ұзату тойындағы қалыңдықтың қазақша көйлегі мен жалпы ұлттық нақыштағы образы.
Көптеген адамдар өз киімдерінде дәстүрлі мәдениеттің бөлшектерін
пайдаланады. Бұл үрдіс ішкі сана деңгейінде біз өз этникалық мәдениетін
сақтап, оған деген көзқарасымызды көрсетуге ұмтыламыз.
Демек, халық киімдерінің бөлшектері мен аксессуарлары сән журналдарының мұқабаларынан көп жыл бойы кетпейді әрі сәнді брендке айналары сөзсіз.
Қолданылған әдебиеттер
|
https://baigenews.kz/news/festival_modi_ank_novie_imena_kazahstanskih_dizainerov_zazhglis_v_almati/
https://kazakh-tv.kz/ru/view/culture/page_128155_kazakhstanskii-dizainer-natsionalnoi-odezhdy-gotovitsya
Хованчук О. Национальный костюм и традиционный стиль в современной одежде: Россия и Япония [Электронный ресурс]. - Режим доступа: http://www.jp-club.ru/nacionalnyj-kostyum-i-tradicionnyj-stil-v-sovremennoj-odezhde-rossiya-i-yaponiya/ (дата последнего обращения: 26.10.2015)
Чаббаров Р.Х. Национально-культурные тенденции в современном дизайне и архитектуре // Известия Уральского государственного университета. 2011. — № 3 (92). — С. 201-206.
Виниченко И. В., Евдущенко Е. В. Новый подход к категориальному анализу исторического костюма как творческого источника проектирования современных моделей одежды // Альманах современной науки и образования. Тамбов: Грамота, 2012. № 11 (66). С. 35-39.
Л.К. Куатбекова, А.М. Мукаева, К.А. Аширбаева. Современный дизайн в казахском национальном костюме. Жамбылский гуманитарно-технический университет, г.Тараз, Казахстан
Достарыңызбен бөлісу: |