Ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер



Дата14.12.2023
өлшемі22,34 Kb.
#197061
Байланысты:
МЕРЕКЕЛЕР ҚР
қмж дүние қалай етсең табылады

Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби
және өзге де мерекелер атап өтіледі.


Ұлттық мерекелер – ерекше тарихи маңызы бар оқиғаларды атап өтуге Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мерекелеу орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы ресми іс-шараларды өткізумен жалғасады. Бүгінгі таңда ұлттық мереке тек Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке – 16-17 желтоқсанда атап өтілетін 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні.


Мемлекеттік мерекелер – қоғамдық-саяси мәні бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді тойлау ресми іс-шараларды жүргізумен жалғасуы мүмкін.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер - мына күндері атап өтілетін мерекелер:
1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
9 мамыр - Жеңіс күні;
6 шілде - Астана күні;
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.


Кәсіби және өзге де мерекелер – ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер. Кәсіби мерекелер демалыс күндері болып табылмайды, бірақ әріптестеріңізді, таныстарыңыз бен жақын адамдарыңызды құттықтаудың жақсы себебі болып табылады.

1

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні

10 қаңтар

2

Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні

15 ақпан

3

Алғыс айту күні

1 наурыз

4

Жерге орналастыру, геодезия және картография күні

наурыздың екінші сенбісі

5

Геолог күні

сәуірдің бірінші жексенбісі

6

Ғылым қызметкерлері күні

12 сәуір

7

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні

21 сәуір

8

Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні

17 мамыр

9

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

21 мамыр

10

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31 мамыр

11

Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні

мамырдың соңғы жексенбісі

12

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

4 маусым

13

Эколог күні

5 маусым

14

Полиция күні

23 маусым

15

Мемлекеттік қызметші күні

23 маусым

16

Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні

маусымның екінші жексенбісі

17

Медицина қызметкері күні

маусымның үшінші жексенбісі

18

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні

28 маусым

19

Дипломатиялық қызмет күні

2 шілде

20

Ұлттық домбыра күні

шілденің бірінші жексенбісі

21

Су шаруашылығы қызметкерлері күні

9 шілде

22

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні

13 шілде

23

Балық шаруашылығы қызметкерлері күні

шілденің екінші жексенбісі

24

Металлург күні

шілденің үшінші жексенбісі

25

Сауда қызметкерлері күні

шілденің төртінші жексенбісі

26

Көлік қызметкерлері күні

тамыздың бірінші жексенбісі

27

Абай күні

10 тамыз

28

Құрылысшы күні

тамыздың екінші жексенбісі

29

Шекарашылар күні

18 тамыз

30

Спорт күні

тамыздың үшінші жексенбісі

31

Шахтер күні

тамыздың соңғы жексенбісі

32

Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні

29 тамыз

33

Білім күні

1 қыркүйек

34

Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні

қыркүйектің бірінші жексенбісі

35

Отбасы күні

қыркүйектің екінші жексенбісі

36

Қазақстан халқы тілдері күні

5 қыркүйек

37

Атом саласы қызметкерлері күні

28 қыркүйек

38

Әділет органдары қызметкерлері күні

30 қыркүйек

39

Машина жасаушы күні

қыркүйектің соңғы жексенбісі

40

Еңбек күні

қыркүйектің соңғы жексенбісі

41

Қарттар күні

1 қазан

42

Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні

6 қазан

43

Мұғалім күні

қазанның бірінші жексенбісі

44

Қазақстан кәсіптік одақтарының күні

10 қазан

45

Нан күні

16 қазан

46

Құтқарушы күні

19 қазан

47

Орман шаруашылығы қызметкері күні

қазанның үшінші жексенбісі

48

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні

қазанның соңғы жексенбісі

49

Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні

29 қазан

50

Сыртқы барлау күні

5 қараша

51

Статистика күні

8 қараша

52

Энергия үнемдеу күні

11 қараша

53

Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

15 қараша

54

Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні

қарашаның үшінші жексенбісі

55

Прокуратура күні

6 желтоқсан

56

Энергетик күні

желтоқсанның үшінші жексенбісі



Кәсіби және өзге де мерекелер Қазақстан Республикасындағы мерекелік даталар болып табылады. Мерекелік күндер тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет