М. Балақаев және қазақ Әдеби тіл нормалары серманыз Ұ. – Қт-17 тобының студенті Г. А. Раеева



Дата28.02.2023
өлшемі66,23 Kb.
#170408
Байланысты:
М. бала аев ж не аза деби тіл нормалары серманыз . – т-17 т


ӘӨЖ-821.512.122


М.БАЛАҚАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛ НОРМАЛАРЫ
Серманыз Ұ. – Қт-17 тобының студенті


Г.А. Раеева - ғылым магистрі, аға оқытушы

Тіл мәдениеті мен шешендік өнер туралы зерттеулер қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымында түрлі қырынан зерттеу нысаны ретінде алынғаны белгілі. Мәдениеттің негізгі бастауы тіл қатысудан басталады. Сондықтан да болар, қазақ тілінде де сөздің астармен, әдеппен жетуі басты назарда ұсталынады. Бұның қоғаммен өзгерісі, түрлі сипаттарының зерттелуі 1970-жылдардан кейін А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтындағы арнайы ашылған бөлімнің ғалымдары еңбектерінде кең қарастырылды. Ғалым М. Балақаев қазақ тіл білімінде алғаш рет тілдік норма деген ғылыми терминді қалыптастырды. Тіл мәдениеті бұған дейін көркемдікпен ғана байланысты болып келсе, ғылыми зерттеулер тілдік норма шеңберінде түсіндірілді. «Сөз өнері» (1978), «Өрелі өнер» (1978) ғылыми жинақтары жұртшылықтың назарына ұсынылды. Аталған зерттеу сөз өнерін (тіл мен әдебиетті) жалпылай алып, сөз қолданудағы, көркемдік ой жасаудағы шеберлікті 4 тіл мәдениетімен байланыстырады. «I Әдеби тіл стилистикасы», «II Сөздер төркіні», «III Сөз саралау мәдениеті», «IV Сөйлеу мәдениеті және орфография», «V Терминология мәселесі» деп аталатын бес бөлімдері бар. Тіл мәдениетін зерттеуде ғалым М. Балақаевтың («Қазақ әдеби тілі»), Р. Сыздықтың, Н. Уәлидің еңбектері мол. Р. Сыздық «Тілдік норма және оның қалыптануы (кодификациясы)» еңбегінде Ғалым алдыңғы норма, тіл мәдениеті, кодификациялау деп аталатын терминдерге ортақтықты – тілдегі заңдылықтарды сақтау деп түсіндіреді, ғалым бір ғана тілдік дерекке қатысты дәлелдері тарихи, саяси, әлеуметтік, заңдық, шаруашылық, тұрмыстық т.б. мәселелерді жете білуден ғана анықталатын тұстар деп анықтайды. Тіл үнемі даму үстіндегі үрдіс. Сондықтан да сыртқы бөтен тілден сөз алмай, таза бір тілдің негізінде ғана өмір сүретін әдеби тіл болмайды. Тіл мәдениетін зерттеуде тіл білімі ғылымы дәстүрлі ғылыми тұжырымдарды негізге ала отырып, жаңа әлем қатынастарына қарай икемдеуде. Әр ұлттың жаңа әлемдегі рухани байлығының ең асылы тілдерінің қоғаммен бірге дамып, өз халқы үшін қызмет етіп, жаһандық өркендеуге өз құндылықтарымен жауап беруі ұлттың сақталуының кепілі екені белгілі [1].


Қазақ тіліндегі сөз мәдениетінің дамуына ауыз әдебиетінің өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, А.Байтұрсынұлы, С.Сейфуллин, т.б. ақын-жазушылар шығармаларының ықпалы зор болды. Сөйлеу мәдениеті - үлкен қасиет, мазмұны жағынан терең, ұтымды, әділетті, көркем, ғылыми, бай, халық тілі. Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі - тіл тазалығы. Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше, ақыл-ой мәдениетіне жетуіміз қиын. Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен байқалады. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал» деп ұлы Абай тегін айтпаған.




Қазіргі жастардың сөйлеу мәдениеті өзгеше дәрежеде, жастардың бір ауыз сөзді кібіртіктеп, ойланып барып әрең жеткізетінін көріп жүрміз. Тілді бақылау жүйесінен, нақты тіл саясатынан, БАҚ-тағы цензурадан және қазіргі заманғы көркем әдебиеттен бас тарту, компьютерлік-технологиялық прогресс ең алдымен жастардың тұтас тілдік бейнесін бұзды. Сөйлеу барысында жалпы қолданыстағы сөздерге орысша жалғау жалғап, өз тілімізде баламасы бола тұра кірме сөздерді шектен тыс көп пайдаланып, оның үстіне қазақша қосымша жалғап, тіпті тарихи қалыптасқан сөйлемнің орын тәртібін бұзып қолданып жүргендері бар. Жастар дағдысына қарай бұндай сөздерге өте оңай бейімделеді, әрі оларды кез келген жағдайда қолдана береді. Мысалы; түк те емес - чепуха; демалыс - халява; күлкі - угар; арзан - фуфло; мас - бухой; бай адам - оллигарх, олигатор; толық адам - пончик; тачка - машина; таргет - мақсат; скилл - дағды; сәнді - гламурный, т.с.с. Жастардың сөйлеу мәдениетінде көзге түсетін, құлаққа жағымсыз да естілетін, өзіне тән тілдік ерекшелігі байқалатын тілдік элементтер бар. Сондай ерекшеліктердің бірі - жаргон, сленг сөздер [2].
Қазіргі жастардың сленг және жаргон сөздеріне мысал:
1. Зубрить- жаттап алу
2.Миді шіріту- көп сөйлеу
3.Шіли - тым, аса
4.Читалка - оқу залы
5.Препод - мұғалім, ұстаз
6.Общяга - жатақхана
7.Инет - ғаламтор
8.Потеря болу - қобалжу, әбіржу
9.Е мoё - мәссаған, таң қалу
10.Сущняк - сусын
11.Тілге жатып алыпты - шешен, әңгімені жақсы айтады
12.Қумашы - бос әңгіме, болмайтын нәрсе айтқанда қолданады
13.Мықты шарит, прошаренный - ойлау қабілеті жылдам
14.Типа - сол сияқты, тәрізді, секілді
15.Забей - ұмыт, қоя сал
16.Тема екен - күшті, керемет екен
17.Охота емес - зауқым жоқ
18.Тачкаң құтты болсын! - көлік құтты болсын!
19.Центр внимание болдық - бәрінің көзі бізде болды
20.Бұқаланба - мақтанба
21. Крышаны тайдырмашы - ашуландырмашы
22.Ағаш болу - икемсіз болу
23.Паника болмашы - мазасызданба
24.Пати, тусовка - сауық кеші
25.Тренька - жаттығу
26.Базар бар ма? - әңгіме бар ма?
27.Братуха, братан, бро – бауырым
28. Жындыларский зат - күшті зат
29. Базар жоқ- сөз жоқ
30.Типаж болу, блатной- өзімшіл, өркөкірек
31.Құлаққа лапша ілу- өтірік айту
32.Капустаға қарау- қаржы (материалдық) жағдайына қарау
33.Ауру- адамға маза бермейтін адам
34.Қуғынбай -артық сөйлеп кеткен, мылжың
35.Сасымашы- босқа сөйлемеу
36. Крышасы бар, танкасы бар- қолдау көрсететін ағасы бар [2]


Мәдениет туралы түсінікке де әр ғалым әртүрлі анықтама береді. Қарап отырсақ, мәдениеттің өзі екіге бөлінеді оқуағарту, ғылым өнер т.б. рухани өмір табыстарының жиынтығы, дейді тілші-ғалым М. Балақаев. Материалдық және рухани мәдениет. Соның ішінде тіл мәдениеті рухани мәдениетке жатады. М. Балақаевтың жоғарыда мәдениет туралы айтқан анықтамасын ары қарай тіл мәдениетімен сабақтасақ – «тіл мәдениеті» дегеніміз – тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы [3].
«Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, өнер тағы басқалар рухани өмір табыстарының жиынтығы да, тіл мәдениеті дегеніміз – тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалык, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, син­таксиста, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы. Тіл мәдениеті екі салаға бөлінеді: баспасөз тілінің мәдениеті, сөйлеу тілінің мәдениеті. Олардың қарым-қатынасы нәтижесінде баспасөздің сөйлеу тіліне тигізетін әсері күшті. Баспасөз тіл мәдениетінің дәрежесі әдеби тілдің сапасы қандай екендігіне өлшем бо­ла алады. Сол орайда баспасөз – әдеби тіл мәдениетінің айнасы.
Тіл мәдениеті халықтың жалпы мәдени дәрежесімен, әдеби тілдің қандай белесте екенімен тығыз байланысты. Халықтың жазу, әдеби мұралары, тіл жұмсау, сөйлеу өнері неғұрлым жоғары болса, әдеби тілдің мәдениеті де солғұрлым биік болмақ. Қазіргі қазақ тілі әр алуан әдебиет майданында шыңдалған, кемеліне келген бай, мәдениеті жоғары тілдің бірі деуге болады. Оның мұндай дәрежеде болуы – совет заманының мақтанышы, лениндік ұлт саясатының іске асу нәтижесі. Сол әдеби тілді байытуда, халықтың тіл мәдениетін арттыруда қазақ баспасөзінің ролі ерекше болғаны аян.
Тіл мәдениетінің қамын жеу, сайып келгенде, тіл тазалығына, ой дәлдігіне қамқорлық жасау болып табылады. М. Горький «Тіл тазалығы үшін, мағына дәлдігі үшін, тіл өткірлігі үшін күрес – мәдениет құралы үшін күрес» деген болатын. Бұл құрал неғұрлым өткір болса, ол солғұрлым нысанаға дәл тиіп, ол солғұрлым жеңімпаз болмақ. Жаңа өскелең өмірдің мүддесіне қызмет ететін қазақ тілінің жеңімпаздық күшін арттыру үшін әлі де оның тазалығын, мағына дәлдігін күшейтіп, оны шыңдай түсу мақсаты қойылып отыр. Олар өзінен-өзі бола бермейді. Ол жайында сол тілдік құралдың дұрыс жұмсалуына біздің қауымның жанашырлық ғылыми негіздегі іс-әрекеті болуға тиіс. Өз өміріне өзі қожалық ететін адам өз тілінің де өміріне ықпалын тигізіп, оны дамыта түсуге қамқоршы болу керек. Аспан әлемін шарлап, Айға, Шолпанға аттанған, табиғаттың небір асау тұлпарына бас үйретіп, өмір тізгінін өз қолымызға алған заманда, өз тіліміздің өзекті мәселелерін шешудің орнына, оның табиғатына құлшылық етіп, қол қусырып отырмай, тілді саналы түрде жетілдіру, ширақ ету әрекеті болу керек-ақ. Әдеби тіл – халық тілінің жоғарғы формасы. Оның іргесін әлі де бекемдей түсу үшін оның байлығын арттырумен қатар, жүйелілік сапасын да арттыру міндеттері қойылмақ. Әдеби тілді пайдаланушылар арасында сөздерді әркім әр түрлі жазатын, түрліше айтатын, талғамай қолдана беретіндей бағыт байқалса, әдеби тіл мәдениетінің дәрежесі онша мақтанарлық болмағаны. Біздің арамызда ондайлар жоқ емес. Әдеби тілдің жауы – анархия. Біз соған жол бермеуіміз керек» [4], - дейді ғалым «Қазақ әдеби тілі» газетіне берген мақаласында.


Әдебиеттер:
1.Қапасова Б.Қ. Тіл мәдениеті. –Алматы: ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2014
2. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А., 1984
3. Айтбаев Ө. Қазақ тіл білімінің мәселелері. –Алматы: Арыс, 2007

4. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі// Әдеби тілдің мәдениеті және нормалары. Тіл мәдениеті туралы мағлұмат. –Алматы, 2007



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет