М. Х. Дулати атындағы тараз өҢірлік универс 4 курс студенті шашубай дәрия әбдібайқызы педагогикалық практикасының Қорытындысы бойынша рефлексивті есебі атқарылған жұмыстар



Дата05.04.2024
өлшемі16,24 Kb.
#200549
Байланысты:
ДӘРИЯЯЯ


М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРС 4 КУРС СТУДЕНТІ ШАШУБАЙ ДӘРИЯ ӘБДІБАЙҚЫЗЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША РЕФЛЕКСИВТІ ЕСЕБІ

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР:



Мен Шашубай Дәрия,практика барысында оқушылармен етене жұмыс жасай отырып,жақсы тіл табыса білдім.Практика барысында берілген әрбір тапсырмаға тиянактылыкпен карап орындадым. Балалармен калай карым-катынас жасау керегін, қиын балалармен қалай тез тіл табысу керек екенін,оқушылардың психалогиясын біршама білдім. КМЖ, БЖБ жасап үйрендім. Біраз тәжірибе жинап, ашык сабак, ашык тәрбие сағаттарын өткіздім.
Университет кезеңіндегі алған теориялық білімімді жүзеге асыру мақсатында мектептегі тәжірибеде алға қойған мақсатым:окушыларға қалай натижелі оқу керектігін үйрете отырып,сабағыма жаңа әдіс-тәсілдерді колдану аркылы жетістікке жетелейтін сабақтар ұйымдастырып, болашақта табысты оқуға қол жеткізетін құзіретті мұғалім болу.Мектептегі тәжірибе кезінде ең алғашқы өзгеріс енгізген іс-әрекетім тізбектелген сабақтар топтамасын өткізуде жаңа әдіс-тәсілдерді мерзімді сабақ жоспарын, қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасап үйрену. Ендеше ХХІ-ғасыр мұғалімі өз біліктілігін арттыра отырып заман талабына сай өзгеруі керек ойлаймын. Мектептегі іс-тәжірибе өту кезінде әр сабақ соңында оқушылармен кері байланыс жасалынып отырды.Ондағы мақсат окушылардың сабақтан алған білімдерін өздерінің бағалай алулары және тапсырманы қаншалықты түсінулері еді. Оқушылардын кері байланысын тындай отырып, келесі сабакка сол кері байланысқа жауап әзірлеймін, түсініксіз болған такырыпты, терең ашыла алмаған тапсырманы өздерімен бірлесе сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, қайталап түсіндіре отырып бекіттім.
Практика барысында окушылардын ынтымақтаса оқу әрекетін ұйымдастыруға тырыстым,сөз қорларының жақсаруына, бір-біріне деген көзқарастың өзгергендін байқағым келді.
Қазак тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен сабақ беру кезінде сабақтың өту барысында мен әр сабағымда бағалау ісін негізге алдым,сабақ өтудің жаңа технологияларын сабақтарыма қолдануға тырыстым.
Менің сәтті болған тапсырмаларым-ол ынтымақтаса отырып, топтық жұмыс істеу, электронды тақта аркылы берілген тапсырмалар.Сынып окушыларының қызыға да, қуана әр тапсырманы орындаулары. Олар әр сабақ сайын бір кызыкты өзгерісті күтіп отыратын сияқты.Сондыктан келесі сабаққа ізденіп тағы да қандай қызықты да тартымды тапсырма берсем екен деп ойлайтынмын.Менің алғашқыда сәтсіз болған өзгерістерім,ол оқушылардың ұяңдықтары және тіл байлықтарының аздығы.Осы кедергілерді жою мақсатында жүргізілген жұмыстарым арқылы біраз оқушым ашылып,сабаққа қатысулары жақсарды.Топпен бөліну кезінде әр қайсысы өз досымен отырғысы келген,сондай-ақ сынып белсенділері бөлініп отырмақ болған, тәжірибе соңына қарай бірте-бірте бірлесіп отырып топпен ынтымақтаса тапсырмаларды орындап кетті.
Қысқа мерзiмдi жоспарды құру барысында мен модульдердiн әдіс-тәсілдерін тиiмдi пайдалана алуды үйрендім және Блум таксономиясынын негiздерiне сүйене отырып әр кезенде, әр тапсырма барысында да нәтижеге қол жеткізе алуды көздедім. Яғни әр окушы тапсырманы орындау барысында аз да болса жауап берсе екен, топпен тапсырма орындау кезiнде камтылса екен деп жоспарлауды үйрендім. Қысқа мерзімді жоспарды алғашқы сабағымда жазғанда Блум таксаномиясынын негіздеріне сүйенген кезде жүйелік болмағаны, уақытты тиімді пайдалана алмағаным рас. Болашакта кыска мерзімді жоспарды жүйелі түрде Блум таксономиясынын негiздерiне сүйене отырып жазуды және оқушылардың белсенділіктерін арттырумен қатар, сабаққа деген ынталарын арттыруды басты мақсат етiп аламын.
Оқушылармен топпен жұмыс жасау барысында топты басқаруда аса қиыншылықтар болған жоқ. Себебі сынып окушылары ойын түрiнде,сайыс түрiнде өтілген сабақтарға жаттыққан. Топпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауға деген ынталары арта түскендей. Топпык жұмыстарды мен тақырыпты ашу және тапсырмаларды орындау кезеңдерiнде қолдандым. Ал, жұптық жұмыстарды мәтінмен жұмыс жасағанда, яғни мәтінді оқып, көршiсi екеуi бiр-бiрлерiне сұрақтар қоя отырып талдады. Тапсырманы орындау барысында барлық бала жұмыс жасауға талпынады. Біреуі сурет салады, бiреуi жазады, бiреуi өз ойын ортаға салады. Әр топ өзіне берілген тапсырманы жүйелі, тартымды, қызықты орындауға үйренді.Қазақ тілі пәнінен сабағымды өткен кезде топ iшiнде топ басшысын сайлап, тобындағы хатшысы, корғаушы,рөлдерді бөлiп сабақты қызықты етiп өтуге тырыстым. Бiрлескен оқуда оқушылар ұйымшылдықпен ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жасайды. Бір - бірін тыңдауды, сыйлауды,қолдауды үйренді. Топ көшбасшылары өз құрдастарын оқытуды,өз тобын алға тартуды үйренді. Оқушылардың бірлесе жұмыс жасау мүмкіндігі олардың ұтымды түрде оқуына және есте сақтауына,сол алған білімді колдана білуiне аса қажет. Бұл бiрлесiп жұмыс жасау жүйесінде қалай адамдармен әлеуметтік қатынаста болу(сөйлеу,сұрақ қою т.б.) және тез арада жаттығып білу мүмкіндігін де үйренді. Оқушыларға тапсырма берген кезде олар ең бiрiншi идеялар тастайды.Содан кейін оны қалай суреттеуді ,яғни мазмұндауды ойластырды. Тапсырманы орындау кезінде топ мүшелерi берiлген тапсырманы бірлесе оқи отырып, содан кейiн ойын қағаз бетіне түсіруі, олардың сыни тұрғысынан ойлауын дамытуды көздейді. Бірлесіп жұмыс жасау кезiнде топтарға жұптаса отырып тапсырма бергенде, жұптаскан топ тапсырманы бірге окиды, тапсырманы үйренудiң ұтымды жолдарын бірге жоспарлайды. Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара іс- әрекеттер оқуда маңызды рөл атқарады.«Мұғалім-оқушы» және «оқушы-оқушы» жағдайындағы қарым-қатынас түсінікті дамыту мен мағынаны ашуды елеулі бөлігін құрайды.Тәжірибе жүргізген кезде сыныпта тәртіп ережелері мен нормалары барынша сақталды деп ойлаймын. Бiлiм берудің диалогтік тәсiлдерiн дамытуда мен сабақтарымда сұрақ қою арқылы

оқушының шебер сөйлеуiне ынталандыруға, білімге құштарлығын оятуға,сына тұрыда ойлауға ықпал етемін, бір-бірін үйретіп, үйренуге,пікір бөлісіп, оны құрметтей білуге, өздерін және өзгені бағалай білуге, бiрiмен бiрi диалогтік қатынасқа түсуге, ойын жинактап, талдауға үйренетiндiгiн, кез келген жағдайды шешуде мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы, мұғалім мен класс, оқушы мен класс арасында серіктестік құру аркылы ой бөлісетiндiгiн дамыта алдым. Бiлiм алуда пікірлесу, сұрақ қою барысында серіктестерінің айтқандары елеулі орын алады деп білемін. Мерсердің зерттеуіне сәйкес,әңгімелесу, сұраққа жауап беру оқушылардың білім алуының ажырамас бөлiгi деп білемін.Оқушылардың білім алуда сұраққа жауап беруі, ізденуi, тындауы мен сейлеуi арасында байланыс анағұрлым нәтижелі болатынына козiм жеттi. Окушылар шағын топтарда жұмыс жасай отырып, бiр-бiрiмен пікір алмасып, идеяларын ортаға салып, баға бере бiледi. Оқушы қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы бiлiмдерiн шыңдайды. Әдебиеттік оқу пәнiмде оқушыларға түрлi деңгейдегі сұрақтар қойдым. Койылған сұракка окушылар жауап бере отырып, дəлелдеуге тырысты. Өтілген әр тақырыпқа байланысты оқушыларға түрткі, сынама сұрақтар қоя отырып, білгендерін ортаға салуға бағыттадым.

Сабақтағы уақытты үнемдеу үшін «жабық» сұрақтарды «Ойлан, тап», «Сөзжұмбак шеш», «Жинақтау- интервью», «Өз жубынды тап», «Мига шабуыл» стратегиялар аркылы пайдаландым. Мектептегі тәжірибеде бұрынғы дәстүрлi сабақтарда қойылатын сұрақтарды қоймауға тырысып, олардын сыни тұрғыда ойланып жауап айтуларын талап етiп, дамыттым. Ал дәстүрлі сабақтарда қойылған сұрақтар бала ойының дамуына кедергі болатынын және ойын тежейтiнiне көзім жетті. Оқушы жауабын дәлелдей алмай құр айта салғанын түсіндім. Сондыктан окушының айтылған жауаптарынан кейін «неге?» сұрғын қою арқылы дәлелдеуге үйреттім. Сол кезде оқушы ойын жинактап, тез шешім қабылдап сұраққа жауап айта алды.

ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА ҮЙРЕНГЕНІМ:

Практика барысында педагогтардың қазiргi қиындық кезiнде қалай шаршамай, осындай сәтте де окушылардың бiлiмiн арттыруда бар күшiн салып жатканын көрдім. Бұл практикадан өту барысында оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, нәтижесінде ойын еркін жеткізе алатын, сенімді, сыни ойлай алатын, таным белсендiлiгi жоғары тұлға қалыптастыру менің басты мақсатым болып табылды. Әрине дәстүрлі сабақтарды да жоққа шығаруға болмайды. Оның да алар орны бар. Бiрақ жаңа әдістәсiлдер арқылы баланы өмiрге бейiмдеп дайындаймыз десем артық айтқандык болмас. Мұғалімдік тәжірибемдегі ендiгi мақсат заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыруда осындай түрлі әдіс-тәсілдерді жүйелi қолдана отырып, өз тәжірибемдi толықтыру, жетілдіру болмақ. Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдiк стандартқа сәйкес білім беру мәселелерi мемлекетiмiздегi ғылыми-педагогикалық тұрғыда әлемдік жиақталған тәжірибенi және отандық озат тәжiрибенi саралай отырып, оқыту мен тәрбиелеудi заман талабына сай жанашыл ұстаз, жаңашыл, құзырлы тулға калыптастыра алады. Мұғалім-тек бағыттаушы,ал оқушы-iзденiмпаз болып,өз бетімен шешім қабылдауға жүрексінбей кiрiссе,бұл жұмыстардын белгiлi бiр нәтижесi деп сеніммен айта аламын.

Оқуды тиімді бағалау және білім беру үшiн тиiмдi бағалауды түсіну білім беру мен оқытудағы барлык жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Бағалаудың қандай түрлері бар және оларды қалай қолдануға болады?Осындай сұрақтар төңiрегiнде жауап iздей отырып, «Оқыту үшін бағалау дегеніміз не?» тақырыбында өткiзiлген сабақтың мақсатын Блум жүйесіне сүйене отырып, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» теориясын білу және түсіну, практикада қолдана алу, талдай білу және теориясынан мен бағалай бiлуiн меңгерту алған білімін жинақтай деп айқындадым. Сабақтарымды жоспарлаған кезімде оқушыларымды бағалау әдістерін көп іздедім және ойландым. Содан өзіме тәжірибе кезiнде негiзгiсi болып «Смайликтер»сабақта танымдық белсенділік ой көлеміне керсеткен үшін окушы терендiгiне қарай лайықты смайлигiн алады әрекетінің (1-5 ұпайга және дейiн). Жинаған смайликтер "жалақы" ақырында дербес өмір бастайды. Оқушы оны сарапталған ұпайдың жиынтығын бағаға айырбастай алады, жинақтау үшін сақтай алады айырбастай алады, сыйлай алады т.б. Бiрақ, тек қана баланың жауабын ескеру менің мақсатым болган жок, керісінше дәстүрлі оқытуда көбінесе ұмытылып қалатын смайликті алу, оның құнын білу.Екіншіден, баланың әрекетін еркін қылу,баға психологиялық зандарды жұмыс істеткім келді. Біріншіден, бағаны заттай сезіну, алуға қызығушылықты ояту. Ол үшін 1 ұпай - жарайсың, бәрекелді, 4 ұпай ұпай - тамаша, 3 ұпай озатсын, 5 ұпай - 5 есе жарайсын!!! Балаларда дұрыс емес жауап берем деген, дұрыс емес әрекет жасаймын, дұрыс емес қимылдаймын еген қорқыныш кете бастады. Үшіншіден, байқалмаған қол мен жауап қысқартылды, балалар белсенділік таныта бастады. Мұғалімнің уақыты да үнемделе бастады. Ал бастысы бұл өлшемдер баланы білімге ынталандырады. Сабақтағы бірінші жауапты бағаладым, ол дұрыс болса да, дұрыс болмаса да. «Смайликті» жүйенін альтернативті жағын да қарастырдым. Оларда қосымша оқушы игiлiктерi жағы да болады. Олар кешігіп келу үшін 1 ұпай,кластасынын көмегі үшін - 3 ұпай, сынактан босатылу үшiн -5 ұпай, тәртіпті бұзғаны үшін 2 ұпай, үй тапсырмасын орындамағаны үшін - 4 ұпайдан айырылады. Мынадай капитал жинағаннан кейін бала оларды бағаға айырбастай алады багана алмай окушы игілігіне жұмсай алады. Ақырында, олардын жауапкершілігі мен дербестігі қалыптасады. Олар өздерінің қателерін мойындауға үйренеді. Осылай смайликпен бағалау сабақтың әдістемелік бөлшегі мазмұнына айналды, өзінің өміршеңдігін растап. Сабақтар барысында смайликтерді тек қана өзiм беріп отырғаннан аулақ болып, бір-бірін бағалау, өзін-өзі бағалау сияқты әдiстердi де колдандым. Мысалы:


- Оқығанды ..., ыкыласпен тоқылық. Сөзді табу «жарайсыӊ» смайлигі
- «Кел, балалар, окылык» оленiн жатқа айт «5есе жарадын!!!» смайлигі- Ы.Алтынсарин кандай оқу құралын жазган? «озатсын» смайлигi.т.б.

Осы сабактарды жоспарлаған кезде қажеттілігін ескердім. Смайликтерді жинау үшін оқушылар құны сұрақтарға жауап беруге тырысты. Олардың ойлаудын жоғары деңгейне көшуіне жағдай жасауға тырыстым. Алғашқы сабақтарымда Аят мен Інжу деген төмен оқитын оқушыларым онай сұрақтарға жүгіретін болса, келесі сабактарда олар қиын сұрақтарға да жауап беруге мүмкіндік алып, жауап берді.

Мұғалімдік қызмет үлкен борыш деп есептеймін. Болашақта оқушыларыма адал білім беріп, олардың ертең Қазақстан үшін тер төгіп, адал қызмет ету жолында оларға бағыт-бағдар берип қолбасшылық қызмет атқарам деп алдыма үлкен нық мақсат қойдым.

ПРАКТИКА БАРЫСЫНДАҒЫ МЕНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІМ

Практика барысында жетекшілерімнің барлық тапсырмасын орындадым. Әр күнгі сабақтарымды өз дәрежесінде өттім деп білемін. Балалармен жақсы тіл табысып, оқушылардың білім деңгейін біршама көтере алдым. Оқушы психологиясын ұқтым. Электронды журналмен жұмыс жасауды үйрендім. Ең басты жетiстiгiм - мамандық таңдауда қателеспегеніме көз жеткіздім.

ТУЫНДАҒАН ҚИЫНДЫҚТАР



Практика барысында қиындык тудырған мәселе баламен жұмыс жасау болды. Балалар бастапқыда маған үйренісе алмады. Оларды тындатып, назарларын сабаққа аудару жағынан қиындықтар болды. Олардың сабаққа қатысы жок сұрақтар қойып, тыныштық сақтамауы алғашқыды шешілмейтін мәселе көрінді. Алайда, екі күннің iшiнде мен балалармен жақсы тіл табысып, оларды тындатудың жолын таптым. Кезінде өзім оқушы болған кездегі жағдайларды есiме алып, бiр сәтке оқушы болып көрдім. Кейінірек балалар мені сыйлап, тіпті үй тапсырмасын бiрi де калмай орындап келетін болды. Бұл қиындықтардан түсiнгенiм, кез келген нәтиже үшін еңбек қажет екен.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет