М.Х.Дулатидың «Тарих-и Рашиди» кітабы және «Жаһаннаме» дастаны
Оразбаев Олжас 6В06114 ИКТ
03
М.Х.Дулатидың өмірбаяны
М.Х.Дулатидың «Тарих-и Рашиди» кітабындағы
«Жаһаннаме» дастаны
Мұхаммед Хайдар Хұсайынұлы Дулати (1499 жыл – 1551 жыл) — әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Мырза Мұхаммед Хайдар Хұсайынұлы Дулати. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» – өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» – әкесінің аты, «мырза» – текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» – шыққан тайпасының аты
«Тарих – и Рашиди» – Хайдар Дулатидің есімін əлемге мəшһүр еткен ең басты шығармасы. «Тарих–и Рашидидің» басқа мағлұматтардан ерекшелігі, мұндағы оқиғаның көбін автор өз көзімен көріп жазған. Жəне мұнда басқа түрлі тарихи жазулар сияқты ешбір шұбалаңдық жоқ, бұл тек белгілі бір дəуірді алып, соны əдемі тілмен айқын суреттеген.Шығарманың екінші қасиеті — бұл қазақ тарихы туралы жазылған бірінші кітап. «Тарих – и Рашиди» негізінде жүз жыл ішінде (1450–1546) болған оқиғаны суреттейді. Бұл кез бұрынғы Алтын орда мен Шағатай ұлысының əбден ыдырап, оның орнына жеке хандықтар құрыла бастаған кез. Мұхаммед Хайдар «Тарих– и Рашиди» кітабында осы Шағатай ұлысы мен Алтын орданың қалай азып- тозғанын суреттеп, ол екеуінен тарап шыққан қазақ халқының саяси тіршілігін баяндайды.
Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті-Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. 1533 жылы хандық таққа қайта отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынан қауіп тоне ме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы Сайд Мүхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мүхаммед Хайдар Дулати Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды.Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым қатынасы жайында кеңінен сөз болады.
Жаһаннаме – ортағасырлық ғұлама, мемлекет қайраткері Мұхаммед Хайдар Дулатидіңфилософиялықдастаны. Шығарма 1533 жылы түркі тілінде жазылған. Көлемі 130 бет. Шығармада Саид хан қайтыс болып, Моғолстандағы билік басына келген оның үлкен ұлы Абд әр-Рашид хан тұсындағы оқиғалар қамтылған. Абд әр-Рашид хан билік еткен кезде бүкіл әулетімен қуғынға ұшыраған Мұхаммед Хайдар Дулати Тибет жорығынан кейін БабырдыңЛахордағы ұлы Камран мырзаның қолына кетеді. Кейін Бадахшанға келіп тоқтаған ойшыл философиялық толғаулар жетегіне түсіп, осы дастанына өмірдің мән-мағынасын сиғызған. Дастанның бір нұсқасы Берлин кітапханасында сақталған. Берлин нұсқасы әр қайсысы 4 жолдан құрылған 1328 бәйіттен тұрады. Оны алғаш Ахмет Зәки Уәлиди Тоған Берлин кітапханасынан кездейсоқ ұшыратып, бұл туралы 1937 жылы неміс тілінде мақала жазған. ШығыстанушығалымӘ. Дербісалиев Берлин кітапханасынан “Жаһаннаменің” осы қолжазбасының көшірмесін түркі тілі (шағатай) тілінен қазақ тіліне аударған.

Пайдаланылған әдебиеттер 1.https://kk.wikipedia.org/wiki/Мұхаммед_Хайдар_Дулати 2. https://kk.wikipedia.org/wiki/ Тарих-и_Рашиди 3. https://kk.wikipedia.org/wiki/Жаһаннаме