М. В. Ломоносовтың орыс мектебі мен педагогикасының дамуына қосқан үлесі. Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765) – орыстың ұлы ғалымы, жаратылыстанушы, ақын, философ, суретші, тарихшы, ағартушы.
Тәрбиенің мақсаты Отанға және халыққа қызмет етуге дайындау, тәрбие негізі адамның ойы мен құлқын жетілдіретін ғылымда деп білген. Елдегі түрлі техникалық, ғылыми, мәдени бастамалардың бастаушысы, ғылым мен ағартудың ұйымдастырушысы болған. Мәскеудегі бірінші орыс университетінің негізін қалаған.
Ресейде алғашқы бөлігі материалистік дүниетану, дін мен ғылымды айыру негізіндегі педагогика теорияны жасаған. Білімнің, тіпті университеттің сословиясыз болуын жақтаған. Зияраттық білім идеясын және жас ұрпақтың ғылыми білім алуын қостаған. Орыс педагогикасында алғашқы болып классикалық, ғылыми-табиғи және шынайы білімдердің араласуына жақтаушы болған. Оның оқыту әдісінде политехникалық білім әлементтері көрінеді. Есте сақтау мен ой қабілетін дамытатын тиімді жүйе ретінде сыныптық сабақтық жүйенің жақтаушысы болып, емтихандар мен үй тапсырмаларына да жақтаушы болған. Оқыту процесінде тәжірибеге, тәжірибелер қоюға көп мән берген. Оқытудың көрнекілік, қол жететін оқу, оқушының белсенділігі мен өздік жұмыс істеуін дамыту сияқты қағидаларын жасаған. Ресей мемлекетінде орыс тілінде «жоғары ғылымның» тарауын мақсат еткен. Орыс тіліндегі алғашқы грамматика, шешендікке басшылық, тау ғылымының негізін калайтын т.б. оқулықтар жазған.
Негізгі педагогика жұмыстары: «Шешендікке қысқаша кеңес»;
«Ресейлік грамматика»;
«Ежелгі Ресей тарихы»;
«Ресей халқын сақтау мен көбейту туралы»;
«Мәскеу гимназияларының регламенті жобасы» т.б.
Ломоносовтың зерттулері, шығармашылық қызметі Ломоносовтың шығармашылық қызметі өзінің қызығушылық өрісінің кеңдігімен және табиғат сырларына терең енуімен ерекшеленеді. Оның зерт- теулері математика, физика, химия, Жер туралы ілім, астрономия салаларына жатады. Бұл зерттеулердің нәтижелері қазіргі заманғы жаратылыстанудың негізін салды.
М.В. Ломоносов химиялық реакция кезіндегі массаның сақталу заңының (1756 ж.) жалпы негіздік сипатына назар аударды;
(1741-1750 ж.) өзінің корпускулалық (атом-молекулалық) ілімінің негізін жариялады, ол тек 100 жылдан кейін ғана дамыды;
(1744-1748 ж.) жылудың кинетикалық теориясын ұсынды;
(1747-1752 ж.) химиялық құбылыстарды ұғындыру үшін физиканың қажеттігін түсіндірді және химияның теориялық бөлімі үшін «физикалық химия», тәжірибелік бөлімі үшін «техникалық химия» атауларын ұсынды.
Еңбектері мен зерттеулері Оның еңбектері табиғи философияны тәжірибелік жаратылыстанудан бөліп қарайтын ғылымның дамуына негіз болды. 1748 жылға дейін Михаил Васильевич Ломоносов көбінесе физикалық зерттеулермен айналысты, ал 1748-1757 жылдар аралығында оның еңбектері негізінен химияның теориялық және тәжірибелік мәселелерін шешуге бағытталды. Атомдық түсініктерді дамыта отырып, ол алғаш рет денелердің «корпускулалардан», ал олардың өз кезегінде элементтерден тұратындығы туралы пікірін айтты. Бұл тұжырым қазіргі заманғы молекулалар мен атомдар туралы түсініктерге сәйкес келеді.
Ол салыстырудың нақты әдістерін жасап шығарды, сандық талдаудың көлемдік әдістерін қолданды. Пісірілген түтіктерде металдарды күйдіру тәжірибесін жасау кезінде (1756 ж.) олардың салмағы қыздырудан кейін өзгермейтінін көрсетті және Р. Бойльдің металдарға жылулық материя қосылуы туралы ойының қате екендігін көрсетті.
Денелердің сұйық, газ тәрізді және қатты күйлерін зерттеді. Ол газдың кеңею коэффициентін айтарлықтай дәл анықтады. Тұздардың әртүрлі температурадағы ерігіштіктерін, электр тогының тұздардың ерітінділеріне әсер ететіндігін зерттеді, таза еріткішпен салыстырғанда тұздарды еріту және ерітіндінің қату нүктесін төмендету кезінде температураның төмендеу деректерін анықтады.
Әртүрлі аспаптарды (вискозиметр, вакуумдық сүзу жабдығы, қаттылықты анықтайтын құрылғы, газды барометр, пирометр, жоғары және төменгі қысымда заттарды зерттеу қазандығы) ойлап тапты, термометрлерді жеткілікті дәлдікпен градуирледі.
Көптеген химиялық өндірістердің (бейорганикалық пигменттердің, глазурлердің, шынының, фарфордың) негізін қалаушы. Мозайкалық суреттерді жасау үшін қолданған түсті шынылардың әдістемесін және технологиясын әзірледі. Форфорлық массаны ойлап тапты. Кендерді, тұздарды және басқа өнімдерді талдаумен айналысқан. «Металлургияның алғашқы негізі немесе кендер ісі» еңбегінде әртүрлі металдардың қасиеттерін қарастырды, оларды бөлу және алу әдістерін сипаттады. Химия бойынша басқа әртүрлі жұмыстармен қатар бұл еңбек орыстың химиялық тілінің негізін қалады.
Табиғаттағы әртүрлі минералдардың және кенсіз денелердің пайда болу мәселелерін қарастырған. Топырақ гумусының биогенді түзілу идеясын айтқан. Мұнайдың, тас көмірдің, торфтың және янтарьдың органикалық түзілуін дәлелдеген. Темір купоросының, мыстың мыс купоросынан, күкірттің күкіртті кендерден, кварцтың, тұз, азот және күкірт қышқылдарын алу үрдістерін сипаттаған.
Орыс академиктерінің алғашқысы болып химия және металлургия бойынша кітаптар («Физикалық химия курсы», 1754 ж.; «Металлургияның алғашқы негізі немесе кендер ісі», 1763 ж.) дайындады.
Мәскеу университетін құрудағы (1755 ж.) еңбегі зор, оның оқу бағдарламасын және жобасын өзі жасаған. Оның жобасы бойынша 1748 жылы Петербург ҒА-ның Химия зертханасын салу құрылысы аяқталды. Қазіргі заманғы орыс әдеби тілінің негізін жасады. Ол ақын және суретші болған. Тарихтан, экономикадан, филологиядан бірқатар еңбектер жазған.