Мақалада Мәскеу мұрағаттарында және Санкт-Петербор шаһарларында жинақталған Қазақ халқының тарихи-этнографиялық жәдігерлері туралы деректер сөз болады



бет1/4
Дата24.11.2016
өлшемі2,25 Mb.
#2479
  1   2   3   4
УДК 930.25 (470)  Халықаралық Бизнес Университетінің

жетекші ғылыми қызметкері

Ескекбаев Д. Б.


МӘСКЕУ МҰРАҒАТТАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЖӘДІГЕРЛЕР
Аннотация. Мақалада Мәскеу мұрағаттарында және Санкт-Петербор шаһарларында жинақталған Қазақ халқының тарихи-этнографиялық жәдігерлері туралы деректер сөз болады. Мақала арқауына айналып отырған негізгі мәселе жалпы Ресей архивтерінде сақталынған мұрағаттық мұраларымыздың жәй-күйі және оларды тарихи зерттеу барысында айналымға кіргізу мәселелері қарастырылған. Сондай-ақ Эрмитажда сақталынған жалпы түрік, қазақ халқының көне мәдениетінің куәлері тас ескерткіштерінің насихатталынуы және музыкалық мұралары туралы да проблемалық ойлар қамтылған.

Түйін сөз: Мәскеу мұрағаттары, Эрмитаждағы тас ескерткіштер, қазақтың музыкалық мұралары, сыры белгісіз суреттер.

Ескекбаев Д.

Ведущий научный сотрудник Международного Университета Бизнеса
ИСТОРИЧЕСКИЕ РЕЛИКВИИ В МУЗЕЯХ МОСКВЫ

Аннотация. В статье освещаются сведения об историко-этнографических реликвиях Казахского народа в музеях городов Москва и Санкт-Петербург. Основным общим вопросом, взятым за основу статьи, было в целом состояние архивных наследий сохраненных в архивах России и вопросы введения их в оборот в ходе исторических исследований. Наряду с этим, охвачены мысли о проблемах, связанных с пропагандой сохраненных в Эрмитаже доказательствах всеобщей древней культуры тюркского, казахского народов — каменных памятников, также о музыкальных наследиях.

Ключевое слово: Московские архивы, каменные памятники в Эрмитаже, музыкальные наследия казахов, таинственные рисунки.
D. B. Yeskekbayev

Lead researcher of the International Business University.
HISTORICAL RELICS IN MOSCOW MUSEUMS

Annotation. The article discusses information about historical ethnographic relics of Kazakh people gathered in museums of Moscow and Saint-Petersburg cities. The core issue that lies as the base of the article is the state of archival heritages stored in overall Russian archives and issues of introduction of them to circulation during the historical research. Also the problematic thoughts about propaganda of stone monuments stored in the Hermitage that are evidences of ancient culture of Turkic on the whole, Kazakh people and about musical legacies are covered therein.

Keywords: Moscow archives, stone monuments in the Hermitage, musical legacies of Kazakh, mysterious pictures.

Биыл маған сәті түсіп Халықаралық Бизнес Университетінің (бұрынғы Халықаралық Бизнес Академиясы) қаржылай қолдауымен Мәскеу қаласындағы бірнеше тарихи мұрағаттарда жұмыс істеуге тура келді. Атап айтқанда Ресей Федерациясының Мемлекеттік архивы (ГАРФ), Орталық ежелгі құжаттар Мемлекеттік архиві (ЦГАДА), Подольск қаласындағы әскери архив және тағы басқалар. Негізгі мақсатым өзімнің зерттеп жүрген Ресейдегі қазақ диаспорасының тарихы мен этнографиясы болса да көзге түскен қазақ халқына қатысты тарихи құжаттарды көргеннен кейін қиып кете алмай кейбір жерлерін жазып алған едім. Соны осы тақырыппен айналысып жүрген зерттеуші әріптестерім мен жалпы құлағы түрік оқырмандар назарына ұсынбақпын. Бәлкім жол түсіп бара қалған осы сала мамандары болса бір қажетке жарап қалар. Бұл құжаттар Мәскеу қаласының орта тұсындағы Бауман даңғылы бойында орналасқан кезінде Петр патшаның жақын серіктерінің бірі болған фелъдмаршал Меньшиковтың иелігіндегі аумағы

бір гектардай болатын жерді алып жатқан территорияда орналасқан, Сарайлардың бірін мекен -тұраққа айналдырған Ресей мемлекеттік фонодокументтер мұрағатынан (РГАФД) табылды. Бұл жерде бұдан басқа да оның ішінде 1936 жылғы кезеңге дейінгі құжаттар сақталынған әскери мұрағат та дәл осы жерде орналасқан екен.

Енді фонодокументтер сақталынған мұрағат құжаттары туралы мына дерек- мәліметтерді нақтырақ болуы үшін түпнұсқада бере кетейін:

История.

1. Центральный архив звукозаписей (1932-1934).

2. Центральный фотофонокино архив СССР – фоноотдел (ЦФФКА СССР). (1934-1941).

3. Центральный гос. архив кинофотофонодокументов СССР – фоноотдел (ЦГАФФД СССР).(1941-1970).

4. Центральный гос. архив звукозаписей СССР (ЦГАЗ СССР). (1967-YI.1992).

В 1992 г. ЦГАЗ СССР переименован в Российский гос. архив фонодокументов – РГАФД .

В фондах РГАФД хранятся документальные и художественные звукозаписи за период с конца ХІХ в по настоящее время. Здесь сосредеточены все виды звукозаписей - … деп одан әрі жалғасып кете береді.

Мұрағаттың ғылыми информациялық бөлімін басқаратын Лазарева Марина Геннадьевна деген ғылыми қызметкер өте бір ілтипатты, қамқор көңілді, ақ жүректі жан екен. Менің арнайы рұқсатым болмаса да маған мұрағат құжаттарымен танысып шығуға мүмкіндік жасады. Оған қоса менің айтуыммен біраз картотекалардағы қазақ әндерінің үстіне белгіленген «киргизский» деген анықтаманы (біздің бақытымызға қарай олар қарындашпен толтырылған екен) «казахский» деп көзімізше түзетіп берді.

Жалпы мұнда музыкалық қорлармен қоса өткен ғасырлардағы музыкалық жазба құралдар да біршама жинақталынып, сақталыныпты. Мәселен, 1877 жылы Эдисон ойлап тапқан «фонографтан» бастап ХХ ғасырдың бас кезіндегі «граммафон», «фоновалик», «патефондар» тіпті, данықты Шаляпин тұтынған граммафондарға дейін осында қойылған. Қазақ әнін бірінші болып бүкіл Европаға танытқан дүлдүл әнші Әміре Қашаубаевтың жеті-сегіз әні де осы «фоноваликке» жазылынып алынған екен. (МГ № 6. фоновалик), Центральный гос. архив звукозаписей СССР. Фонд 165, 170, 172, 174-185. Скорость 38 см /сек.). Фольклорные фонографические записи (запись произведена ГИМН). Вариант магнитная с фоновалика). Міне, бар мәлімет осы. Әміре әндерін мен Марина қыздың көмегімен екі қайтара тыңдап шықтым. Картотекада «киргиз» деп белгіленген және аты жөні «Омре Нашаубаев» деп жазылып, ал әндерінің тұсында Омре Кашаубаев деп көрсетілген. Және де әндердің толық нұсқасы жоқ, әр ән қысқаша екі шумақтан ғана жазылған сияқты. Сөздері де анық емес.

Әрине маған бұл мағлұматтар музыка зерттеушілері үшін біршама белгілі екендігі мәлім. Дегенмен де жалпы тарих үшін және болашақ зерттеушілерге көмек ретінде мен өзім жазып алған деректерді бір нүктесін бұзбастан сол күйінде, қаз қалпында беріп отырмын:







Найменование


Автор музыки

Автор слова

Исполнитель

1

Песня Газиса

1965 год.



Газиса

Газиса

М.Кошкинбаев в собств.сопр.на домбре. На каз. Языке

2

Сураншы батыр жыры. Поэма

Музыка народная

Джамбул.Джабаев

А.Дуйсенов. Пение на домбре. Вступительн. Слова читает .Булдыбаев.

На каз.языке.



3

Акындарга терме

Музыка народная

Джамбул Джабаев

Исполнитель К.Раисов.

4

№ Г 27035







Маясар Жапаков. Екі әні бар,

5

№ Г 27034

К.Айнабеков

Кайпа Айнабекова

Испонитель Каип Айнабеков.

6

Фонд 4. Оп.1







Состязание Нурилы и одиннадцати акынов. Доклад. Исполн. А. Дуйсенов.

7

Агаш аяк

Каз.нар.песня




М. Толыбаев.

8

Агайша

Каз.нар.песня




Исп. Г.Курмангалиев с соб.сопр. на комузе.

9

Адаскак

Каз.нар.песня




Ж.Елебеков в собств. Сопр. На домбре.

10

Агайша. 1957.1.08.

Каз.нар.песня




Сагингалиев.пол соб. аккомп. На домбре. Исп.на междунар.концерте на открытой эстраде малого поля ППКО им.М.Горького YI Всем.фест.молодеж в Москве.

11

Айкен-ай

Каз.нар.песня




С.Ахметова. Н.Борисова. (Фортепиано).

12

Айнам коз.







Р.Абдуллин. Н.Вальтер. (Фортепиано).

13


Айнамкоз. 1964 г.







Б.Досымжанов, Р.Кацман.( Фортепиано).

14

Айша.зап. 1987 г.

Нар.песня




Б.Басыгараев.

15

Акбакай.Ориг.1.Пл.нет.

Нет




Б. Жилисбаев.

Зап. 1968 год.



16

Акбакай

Нар.казах песня




М.Мусабаев. Зап. 1966 год.

17

Акбакай







Н.Каражигитов, В.Каретников. (Фортепиано).1964 год.

18

Ак баян







А.Бафина, Н.Борисова.(Фортепиано).

19

Ак каин

Каз.народ.песн




Манарбек Ержанов. Нар.артист КазССР. На домбре

20

Ак кис




Песня Мухита

Г.Курмангалиев. на домбре

21

Аккум

Каз.народ.песня




К.Жандарбеков. В.Каретников (фортепиано). 1965 год.

22

Г 41411-2

Каз.народ мелодия




Ж. Елебеков. Домбра.

23

Аккум

народный

народный

С. Жанпейсова, домбра. 1989 год.

24

Аккум

Каз.народпесня




А. Умбетбаев.

25

Аксаусак

Каз.народ песня




К. Сакиева.

26

Алконыр

Каз.народ песня




Б. Тулегенва. Зап. 1966 год.

27

Алконыр

Каз.народ песня




Т. Адетбаев, В. Каретников (фор-но). 1965-66 год.

28

Алконыр

народная




М. Алиаскаров. 1989 год.

29

Алтай

народный




Умурзаков. Муж. голос.

30


Отанды сюи. Стих.




Д.Жабаев

А. Байжанбаев

31

Акындарга арнау, стих..




Д.Жабаев

А. Байжанбаев.

32

Шама

Каз. Нар. песня

Слова Абай

Кали Байжанов. На домбре.

33

Ардак

Каз.народ песня




Кали Байжанов. Пение в собствен. Сопр. На домбре

34

Сылкылдак. Казахский.

Таттимбет




Абикен Хасенов. Домбра. 1957 год.

35

Кюй.«Саржайлау».каз.песня

Таттимбет




А. Хасенов. Домбра.

36

«Бес торе», «Кокей кесте»

Таттимбет

Казахский танцы

А. Хасенов. Домбра.

37

«Азамат», «Боз айгыр»

Каз.народ.наигрыш




А. Хасенов. Домбра.

38

«Саржайлау»,казахский наигрыш

Таттимбет




Казахский Гос. оркестр. народный инструментов им. Курмангазы.

39

Джайляу кюй

Каз.мелодия.2-й вариант

М.Хамзин

М.Хамзин. домбра. 1965-66 год.

40

«Джайлау», 1-й вариант

М.Хамзин




М. Хамзин. Домбра.

41

«Сары джейляз»,кюй

Таттимбет




М. Хамзин, домбра. 1963 год.

42

«Бес торе». Каз. Мелодия.

Таттимбет




М. Хамзин, домбра.

43

«Ынгай ток», казах. песня

С.Алиев




Ж.Каламбаев, домбра. 1966 год.

44

«Тогыз тарау»

Каз.народ. песня




Ж. Каламбаев, 1966 год.

45

«Кзыл бидай»

Казах. мелод




Ж. Каламбаев. Домбра, на комузе

46

«Кертолгау»

Каз.народ. мелодия




Ж. Каламбаев, 1966 год.

47

«Илме»

Каз.народ. мелодия




Ж. Каламбаев, домбра. 1966 год.

48

«Акку»

Народная мелодия




Ж . Каламбаев, домбра.

49

«Кенес»

Казахская мелодия




Ж.Каламбаев и Мухитов (домбра и комуз).

50

«Караторгай»

Казахская мелодия




Ж. Каламбаев (на комузе).

51

«Ихлас»

Народная песня




Жаппас Каламбаев (на комузе).

52

«Жез киик»

Казахская мелодия




Жаппас Каламбаев (на комузе).

53

«Балбраун»

Казахская мелодия




Жаппас Каламбаев (на домбре).

54

«Балбрауын»

Мелодия С.Алиев




Ж.Каламбаев. домбра. 1966 год.

55

Газиздин ани

Газиз




Ж.Каламбаев, кобыз.

56

«Коныр»

Ихлас




Ж. Каламбаев, кобыз.

57

«Жез киик»

Ихлас




Ж. Каламбаев, кобыз. 1964 год.

58

«Косбасар»

Каз.песня

Таттимбет

Ж. Каламбаев, домбра.

59

«Ак кайын»

Ш.Кошкарбаев




Ж. Каламбаев, кобыз.

60

«Ыскырма», каз. песня

Даулеткерей




Ж. Каламбаев (домбра)

61

«Айраух», кюй

Ыхлас

Каз.инстр. пьеса

Д. Мыктыбаев (кобыз). 197 год.

62

Сары-арка

Казах. мелодия

С.Сейфуллин

Д.Мыктыбаев, кобыз.

63

«Аупилдек»

С.Сейфуллин

пьеса

Д. Мыктыбаев, кобыз.

64

Сары дела. Казах.мелодия

Е. Сарбиев




Д. Мыктыбаев, кобыз.

65

«Порыв»

Ихлас




Д. Мыктыбаев, кобыз.

66

«Казан якюй».каз.мелоди

Ихлас




Д.Мыктыбаев, кобыз.

67

«Ердонин кюй»,каз.мелодия

Ихлас




Д.Мыктыбаев, кобыз.

68

Айрауыктын ащы кюй

Ихлас

Казахская мелодия

Д. Мыктыбаев, кобыз.

69

Жалгызаян

Абикей




Д. Мыктыбаев, кобыз.

70

Толгау Абыза

Каз.народ мелодия




Д. Мыктыбаев, кобыз.

71

Козбенин Сарыны

Каз.народ мелодия




Д. Мыктыбаев, кобыз.

72

Кертолгау

Народная мелодия




Артист Казгосфилармонии Д. Мыктыбаев, кобыз.

73

Камбар батыр

Народная мелодия




Арт.казах. гос-филармонии Д. Мыктыбаев, кобыз.

74

«Какос- кюй»

Каз.народ мелодия




Р. Омаров, 1968 год.

75

«Кюй Алтыная »

наигрыш




Р. Омаров, домбра.

76

«Нарату кюй»

Каз.народ мелодия




Р. Омаров, домбра.

77

«Сыбрлак»

Аликей




Р. Омаров, домбра. 1968 год.

78

«Кайран шешен»

Курмангазы




Р. Омаров, домбра.

79

«Машинка»

Курмангазы




Р. Омаров, домбра.

80

Каражак ханым

Казахская мелодия

Мамен

Р. Омаров, домбра.

81

«Кокей кести»

Таттимбет




Р.Омаров, домбра.

82

«Саржайлау»

Таттимбет




Р. Омаров, домбра.

83

«Би кюй», каз.наигрыш

А.Жубанов




Урстем Омаров.

84

«Аксак киик», каз.наигрыш

Курмангазы




Урстем Омаров (домбра).

85

«Байжума»

Д.Нурпеисова




У. Омаров.

Өздеріңіз байқап отырғандай тек қана Ә.Қашаубаев қана емес бұдан басқа да төменде келтірілген тізімде де қарама - қайшылықтар немесе емле қателіктер көптеп кездеседі. Осының өзіне де шүкіршілік ете, қандай жағыдайда болса да құндылықтарымыздың сақталғандығына тәубә дей отырсақ та орын алған кейбір кемшіліктерді атап өтуді парыз санадық.

Біріншіден, қазақ әндерінің көпшілігі «киргизский» деп жазылынып кетуі «қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік» деген Сәкен сияқты ұлт жанашырларының үні әлі де Қызыл империя билігінен аса алмай жатқан тұс болса керек.

Екіншіден, авторы С.Сейфуллин деп берілген екі әннің бірі «Сарыарқа» әні қазіргі кезде «Біздің жақта» деп аталынып ел арасына кең тараған Сәкен әні екендігі даусыз. Ал «Әупілдек» әні көп жерлерде халық әні де деп аталынып жүрсе де кейбір зерттеушілер бұл әннің авторы белгілі, ән ғасырдың ХIХ ғасырдың аяқ кезінде туған, Сәкен тек ол әнді жазып алып көпшілікке таратқан деген пікірде. Ендігі әңгіме бұл музыкалық мұралар Мәскеу мұрағатына қандай жолдармен жеткендігі. Кезінде қазақтың 1000 әнін жинақтап шығарған А.Затаевич арқылы ма, әлде басқа жолдары болды ма екен?

Олай десек, Затевич жазып алған «Әупілдек» әнінің бірінші нұсқасын Қайып Айнабеков, ал екінщі нұсқасын Жүсіпбек Аймауытов жаздырғаны белгілі.(1-24,43). Жалпы сөз реті келгенде айта кетейік Қ. Айнабеков Затаевичке он алты ән жаздырса (онын біреуі сыбызғыда орындалған «Ақ жұмсақ» күйі), ал Ж. Аймауытов отыздан аса ән жаздырған. Сәкеннің бергені алтау, төрт ән және екі күй («Тоқа» және Абылай ханның атты әскерінің шеруі «Терісқақпай»). Бұл туралы Затаевичтің өзі «Мелодия №11 записана от выдающегося поэта, прозаика и драматурга Сакена (Садвокаса) Сейфуллина (1894-1939). О нем см. «1000 / 189-194» деп атап өткен (2, 18). Сәкен кейіннен «Қара торғай» және «Шәкірт» т.б. әндерін қосқан. Негізінде С. Сейфуллин өнерпаздардың басын қосып, ұйымдастыру жұмыстарының негізін салып кетсе көп әншілерді тауып беруге себеп болған Әлікей Өтекин және Затаевичтің қасында болып түсінік беріп, көмекші ролін атқарған Қ. Айнабеков болғандығын да атап өту керек. Бұл туралы зерттеушілер «известный акын Каиб Айнабеков (1885-1955) был корреспондентом А.В.Затаевича во время II –го съезда Советов Казахстана (4-10 октября 1921 года)» деп жазса (2, 22), ал Ә. Өтекин туралы Затаевичтің өзі «в то же время предсовнаркома тов(арищ) Сейфуллин обратил мое мнение на только что приехавшего из Акмолинской губернии … молодого человека Аликея Утекина, оказавшегося самым лучшим певцом-исполнителем и вообще знатоком акмолинских песен из числа всех тех акмолинцев, которых я до сих пор записывал… » деп еске алады.

Енді Әміренің әндеріне келейік. Төменде «фоно» қорда Әміренің орындауындағы сақталынған әндер:



  1. «Перуайым».

  2. «Ей литос» (три друга). (Үш дос - Д.Е.)

  3. «Балхадиша» (медовая хозяйка), киргизские песни. Исп. Омре Кашаубаев в /с домбры.

4. «Джальгиз - арша» (одинокий можжевельник).

5. «Дударай» (муж. Имя). Исп. То же.

6. «Агаш- Ояк» (деревянная нога), наигрыш киргизской домбры, исп. То же.

7. «Смет» (имя).

8. «Бес карагер» (пять карих лошадей), исп. То же.

Салыстырма үшін Әміренің Затаевичке жаздырған әндерінінің тізбесін келтіре кетейік: «из репертуа Амре Кашаубаев А.В. Затаевич записал одиннадцать песен, опубликованных им в «500 песен» (№№ 227-237), среди которых такие превосходные образцы казахской классической народной песенной поэзии, как «Жалгыз арша» («Одинокий можжевельник», № 227), «Ағашаяк» (буквально – «Деревянная нога», а вообще прозвище автора песни, № 230), «Сімет» (мужское имя, № 232), «Бал- Қадиша» («Прекрасная Хадиша», № 234), «Дударай» ( О Дудар!», № 235). (2, 58).

Әміренің әншілігіне мен талантына тәнті болган Затаевич өз естелігінде « Амре Кашаубаев, выдающийся каркаралинский певец, до весны 1925 года состоящий в труппе Казахского государственного театра. Кашаубаев – пока единственный из казахских певцов, которому довелось выступать за границей, а именно: летом 1925 года – в Париже, а годом позже – во Франкфурте-на Майне, причем в обоих случаях – в этнографических группах, организованных Росфилом (Париж) и Боксом (Франкфурт-на Майне), ... дей келе «Кашаубаев обладает красивым, сильным и сочным голосом (тенор), при большом запасливом дыхании. Чтобы охаректизировать его, как певца и музыканта, лучше всего сопоставить его с двумя другими выдающимися Каркаралинскими певцами, «поэтом» Габбасом Айтпаевым (прим. 83) и бытовиком» кали Байжановым (прим. 109). В этом случае Кашаубаев занял бы первое место между ними обоими ... Чисто же в голосовом отношении Кашаубаев превосходит обоих яркостью своих данных» еске ала отырып өнерін жоғары бағалаған.

Бізге белгілісі Сәкеннің мұрындық болуымен А.Затаевичтің қазақтың 1000 әнін жинауға белсене кірісуі. Бұл тарихи уақиға туралы Сәкентанушылар зерттеулерінде мынадай деректер бар: «В условиях финансового кризиса республики Сакен Сейфуллин находит средства для Александра Затаевича на сбор подготовку и издание 1000 песен казахского народа. Прямо в кабинете Председателя Совнаркома Затаевич записывает в нотах исполненный Сакеном конный марш хана Аблая. Помощник и друг Сакена Алькей Утекин исполняет марш хана Кенесары. Любовь к народному творчеству подвигает его к поиску, сбору и изданию многотомного собрания казахского фольклора. Он-первый руководитель республики, кто дал высокую оценку творчеству Жамбыла Жабаева, как исполнителю тюркского эпоса «Кер-оглы», -деп баға береді. (3,145). Қиын - қыстау заманға, аумалы - төкпелі кезеңге қарамастан Сәкен қазақтың фолклорлық мұрасын жинақтауға білек сыбана кіріседі. Әрине бұған қазақтың бетке ұстар алаш қайраткерлері де ат салысқаны белгілі. Ал Сәкендей тұлғаны ерекше атап өтуіміз ерлігін насихаттау былай тұсын атын атаудың өзі бас кетіретін уақытта Ер Сәкеннің қазақтың ұлы хандарын еске алып Совнарком қабырғасында жырға қосуы көзсіз батырлық.

Бұдан әрі уақиға былайша өрбиді: «22 августа 1923 года на заседании Совнаркома рассматривался вопрос «Об отпуске 1000 рублей золотом премии народному артисту Кирреспублики тов. Затаевичу и 1480 рублей золотом на издание киргизских песен». Впервые в истории казахов были собраны, систематизированы и записаны на ноты образцы народной музыки. С большой речью о музыкальной культуре казахского народа выступил Ахмет Байтурсынов. Но, часть ораторов заседания требовала средства из без того скудного бюджета республики направить на восстановление мастерских Оренбурга и финансирование красноармейских частей. Мнения разделились. Последнее решающее слова было за Председателем Совнаркома. В постановлении заседания Сакен Сейфуллин накладывает резолюцию: «Предложить Наркомпросу отпустить Александру Викторовичу Затаевичу 2280 рублей золотом и на редактирование его сочинении 200 рублей золотом, а всего – 2480 рублей золотом из средств Наркомпроса с условием погошения означенной выдачи из краевого фонда по мере поступления денежных средств в краевой фонд» (4, 33 об).

Осылайша қаржылық дағдарыс, қиыншылықтарға қарамастан жоқтан бар жасап өзінің бабалар мұрасына адалдығы мен ұлтжандылығын өз іс әрекетімен дәлелдей білген Сәкен ақыры «Қазақтың 1000 әнін» жинақтап шығару үшін қаражат көзін таба білді. Сәкен игілікті істі үкімет мүшелерінен бастап, өзі үлгі болып А.В.Затаевич екі күй, төрт ән орындап береді және халық ән күйлерін жетік білетін шебер орындаушылар: Ахмет Байтұрсынов, Қайып, Салық Айнабековтер, Бейімбет Майлин, Әліби Жангелдин, Сәбит Мұқанов, Жүсіпбек Аймауытов, Иса Байзақов, Әлікей Өтекин тағы басқа да сол кездегі танымал өнерге жақын азаматтар есімдерін беруі оның қазақ ән күйлерін жинақтауға деген жанашырлық үлкен қамқорлығын аңғартса керек».

Ал, Наркомпрос Ахан болса өзіне тапсырылған бұл жауапкершілікті өте ыждахаттылықпен іс жүзіне асырып қана қоймай, өз орындауында 24 ән бергендігіне тарих куә (5, 30).

Осынау бір игілікті істі музыка зерттеушісі Борис Ерзакович: «Исследователь казахских песен и кюев, наодный артист Казахской ССР А.В. Затаевич в своей книге «1000 песен казахского народа» рассказывает, как Сейфуллин помогал ему находить народных певцов», - деп бағалаған .

Ал кейінгі нәтижесі бәрімізге аян, алдымен « Қазақтың 1000 әні» соңынан «Қазақтың 500 әні» жарық көрді. Қазақ музыкасын зерттеудегі ерең еңбегі жоғары бағаланып және Сәкеннің табандылығы мен қайтпас-қайсарлығы арқасында А.В. Затаеевич тұңғыш рет Республика Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысымен 1923 жылы 28 тамыз айында «Республика халық артисі» атағына ие болады.

Зерттеушілердің тағы бір назар аударатың мәселесі күйлер тарихы. Жалпы күйлер тарихын кеңінен алып қарасақ олар бірнеше түрге бөлініп, оның ішінде шертпе күйлер кең байтақ Қазақстанның шығысы Алтай, Тарбағатай, орталығы Ұлытау, Шыңғыстау ( көне атауы Наймантау - Д.Е.) өңірінен бастап Жетісу, Қаратау, Сыр бойына дейін қоныстанған ел арасына кеңінен таралған. Ал Арқада шертпе күйлер мектебін қалыптастырған екі тұлға болса соның бірі Тәттімбет, екіншісі ел арасында Сайдалы Сары Тоқа атанған Тотаң. Екеуі де қоса ел арасында билігімен, елге жайлы әділ ел басқарушылығымен танылған дәулескер күйшілер. Екеуінің де өмір сүрген ортасы бір географиялық белдеуде орналасқан қазіргі Қарағанды қаласының Батысы мен Шығысы. Екеуі де ондаған жылдар бойы өз елдерінің болысы яғни, Тәттімбет Қаракесек - Шаншар рулары мекен еткен Қу болысын басқарса, ал Сайдалы Сары Тоқа Ақмола округі Сайдалы - Алтай болысын басқарған. Бірақ екеуінің қазіргі жағдайлары екі басқа: Тәттімбеттің атымен облыс деңгейінде бірнеше мектептер, көшелер, елді мекендер аталынса, ал Тотаңның атында Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кенті мен Қаражал қаласынан бір- бір көше аты ғана берілген. Қаражалдың Кеңес заманынан қалған қала деген аты болмаса Жаңаарқаның жартысына да жетпейді. Бір кездері 1967-68 жылдары аудан орталығында Сайдалы Сары Тоқа атындағы балалар музыка мектебі ашылған екен, бірақ 90- жылдары белгісіз себептермен жабылып қалған.

Бір назар салатын жағыдай төменде тізбесі беріліп отырған музыкалық мұраларымыздың көпшілігінің екі - үштен орындаушысы бар. Шамасы мұның себебі әр орындаушының өзіндік мәнері мен орындаушылық шеберлігін салыстыру және толықтру мақсатынан туындаған болса керек. Осы бір себептен де болар арқа күйлерін де бірнеше күйшілер Әбікен Хасенов, Мағауия Хамзин, Жаппас Қаламбаев және Үрістембек Омаровтар сияқты көпшілікке танымал дәулескер күйшілер орындаған. «Бір кем дүние» осында Тәттімбеттің аты бар да Тотаң жоқ (тізімге назар салыңыз). Ал күй өнерінен хабары бар, құлағы түрік жұтршылық мұндағы біраз күйлердің атап айтқанда: «Қосбасар» (үш нұсқасы: «Бастау қосбасар», «Сән қосбасар», «Шер қосбасар»), «Саржайлау» күйлерінің Тәттімбетте де, Тоқада да бар екенінен хабардар. Белгілі күйші, өнер зерттеушісі Уәли Бекенов өз зерттеуінде: «Тоқа бозбала шағынан бастап-ақ Тәттімбеттің жолын қуып, күйлерін үйреніп, дәстүрін ұстаған. Ол Тәттімбеттің күйлері аттас келетін «Саржайлау», «Қосбасар» атты күйлердің бірнеше түрін шығарған. Осыны айыра білмегендіктен, кезінде Тәттімбеттің «Саржайлау» күйін Тоқаның күйі екен деген жаңсақ, шалағай пікір қозғаушылар болды. Ал анығына келгенде, «Саржайлау» мен «Қосбасар» күйлері Тәттімбет пен Тоқаның екеуінде де бар екені күйлердің түпнұсқасы арқылы дәлелденіп отыр. Бұл күйлер аталымы жағынан аттас болғанмен, табиғаты бөлек, құрылысы, ішкі мазмұны ерекшеленіп келетін тұлғалы шығармалар», - деп орынды атап өткен (6, 71).

Осы бір зерттеуді одан әрі сабақтай түссек атақты өнер зерттеушісі, композитор А. Жұбановтың мына бір пікірімен келісуге тура келер: «Бір айта кететін жай - «Қосбасар» Тәттімбеттікі емес, басқа кісінікі деген әңгімелер осы кезде жиі айтылып жүр. Біздіңше ол әңгімелердің негізінде құжаттық шыңдық жатқан жоқ. Ал қазақ халқының күй қорында» аты бір болғанымен бірнеше адамның қолынан шыққан туындылар аз емес. Мысалы Құрманғазының, Динаның, Дәулеткерейдің, Түркештің «Байжұма» атты күйлері бар. Музыкалық жағынан олар бір - біріне үйлеспейді. «Балбырауын» аттас күй Қазақстанның әр жерлерінде кездеседі. Оның үстіне осы кезде біз білетін «Қосбасардың оннан астам нұсқасы бар. Оның қайсысын кім шығарды деген сұрауға» күні бүгін ешкім де жауап бере алмайды. «Қосбасар» Тәттімбетте де, Тоқада да, Саймақта да, тағы басқаларда да болуы мүмкін», деп нақтылай түседі.(7, 211).

Орны толмас өкініштердің бірі Арқа еліне мәлім, дау тудырмайтын Тотаңның төл күйлері «Азамат», «Боз айғыр» (жаздырған Ә. Хасенов), «Аққу» (жаздырған Ж.Қаламбаев) т.б туындылар да тегі белгісіз күйлер ретінде «қазақтың халықтық сарындары» деп (мелодия, наигрыш) берілген. Шіркін ай, әсіресе бір ғана «Аққу» күйін түпнұсқадан тыңдаса талай-талай жұмбақ- сырлардың беті ашылар еді - ау. Әрине, мұрағаттық құжаттарда Тотаң аты аталмауы саяси себептермен де байланысты. Ел арасында Тотаң Кенесары бастаған азаттық күресті қолдап, әсіресе Кенесары ханның Ақтау бекінісіне шабуылдау кезінде демеу болғандығы туралы деректер бар. Бір жағынан бұл да бір себеп болса, екінші жағынан «Тотаң Ақмола оязымен өте араз болып, ояз оның үстінен шағым жасап, Тоқаны бірнеше рет Омбының губернаторына шақыртқаны мәлім. Бұған Тоқаның екі жылдай Семей жағына жер аударылып, айдауда жүріп қайтқандығы дәлел. Қараңыз: (Дело о ходатайству Акмолинского губернатора об админстративной высылке из Акмолинского уезда киргиза Актавской волости Токи Чонманова с его сыновьями за противодействие властям при раскладке податей.№ 13119. 29 сентбря 1893 г. (8).

Бұл жөнінде Сәбит Мұқанов өзінің «Аққан жұлдыз» романында баяндап, Тоқаның Шоқан Уәлихановпен кездескендігі жәйлі былайша баядаған екен: «Талай күйшілермен кездескен Шоқанның есінде - жас та болса ел ішінде «Сайдалының Сары Тоқасы» атағына ие болған, жас мөлшері өзінен аз-ақ қалыңқы, томпақ көз, жирен түкті жігіт.

Тоқа өсе келе сотқар болып, өкімет оны жуық арада Семей жаққа жер аударған екен де, домбырашы сол айдауда жүріп, «Саржайлау» деген күй шығарған екен. Жерін сағыну тақырыбына шығарған бұл күй, тыңдаушының тұла бойын ерітіп әкетеді. Шоқан да сөйтіп көзіне жас алды.

Тоқаның одан басқа: «Қосбасар», «Терісқақпай» деген екі күйі де ғажап екен. Бұл күйлерді тартқанда, домбыраның екі шегінің, сегіз пернесінің асты үстін түгел сөйлетіп, нелер әдемі үндер шығарады. Сол үндерден Европаның ең көп дауысты аспабы - фортепьяноның барлық дыбысын естуге болады» деп тамсана жазады. Одан әрі Шоқанның шамалауынша ... Мәселен, жау айдаған жылқыдан мекеніне қашқан боз айғырды жолда бес қасқыр қамап, солармен алысқан айғырды жолда бес қасқыр қамап, солармен алысқан айғырдың орқырай тістесіп, тепкілей тулап, арқырай кісінегенін баяндайтын «Бозайғыр» күйі сөз жоқ Тотаңдікі екендгі дау тудырмас. (9, 171).

Себебі Затаевич Қарқаралы ауданы, Мендеш болыстығының № 3 ауылының қазағы Рақмет Аманбаевтан жазылынып алған «Бозайғыр» күйі «спокойно и мечтательно» деп сипатталған (10, 20).

Ал ашығына келсек Тотаң белгілі қаламгер, дара ой пікірімен қоғамнан оқшау күй кешкен Асқар Сүлейменовтың сөзімен айтсақ «стандартты заманда стандартқа симай қалған адам». Тоқаның бір бет, тік мінезділігі, ешкімнің бет жүзіне қарамай іреп салатын уытты тілі бір жағынан дұшпандарын көбейтсе, екінші жағынан ел арасындағы беделін жоғарылатып, шоқтығын биікке көтерген. Мұның дәлелі ретінде ел арасына тарап кеткен мына бір шумақ өлеңдерден де байқауға болады:

«Бақтыбай Берден шықты төменгі елден,

Шоң шықты Дәулетбике деген елден.

Баласы бас Мейрамның бас қосқанда,

Ақылға Сары Тоқа Сізге келген».

Осы сөздің өзі - ақ бірауыз сөзге тоқтап, сөз қадірің білген түйсіне біліп, тұшына сезінген бабалар ұрпағына айтпаса да түсінікті шығар.

Осы ойымызды қорытындылай айтсақ «соқтықпалы - соқпалы» дәуірде өмір сүрген Тотаң тағдыры Тоқатануға түрен салуға сұранып - ақ тұр. Бұған ол туралы жазылған бірен - саран мақалалар мен зерттеу еңбектер болмаса жүйелі түрде зерттелінген іргелі монографиялық еңбектердің жоқтығы дәлел. (11, 173-181).

Сөз орайы келгенде айта кететін бір мәселе жоғарыда аталынған «қорда» белгілі суырып салма ақын, сырнайшы, кезінде Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне (1936 жыл) қатысып беташар арнау өлеңімен онкүндіктің шымылдығын ашқан Тайжан Қалмағанбетұлының (1879-1938) да бір де бір әні кездеспеді. Бұл да болса саясаттың салқыны болар.


Каталог: edu.history -> media -> upload -> 2215 -> 2015
upload -> Ханкелді Әбжанов, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры
upload -> Боранбаева б. С
upload -> А. А. Оралова ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері жеңіс үшін күрескен азаматқа тағзым
upload -> Кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
upload -> Сапакова К. Н. 2 курс магистранты ХХ ғасыр басындағЫ Ұлттық элитаның Қалыптасу тарихынан
upload -> Мақалада қимақ қағандығын құрған тайпалардың шығу тегінің тарихы және осыған орай ғалымдардың әртүрлі пікірлері талданған. Махмут Қашқаридің «Түркі тілдерінің сөздігіндегі» яғма сөзі талданады
2015 -> «Қозы көрпеш – баян сұЛУ» эпосы көне дүниенің кескіндемелі қолданбалы өнерінде
2015 -> Ресейдегі қазақтардың мәдени мұраларының сақталуы мен өзгерісі Т.ғ. д профессор Б. К. Қалшабаева мен А. К. Бейсегулованың «Ресейдегі қазақтардың мәдени мұраларының сақталуымен өзгерісі»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет