Мұқағали – мәңгілік ғұмыр



бет1/2
Дата28.01.2018
өлшемі0,55 Mb.
#35289
  1   2
«Қостанай каласы әкімдігінің білім бөлімінің

М.Хәкімжанова атындағы

№20 орта мектебі» ММ

Кітапхана меңгерушісі Уаисова Б.А.



Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналған

әдеби сазды кеш

8-11 сынып оқушыларына арналған


Мақсаты: 
а) білімділік: М.Мақатаев өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру 
ә) тәрбиелік: отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу 
б) дамытушылық: оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту 
Көрнекілігі: ақынның портреті, шығармалары, ақын туралы естеліктер, нақыл сөздер
Жоспары:
1. Кіріспе бөлім
2. Мұқағали мәңгілік ғұмыр 
3. «Поэзия – жүрек тілі» (Ақынның өлеңдерінің мәнерлеп оқу)
4. «Құлақтан кіріп бойды алар» (Әндерін орындау)
5. «Махаббат монологы» (Көрініс)
6. «Жазылар естеліктер мен туралы» (Ақын жайлы)

1-жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді жыр сүйер қауым! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.

2-жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.  (Пауза.)

Бүгін Мұқағали жұлдызы қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырап көрініп тұр.

1-жүргізуші:

Мұқағали Мақатаев тірі болса биыл 85 жасқа толар еді.

М.Мақатаевтін өз даусымен айтылған терме «Мен жазамын арызды»

Бүгін менің туған күнім, 


Ой бәлі-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай 
Мына дүние неге жатыр үндемей,
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып, 
«Мынау шапан, 
Мынау атың мін » демей. 
Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!
Бекер өмір сүргенім бе әлде мен?
Халқым,
Сенің қасиетіңді білем деп, 
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!
Айтамын деп қуанышың, мұңыңды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен бәрібір өзіңменен бір болам
Өзегінен тепсең –дағы ұлыңды
1-жүргізушы
Батар күн, келер күн, атар таң, шығар күн 
Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын. 
Осы мен осылай мәңгілік тұрармын, 
Осы мен сірә де өлмейтін шығармын. 
 Өмірім, сірә да, әріден басталған, 
Әріден басталып, мәңгіге тасталған. 
Осы мен өлмейтін, өлмейтін шығармын, 
Сәл ғана мызғып ап қайтадан тұрармын. 

2-жүргізуші: Иә, Мұқағали- ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол-бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, естілмейтін құпия дауыстардан толы алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

1-жүргізушы
Кезінде ақиық ақын М. Мақатаев: 
«Ақынмын деп қалай мен айта аламын, 
Халқымның өз айтқанын қайталадым. 
Күпі киген қазақтың қара өлеңін, 
Шекпен жауып өзіне қайтарамын», - деп қарапайым қазақтың қара өлеңінің жілігін шағып, майын ішті. Дегенмен, өзінің әділ бағасын ала алмай кеткен ақынның әділ таразысы халық болды. Оны күллі халық сүйіп оқийды. Мұқағали шын мәнінде, бір туар екенін халыққа таныта білді. 

2-жүргізуші: 
Күй ойнайды қазағымның қанында, 
Күй ойнайды қазағымның жанында,
Жүрегімнің, жүрегінің дүрсілі 
Күмдірлеген домбырасы барында
Домбыра, жүрегіммен үндес едің, 
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін, 
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң, 
өмірдің не екенін білмес едім. 
М.Мақатаевтың сөзіне жазылған ән: «Жас қайын» 
Орындайтын: Еркебұлан Баян 11 «Ә» сынып оқушысы
1-жүргізуші: 
Көрер едің 
Шаламын ба, отпын ба 
Білер едің, 
Ақынмын ба, жоқпын ба?
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда, 
Көктенетін Махамбетте жоқ мұнда 
Сырым да осы, 
Жырым да осы, 
Алдыңда. 
Байқашы бір, 
Бықсыдым ба, жандым ба? 
Махаңдар жоқ, 
Махаңдардың сарқыты –
Мұқағали Мақатаев бар мұнда , - деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаев.

2-жүргізуші: М. Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданында, Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Мұқағалидің азан шақырып қойған толық аты – Мұқаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады», - деп еркелетіп, қысқартып Мұқағали деп атап кеткен. Әкесі Сүлеймен осы өңірде колхоз ұйымдастырушы болды. 1941 жылы майданға аттанып, содан оралмады. Шешесі Нағиман қарапайым шара адамы еді. 

Кіндік қаны тамған туған жері, ғажайып өлкесі туралы толғанысы ерекше болатын.Қарасазға деген ақын махаббатын сөзбен жеткізу мүмкін емес еді. Келесі тыңдайтындарыңыз Туған елге деген сағыныш.



«Қарасаз» өлені, оқыйтын Сансызбаева Лейла

Қайран қара сазым –ай!


Тамаша еді жазғы орман
Құстар сайрап мәз болған
Көлшіктерде, суларда,
Үйрек ұшып, қаз қонған. 
Шыбын-шіркей қаға ма, 
Шоршып судан ақ шабақ?!
Таз тырна отыр жағада, 
Сыңар аяқ, ақ қабақ.
Елік ертіп лағын, 
Еңкейеді суатқа. 
Елеңдетіп құлағын, 
Тыншымайды бірақта. 
Көкқұтаңдар көлбеңдеп, 
Көтеріле алмайды.
Жалғыз-жалғыз ербеңдеп, 
Көк қояндар заулайды. 
Мұздай суын атқылап, 
Ақ бастаулар қайнаған. 
Тана торпақ шапқылап,
Оқыралап, ойнаған.
...Тамаша еді жазғы орман:
Тамашалап мәз болған, 
Қайран Қарасазым-ай!
Үйрек ұшып, қаз қонған!...

1-жүргізуші: Балалық шағынан–ақ ақын ерте есейді, еңбекке ерте араласты. Бастауыш сыныпты Қарасазда, орта мектепті Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін бастаған болатын. 1948 жылы орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшасы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметінде болды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. 1954-1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды, 1962-1972 жылдар аралығында «Социалистик Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында білім меңгерушісі, 1972-1973 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеді. 

Алдымен ақынның өз өмір жолы туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап көрелік. Диолог Салпенов Серік және Казимбеков Арнас

-        Туған жерің? 
-        Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың. 
-        Туған жылың? 
-        1931. Құрдасымын  Шәмілдің. 
-        Жынысың кім? 
-        Еркекпін ғой, еркекпін! Және-дағы    тәуірмін... 
-        Партияда барсын, ба? 
-        Жоқпын. 
Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын. 
-        Шыққан тегің? 
-        Шаруамын. 
Бар тірліктен бағалы оны санаймын. 
-        Білімің ше? 
-        Орташа ғой. 
Алайда өзім жоғарыға балаймын. 
-        Ана тілің? 
-        Қазақша. 
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар. 
-        Қайда істедің?

-        Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал. 


Оқымаған, дипломсыз демесең, 
Бір басымнан бар мамандық табылар.

-        Міндеттісің бе әскерге? 


-        Міндеттімін. 
Біздің әлі жас кеуде. 
Жауынгердің ұлымын ғой, 
Жанын қиған Мәскеуге. 
-        Сөгіс алып көрдің бе? 
-        Ол жағынан періште едім дей алмаймын 
Мен мүлде. 
Ойлы-қырлы бүл өмірде болады ғой мүлт кету, 
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де... 
-        Шетелдерде болдың ба? 
-        Болғамын жоқ. 
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. 
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, 
Осы отырған орнымда-ақ. 
-        Мекен-жәйің? 
-        Мекен-жәйім - жер менің. 
Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, 


Мен өмірді жырлау үшін келгемін!

2-жүргізуші: Мұқағалидің тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды. 
Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір - дастан», «Атамекен», «Райымбек» т.б кітаптары жарық көрді.
1-жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. 
Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды. 
Келесі тындайтын ән : «Бақыт деген»
Орындайтын: Башкентаева Куляш
2-жүргізуші: Бүгінде ақынның ортамызда болмағанына налимыз, ал медет тұтармыз – алып ақынның өзінің көзіндей көрінетін өркеш-өркеш өлеңдері халқынан қалтқысыз бағасын алып, келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады. Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында аласармаумен қымбат та құнды. 

«Айтылар естеліктер мен туралы,


Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
1-жүргізуші: Мұқағали – біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мен өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен. 
2-жүргізуші: Туған жерге, елге, халқына, досына, Отанына, әкесіне, әжесіне, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді.

Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,

Аңызыма неге нәр тамызбайын.

Қара өлеңі қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан тамызбаймын,- деп өзі жырлағандай

1-жүргізуші:

Отан!!
Отан!


Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Жалғыз Отан – мекенім, – деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл сөздерді әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің – асқақ үлгісі бұл.

Ендеще қашан да ақиқаттық ақ туын көтеріп, әділет пен адалдақты тең ұстаған ақынның ғажайып сырлы өлеңдеріне кезек берейік. 


3-оқушы: Кукаев Сұлтан
«Бабаларым, рахмет сендерге»

Бабаларым, 


Рахмет сендерге! 
Балаларым болмасын деп көр кеуде, 
Қобызыңмен ән мен тіл бердің, 
Өмірге мен мылқау болып енгенде.
Бабаларым,
Рахмет сендерге
Жыраулардың жазбай кеткен жырларын,
Арулардың ашпай кеткен сырларын 
Қорқытыңның қорқынышты мұң – зарын,
Қобызыңның шанағынан тыңдадым.
Құлазыған сенің құла түздерің, 
Не білмеген не көрмеген ізгі елім
Жазылмаған тарихымның жолдарын,
Ауызекі аңызыңнан іздедім
Мен білмеймін. 
Басыңа әлде орнап бақ, 
Шаһар салып, жасадың ба жаннат бақ.
...Әлдеқалай тасқа түскен таңбаны
Табынамын тарихымдай ардақтап. 
Сыр ашпайды сенің құла түздерің, 
Сыр ашпайды тау тастағы іздерің
Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын,
Домбывраңның пернесінен іздедім.
Іздедім де сәттеріңде түңілген,
Тастап кеткен аңызыңа жүгінгем
Жүгінгем де, қайта туғам, тірілгем
Тарихыңды жазудамын бүгін мен,
Бабаларым сенің Ана тіліңмен!
...Менің мына қайта туған күнімде, 
Сөйле, оркестр, дүрілде бір, дүрілде
Сөйле, моцарт, менің Ана тілімде,
Сөйле, Данте, менің Ана тілімде 
4-оқушы: Идрисов Азат
Қалқам,
Мен Лермонтов, Пушкинде емес, 
Есененмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Жат жерді жастанғанда жазатайым, 
Қанымен жазды мүмкін ағатайым. 
...Қасиетіңнен, қара өлең айналайын, 
Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.
Түзу – түзу жыртылған аңыздайын
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса, 
Қара көзден неге қан ағызбайын. 
Іздемпаздық менің де бар өнерім
Бұдан жасап бидай мен тары егемін, 
Қазан- миым бәрінде қайнатады. 
Дара қойып қазақтың қара өлеңін 
Абайға тән маған да тән сыбаға, 
Келсін мейлі, келмесін тәржімаға. 
Осы менің отырып оңаша да,
Оқитұғын намызым әр жұмада. 
Ақынмын деп мен қалай айта аламын
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін 
Шекпен жауып өзіне қайтарамын. 
6-оқушы:  Нурмашев Абзал
«Дос»
Дос болам десең, 
Досыңды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда 
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын, 
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің! 
Досым аз менің...
Досым –ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастыр мені, асылым,
Достастыр мені,
Болайын құлың нақ сенің!
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін 
Өзіме - өзім мін артып...
Жауыздың барып жанына уәзір болғаннан 
Достардың барып ауласына өлген мың артық
7-оқушы: Айгерім Сағынтаева
«Не сыйлайды, не береді келер күн?!.»
Не сыйлайды, не береді келер күн?!.
Неде болса тірі тұрсам көрермін.
Желідегі құлынымын мен елдің, 
Көгендегі қозысымын мен елдің.
Не сыйласын, несін берсін ел маған?!
Тұрсақ екен елімде аман мен де аман.
Таулар менің таусылмайтын бақытым,
Ал ырысым – ұланғайыр кең далам. 
Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты 
Оларды іздеп өткізбеймін уақытты.
Мен бақытсыз бола қойман сірә да, 
Туған елім болса екен бақытты.
Дәнеңе де сыйламасын келер күн
Сый көрмей-ақ суалармын, сөнермін.
Туған тілім тұғырында тұрса екен, 
Әрі қара...
Әрі қарай көрермін...

5: запись/ слайд
«Фариза»
Фариза,
Фаризажан, Фаризақыз
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз, 
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз, 
Бірімізден-біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге. 
Жылай жүріп, өтірік күлесің де
Жүресің де қоясың, жүресің де. 
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып, 
Тастағысы келеді күресінге
Фаризажан сен соны білесің бе?
Жанарымды тұманмен тұмшаладым, 
Серіппесі үзіліп тұр садағым. 
Жігітінен қазақтың дос таба алмай
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын 
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім...
Ақын болып несіне жаратылдым, 
Арсында қап қоймай қара түннің.
Қасиетін сезем деп Ана тілдің
Қауырсыны қалмады қанатымның.
Қу тірлікке құл болып аяқ басып,
Құлашымды жая алмай баратырмын.
Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,
Аттап өттіполардың қия белін
Енді міні қауқарсыз құр ашуды
Жия бергім келеді, жия бергім. 
Маңдайымнан сыйпаған бір жан болса, 
Енді қалған өмірді қияр едім. 
Білмеймін бұзықпын ба жындымын ба?!
Кеп тұрады тілегім мұңды мұңға. 
Енді қалған өмірдің құрдымында 
Өлтірсе де көнбеймін жырды құмға! 
Нөл болды деп айтам жалтармаймын,
Көбейтсеңде қаншама мыңды мыңға ...
Айналаға қарайтын анық барлап,
(Түн кеткесін күн шығып, жарық болмақ.)
Бағыштайық бәрінде халыққа арнап.
Фариза, Фаризажан, Фаризақыз
Бірімізден біріміз арылармыз.
Том-том болып дүкенде тұрмасақ та, 
Подвалдағы архивтен табылармыз..
1-жүргізуші: Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы. Халық көңілін сусындатқан, ақын өлеңдерінің көпшілігі өмір туралы, тірршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жыр етеді. 
 Өмір дегенге 
Тірлікте сірә жетер ме ой!
Жарық сәуледен 
Басқаның бәрі бекер ғой, 
Бекер ғой бәрі, бөтен ғой, 
Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой!
8-оқушы: Сериков Жасұлан
«Пай, пай, өмір!»
Пай, пай, өмір! 
өтесің – ау бір күні, 
тиясың ау қуанышты күлкіні.
өмір деген – бір жарқ еткен найзағай, 
өмір деген көк аспанның күркірі.
Пай, пай өмір,
Өтесің-ау бір күні!
Болмағандай жүрмегендей сен де біз, 
Кетеміз-ау, әй кетеміз... пендеміз 
Ұрпақтарға береміз де кезекті, 
Біз кетеміз, кету үшін келгенбіз.
Өмір деген – бұйым емес қолдағы, 
Өмір дейтін ұлы бекет жолдағы. 
Қаның кеуіп қаталаған кезінде 
Сусыныңды қандырасың бір болғаны.

Мына күнде, мына аспан да дала анау 


Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!
Өмір дейтін тағатсыз бір қозғалыс,
өмір дейтін - өлемін деп қарамау. 
1-жүргізуші: Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. 
2-жүргізуші: Иә, ұлы ақынның сезімінде, туған еліне деген махаббатында шек бар ма?!

2-оқушы:  Альмаганбетова Айжан
Құт мекені
Ақ жарқын қауым, 
Бірінің қамын бірі ойлап, 
Жараңдар,
Неткен ынтымақты бұл аймақ!
Тамаша ауыл, 
Тап-таза көңіл, таза аспан.
Тұрса екен өстіп,
Кетпесе екен лайлап.
Жаңарып кетті, жасарып кетті жан-жағым,
Көрдіде мына көрікті жердің жандарын.
Көтеріп тұрған ырыстың мына тауларын,
Армаңдаршы, аруағым менің, арманым.
Құтты мекенге қанатын көктен жайған күн,
Осынау жерге кіндігіммен байландым
Байырғықазақ, бастарыңа кеп бақ қонғын. 
Мерекелеріңнен, берекелеріңнен айналдым!
Қарттарын сыйлап, жастарын баулып түлеткен,
Қаласын сүйген, даласын сүйген жүрекпен.
Айналдым сенен, аяулы мекен, дарқан ел!
Туған елінің тасына дағы гул еккен 
1-жүргізуші:
Ән сал, жаным,
Әніңмен тербет мені 
Бір сәтке тынсын тірлік жер көктегі.
Дала ұйысын,
Дамылдап таулар жатсын, 
Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі.
Ендеше Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Саржайлау» әніне кезек берейік.  Орындайтын: Бирмуканова Айнұр
2-жүргізуші: М. Мақатаевтың ақын ретіндегі басты тақырыбы – өлең өнері еді. Ақын өлеңнің жақсылығын, құндылығын көрсетеді. Шыр етіп жарық дүниенің есігін ашқаннан сәбиді жылы құшағына алып, әлдиін жырлайтын жан ана. Бала үшін ең бақытты сәт анасының жұмсақ алақанында жатқаны болса, ананың шаттыққа толы сәті, сәбиінің кіршіксіз шат күлкісі, ана тіршілік бастауы болғандықтан, ана туралы «Шеше сен бақыттысың» - деп жырға қосады.

Тындайтыныз «Ана сен бақыттысын» оқийтын Бекбаева Мадина

Ана
Сен бақыттысың,


Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!

Бармын ғой


Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағың.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа


Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)


Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

Ән: «Сәби болғым келеді»
Орындайтын: Бөлтіріков Елдос

2-жүргізуші: Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген.
Ақын Әбділда Тәжібаевтың сөзімен айтар болсақ: «Махаббат – сезім. Ол адамның ішкі рухы, тозбас қуаты. Махаббатты сезімге ерлік, жүректілік керек. Мұқағалиді құдіретті ақын ететін де сол ерлік болатын...»  Олай болса Махаббат лирикасына арналған жырларын тыңдайық.

10оқушы:  Айсұлу, Казбеков Арлан
«Ғашықпын!»
Ғашықпын, 
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам болмайын, сол аман ба?!
О. Тәңірім неткен жан ед қайырылмайтын,
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!
Ғашықпын,
Қайтып оны жасыра алам, 
Бір алтын оның әр тал шашы маған. 
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам. 

Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,


Ақ қанат құсым менің кеткенім бе?
Шарқ ұрып бар ғаламдышыр айналып,
Мәнгілік сені іздеумен өткенім бе?
Сарғайған сағынышты басып толық,
Бар үміт, бар сенімді шашып болып,
Өтермін сірә да мен бұл өмірден, 
Мәңгілік қалармын мен ғашық болып. 
9 оқушы: Тажибаева Әсем
О, махаббат! 
Сен әлі тірі ме едің, 
Көзімнен ғажаып болған күнім едің, 
Гүлім едің...
Елтіген түнім едің, 
О, махаббат! 
Сен әлі тірі ме едің?!
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?
Тірі ме едің...
Мен әлі тірілемін! 
Ақ періште алдында жүгінемін. 
...Қолдай гөр, ғашықтардың пірі, мені!
1 жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ  ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі.

М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз

«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!



11-оқушы: Ернур Жагипаров
«Жазылар естеліктер мен туралы»
Жазылар естеліктер мен туралы
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
Аңыз ғып айтар мүмкін қылығымды
Қылығымды ұнатқан жұлынуды.
Жақсы көрген дер мүмкін «жылынуды»
Әйтеуір қазбас былық-шылығымды.
Жоқ жанды қиған емес жамандауға,
(Сол үшін рахмет адамдарға!!!)
Білемін, әйтеуір бір замандарда 
Жүреді жүз жыл жасап жаман қарға ...
Жазылар естеліктер нешеленген, 
Көрерміз оның бәрін пешенеден.
әйтеуір білетінім бір – ақ нәрсе – 
көшеді өлең немесе өшеді өлең!
...Қулары таудың қызыл түлкісі дер,
Момындар біздің үйдің кірпіші дер.
Мәңгілік өзімменен ала кеткен
Менің нәзік жанымды кім түсінер?! 

2-жүргізуші: 
Көп адам дүниеге бой алдырған 
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. 
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, 
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған

Біздің мектеп түлігі жас ақын Сейтқан Рахат Мұқағали ағамызға арналған өзінің шығармашылығына сөз берейік



2-жүргізуші: Табиғатында адамға жаманшылығы жоқ, жаны жуас, жомарт, өзін басқаның бәрінен кіші санайтын ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек.

1-жүргізуші: 
« Құлақтан кіріп бойды алар, 
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар, 
Әнді сүйсең, менше сүй» деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік.

Ән: «Есіне мені алғайсын»

Орындайтың Бирмуканова Айнұр Мырзагалиевна

Қатысушылар бәрі шығады


1-жүргізуші: Осымен мектеп кітапханашылар және 8 сынып оқушылар мен ұйымдастырылған М. Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кешімізді аяқтаймыз. Келіп тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош, сау болыңыздар! 







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет