Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
Ақшұқыр ауылы
МКҚК «Жауқазын» балабақшасы
Тәрбиеші
Бекмуратова Алмагуль
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы:Мемлекеттік Рәміздер- ұлттық мақтаныш.
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекетінің Рәміздерін құрметтеуге,отанын сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: «Тәй - тәй» технологиясы
Көрнекіліктер: ҚР Рәміздері, туы, олардың суреттері, слайд,
Әрекет кезең
дері
|
Тәрбиешінің іс - әрекеті
|
Балалардың іс - әрекеті
|
Мотивациялық
қозғаушы
|
Тәуелсіз елім, Қазақстан!
Қазақстан – бұл өлкемнің аты,
Қазақстан – бұл көктемнің аты,
Қазақстан – бұл күннің нұры,
Қазақстан – бұл Жеңіс қанаты!!!
Тәрбиеші: Бұл әдемі сөздермен, қуанышты көңіл күймен біз бүгінгі оқу іс - әрекетіміздібастаймыз.
Бүгін, яғни 4 - маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күні. Егемендігіміздің белгілерінің бірі – Мемлекеттік Рәміздер. «Қаншама ғасыр өмір сүрсе бұл Қазақ , сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке»-деп Төле би бабамыз айтқандай егеменді ел атандық. Міне , енді өз Гимніміз, Елтаңбамыз, Туымыз бар. Халқымыздың еңсесі жоғары.Сондықтан бүгінгі
оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері» деп аталады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын төрімізге кіргізейік.(Көк Туды қолына ұстаған бір ұл және барабан соққан қыз кіреді) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.
Ғажайып сәт: Топқа Ақшұқыр ауылының беделін қорғап жүрген спорт саласындағы бәйгелердің жүлдегері әрі ата - ана Әдеков Нұрлыбек кіріп келеді.
Балаларға елін, жерін қорғап жүргені туралы айтып, Қазақстан болашағы осы ұрпақтардың қолында, енді осылар жалғастыратынын айтып, шығып кетеді.
Балалар ағаларыңның сенімін ақтаймыз ба?Олай болса, балалар, осы Рәміздер туралы, ағаларымыз туралы бәрін білуіміз үшін, орталықтарға бөлініп отыра қояйық.
|
Балалар шеңберге тұрып шаттық шеңберін айтады.
Балалар түсініп тыңдайды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындайды.
Балалар жүлдегер ағаларын көріп таң қалады. Қолынан ұстап, қуанады.
Иә, ақтаймыз.
Орталықтарға бөлінеді.
|
Іздену ұйымдастырушы
|
Отан- бұл біздің өсіп жетілген жеріміз. Жүрегіміз туған жерді, аяулы ананың алақанын мәңгі ұмытпайды.Балаларға слайд көрсету,көк ту ел таңба, қыран бүркіт. Шаңырақ, қошқар мүиізді ою, олардың қалай орналасқаны туралы түсіндіру.Сурет, қысқа метражды кино көрсету.
Көк байрақ – халқымыздың қасиетті, киелі белгісі. Әлемге нұрын шашқан алтын күнді, кең даламызды ерлікпен қорғайтындай қырағы қырандай, биікте самғайтын ел түлегі болу-үлкен мәртебе, зор бақыт. Туымызды биікке көтеріп, үлкендерден тәлім алып-Туымызға тәжім етеміз.
.
Сергіту сәті:
(«Көк тудың желбірегені»әуенімен)
Көк тудың желбірегені,
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат қайран екеуге,
Жұмарлап қана береді.
Көк тудың желбірегені.
Жаныма қуат береді,
Таласқа түссе жан мен ту.
Жан емес маған керегі,
Көк тудың желбірегені.
Дидактикалық ойын: Көк тудың бетіне күнді, қыран бүркітті, оюды дұрыс орналастыру керек.
|
Отан-дегеніміз адамның туып өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені,
қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны- Қазақстан Республикасыекенін және Рәміздер туралы толық түсінеді.
Тудағы күнді орындрына дұрыс орналастырады..Қыран бүркіт, қазақша ою өрнекті орналастырады.
Бойларын сергітеді.
Іс-қимылмен жасайды.
Көк ту.
-Күн.
-Қыран бүркіт.
-Ою.
|
Рефлексті коррек
циялаушы
|
Балалар ендеше біз сіздермен бірге бүгін Қазақстан Республикасының рәмізімен, көк туы,гимн олардың не мағына беретінін толық білдік.Болашақта өз –отандарыңды сүиіп ,мақтан етіп жүріңдер.
Жылулық шеңбері:
«Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер – азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл- қыздар молая берсін деген тілекпен мына жүрегімнен шыққан жылы лебізімді мына медаль арқылы білдіремін. Барлығыңызда оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар,осымен оқу іс – әрекетіміз аяқталды.Сау болыңыздар!
|
Балалар жылулық шеңберіне тұрады.
Балалар медальдарды мойындарына таққанға қуанып, болашаққа үлкен үмітпен қарайды.
|
Күтілетін нәтиже
Білуі керек: Балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерді толық таныстыру.
Болуы керек: Кампютер, сурет, көк ту, күн ,қыран бүркіт, ою.
Достарыңызбен бөлісу: |