Мағжан Жұмабаев Арыстандай айбатты



Pdf көрінісі
Дата20.11.2023
өлшемі33,94 Kb.
#192247
Байланысты:
Мен жастарға сенемін - Wikisource



Мен жастарға
сенемін
Мағжан Жұмабаев
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,


Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!
Жұмсақ мiнез жiбектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиеттi тiлектер –
Мен жастарға сенемiн!
Тау суындай гүрiлдер,
Айбынды алаш елiм дер,
Алтын Арқа жерiм дер,
Мен жастарға сенемiн!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,


Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн!...
Алаш айбынды ұраны,
Қасиеттi Құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемiн!
Мен сенемiн жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бiр таңда,
Мен жастарға сенемiн!
Retrieved from
"
https://wikisource.org/w/index.php?
title=Мен_жастарға_сенемін&oldid=1003447
"


This page was last edited on 9 October 2023, at
15:41.

Content is available under 
CC BY-SA 4.0
unless
otherwise noted.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет