- "Қысқы жолда " және "Балалық шақ"
- өлеңдерін жатқа айту.
- Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласы Арал қалалық №83 мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сарманова Шолпан
- Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
- Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
- Үсті-басы-ақ қырау, түсі суық,
- Басқан жері сықырлап келіп қалды.
- Дем алысы-үскірік, аяз бен қар,
- Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды.
- Ұлпадай бөркін киген оқшырайтып,
- Аязбенен қызарып ажарланды.
- Бұлттай қасы жауып екі көзін,
- Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
- Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
- Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
- Әуес көріп жүгірген жас балалар
- Беті –қолы домбығып үсік шалды.
- Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
- Бет қарауға шыдамай, теріс айналды.
| - Мағжанның “Қысқы жолда” өлеңіндегі кейіптеу сөздер
| | | - Абайдың “Қыс” өлеңіндегі кейіптеу сөздер
| - Мағжанның “Қысқы жолда” өлеңіндегі кейіптеу сөздер
| - Ақ киімді, денелі,
- ақ сақалды, соқыр, мылқау,
- қасы жауып екі көзін, түсі суық, кәрі құдаң ,басқан жері сықырлап келіп қалды.
| - Екі иінінен дем алып,
- Ішін тартып, кейде қатты ысқырып, аңдай ұлып,
- сақ-сақ күледі.
| Табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі кейпінде суреттеу тәсілін кейіптеу деп атайды. - Ақын, зерттеуші,
- аудармашы.
- "Мен кім?"
- "Сүйемін"
- "Мен жастарға сенемін "
- "Сағындым "
- "САҒЫНЫШ",
- САҒЫНДЫМ
- деген сөзді қалай түсінесіңдер ?
- МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
- “ С А Ғ Ы Н Д Ы М ”
- Мағжанның ақындық ерекшелігіне тоқталу, Мағжан өмірі мен “Сағындым” өлеңінің байланысын ашу.
- Оқушыларды мәнерлеп оқуға баулу.
- Оқушыларды Отанын, туған жерін, елін, ата-анасын құрметтеуге тәрбиелеу.
- Топпен жұмыс, топтастыру.
- Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
- Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.
- “Қарашығым, құлыным !” деп зарлаған
- Алыстағы сорлы анамды сағындым.
- Жатқан үйім – қабырғасы қара тас,
- Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас.
- Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке,
- Ерте-кеште, күндіз-түні арылмас.
- Тапал , салқын, тым қараңғы үңгір тар.
- Есігімде мықты қара құлып бар.
- Кіп – кішкене терезелер темірлі,
- Мұндай үйден кісіге естілер ащы зар !
- Алтын күнді, қара жерді сағындым ,
- Жан жолдасым- жүйрік желді сағындым.
- Асау тайдай еркелетіп өсірген,
- Ағайынды, туған елді сағындым.
- Ас бола ма сасық сорпа, қара нан,
- Алма бетте қалмады ғой тамшы қан.
- Қоңырау қағып оятады ақырып,
- Тым болмаса сібірлеп те атпай таң.
- Бостандықта өткен күнді сағындым,
- Желдей зулап кеткен күнді сағындым.
- Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті,
- Ойдағыны еткен күнді сағындым.
- Ойыны бір құрдастарды сағындым,
- Тілегі бір жолдастарды сағындым.
- Келешекке бірге жоспар құрысқан,
- Сырласатын жан достарды сағындым.
Не көрсем де – Алаш үшін көргенім, - Не көрсем де – Алаш үшін көргенім,
- Маған артық ұлтым үшін өлгенім !
- Мен өлсем де Алаш өлмес, көркейер,
- Істей берсін қолдарынан келгенін.
- Қазағымды, қалың елді сағындым,
- Сарыарқамды –сайран жерді сағындым.
- Балдай бұлақ , мөлдір күміс көбікті,
- Арқадағы айдын көлді сағындым.
- Тәңірі ием, өзің алшы панаңа,
- Тас бауырлар зарға құлақ сала ма ?!
- Баласынан тұтқын болып сарғайған
- Кім жеткізер сәлемімді анама ?
- Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
- Сарғайдым ғой, сар даланы сағындым.
- “Қарашығым , құлыным !” деп зарлаған
- Алыстағы сорлы анамды сағындым.
- 1. Ақын нені, кімдерді сағыныпты ?
- 2. Ақын абақтыға кімдер үшін түсті?
- 3. Ақынның қайтпас, қайсар мінезін
- өлеңнін қай тұстарынан тануға болады ?
- 1.Ай мен күнді, қара жерді,
- туған елді, анасын,
- достарын, жолдастарын,
- ағайынды, Алаш елін.
- 2. Ұлт үшін, Алаш елі үшін.
- 3. Не көрсем де -Алаш үшін көргенім,
- Маған артық ұлтым үшін өлгенім !
- Мен өлсем де Алаш өлмес, көркейер,
- Істей берсін қолдарынан келгенін .
2 2 2 2 3 - 2 2 2 2 3
- Алтын күнді қара жерді сағындым,
- 1 3 2 2 3
- Жан жолдасым – жүйрік желді сағындым.
- 2 2 4 3
- Асау тайдай еркелетіп өсірген,
- 4 2 2 3
- Ағайынды, туған елді сағындым.
- (2 + 2 + 2 +2 + 3 = 11)
- 1 шумақ, 4 тармақ,11 буын, аралас ұйқас
- Туған елін сүйе алмаған,
- Сүйе ала ма туған жерін
- Ана
- Дос
- Сарыарқа
- Туған жер
- Алаш елі
- Қарт ана
- Жар
- Сарыарқа
- Туған жер
- Алаш елі
- М.Жұмабаев
- 1. “САҒЫНДЫМ” өлеңі.
- 2. Өлеңдегі өзіңді толқытып, тебіренткен жыр жолдарын жаттау.
- 3. Өлең құрылысына талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |