Махаббат – адамның өмір сүру мәні
Махаббат – адамның өмір сүру мәні
«Махаббат» деген сөздің мағынасы кең. Махаббат деген сүйіспеншілік, ынтызарлық, ғашықтық деген сөздердің баламасы ретінде айтыла береді.
Антикалық ойшыл Эмпедокл өзінің космология ілімінде «Махаббат бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш», - деп білді.
Антикалық мәдениетінде махаббаттың алуан түрлі сипаттары
Махаббаттың алуан түрлі сипаттары мен аспектілерін білдіру үшін гректер түрлі терминдерді қолданды:
«Эрос» —ынтызарлы махаббат, жыныстық құштарлық,
«Филиа» —адал махаббат, ұнату, жақсы көру: отанды, білімді, тілді, даналықты, ата-анасын, балаларын, достарын (махаббат-достық )
«Людус» – ляззат алу үшін үстірт сезімді махаббат-ойын
«Сторгэ» —өте нәзік әрі сенімді махаббат: жұбайлардың арасында
«Мания» – «естен айырылған» махаббат-тәуелділік, азап шегуден ляззат алу (мазохизм)
«Агапэ» —махаббат-қамқорлық: жақындарына, бауыр-ларына, балаларына, христиандық қауым мүшелерінің өзара қамқорлығы
«Прагма” – есті махаббат, өз материалдық және рухани пайдасын саналы түрде есепке алған махаббат
Платон махаббат туралы
Платон махаббаттың екі түрін ажыратады :
1) сезімдік махаббат -сұлулыққа махабаттың төменгі сатысы;
2) рухани махаббат - адамның белсенді таным-дық қызметінің қайнар бұлағы.
(б.д.д 427-347жж.)
Аристотель махаббат туралы
«Сүю дегеніміз біреуге сол үшін, өзің үшін емес, игілік болады дегеніңді тілегенің, және сол адамға осы игіліктерді шамаң келгенше жеткізіп беруіңе ұмтылуың… Махаббаттың мақсаты - сезімдік құштарлық емес, ол - достық…»
Аристотель
(384-322 б.д.д.)
Христиан дініндегі махаббатың алатын орны
Христиан діні махабатты Иисус Христос Құдайдың негізгі сипаты деп санады. Табиғаттан тыс тұрған күш — христиандық махаббат (“адамды сүю”) ілімі жасалды. Бұл ерекше М. (“агапэ”) “жақыныңды сүй”, “жауыңды сүй” сияқты қағидалар негізінде таралды
Ортағасырлық христиан этикасында, сезімдік және рухани махаббат бір-біріне қарама-қарсы қойылды
Эрих Фромм махаббаттың маңызы туралы
«Иемдену принципіне негізделген
жемісті емес махаббат өз объектісін еркіндіктен айырады және оны өз бақылауында ұстайды Мұндай махаббат өмірді сыйламайды, қайта оны қысып, құртып, қылғындырып өлтіреді»
Болмыс принципіне негізделген жемісті махаббат қамқорлықты, жауапкершілікті, сыйлау мен білімді көздейді, және де басқа адамға өсуі мен дамуын тілейді. Ол ынтазарлық емес, ол әрекет етеді
Э́рих Зелигманн Фромм
1900-1980
Абай: «адамды жанурдан айыратын махаббат пен әділет»
Абай Құнанбаев
(1845-1904
Абай саналы адамзат өмірінде жиі ұшырасатын жамандықтарды махаббатпен емдеуге болады деп сенген
«Адамшылықтың алды махаббат, ғаделет сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ... Бұл ғаделет, махаббат сезімі кімде көбірек болса, ол кісі – ғалым, сол ғақил»
(45-ші сөзден).
«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
Және хақ жолы осы деп – әділетті
Адамзатты сүю, әділетті сүю»
Махаббат – адамның өмір сүру мәні
Махаббатсыз адам – толық тірі жан емес, яғни жартылай тіршілік иесі ғана, сондықтан да ол шынайы, нағыз өмірден тысқары қалады және өзінен басқаны түсіне алмайды.
Абай айтқандай: «Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны теңеңіз».
http://melimde.com
Достарыңызбен бөлісу: |