Мамандық: “6В01501-Математика” Группа: “Мок-212” Орындаған



Дата27.04.2022
өлшемі33,02 Kb.
#141029
Байланысты:
Сансызбаева Балжан
физика 10 ЕМН Тұтқырлығы әртүрлі сұйықта қозғалатын кішкентай шардың қозғалысын зерттеу сабақ жоспары, СӨЖ химия, КРУЖКИ И СЕКЦИИ, КРУЖКИ И СЕКЦИИ



СОӨЖ
Тақырыбы: “Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуында Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.”
Институт: “Математика, физика және информатика”
Мамандық: “6В01501-Математика”
Группа: “Мок-212”
Орындаған: Смағұлова Аружан
Тексерген: Халидуллин Гизатулла

«Президент Назарбаев – кеңестік саясаттағы жарық жұлдыз, түрлі республикалар арасындағы ірі тұлға. Қазақстанның лидері – белгілі деңгейде қатал, тәжірибелі, жедел шешім қабылдай алатын адам. Одақтың басқа республикаларының өзі мойындаған жылы шырайлы, талантты және табанды басшы. Назарбаев республиканы басқарып тұрғанда, Қазақстанның табыстарға жету мүмкіндігі мол бо­лады», депті тәуелсіздіктен бұ­рын-ақ ХХ ғасырдың ұлы ре­фор­маторлардың бірі Ли Куан Ю. Осы пікірді оқи отырып, оның соншалықты кісі тани білетін данышпандығына, көрегендігіне таңғалмауың мүмкін емес.


Сол айтқандай, кеңестік жүйеден шыңдалып шыққан Нұрсұлтан Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін қалап, оның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға, экономиканы қарқынды дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыруда айрықша табыстарға қол жеткізген кемел көшбасшыға айналды. Ол – бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман – тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолын­дағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өз орнын алды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Шамалған ауылында дүниеге келген. Ата-анасы Әбіш пен Әлжан Назарбаевтар ауыл шаруасы болған.
Елбасы сайтындағы мәліметке сүйенсек, сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналған. «Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Отбасында Сұлтан деп аталған ұланның балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына және соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа-тұс келді
Бұл соғыстағы жеңіске миллиондаған адамды құрбан еткен алып мемлекеттің айрықша күш жұмылдырғанының арқасында қол жетті. Жарымжан күйге түскен ел үйінді арасынан шығып, енді ғана еңсесін көтерді. Жеңістен кейін бірнеше жыл өткен соң КСРО «қырғи-қабақ соғыс» деп аталған, барлық ауыртпалығы қарапайым халықтың иығына түскен жаңа мазасыз додаға қосылды.
1979 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болды. 1984 жылы ол КСРО-дағы одақтық республиканың ең жас, 44 жастағы премьері - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болады.

1989 жылдың көктемінде КСРО-да алғаш рет мемлекеттік биліктің жоғарғы органына балама сайлау өтті. 1989 жылы маусымда Мәскеуде КСРО Халық депутаттарының бірінші съезі өтті, онда реформалардың қажеттілігі, идеология мен экономика мәселелері қызу талқыланды. Халық депутаттарының съезі аяқталғаннан кейін Геннадий Колбин Мәскеуге жұмысқа ауыстырылды. 1989 жылы 22 маусымда Қазақ КСР Компартиясы ОК Нұрсұлтан Назарбаевты бірінші хатшы қызметіне сайлайды.


1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР Президенті лауазымын бекітті.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында Елбасының еңбегі ерен. Өйткені егемендікке жеткенмен елдің еңсесін тіктеп, мұратқа жеткізу міндеті тұр еді. Мұны ойдағыдай орындап, дамыған 50 мемлекеттің қатарына енгізді.


Шекара шегенделді. Ұлттық валютамыз - теңге айналымға енді. Ата заңымыз - конституция қабылданды. Тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз, мәдениетіміз бен ата дәстүріміз қайта жаңғырды.
1. шекараны рәсімдеу
2. ұлттық валюта
3. Конституция
4. ұлттық қор
5. Жаңа астана
Елбасының егемендіктің елең-алаңындағы «алдымен - экономика, сонан соң саясат» атты тарихи қағидаты мемлекеттің гүлденіп, өсуіне жол ашты. Халықтың әлеуметтік әлеуетін арттыруға бағытталған бағдарламалар қабылданды. Әлем қауымдастығы Елбасының бейбіт бастамаларын ерекше қолдады. Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудан бас тартуы арқылы зұлматты сынақтарға нүкте қойды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы АҚШ конгрессмені Крис Кэннон былай деген еді: «Мен жас Қазақстанның да­муын үлкен ықылас қоя қадағалап жүрмін, 1991 жылы бұрынғы Кеңес Одағынан тәуелсіздік алған сәтінен бастап, бұл ел таңғаларлық саяси және экономика­лық жаңғыруларды басынан кешірді. Қазақстан қарыштап алға басып келеді, әрі дұрыс бағытта келе жатыр. Қазақстан қалыптасты, бұған оның басшысы Н.Назарбаевтың сіңірген еңбегі үлкен. Мен Қазақстан табыстарының сәулетшісі Президент Н.Назарбаевтың саяси көре­гендігін жоғары бағалаймын, ол айтылып жатқан сындарға қарамастан, елін қуатты экономикалық мемлекеттердің қатарына қосып, бұрынғыдан да ауқымды саяси реформалар жасауға кірісті». Біздің Елбасымыздың бүкіл еңбегі осы бірнеше жолда тамаша көрініс тапқан сияқты.


Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы экономикамен бірге білім және ғылым саласын дамытуға айрық­ша көңіл бөліп келеді. Бүгінгі таңда елі­міздің білім жүйесі жаңа заманға лайық әрі халықаралық стандартқа сәйкес же­т­і­ліп келеді және оның отан­дық үл­гісі қа­лып­тасуда десек, мұнда Елбасы Н.Наза­рбаевтың инновациялық ой-тұ­жырым­дары мен тікелей қамқорлығының маңызы зор болғанын атап өтуіміз қажет.
«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін қадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алыс­ты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт». Бүгінде Президенттің осы тапсырмасын ұстанған еліміздің білім саясаты әлемдік аренадан өз орнын нақтылауда. Себебі білімді де білікті маман-кадр­лар экономиканы қарқынды дамытуда ма­ңыз­ды ресурс болып табылады.
Тәуелсіздік жылдарындағы отандық білім беруде жинақталған тәжірибені талдап қарасақ, еліміздің білім беру жүйесі әлемдік стандартқа біршама жақындап қалғанына нақты деректер көз жеткізеді. Осы үдерістің бүгінге дейінгі нәтижелі атқарылып келуіне, әлбетте, Елбасының әр жылдардағы еңбектеріндегі, әсіресе оның Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауларындағы елі­міз­­дің білім жүйесінің сапасын арт­тыруға, стра­те­гия­лық міндеттерін ше­шу­ге бағыт­­тал­ған түбегейлі қайта өзгер­ту­лер­дің қажет­тілі­гін туындататын инн­ова­ция­лық ой-пікірлері мен мем­­ле­кеттік стратегиялық бағ­дар­ла­малары негізгі ғылыми-теория­лық, ғылы­ми-әдістемелік бағыт-бағдар болып, еліміздің білім беру саясаты мен оның жүйесін қалыптастыруға мол мүмкіндік бергенін байқау қиын емес.
Содан бері бүкіл Елбасы атап көрсет­кен мәселелерді жүзеге асыру үшін ғы­лы­ми-практикалық жобалар мен тұжы­рым­дамалар және стратегиялық бағдар­ла­ма­лар жасалып, қыруар жұмыстар атқарылды.
Өз кезегінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің биылғы Жолдауында оқыту және ағарту қызметі мен студент жастардың жағдайын жақсарту мәселелеріне баса мән берілгенін айтты. «Педагог мәртебесін арттыру – маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті жүзеге асыру барысында уни­вер­ситеттеріңіз алдыңғы шепте болуға тиіс. Бұл мәселе­ні жан-жақты пы­сық­тау қажет», деді Мем­лекет басшысы.
Н.Ә.Назарбаев психолог мамандарын көп­теп дайындауды, мұғалім дайын­даудың сапасын арттыруды, оқу бағдарламасын жаңартуды, педагогикалық ғылымды дамытуды, келесі жылы өткізілетін «Жастар жылына» байланысты жастар саясатын жан-жақ­ты жүргізуді тапсырды. Соны­мен бірге университет түлек­терін жұмысқа орналастыру мәселесімен тиянақты айна­лысуды, латын графикасын енгізуге байланысты оқу-әдіс­те­мелік құралдар даярлауды жедел­детуді ұсынды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық шешімдер қабылдаудағы еңбегі әлемдік аренада жоғары бағаға ие. Мәселен бірқатар ірі әлемдік ұйымдардың құрылуына мұрындық болды. Төрағалық етті және олардың жиындарын елімізде өткізді. Мұның бәрі сыртқы саясаттағы салмағымызды арттыра түсті.

1. Көптарапты сыртқы саясат


2. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес
3. Еуразиялық экономикалық одақ
4. Әлемдік және дәстүрлі діндер көщбасшыларының съезі.
5. Қазақстанның бітімгерлік дипломатиясы
6. ЕҚЫҰ-ға және БҰҰ-ға төрағалық етуі
7. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі
Осылайша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстан әлемдік аренада мемлекеттің тұрақты, қарқынды әрі табысты даму моделінің генераторы ретінде зор құрметке ие болды.
Ядролық қауіпсіздік саласындағы барлық іргелік халықаралық шарттарға қосылып, өзінің ядролық қарусыз мәртебесін заңды түрде бекіте түсті. Ядролық қарусыздану саласының мойындалған көшбасшысына, мәдениеттер, діндер мен өркениеттер диалогының белсенді модераторына айналды. Бұған қоса, қазіргі әлемдегі жаһанды және өңірлік проблемаларды шешуге де өзінің зор үлесін қосып келеді. Айта кетерлігі, еліміз ядролық мәртебесінен бас тартқанымен ядролық энергетика мен ядролық отын өндірісін қоса алғанда, бейбіт атомды дамыту мүмкіндігін сақтап қалды. Төмен байытылған ядролық отын халықаралық банкінің депозитарийі атанды.
Соңғы 30 жыл Қазақстан үшін өз жолын табудың сындарлы жылдары болды. Бұл жылдар көптеген қиындықтарды еңсеру, жаһандық әлем құрылымындағы лайықты орны үшін күресу жылдары болды. Ол үшін кейбір жағдайларда алға ұмтылып, өзін таныту үшін пәрменді де қатал шешімдер қабылдауға тура келді. Қазақстан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен осы мәселені шешті, оның басты себебі – Қазақстанның айқын мақсаты, қуатты да қоғамды ұйыстыратын ұлттық идеясының болуы. Осының бәрін жүзеге асыру үшін заманауи геосаясаттың тілін меңгеру, қағаз жүзінде емес нақты дипломатия қажет еді. Ең бастысы, Нұрсұлтан Назарбаев дәуіріндегі Қазақстан сырттағы біреулер дайындап берген сценарийді жүзеге асырамын деп уақытын зая етпей, нақты іспен айналысу керектігін уақытында түсіне алды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет