«Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру



бет1/4
Дата26.12.2021
өлшемі21,13 Kb.
#105783
  1   2   3   4
Байланысты:
Сабақ жоспары


Күні: 30.01.21 ж.

Тақырыбы: «Мамандыққа саяхат»

Тобы: Б-18

Мақсаты: «Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.

Міндеттері:

Білімділік: студенттердің білім шыңына талпынуда бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу.

Дамытушылық: жеке басының сапалық қасиеттерін арттырып, кәсіптік бағдар бере отырып, өзін-өзі тану аумағын кеңейту.

Тәрбиелік: студенттерді терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе сөз

1. Танысу: студенттер өз есімдерін айтып, есіміның бастапқы әрпінен басталатын қасиетпен өздерін таныстырады ( Менің есімім – Айгерім, мен – ақылдымын).

2. Ой қозғау.

Айгерім: Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистиктердің зерттеулері бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 25%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан, мамандықты таңдауда әр маман қателеспепті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан-жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады?

Аделя: Ж.Аймауытов «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет,бұл жай ғана күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген екен.

Олай болса осындай тамаша пікірмен тәрбие сағатымызды берілген сұраққа жауап беру арқылы жалғастырайық.



Айнұр: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті ең бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады. Қазіргі кездегі басты мәселенің бірі жаңа технологияның дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың білім мен тәрбие алуында ұстаздардың алатын орны ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы - ұстаз қолында» (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет