Мамандығым мақтанышым (профессия моя гордость) Мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі19,38 Kb.
#90139
Байланысты:
МАМАНДЫҒЫМ МАҚТАНЫШЫМ


03.11.2020ж.
1. МАМАНДЫҒЫМ МАҚТАНЫШЫМ (ПРОФЕССИЯ МОЯ ГОРДОСТЬ)
Мақсаты:
Білім алушыларды өз мамандық майталмандарымен кездестіре отырып, пікір алысуға, автослесарь мамандығына жүйелі көзқарас қалыптастыруға, автослесарь мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. автослесарь мамандығының маңызы туралы түсінік қалыптастыру
1.
Осы мамандықты қалағаныма өкінбеймін, өйткені оның болашағы зор. Колледжді бітіріп жақсы маман болып, алған білімімді Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдер арасына кіруіне өз үлесімді қосуға бар күшімді саламын.
Көтергіш кран — жүкті көтеру және жылжыту (тасымалдау) процесін циклмен атқаратын жүк көтергіш машина.
Көтергіш кран көпір, ферма, мұнара, платформа, діңгек, жебе не таған тәрізді металл құралымдардан; шығыр, тельфер, шток, рычаг сияқты көтергіш механизмнен; ілгек, траверса (көлденең тірек), қысқыш не шөміш секілді жүк қармағыш жабдықтардан тұрады. 
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Читайте текст, переводите на русский язык.
2. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз. Ответите на следующие вопросы.
- Көлікке сақтандыруы жоқ адам көлікті басқара алады ма??
- Көлік жүйесі деген не??
- Көлікті қыздырмай жүріп кетсе?
- Күннен энергия алатын көліктер шыққаны рас па??

3.МАМАНДЫҚ ӘЛЕМІНДЕ ( В МИРЕ ПРОФЕССИЙ)
Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, жорналшы, мүсінші, суретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер болу үшін оқу керек.
Кенші, металлург, жүргізуші, балташы, құрылысшы, тоқымашы, тігінші болу үшін өндірісте істеу керек.
Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы болу үшін ауылда жұмыс істеу керек.
Ал, аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер болу үшін тұрмыстық қызмет көрсететін салада істеу керек.
Өнер саласына жататын мамандықтар: әнші, биші, музыкант, композитор, режиссер, т.б.
Сіздің мамандығыңыз қандай? Мамандығыңыз қай салада? Өзіңіздің салаңызда жақсы маман болу үшін не істеуіңіз керек?
Тапсырмалар:
3.Мәтінді оқыңыз. Читайте текст.

4.Сұрақтарға жауап беріңіз. Напишите ответы на вопросы
- Сіздің мамандығыңыз қандай?
- Мамандығыңыз қай салада?
- Өзіңіздің салаңызда жақсы маман болу үшін не істеуіңіз керек? 

Күтілетін нәтижелер:
Барлығы: Тақырыппен таныса отырып автослесарь мамандығы жайлы біледі .
Автокран машинисі мамандығы туралы ақпарат алады,
Мамандық жайлы берілген тапсырмаларды жасауды үйренеді,
болашақта тәжірибеде қолдануға бейімделеді
шығармашылық белсенділігі артады;
коммуникативті құзіреттілігі артады
Дескрипторлар
мәтіннің тақырыбын анықтайды.
тірек сөздерді теріп жазады
мәтіннің негізгі ойын жеткізеді.
мәтіннің мазмұнын жүйелеп айтады;
тапсырмалар орындайды
Рефлексия. 1) не білемін? 2) не білмеймін? 3) не білгім келеді?
Бағалау критерийлері

Пәндер бойынша баллдар

4-тік балл шкаласы бойынша бағалау

Бағалау критерийлері



95-100

5 (үздік)

Барлық тапсырмаларды орындайды

90-94

85-89



4 (жақсы)

Тапсырмалар толық орындалған,1-2 қателіктерге жол берген.

75-84

Тапсырмалар орындалған,өз деңгейінде емес.

70-74

1 тапсырма орындалмаған

62-69



3 (қанағаттанарлық)

Тапсырмалар толық орындалмаса, кез келген тапсырма толық болмаса

50-61

Тапсырма толық, дұрыс орындалмаса

50 төмен

2 (нашар)

Барлық тапсырма толық, дұрыс орындалмайды, біреудің жұмысын жіберсе.Мүлде орындалмаса.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет