«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумын өткізу ережелері Жалпы ережелер «Мамандықтар әлемін ашамыз»



бет1/27
Дата12.02.2022
өлшемі118,5 Kb.
#131606
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Мамандықтар әлемін ашамыз ережесі


1-қосымша




«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумын өткізу ережелері
1. Жалпы ережелер
1. «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумын өткізу ережелері (бұдан әрі – Форум) оның мақсатын, міндеттерін, форматын, оны өткізу және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.
2. Форумның мақсаты: Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.
3. Форумның міндеттері:
1) өзінің өмірлік жолын, ізденіс қызметін жобалау жағдайында жүрген білім алушылардың қызығушылықтарын жандандыру;
2) кәсіби өзін-өзі анықтау сұрақтарында жоғары сыныптағылардың тиімді қоғамдық маңызды қызметін қолдау және дамыту;
3) көрнекті тұлғаларды анықтау және қолдау, кәсіби білім алуда шығармашылық қабілетті дамыту;
4) жасөспірімнің болашақ мамандық таңдауда отбасымен, мектеппен, шығармашылық ұжыммен және қоғаммен қарым-қатынастың инновациялық түрлерін дамыту;
5) білім алушылардың түрлі оқу орындарымен шығармашылық қарым-қатынас орнатуға және жұмыспен тәжірибе алмасуға ықпал ету.
4) Форумды Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша бойынша қашықтық форматында өткізеді.
5. Форумды ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, тікелей өткізуді жүзеге асырады, нәтижелерді талдайды және қорытындысын шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет