«Менің Отаныма – менің бастамам»
республикалық шығармашылық жобалар байқауын
өткізу ережелері
1. Жалпы ережелер
1. «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауын өткізу ережелері (бұдан әрі – Байқау) оның мақсатын, міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.
2. Байқаудың мақсаты: дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.
3. Байқаудың міндеттері:
1) балалар мен жастардың назарын өзекті әлеуметтік мәселелерге аудару;
2) балалар мен жастардың әлеуметтік-шығармашылық белсенділіктерін, өзін өзі жетілдіру және өзін өзі дамыту қажеттіліктерін дамыту;
3) балалар мен жастардың азаматтық және құқықтық мәдениеттерінің деңгейін арттыру;
4) бастамалар және иновациялық стартаптарды жүзеге асыру үшін алаң құру;
5) қоғамдық белсенділік және әлеуметтік жобалау дағдысын дамыту;
6) балалар мен жастардың жобалық қызметтерінің табысты тәжірибесін бағалау және тарату;
7) іс-шараларға араластыру арқылы қосымша біліммен қамтылған балалар санын арттыруға ықпал ету.
4. Байқауды Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша өткізеді.
5. Байқауды ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |