«Манашы орта мектебі» мм баяндама Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау, үйрету



Дата20.06.2018
өлшемі29,38 Kb.
#43762
«Манашы орта мектебі» ММ

Баяндама

Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау, үйрету.

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі: Горганов Жолтөре

2015 жыл

Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы. Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты – өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселелері қаралған.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында «Қазақстан азаматтарын мемлекетіміздің құқығын қорғайтын, борышын биік ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу керек. Біздің балаларымыз дені сау, саналы, білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп айтқан болатын. Қазақстанның әрбір азаматын бала жастан дене тәрбиесімен айналысуға тарту үлкен маңызы бар мемлекеттік міндет және денсаулығын сақтауға құқы бар екендігі еліміздің негізгі Заңының 24, 29 баптарында атап көрсетілген. Біз бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосыламыз деп жұмыстанып жатырмыз. Ол үшін білімді де білікті, дені сау, рухы биік, салауатты өмір салтын меңгерген оқушы тәрбиелеуіміз керек.

Елімізің ертеңі – бүгінгі мектеп оқушылары десек, келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп азамат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білім.

«Денсаулық – зор байлық» деген халық даналығы бар. Осы орайда баланың шыныққан шымыр болып өсуіне дене тәрбиесінің тікелей қатысы бар.

Дене тәрбиесі дегеніміз – тәрбиенің бір түрі, мақсаттары қозғалысқа үйрету, дене қуаты қасиеттерін жетілдіру және дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялықбілім беру. Дене тәрбиесі сабағы тек қана жаттығулар орындау емес, оқушыларды еңбек сүйгіштікке, қажырлыққа батылдыққа, төзімділікке, отансүйгіштікке тәрбиелейтін пән.

Жеткіншек ұрпаққа біліммен бірге дене тәрбесін беру аса қажет. Өйткені, күш – қуат адам өміріне керек факторлардың бірі болып табылады.

Спорттың және дене тәрбиесінің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі зор. Сондықтан да баланы жас кезінен бастап дене қимылдарын жасап, спорттық жеңіл жаттығуларды өз тәжірибесіне енгізуге баулу жеткіншектің дені сау, мықты болып өсуіне мүмкіндік жасайды.

Мектепте дене тәрбиесі сабағы жүреді. Әрине, бұл оқулық көлемінде, белгілі бір бағдарламаға негізделген сабақ. Мұнда оқушы дене тәрбиесіне байланысты білім алады. Әрине, бұл оқушы үшін аздық етеді. Басты мәселе оқушының бос уақытын тиімді пайдалану. Ол үшін спорттық секцияларға қатысып, жаттығулар жасап, тіпті мүмкіндігі болса спорттық жарыстарға, түрлі ойындарға барып, өзінің бағын сынау, сөйтіп болашағына жол ашуға әбден болады.

Мұғалімдер сабақтарында әр түрлі оқу амалдарын, әдістерін, әдістемелерін пайдаланып оқушылардың қабілетін, қызығушылығын анықтап, осы мүмкіндіктері бойынша әр түрлі кәсіби қызметтерге бағыттауы қажет.

Жас ұрпақтың жалпы дене қуатын дамыту үшін, үлкен өмірге, еңбек етуге, Отан қорғауға дайындау үшін, олардың мектепте оқыған кездерінде мынадай негізгі міндеттерді орындауымыз керек:


  • Денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын дамыту және шынықтыру.

  • Негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әртүрлі өмір жағдайындақолдана білу шеберлігіне үйрету.

  • Жігер – күш, дене қуаты қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена дағдыларына үйрету.

Барлық міндеттерді орындаудың негізгі амалы дене жаттығулары мен теориялық білім. Дене тәрбиесі сабағында шешілуге тиісті барлық міндеттер үш бағытта жүргізіледі:

  1. Үйрету

  2. Тәрбиелеу

  3. Білім беру

Дене тәрбиесі мұғалімі оқушыға келешек үлкен өміріне қажет қимыл шеберлігі мен дағдысына –жүруге, жүгіруге, секіруге, лақтыруға, өрмелеп шығуға үйретеді. Мұғалім барлық спорт түрлерінің жаттығуларының техникасын шығармашылық деңгейде дұрыс үйрете білуі керек. Ол жаттығулардың оқушы өз өміріне керек екенін түсініп, сабақта, үйде, далада қайталап үйренуі, меңгеруі керек. Ол үшін оқушы өзінің дене қуаты дайындығы деңгейін білуі керек.Әр сыныпта берілетін оқу бағдарламасы нормаларын, президенттік сынаманормаларын жақсы білуі, сол нормаларды орындауға ұмтылуы қажет. Теориялық мағлұматтар мен қауіпсізік ережелерін ұғындырамын. Сабақ жоспарын ұйымдастыру бөлімінде оқушыларды жинақылыққа, бейімділікке, команданы орындаушылыққа баулитын және бұлшық еттерінің қозғалысын ретке келтіретін, сапта жүру, тұру дайындығына көңіл бөлсем, негізі бөлімде орындалар жаттығуды өзім көрсетіп немесе өтетін материалды дайындығы жақсы оқушыларға қосымша тапсырмалар беру арқылы спорт құралдарын пайдаланып, түсіндіремін. Сабақта балаларға арналған қозғалмалы ойындарға көңіл бөле отырып, спорттық ойындарды қызықты ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып отырамын. Оқушыларға сабақ барысында әр түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, дені сау, рухы биік, еңбек ету қабілеті жоғары, өмірге икемді, еңбексүйгіш, имунитеті жоғары, ақыл – ойы дұрыс дамыған, өз өмірін денсаулығын сақтай білетін салауатты өмір салтын меңгерген тұлға қалыптастырғым келеді.


Еңбек ету қабілеті жоғары



Дені сау, рухы биік



Өмірге икемді



Салауатты өмір салтын меңгерген тұлға



Болашақ спортсмен



Ақыл – ойы дұрыс дамыған



Иммунитеті жоғары



Өз өмірін, денсаулығын сақтай білетін

Салауатты өмір салты өздігінен жасалмайды, оған жүйелі түрде тәрбиелеу керек. Менің ойымша оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыруда қимылды ойындардың маңызы өте зор. Ұлттық ойындар тарихының көнелігіне қарамастан үнемі жаңа, ол топ бастайтын, тот баспайтын, ескірмейтін дәстүр.



Менің дене тәрбиесі сабақтарында алға қойған мақсатым-

оқушыларды ұлттық рухта жан-жақты тәрбиелеу.

Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау, үйрету.

Алға қойған мақсатыма жету үшін салауаттылыққа тәрбиелеу, тән және жан сұлулығын насихаттау жұмыстарын кешенді бағдарламаның есірткі, басқа да зиянды заттарды қолдануды болырмауға тәрбиелеу бағытымен бірге ұштастырамын.

«Бала ойынмен өседі, дана оймен өседі» дегендей ойынның тәрбиелік мәні ерекше.

Халқымыздың ұлттық ойындары негізінен алғанда үш жүйеден тұрады: ойын – сауық, дене шынықтыру, спорт және ой шыңдау. Балалар ойын арқылы шынығып өзініңбойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлттық ойын ұлт тарихына, оның мәдениетіне жетелейтін соқпақ сияқты. Ұлттық ойында халық дәстүрі мен салт – санасынан туындаған ұлтқа тән ой – өріс, сапа, дене тәрбиесінің қажетті деп саналатын түрлері көрініс табады. Мысалы, батылдық, төзімділік, көздемпаздық, мергендік, шапшаңдық т.б сияқты салаларды тәрбиелеуге бағышталған. Ұлттық ойын түрлеріне: тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту, ханталапай, қазақша күрес, т.б жатады. Ұлттық ойындары – халықтық педагогиканың негізгі бір саласы ретінде оқушыларға жан-жақты білім беруде, олардың өмір тәжірибелерін кеңейтуге, дүниені танып-білу қабілеттерін жетілдіре түсуіне көмектесетін аса қажетті тәрбие құралдарының бірі болып табылады. Сондықтан ұлттық ойындарды былайша топтастыруға болады:






Қазақтың ұлттық ойындары

1. Теңдік салмағын табу мен сақтау әдісіне үйрететін ойындар:

«Қазақша күрес»

«Арқан тартыс»

«Жалғыз аяқпен жүріп күресу»

«Жаяу көкпар»

2. Дәлдік пен көз мөлшеріне үйрететін ойындар:

«Асық ату»

«Бес тас»

«Омпы»


«Күзетші»

3. Жеңілдік пен тездікке үйрететін ойындар:

«Орамал тастау»

«Ақ сүйек»

«Кім шапшаң»

Осы аталған ойындарды өз сабақтарымда қолданып келемін. Төменде сондай бір сабағымның үлгісін ұсынамын.



Сабақтың тақырыбы:Қазақтың ұлттық ойындары.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:Халқымыздың әдет-ғұрып,

салт-санасынан мәліметтер бере

отырып, ұлттық ойындардың ойналу

жолдарын үйрету.



2. Дамытушылық:Қимыл- қозғалысын сапасын дамыту.

3. Тәрбиелік:Оқушылардың икемді, жылдам,

шымыр болып өсуге,

ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Ұлттық эстафеталық сайыс сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:көрсету, түсіндіру, үйрету

Құрал – жабдықтар:ысқырғыш, арқан, түйілген орамал.




Сабақтың мазұны

уақыты

Әдістемелік нұсқаулар, ескертулер

12 3 4

5

6

7

І Дайындық бөлімі

Ұйымдастыру кезеңі. Сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Кезекшінің баяндауы. Сабақтың мақсатымен міндеттерін түсіндіру. –бұрылыстар «оң-ға, «сол-ға» «ай-нал»,

Алға жүру

Саптағы орындалатын жаттығулар -қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. - қолды белге қойып, өкшемен жүру, - қолды алға-артқа 4 санға айналдыру.

Жүгіру, бірқалыпты, жылдам жүгіру - тіркеме адымдап оң, сол бүйірмен қолды алға артқа айналдырып жүгіру. Жүгіру, бірқалыпты, жылдам жүру - тіркеме адымдап оң, сол бүйірмен қолды алға, артқа айналдырып жүгіру,-тізені биік көтеріп жүгіру -аяқты артқа көтеріп жүгіру, - арқамен жүгіру, - жәй жүгіру, - қолды белге қойып жартылай отырып жүгіру,-толық отырып жүгіру.

Жалпы дайындық жаттығулары



  1. Қол алдыда, әр санақта саусақты ашып жұму Қолды жонға түсіріп, жоғары көтеру.

  2. Аяқ иық деңгейінде, қол белде 1 – алға еңкею, 2 – бастапқы қалып, 3 – оңға иілу, 4 – бастапқы қалып, 1 – шалқаю, 2 – бастапқы қалып, 3 – солға иілу, 4 – бастапқы қалып.

  3. Аяқ иық деңгейінде, қол белде. 1-4 белді оңға, солға айналдыру.

  4. Қолды алға созып тұру.

1. Сол аяқты сермеп оң қолдың

ұшына тигізу.

2. Бастапқы қалып.

3. Оң аяқты сермеп, сол қолдың

ұшына тигізу.

5. Оң аяқ алда, сол аяқ артта, қол белде

1-2 оң аяқты бүгу, 3-4секіру аяқ

ауыстырып сол аяқты бүгу.

6. 1-қолды жоғары көтеріп шалқая

керілу, 2- алға иіліп қолдың ұшын

еденге тигізу, 3-қолды алға созып

отыру, 4- бастапқы қалып.



12-15 мин

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, дене киімдеріне көңіл аудару

Жүрісті сол аяқпен бастау

Денені тік ұстау

Ара қашықтықты сақтау

Сол иықтан алға қарауды ескерту

Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау

Денені тік ұстау

Алға иілгенде тізені бүкпеу



1

2

ІІ. Негізгі бөлім

Ұлттық ойын. «Арқан тартыс».Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Ойын жүргізушінің командасы бойынша ұзындығы 8-10м арқанды бірінің артынан бірі қос қолдап тартысады.

Ойынның мақсаты – қарсыластың бір немесе бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу.

Ойнаушылардың өзара келісімдері бойынша ойынды қайталап ойнауға болады.


«Түйілген орамал» бұл баскетбол ойынына ұқсас. Ойын жүргізушіойынды өзі бастайды. Ең алдымен ойнаушылар өзінің айналасына жинап алып, «бір, екі, үш» деп дауыстап санайды. Осы кезде ойнаушылар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізуші қолында түйілген орамалы бар ойыншыны ғана қуады. Ол ойыншы ойын жүргізуші жете бергенде қолындағы ормалды басқа ойыншыға лақтырады. Орамалды қағып алған ойыншы алдындағыдай басқа балаға лақтырады. Осылайша ойын жүргізуші түйілген орамлды қолына түсіргенше ойын жалғаса береді. Ойын белгіленген шеңбердің ішінде ғана өтеді, сыртқа шығып қашуға болмайды.

25-27 мин


Ойын ережелерін сақтауларын қадағалау.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау.



1 2 3

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу

Оқушылардың жетістіктерін айтып бағалау

Үйге тапсырма беру



(Ұлттық ойын түрлерін үйреніп келу)

5 мин

Тыныштық сақтап киініп шығуларын ескерту, қадағалау.


Қорытынды:

Жастарымыздың жүзінен күлкі, жүрегінен жалын, саналы сезім төгілсе – ұрпағымыздың денінің саулығы. Болашақ ұрпақтың денсаулығы жігері, қайраты, білімі, егемендігіміздің беделі, еліміздің мақтанышы болмақ. Қазақстан Республикасының спортшы жасөспірімдерін дамыту-менің басты арманым.
Каталог: uploads -> doc -> 0709
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0709 -> Елін сүйген,елі сүйген Елбасы
0709 -> Педагогикалық-психологиялық аспектілер Педагогикалық психология ұғымы зерттеушілердің пікірлері бойынша ғылыми айналымға 1877 жылы орыс педагогы П. Ф. Каптеревтің (1849-1922) «Педагогикалық психология»
0709 -> Бастауышым -балбұлағым, лаулап жансын шамшырағың!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет