Мақсаты: Қазақстан Республикасының президенті жөнінде түсінік беру, балалардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Отанын сүюге тәрбиелеу, еліміздің тарихы туралы түсінік беру



Дата08.07.2017
өлшемі43,95 Kb.
#20873
түріСабақ
« Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының президенті жөнінде түсінік беру, балалардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Отанын сүюге тәрбиелеу, еліміздің тарихы туралы түсінік беру.Еліміздің бас қаласы –Астана жайлы әңгімелесу. Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін дамыту.

Көрнекілігі: Елбасы Н.Ә Назарбаевтың суреті, рәміздер, Астананың көрнекті жерлері бейнеленген суреттер.

Әдіс – тәсілі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, өлең, ойын,сергіту.

Билингвистикалық компонент: Отан – Родина, Елбасы – президент.

(балалар музыка ырғағымен залға кіреді).



Сабақтың барысы: Сабақ Қазақстан Республикасының гимннімен басталады. Балалар орындайды.

Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші: Балалар сендер таңертең ұйқыдан оянғанда терезеден не көресіңдер?

Балалар: Күнді көреміз.

Тәрбиеші: Күннің нұрын көргенде сендер қалай қуанасыңдар?

Балалар: Алақай күн келді!

Тәрбиеші: Далаға шыққанда жоғарыдан не көресіңдер?

Балалар: Аспанды, күнді, бұлтты көреміз.

Тәрбиеші: Төменге қарағанда не көресіңдер?

Балалар: Төменнен жерді, шөптерді, жаңбыр жауса суды көреміз, қар жауса қарды көреміз.

Тәрбиеші: Ендеше біз аспанға, күнге және сабағымызға келген қонақтарға сәлем берейік.

Сәлем саған Алтын күн!

Сәлем саған Жер Ана!

Сәлем саған достарым!

Сендерді көрсем қуанамын,

Сәлеметсіздер ме қонақтарым!

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылып отырған ертеңгілігіміз «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты тақырыпта өтеді.

Балалар 1-желтоқсаннда қазақстан Республикасының тұңғыш президенті сайланды. Қазақстан –шет елдермен керегесі кең, терезесі тең, бір тұтас ел. Қазақстан Республикасының рәміздері –елдің дербестігін танытатын негізгі белгілері, Елбасымыздың көрегенділігінің арқасында 1997 жылы Елордамыз –Астана қаласына ауысты. Міне біз Елбасымыздың арқасында бақыттымыз, Тәуелсіз елде тұрамыз, бейбітшілік өмір сүріп жатырмыз.

Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы, біз қай мемлекетте тұрамыз?

Балалар: Қазақстан Республикасында.

Тәрбиеші: Біздің Тұңғыш Президентіміз кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Біздің ұлтымыз қандай?

Балалар: Қазақ.

Тәрбиеші: Балалар біз қай тілде сөйлейміз?

Балалар: Қазақ тілінде.

Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?

Балалар: Ту, Елтаңба, Гимн.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Туды, Елтаңбаны сипаттап беріңдерші?

Балалар: Инабат, Диана, Салауат, Абзал, Ерасыл, Алуа, Аяла, Азиза, Бибінур.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Енді Елбасына арналған би шашуды қыздар тарту етеді.

Қазақ биі: «Балалық шақ»



Тәрбиеші: Қыздар киінгенше ұлдар тақпақтарын айтып берсін.

Тәрбиеші: Еліміздің бас қаласы қай қала?

Балалар: Астана қаласы.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Енді Елбасына арналған «Қара жорға» биін ұлдар тарту етеді.

Би: «Қара жорға»



Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Балалар біздің елімізде жүзден аса ұлттар тұрады, осы ұлтардың бірлігі біздің Елбасымыздың арқасы. Осы ұлттарды біріктіру мақсатында Ұлттар Ассамблеясы құрылды -1995 жылы, осы ұлттар Ассамблеясына биыл -20 жыл толып отыр. Осыған орай біз биыл қалалық «Сәулетай» фестиваліне қатысып дипломант атағына ие болдық. Қазір біздің дипломанттар сіздерге Корей халық биін тарту етеді.

Корей биі.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Рахмет. Келесі кезекте ән. Тәуелсіз ел болдық, Көк туымыз желбіреп асқақтап тұр.

Ән: «Көк тудың желбірегені.». Өте жақсы. Енді тақпақтар шеруін қыздарымыз жалғастырсын. (тақпақтар айтады.)



Тәрбиеші: балалар үстол үстінде түрлі-түсті қағаздар жатыр. Сол қағаздардың ішінен тудың түсін білдіретін қағазды аламыз да, туды желімдейміз ақ қағазға. Кәне барлығымыз кірісейік, қонақтар көмектесуге болады. Болғаннан кейін орнымызға отырамыз.

Тәрбиеші:

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы,

Абылай мен Кенесары жалғасы.

Қазағымның біртуар ол тұлғасы,

Халқымыздың жеке, дара ардасы.

Ән: «Ағатайым - ай».

Тәрбиеші: Осымен « Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар қонақтар.

Екібастұз жалпы орта білім беретін мектеп



« Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!»

(шағын орталықта өткен ертеңгіліктің әзірлемесі)

Құрастырған: І санатты тәрбиеші

Сагинбаева Райхангуль Турсуновна

Төртүй ауылы

2015 жыл
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет