«Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту»
“ Инклюзив” дегеніміз ағылшын тілінен аударғанда “тартылған, қамтылған” деген мағынаны білдіреді.
Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшеліктерінен тыс сапалы білім беру болып табылады.
Арнайы сыныптар ПМПК- ң жолдамасы негізінде ашылады.
Мүмкіндігі шектеулі балалар ПМПК шешімімен, ата – анасының келісімімен кез келген мектепке ауыса алады.
Мектепте әрбір оқу жылының сәуір айынан бастап оқушыларды психологиялық – педагогикалық тексеруден өткізеді.
Жалпы білім беретін мектепке мүмкіндігі шектеулі балалардың ауыр түрлері ( психикалық, тырысқақ
( судороги)) т.б. аурулары барлары қабылданбайды.
5. Жалпы білім беретін мектепте 10 баладан артық болса, мекемеде 1 жүктемемен дефектолог маманы болуы керек.
Енді үлгермейтін оқушылардың неғұрлым үлкен тобы – ПДТ балаларды кеңірек қарастырайық.
ПДТ бар баланың мектепке оқуға баруын психологиялық-педагогикалық сипатында өзіндік ерекшелігі бар. Олардан мектепте оқуға дайындық жоқ, программаның материалын меңгеруге қажетті білім түсінік дағдылардың қоры жоқ сонан оларға оқу санау жазуды меңгеру үшін арнаулы көмек қажет. Бұл категориядағы балалармен оқу және түзету жұмыстарын жүргізу керек.
Мұндай принциптерімен ерекшеліктері төмендегідей:
Әртүрлі әдіс тәсіл құралдары қолдану арқылы толықтырмай шаршатпауды алдын алу қажет.
Оқыту процестерінде баланың танымдық әрекеті барынша белсендіру әдістерін қолдану.
Түзету шараларда алдын ала түзету сабақтарын ұйымдастыру арқылы айнала қоршаған өмір туралы білім түсініктерін алу.
Сабақ үстінде және сабақтан тыс кезінде баланың барлық іс-әрекеттерінде түзету жұмыстарын үнемі жүргізіп отыруы керек.
Балалармен жұмыс істеуде мұғалім ерекше тәртіп сақтау керек.
Олардың азда болса, табыстармен жетістіктеріне көңіл аудару байқап, мақтап бағалап отыруы керек.
Әрбір балаға жеке дара көмек көрсетуді жүзеге асыру қажет.
Дефектологтың міндеттері:
Жеке немесе топтық түзету - оңалту бағдарламаларын құрып жұмыс жасайды.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың сабақтан ақсап, кенжелеп қалған жағдайлары болса қосымша сабақтар жүргізеді.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін әлеуметтік педагог, психолог, т.б. мұғалімдерге әдістемелік нұсқау, бағыт – бағдар беріп отырады.
Балалардың жеке оқыту коррекциялық – дамыту программасының орындалуы жайлы психологиялық – педагогикалық мониторингтің орындалуын бақылайды.
.
Психологиялық – педагогикалық қызмет көрсететін мамандар не істейді?
Оқушының оқу процесіндегі жетістіктерін психологиялық – педагогикалық картада белгілеп отырады. Әрбір тоқсан, жыл соңында мектеп әкімшілігіне есеп береді.
-Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытатын мұғалімдерге
арнайы әдістемелер, нұсқаулар береді.
Адаптацияланған оқу программасын, әдістемелік нұсқаулардың
қамтамасыз етілуін қадағалайды.
Сабақтан тыс іс – шаралардың барлығы жай сыныптардың балаларымен бірге өтеді.
Стандартқа сәйкес ақылы сабақтар, қызметтер болмайды.
Балалардың сабақтан тыс жұмыстарға қатысуына ықпал жасайды.
Педагог мамандардың баланы оқытуда төмендегідей
негізгі міндеттерді білген дұрыс
Баланың көңіл-күйіне қарай, онымен тіл табысу.
Танымдық процестерін сипаттайтын мәлімет жинау.
Тіл дамуын сипаттайтын мәлімет жинау.
Эмоциялық ерік-жігерінің дамуын сипаттайтын мәлімет жинау.