жаңғырту және оны мектеп сыныбы жағдайында маңызды ету. Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу және талдау нәтижелерімен салыстыру
Міндеттері:-Мұғалімдерге «мәдениеттің» нені білдіретіні туралы сыни ойлану дағдыларын қалыптастыру. -Мұғалім мен сынып арасындағы атмосфераны анықтауда мектеп мәдениетін зерделей білу қабілеттерін дамыту;
Күтілетін нәтиже: ғаламдық мәдени айырмашылықтар туралы,қоршаған орта факторлары сынып мәдениетіне әсер ету туралы білімдерін меңгерту
Тапсырма:
І топ: Мәдениет дегеніміз не?
ІІ топ: Мектеп мәдениеті дегеніміз не?
ІІІ топ: Сынып мәдениеті ІҮ топ: Қоғам мәдениеті Ү топ: Мұғалім мәдениеті ҮІ топ: Оқушы мәдениеті
Сіздерге берілген мәдениет туралы сөздер
бойынша өздеріңіздің түсініктеріңізді
постер бетіне мазмұндық сызба ретінде
жазып, топпен ортада қорғайсыздар.
Ұсынылған мәселерлер бойынша , оларды шешу жолдары мен әдіс – тәсілдерін көрсету.
Топтық талқылауға арналған сұрақ.
Топтар бірін-бірі бағалау.
«Екі жұлдыз бір тілек»
Топ мүшелері
2 жұлдыз
/ екі ұнаған нәрсе/
1 тілек
/жақсартуды қажет ететін нәрсе/
жазады.
Әр топ өз
пікірлерін ортаға салады.
МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
«Мектеп мәдениеті» түсінігі педагогикалық менеджментте мектеп ұжымындағы әдет- ғұрып, салт- дәстүр, ұстаным, адам бойындағы құндылықтарының жиынтығы және білім беру мекемесіндегі өзара қарым –қатынас, әдеп нормаларын анықтайтын бірден - бір құрал.
«Мектеп мәдениеті» түсінігі педагогикалық менеджментте мектеп ұжымындағы әдет- ғұрып, салт- дәстүр, ұстаным, адам бойындағы құндылықтарының жиынтығы және білім беру мекемесіндегі өзара қарым –қатынас, әдеп нормаларын анықтайтын бірден - бір құрал.
Мектеп мәдениеті - бұл ұжым мүшелерінің қабылдаған рухани , мәдени құндылықтардың жүйесі. Бұл өз ретінде ұжым мүшелерінің ойлауындағы, сезімдеріндегі, іс – әрекетеріндегі негізгі ұстаным, бағдар беруші және жол сілтеуші, нәтижесінде мектеп ұжымында қалыптасқан ынтымақтастық орта және жағымды психологиялық ахуал.
Педагогтің коммуникативті мәдениеті
Коммуникативтік мәдениет дегеніміз – мәдениет, білім беру алаңында тиімді орнығу үшін, әлеуметтік ортаға тез сіңу үшін, кәсіби іс-әрекетінде өз білімін жетілдіру және өзін дұрыс көрсете алуындағы адамның жүйелік мінездемесі. Коммуникативті мәдениетке жатады: - қоғамдағы мәдениет; - жеке адамның мәдениеті; - кәсіби іс-әрекетінің мәдениеті.
Қоғамда информациялық коммуникация - әрекеттестікке, ынтымақтастыққа, түсінісушілікке көп мән береді.Сондықтан да коммуникативті мәдениеттің рөлі қарқынды даму мен адамның қоршаған ортамен ізгілікті қарым –қатынасына баламаланады.Сонымен бірге білім беру саласында педагог тұлғаларға да кәсіби мәдениетінің жоғары болуына талап қояды.Ол дегеніміз:адамилық құндылық, этикалық және адамгершілік жауапкершілігіне қатысты. Коммуникативті мәдениетке сөйлеу мәдениеті мен қарым – қатынас мәдениеті жататындықтан коммуникативті қарым-қатынас әрбір педагогке қажет деп есептеймін.
Мұғалімнің коммуникативтік мәдениеті - бұл оның кәсіби қызметі мен міндетінде, әлеуметтік- педагогикалық іс-әрекетінде жеке дара шығармашылық пен ізгілендіру бағытындағы көрінісі. Атап айтқанда ойлау, бірлескен іс-әрекет, сөйлеу мәдениеті, өзара қарым-қатынас мәдениеті, педагогтың коммуникативтік қарым-қатынасының нәтижесі т.б. Педагогтің мәдени қарым-қатынасы:этикалық, шыншылдық, шынайы және сенімділік қарым-қатынасы, адамға деген сенім, балаға деген махаббат пен сыйластық, бірлескен іс-әрекет атқаруға қабілеті, ұжыммен жұмыс істей білуі, оқушының ата-анасымен дұрыс қарым-қатынас жасай алуы. Кәсіби компоненті:таңдаған мамандығына деген тұрақты қызығушылығы, оқу- тәрбиелеудегі әдіс-тәсілді дұрыс қолдана алуы, баланың психологиясын білуі, өз пәнін жетік білуі, эрудиция, дауыс пен ым және базынаның болуы.
Сынып жетекшісінің атқаратын коммуникативтік мәдени қызметі:
• оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйренуге, қатарларының арасында өзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу; • "оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана, ата-ана-оқушы арасындағы өзара қолайлы байланысты орнату; • оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнатуы; • ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу.
Педагог коммуникативті мәдениетін дамыта отырып өзіне не алады?
Білімділікті, ұсталықты, берекелілікті, жауапкершілікті, және іскер сапаларын яғни, кәсіби білімін жетілдіре алады.
Қазіргі заман талабына сай педагог оқыту –тәрбиелеу барысында коммуникативті мәдениетті іс-әрекет арқылы ғана адами құндылықтарды дамыта отырып жеке тұлғаның бойына сіңіруі қажет. Сонда ғана жеке тұлға мына өзгермелі, өркениетті заман талабына төтеп бере алады.
Әрқашан
Жиі
Кейде
Сирек
Сынып ұйымдастырылған ба?
Сіз сынып ережесін түсінесіз бе?
Қалай ойлайсыз, сіз маған сұрақ қоя аласыз ба?
Шынында мұғалім әділетті ме?
Сіз мұғалімге сенесіз бе?
Сізге қажет кезінде көмектесе ме?
Сіз өзіңізді сыныпта физикалық қауіпсіз сезінесіз бе?
Сіз өзіңізді сыныпта моральдық тұрғыдан қауіпсіз сезінесіз бе?
Сізге сыныпқа келу қызықты ма?
Сізде проблемалар туындаған жағдайда мұғалім тыңдай ма?
Сіздің ұсынысыңызды мұғалім тыңдай ма?
Сіз өзіңізді сыныптың қатысушысы ретінде сезінесіз бе?
Сіз басқа оқушылар тарапынан қолдауды сезінесіз бе?
- мұғалім мен оқушылар әлеуетін құраушы негізгі факторы.
Мұғалімдердің әдеп кодексі :
Мұғалімдердің әдеп кодексі :
1. Мектепке деген көзқарас
2. Оқушыға деген көзқарас
3. Әріптесіне деген көзқарас
4.Жұмысқа деген көзқарас
5.Өзіне деген көзқарас
«Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қой, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек». Олай болса біздер мұғалімдер қауымы әділетті де, әлепті, мәдениетті де, өркениетті қауым болып, өз өмірімізді бағалай білейік!
Мәдениетті бол алда!
Өміріңді бағала!
Тыңда досым, мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Дәулетің мен тұрсаң-дағы көк тіреп!
Әркүнсайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Шақшабасың айналса да бақыттан.
Баққұсыңды қонған кезде бағала, 2 рет
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де, досым қанша шаттыққа, Қанша азап көрсең дағы бауырым
Өміріңе немқұрайлы қарама..
Тұсаусалып, бастатқызбай көш дара,
Етсе-дағы дұшпан күлкі, достаба,
Өміріңе немқұрайлы қарама..
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да,
Күн сағатта сақтау үшін өз басын.
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың,
Өміріңе немқұрайлы қарама..
Айдын көлге айналса да көзжасың.
Баққұсыңды қонған кезде бағала, 2 рет
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де, досым қанша шаттыққа, Қанша азап көрсең дағы бауырым