Маск‰немдік пен алкоголизмге ќарсы к‰рес – к‰н талабы



бет1/5
Дата11.11.2022
өлшемі60,5 Kb.
#157822
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
5555-1


Сабақтың тақырыбы:
Маскүнемдік пен алкоголизмге қарсы күрес – күн талабы

Егер адамдар өздерін өздері арақ- шарап,


темекі, апиындармен еліртпей, есіртпей
уландыра бермесе, онда біздің өмірімізде
арман ететіндей бақытты өзгеріс болар еді.
Л.Н.Толстой.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі:«Бірінші байлық- денсаулық». Олай болса, «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей өркениетті елдің әрбір азаматының
денсаулығы мықты, хал- ахуалы жақсы болуы үшін зиянды әдеттерден ішімдік, шылым шегушіліктен жерітіп, денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін ұғындыру.
2. Тәрбиелігі: Маскүнемдіктің зардаптары. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру.
3. Дамытушылығы: Темекінің, арақтың зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілермен көз жеткізу. Өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін, білімді де тәрбиелі тұлға қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Жасөспірімдерге арналған ереже, темекіден, арақтан болатын аурулар, “темекінің, арақтың адам ағзасына зияны” тақырыпта түсірілген слайдтар, темекі тартуға қарсы ұйымдастырылған сурет көрмесі, ұлы адамдар сөзінен цитаттар ,тақырыптарға байланысты слайдтар.
Сабақтың түрі: Конференция сабағы

Сабақтың барысы:


Мұғалім сөзі: 1997 жылдың қазан айында ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Барлық қазақстандықтардың өсіп, өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» туралы Қазақстан халқына жолдауын ұсынды.
Арақ адам есін жояды, ұяттан бездіреді, арамдыққа және қылмысқа итермелейді. Сонымен қатар ішімдікке құмар адамның рухани байлығы азайып, адамгершіліктен жұрдай болады. Ішімдік барлық ішкі мүшелерді улап, әр түрлі созылмалы ауруларға шалдықтырып, небір талантты да дарынды боздақтарымыз, он екіде бір гүлі ашылмаған жас жеткіншектеріміз арақтың кеселінен өз биігіне жете алмай өмірден кетіп жатқаны өкінішті – ақ.
Міне, осындай өкініштердің алдын алу мақсатында Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2030 жылға арналған еліміздің келешегін өркендету бағдарламасында назардан тыс қалдырған жоқ. Ал мұндай жақсы бастамаға үн қосу, қолдау, іс жүзіне асыру - әрбір Қазақстан азаматының міндеті.
Болашақ маман иелері өз ойларын ортаға салады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет