Математика 5-сынып Түсінік хат 5-6-сыныптарда оқытылатын «Математика»



бет1/16
Дата19.09.2023
өлшемі49,81 Kb.
#181469
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Математика 5-сынып Т сінік хат 5-6-сыныптарда о ытылатын «Матема


Математика 5-сынып
Түсінік хат
5-6-сыныптарда оқытылатын «Математика» пәнінің білім мазмұнында пәнді әрі қарай жалғастыруға қажетті материалдар игерілетін болғандықтан оқыту жүктемесін төмендету бұл сыныптарда қарастырылмаған, яғни Үлгілік оқу жоспарларында бөлінген оқу жүктемесі аптасына 5 сағат болып қалдырылған және осы сыныптарда математика курсы жаңартылған мазмұнның Үлгілік оқу бағдарламаларымен оқытылады.Оқу бағдарламасы бойынша 5-6-сыныптарда «Математикалық моделдеу және анализ» бөліміне баса назар аударылған. Әр бөлімді игерген кезде мәтінді есептерді шығару ұсынылады. Практикаға бағытталған есептерді қарастыруға байланысты статистикалық мәліметтерді ұсынуға арналған тапсырмаларды орындауға көңіл бөлінген.
Ұзақ мерзімді жоспар ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 34 тармағына сәйкес; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен ( соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрықпен енгізілген )бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары, 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты, «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы);«ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы) бекітілген оқу басылымдары негізінде құрылған.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы осы бұйрыққа 52-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5- 6 сыныптарына арналған «Математика» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;
Оқыту мақсаты:«Математика» пәнінің мазмұнын сапалы игеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар басқа пәндермен кіріктіре отырып, жалпы адами құндылықтар негізінде және ұлттық мәдениеттің озық салт-дәстүрлері арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет