Маусым айы Денсаулық



Дата11.11.2019
өлшемі33,1 Kb.
#51529
Байланысты:
1кіші жаздык план

Өтпелі тақырып «Әрқашан күн сөнбесін» 2018 жыл Маусым айы

Мақсаты: Жаз туралы түсініктерін қалыптастыру. Жаздың белгілерін атай білу.




Маусым айы




Денсаулық

Дене шынықтыру (3сағат)



Коммуникация

Сөйлеуді дамыту (0,5)

Көркем әдебиет (0,5)



Таным

Құрастыру (0,5)



Шығармашылық

Сурет салу (1с)

Музыка (1с)

Мүсіндеу (0,25)

Аппликация (0,25)



1апта

«Әр қашан күн сөнбесін»

Мақсаты: Балаларды шағын топпен, арқанды ұстап , шеңбер бойымен жүруге, тапсырмалар бойынша жүгіруге жаттықтыру.

Мақсаты: Балаларды шағын топпен, арқанды ұстап , шеңбер бойымен жүруге, тапсырмалар бойынша жүгіруге жаттықтыру.Алға қарай жылжи отырып секіруді үйрету.

Мақсаты: Балаларды шағын топпен, арқанды ұстап , шеңбер бойымен жүруге, тапсырмалар бойынша жүгіруге,алға қарай жылжи отырып секіруді жаттықтыру.Орында отырған қалыпта допты екі қолмен бастан асырып домалатуды орындауға үйрету.

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:

«Бөлме өсімдігі» аспаргус және фикус бақылау



Мақсаты:Бөлме өсімдіктерінің бөліктерін дұрыс ажыратуға, әртүрлі өсімдіктерді салыстыруға; баланың белсенді сөйлеу тілі:Фикус, аспарагус, жапырақ, үлкен сабақты білуге, бөлме өсімдіктері су ішетінін бекітіп таныстыру. Балаларды бөлме өсімдіктеріне қамқор болуға тәрбиелеу.

Құрастыру

Тақырыбы: Доптар

Мақсаты: Балаларды қағазбен жұмыс жасауға үйрету.Олардың түсін,пішінін көлемін ажырата алуға дағдыландыру.Тәрбиешінің ұсынған шарты бойынша екі бөліктен тұратын доптың суретін кеңістікте дұрыс орналастыра отырып құрастыра білуге үйрету.


Сурет салу

Тақырыбы: «Күн сәулелері»

Мақсаты:Балаларды алақанмен сурет

салуға үйрету.Күннің суретін бейнелеу арқылы саусақпен, алақанды қолдану, әсемдік сезімін қабылдап, сурет салу қабілетіне тәрбиелеу.



Музыка

Тақырыбы:

Балдырған әні

Әні: Б.Дәлденбай



2 апта

«Жаз келді көңілді»

Тақырыбы:«Біз тату балалармыз»

Мақсаты:Балаларды әртүрлі бағыттағы жүрістерге, домаланған заттарды қуып жету тапсырмалары болйынша жүгіруге жаттықтыру.

Тақырыбы:«Біз тату балалармыз»

Мақсаты:Балаларды әртүрлі бағыттағы жүрістерге,

домаланған заттарды қуып жету тапсырмалары бойынша жүгіруге жаттықтыру. Алға қарай жылжу арқылы секіруді жаттықтыру. Допты екі қолмен алға қарай лақтыруға үйрету.



Тақырыбы:«Біз тату балалармыз»

Мақсаты:Балаларды әртүрлі бағыттағы жүрістерге, домаланған заттарды қуып жету тапсырмалары болйынша жүгіруге жаттықтыру.

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Екі дос» (өлең) Қадыр Мырза Әли

Мақсаты:Құрдастарымен қарым-қатынас жасау ережелерін сақтауға үйрету,ойында және қарым-қатынаста сыпайылық көрсете алуға көмектесу, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.




Сурет салу

«Балауса шөптер»

Мақсаты: «Қарындаш» түсінігін беру. Қарындаштың қасиеттерімен таныстыру (қағаз бетіне із қалдырады). Қарындашты дұрыс ұстап, көлденең түзу сызық жүргізе білуге үйрету.Бояудың жасыл түсімен таныстыру

Музыка

Тақырыбы:

Балдырған әні

Әні: Б.Дәлденбай

Мүсіндеу

Тақырыбы: «Доптар»

Мақсаты: Ермексазды шымшып алу әдісі және домалақ ,жұмыр мүсін туралы мағұлмат беру.

Ермексазды алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін меңгеру.Тілдерін дамыту саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің жетілдіру.





3 апта «Ғажайыптар әлемінде»

Тақырыбы:

«Менің сүйікті ойыншықтарым»

Мақсаты:Жүру, қарқынды өзгерте отырып жүру. Жатқан арқаннан секіру. Екі қолмен (1-1,5. ара қашықтық) нысанға допты лақтыру.

Тақырыбы:«Менің сүйікті ойыншықтарым»

Мақсаты:Жүру, қарқынды өзгерте отырып жүру. Жатқан арқаннан секіру. Екі қолмен (1-1,5. ара қашықтық) нысанға допты лақтыру.Кедіргілі жазықтың бетімен еңбектеу.

Тақырыбы:

«Менің сүйікті ойыншықтарым»

Мақсаты:Жүру,қарқынды өзгерте отырып жүру.Жатқан арқаннан секіру.Екі қолмен (1-1,5. ара қашықтық) нысанға допты лақтыру.Жіптің (биіктігі 30-40 см) астынан еңбектеп өту.

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншығым».

Мақсаты:Ойыншықтарды сипаттап айтуға үйрету. Қандай? Сұрағына жауап беруге және жалғау,жұрнақтарды сөздерге дұрыс жалғап айтуға үйрету. Ұқыптылыққа баулу.

Құрсатыру

Тақырыбы: «Мұнара»

Балаларды құрылыс материаладарымен жұмыс жасауға үйрету, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру, педагогтің ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра отырып мұнараны құрастыра білуге үйрету.

.


Сурет салу

Тақырыбы: «Доптар»



Мақсаты:Балаларға қарапайым дөңгелек пішінді саусақпен құмда салуды үйрету.Саусақтарының икемділіктерін арттыру.Өз жұмысының нәтижесіне қызығушылықпен қарауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Музыка

Тақырыбы: Кел,билейік.

Әні: Б.Байқадамов

Сөзі:М.Әлімбаев




4апта

«Ертегілер елінде»

Тақырыбы: «Ертегілер елінде»

Мақсаты: Аласа, ұзын орындық үстінде еңбектеуді жаттықтыру . Кішкентай допты себетке оң және сол қолдарымен лақтыруды үйрету.

Тақырыбы: «Ертегілер елінде»

Мақсаты: Кішкентай допты себетке оң және сол қолдарымен лақтыруды жаттықтыру . Допты алға домалату және оны қуып жетіп қстап алуды үйрету.

Тақырыбы: «Ертегілер елінде»

Мақсаты: Допты алға домалату және оны қуып жетіп қстап алуды жаттықтыру . Құм салғыш

қапшықты (60 см қашықтықта ) шеңберге лақтыруды үйрету.



Көркем әдебиет

Тақырыбы: Қайырымдылық

Мақсаты:Адам жүріс-тұрысының ерекшеліктерін бағалауға үйретуді жалғастыру.Өзге адамға мейірімділік ,қамқорлық қатынасын білдіру ниетттерін ояту.




Сурет салу

Тақырыбы: «Күртедегі түймелер»

Мақсаты:Балаларды берілген бейнедегі сызықшаға дөңгелекке ұқсас пішіндерді үздіксіз салуға үйрету.

Музыка

Музыка

Тақырыбы: Кел,билейік.

Әні: Б.Байқадамов

Сөзі:М.Әлімбаев



Тақырыбы:«Анам менің тамаша»

Мақсаты:Музыка қабілетін дамыту,ырғақты қимылдарды есте сақтау.Эстетикалық сезімге тәрбиелеу.

Аппликация

Тақырыбы: Гүл сауыты

Мақсаты:Балаларды әдемілікке, әсемдікке баули отырып гүл құмырасын қағаз бетіне дұрыс орналастыру бағытын үйрету.

Өтпелі тақырып: «Менің Қазақстаным» 2018 жыл Шілде айы

Мақсаты: Балалардың отаншылдық сезімін ояту,елін,жерін,құрметтеуге тәрбиелеу.




Шілде айы




Денсаулық

Дене шынықтыру (3сағат)



Коммуникация

Сөйлеуді дамыту (0,5)

Көркем әдебиет (0,5)



Таным

Құрастыру (0,5)




Шығармашылық

Сурет салу (1с)

Музыка (1с)

Мүсіндеу (0,25)

Аппликация (0,25)



1 апта

«Туылған күніңмен-Астана»

Тақырыбы:«Менімен ойна»

Мақсаты Қол ұстасып жұппен жүруді, тапсырма арқылы жүруді, домалаған заттарды қуып жетудіүйрету. Екі сызықтан аттап өтуге жаттықтыру.

Тақырыбы:

«Әжеме арналған әдемі орамал»

Мақсаты Түрлі бағытта жүруге үйрету.Қол тиер тиместен секіру. Түргеліп тұрып допты домалату.

Тақырыбы:

«Жолмен біз келеміз»

Мақсаты Заттарды айнала отырып жүру. 60 м баяу қарқынмен жүгіру. Гимнастикалық орындық үстімен жүру. Балаларға өзін өзі сылаудың қарапайым

элементерімен таныстыру, дені сау болу ниетін тәрбиелеу.



Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:

«Алтын балық»

ертегісін оқу.

Мақсаты:Балаларды шығарманың мазмұнымен таныстыру. Шығарма барысында автордың сөйлеу мағынасын түсіне білуге үйрету. Сөздерді ұйқастырып айтуға және

байланыстырып сөйлеуін дамыту. Көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырып баланың көңіл күйінің сергек болуын қолдап тәрбиелеу.



Құрастыру

«Үй және қақпа»

Мақсаты:Балаларды құрылыс материалдарымен жұмыс жасауға үйрету,олардың түсін,пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру,тәрбиешінің ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра отырып көпір құрастыра білуге үйрету.


Сурет салу

Тақырыбы: «Алақан»

(алақанмен сурет салу)

Мақсаты:Балаларды алақандарына бояуды жағып қағаз бетіне бастыруға үйрету.Алақанға бояуды жаға білуді қалыптастыру. Өзінің бейнелеген жұмысының нәтижесіне қуана білуге тәрбиелеу. Әсемдік талғамын дамыту.

Музыка

Тақырыбы: әрқашан күн сөнбесін.

Әні:А.Островский

Сөзі: Л.Ошанин

Аударған: І.Мәмбетов

2 апта

«Менің қалам»

Тақырыбы:

«Қазақстан халықының салттары мен дәстүрлері»

Мақсаты: Құм салынған қапшықты 50 см жоғарырақ қойылған жәшікке лақтыруды жаттықтыру . Таяқшалар арасымен қос аяқпен секіру (диаметрі 1,5; ұзындығы 50 см)үйрету.

Тақырыбы: «Қазақстан халықының салттары мен дәстүрлері»

Мақсаты: Таяқшалар арасымен қос аяқпен секіру (диаметрі 1,5; ұзындығы 50 см)жаттықтыру . Еденде ирелендеп жатқан жіптің үстімен жүру.

Тақырыбы: «Қазақстан халықының салттары мен дәстүрлері»

Мақсаты: Еденде ирелендеп жатқан жіптің үстімен жүруді жаттықтыру ..

Аласа, ұзын орындық үстінде еңбектеуді үйрету.



Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Күн жылуын шашады»

Мақсаты:Балаларға әлемді сезініп танып білуін қалыптастыру,айналадағы қоршаған ортамен белгілері: күннің жылуы, жарқырайды,күнге қарай алмайтындығы т.б түсінік беру. Күн туралы санамақты қайталап, сары түсті танып айтуға үйрету.




Сурет салу

Тақырыбы:«Әжемнің орама жіптері»

Мақсаты:Карандашпен жұмыс жасау біліктілігін қалыптастырып жетілдіру. Шумақ жіпті түрлі түсті карандашпен дөңгелектеп, қағаздың ортасындағы нүктеден айналдырып салуға үйрету. Қол қимылын дамыту. Сурет салу ынтасына тәрбиелеу.

Музыка

Музыка

Тақырыбы: әрқашан күн сөнбесін.

Әні:А.Островский

Сөзі: Л.Ошанин

Аударған: І.Мәмбетов

Мүсіндеу

Тақырыбы: Гүлдерге арналған таяқшалар.

Мақсаты:Меңгерілген әдіс-тәсілдерді пайдалана ,таяқшаларды мүсіндеу.Балалардың қызығушылық эстетикалық талғамын қалыптастыру.Қолдың саусақ қимыл қозғалыс үйлесімділігін ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.



3 апта

«Көңілді жарыстар»

«Балабақша»

Мақсаты: Қос аяқпен секіру(аяқ бірге- аяқ алшақ);бір-біріне доп домалатуды үйрету.Ирелең жолмен жүруге, қос аяқпен секіру (аяқ бірге- аяқ алшақ)дағдылар

«Бақытты отбасылар-

мен бірге»ын бекіту.

Мақсаты: Бір- біріне допты домалатуды үйрету. Допты домалату кезінде қолдың қозғау күшін, қимыл үйлесімділігін, ұсақ сезім мүшелерін дамыту.

«Бала, бала, баламыз»

Мақсаты: Шеңбер етіп қойылған жіптің бойымен жүруге жаттықтыру. Қол тиер тимес секіру «Масаны ұста» сызықтар атасымен (сызықтар арақашықтығы 30с ) жүруді үйрету. «Көпірден жүгіріп өту»

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Қуыршақты шомылдырып ұйқтатамыз

Мақсаты:Балаларға дұрысжуыну ережелерін

үйрету.Киімдерді ретімен шешуді, киімдердің атын атай білуді үйрету.Қимыл әрекетті білтіретін сөздерді меңгерту.Еңбек қорлыққа,

тазалыққа тәрбиелеу.


Құрсатыру

Тақырыбы:«Көпір»

Мақсаты: Балаларды құрылыс материалдарының бірнеше бөліктерін құрастырып жұмыс жасауға үйрету.Олардың

түсін,көлемін ажырата алуға дағдыландыру,тәрбиешінің ұсынған шарты бойына құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра отырып көпір құрастыра білуге үйрету.




Сурет салу

Тақырыбы: «Дәмді бауырсақ»

Мақсаты:Балаларды қылқаламмен дөңгелектеп бояуды үйрету.Қылқаламды дұрыс ұстап,қозғалтып, түрлі түсті қағаз бетіне дөңгелекті салуды жалғастыру. Сары түсті және дөңгелек пішінді біліуін бекіту. Балаларды отбасылық мерекелерге сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Музыка

Тақырыбы:

Ақмамам

Әні: Ә.Бейсеуов



Сөзі: Ә.Дүйсенбиев

4апта

«Теңіздер мен мұхиттар әлемінде»

Тақырыбы: «Айналамыздағы өсімдіктер»

Мақсаты: Түзу бағытта (биіктігі 10-15 см) заттарды аттап өтуді жаттықтыру .Допты жоғары лақтыруды үйрету

Тақырыбы: «Айналамыздағы өсімдіктер»

Мақсаты: Допты жоғары лақтыруды жаттықтыру . Жерде жатқан арқан үстімен түзу жүруді үйрету.

Тақырыбы:«Айналамыздағы өсімдіктер»

Мақсаты: Допты жоғары лақтыруды жаттықтыру . Жерде жатқан арқан үстімен түзу жүруді үйрету

Көркем әдебиет

Тақырыбы: Жазда (өлең)

Несіпбек Айтов



Мақсаты:Жыл мезгілдері туралы ойларын кеңейту,жайқалған жаз ,жазғы қызықтар туралы түсініктер бере отырып ,сөздік қорларын байту.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.




Сурет салу

Тақырыбы: «Құстар сайрайды»

Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай отырып үзік сызықтарды салу дағдыларын бекіту. Құстар үнін тыңдау арқылы қуанышты көңіл күй туғызу, оны өз іс-әрекетінде маңайындағыларға бере білуге дағдыландыру.Құстарға деген сүйіспеншілік снзімін тәрбиелеу.

Музыка

Тақырыбы:

Ақмамам

Әні: Ә.Бейсеуов



Сөзі: Ә.Дүйсенбиев

Аппликация

Тақырыбы: Алаңқайдағы балапандар

Мақсаты: Балаларды үй құстарымен таныстыруды жалғастыру.Бейненің жеке бөліктерін құрау арқылы композиция жасауға үйретуді жалғастыру.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру.Балаларды үй құстарына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Өтпелі тақырып:«Табиғатты қорғап үйренейік» 2018жыл Тамыз айы

Мақсаты:«Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.




Тамыз айы




Денсаулық

Дене шынықтыру (3сағат)



Коммуникация

Сөйлеуді дамыту (0,5)

Көркем әдебиет (0,5)



Таным

Құрастыру (0,5)



Шығармашылық

Сурет салу (1с)

Музыка (1с)

Мүсіндеу (0,25)

Аппликация (0,25)




1 апта

«Жабайы табиғат әлемі»

Тақырыбы: «Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі»

Мақсаты: Екі қолмен допты нысанға лақтыруды жаттықтыру. Жүру, кедергілерден аттап жүру, бірінің соңынан бірі (20м дейін) жүгіруді үйрету.

Тақырыбы: «Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі»

Мақсаты: . Жүру, кедергілерден аттап жүру, бірінің соңынан бірі (20м дейін) жүгіруді жаттықтыру. Доптарды бір біріне домалатуды (0,5-1,5 м) үйрету.

Тақырыбы: «Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі»

Мақсаты: Доптарды бір біріне домалатуды (0,5-1,5 м) жаттықтыру. Обручтан обручқа аттау.

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Қуыршақ қонаққа келді

Мақсаты: Балаларға ыдыстар мен тағамдардың аттарын үйрету,оларды ажыратуға жаттықтыру.Қонақ күту ережелерінмен таныстыру.Қонақ жайлылыққа баулу.

Құрастыру

Тақырыбы:Жемістерді құрастыру.

Мақсаты: Балаларға жемістер туралы түсінік беру.Екі бөліктен бейне құрастыру.Ұсақ қол маторикасын жетілдіру.Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.




Сурет салу

Тақырыбы: «Қошақандарға шөп береміз» (қылқаламмен шөптің суретін салу)

Мақсаты: Жасыл түсті пайдалана отырып шөптердің суретін салуға үйрету.Саусақ бұлшық еттерін, қол қимыл-қозғалыс икемділіктерін дамыту. Үй жануарларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Музыка

Тақырыбы:

Көбелек

Әні:М.Әубәкіров

Сөзі: Ж.Смақов

2 апта

«Жер Ана»

Тақырыбы:«Секіру»

Мақсаты Заттарды айнала отырып жүруге «Поезд» жаттықтыру. Гимнастикалық таяқшалардан (2 дана) секіріп өтуді арақашықтығы 1м болатын себетке допты қос қолмен лақтыруды үйрету. Нысанаға дәлдеу іскерліктерін дамыту.

Тақырыбы:«Көк шалғында қыдырамыз»

Мақсаты Түрлі бағытта жүруге

«Серуендейміз»сызықтар арасымен (сызықтар арасының арақашықтығы 25см) жүгіруге жаттықтыру 20см көтерілген тақтайшаның үстінде төрттағандап жүруге жаттықтыру.



Тақырыбы:

Көгалда серуендейміз

Мақсаты Сызықтармен шектелген (ені25см ұзындығы 2м) түзу жолмен жүру.Қол тигізгенге дейін секіру. Допты кеудеден қосқолмен лақтыру.

Көркем әдебиет

Тақырыбы:«Түлкі мен қоян»

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін бағалай білу қабілетін алыптастыру.Оларға өз көзқарасын білдіруге үйрету.




Сурет салу

Тақырыбы: «Шөп иілді»

Мақсаты:Балаларды бейнеленіп отырған заттың ерекшеліктерін жеткізе отырып (шөп иілді) сурет тақырыбы: бойынша түстерді таңдап, қылқаламмен жұмыс жасауға үйрету.Көрменің суреттерін қарастыруда балаларды өз пікірлерін айтуға жетелеу. Қиялдың дамуына көмектесу –сюжетті әрі қарай дамыту..

Музыка

Тақырыбы:

Көбелек

Әні:М.Әубәкіров

Сөзі: Ж.Смақов

Мүсіндеу

Тақырыбы:«Қоянға арналған сәбіз»

Мақсаты: Балаларға ермексаз бөлшектерін алақан арасына салып

есуді,әртүрлі форманы қалыптастыра білуді үйрету.Мүсіндей білу және саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру.





3 апта

«Мен және қоршаған орта»

Тақырыбы:

«Біз тату балалармыз»

Мақсаты: Балаларға әр түрлі бағыттарда жүгіру мен жүруді орындауға үйрету. Екі қолмен алға допты лақтыруды үйрету.

Тақырыбы:«Епті,епті»

Мақсаты: Заттарды айнала отырып жүруге, 40 секунд бойы тоқтамай жүгіруге жаттықтыру.

1 м арақашықтықта оң және сол қолмен себетке бүршікті лақтыру.



Тақырыбы:«Біз спортшылар»

Мақсаты: Қол ұстасып шеңбер жасап жүруге, түрлі бағытта жүруге үйрету. Биіктігі 40см доғаның астынан өтуге, екі аяқпен бір орыннан алысқа секіруге үйрету. Еңбектеуге жаттықтыру.

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Музыкалық аспаптар»

Мақсаты:Балаларға музыкалық аспаптардың дыбысын білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.Балалардың музыкаға деген сезімдерін ояту.Дыбысқа еліктеп қатты-баяу,жіңішке дауыс пен және т.б.айтуға жаттықтыру.Ересектерді тыңдап, топтың бәріне және жеке әр балаға қатысты айтқан сөзін түсіну іскерліктерін қалыптастыру.

Құрсатыру

Тақырыбы: «Машина»

Мақсаты:Балаларды құрылыс материалдарымен жұмыс жасауға үйрету, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру, педагогтің ұсынған шарты боынша құрылыс материал

дарын кеңістікте дұрыс орналастыра отырып машина құрастыра білуге

үйрету.


Сурет салу

Тақырыбы: «Балыққа арналған шөптер»

Мақсаты:Балаларды шөп сала білуін детілдіру. Қылқалам және бояутен салуын дамыту. Тіршілікке жақсы көзқараспен қарауға тәрбиелеу.

Музыка

Тақырыбы:

Мен бақшаға барамын

Әні: Т.Тайбеков

Сөзі: Ф.Оңғарсынова


4апта

«Жыл құстары»

Тақырыбы:«Қуыршақтар қонақта»

Мақсаты :Балаларға бір-бірінің соңынан саппен жүруге және жүгіруге үйрету. Екі қолмен допты домалата білуге тәрбиелеу.

Тақырыбы:

«Қонаққа ергежейлілер келді»

Мақсаты Балаларға ұзындыққа секіру мен түрлі бағытта жүгіруді үйрету. Оларды кеңістікте қозғалыс жасай білуге, шыдамдылыққа тәрбиелеуге үйрету.

Тақырыбы:«Ойыншық-тарға қонаққа барамыз»

Мақсаты Түрлі бағытта жүруге үйрету.Тәрбиешіге допты лақтырамыз.Балаларды дыбыс және көру дыбыстарын қабылдауға үйрету.

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

«Дәрігер Айболит» ертегі



Мақсаты: Балаларды мейірімділік,өзге адамдарға,жануарларға қамқорлық қатынасын білдіруге талаптандыруды жалғастыру.



Сурет салу

Тақырыбы: «Құмырсқаның илеуі»

Бояумен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, жәндіктерге деген қамқорлық сезімдерін ояту.



Музыка

Музыка

Тақырыбы:

Мен бақшаға барамын

Әні: Т.Тайбеков



Сөзі: Ф.Оңғарсынова

Аппликация

Тақырыбы:Кесені әшекейлеу

Мақсаты:Балаларды қазақ халқының қолөнер бұйымдары жайында түсініктерін жалғастыру. Үлгіге сүйене отырып, қағаз бетіне қиылған дайын пішінді ою - өрнекті құруға, желіммен жұмыс істеуге үйрету. Қағаз түстерін ажырата іскерліктерін қалыптастыру, ой – қиялын дамыту, көркемдікті қабылдай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Жаз мезгіліндегі ұйымдастырылған оқу қызметтердің перспективалық жоспары

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет