Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Дәріс. Кохлеарлы имплантталған балалардың сөйлеу тілін естіп қабылдауын оңалту



бет58/146
Дата19.05.2020
өлшемі0.96 Mb.
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   146
7 Дәріс. Кохлеарлы имплантталған балалардың сөйлеу тілін естіп қабылдауын оңалту

  1. Кохлеарлы имплантталған балаларды оңалтудың негізгі кезеңдері

  2. Кохлеарлы имплантталған балалардың естіп сөйлеу тілін дамыту




  1. Кохлеарлы имплантталған балаларды оңалтудың негізгі кезеңдері

Кохеларлы имплантациядан кейінгі түзету – педагогикалық жұмысқа ғалымдардың айтуы бойынша мыналар жатады: сөйлеу процессорын дұрыс түзету, қоршаған дыбыстар мен сөйлеу тілін қабылдауын дамыту, ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру және дамыту. И.В.Королева, О.С.Жукова, Koch.M.E, Moog.J.S, J.K.Niparko айтуларынша, кохлеарлы имплантациядан кейін естіп қабылдауы неғұрлым тез дамыса, ауызша сөйлеу тілін меңгеруі де соғұрлым тез және оңай жүреді. Кішкентай баланың КИ көмег

імен қоршаған орта дыбыстарын қабылдау, ажырату, тану және түсініп, оны сөйлеу тілін дамыту үшін қолдану түзету – педагогикалық жұмыстың ең басты мақсаты болып табылады. Ол үшін мектеп жасына дейінгі балаларды операциядан кейінгі реабилитация келесі компоненттерден тұрады:



  1. КИ сөйлеу аппаратын түзету.

  2. Естіп қабылдауы мен сөйлеу тілін дамыту.

  3. Баланың жалпы дамуы (вербальды емес зиятын, моторикасын, есте сақтауын, зейінін және т.б. дамыту).

  4. Баланың отбасымен жақындарына психологиялық көмек көрсету.

Естімейтін балалардың естіп сөйлеу тілін қабылдауды дамытуға арналған коррекциялық – педагогикалық шараларды өткізуге арналған зерттеулер жүргізілген. Зерттеулер нәтижесінде мектеп жасына дейінгі балалардың жасерекшелігі бір топта болғанына қарамастан, операциядан кейінгі коррекциялық жұмыстың нәтижесі келесі факторларға байланысты:

  1. КИ жасағанға дейінгі есту тәжірибесінің болуы және естіп қабылдаудың даму деңгейі.

  2. Баланың сөйлеу іс – әрекеті мен тілдік қабілетінің даму деңгейі.

  3. Жеке психологиялық ерекшелігі.

  4. Қосымша бұзылулардың болуы (көру қабілеті, зияты және т.б.).

  5. Түзетуге ата – анасының белсенді қатысуы.

  6. Хирургиялық операцияның сәтті өтуі.

  7. Сөйлеу процессорын адекватты түзету.

  8. Ки тұрақты тағып жүру.

  9. Есту және сөйлеу дағдыларын дамытуда жағымды жақтың пайда болуы.

Кішкентай балалардың сөйлеу процесорын іске қосып, оны түзету өте қиын. Өйткені олар өздерінің сезімдерін білдіре, жеткізе алмайды. Сол үшін де дыбысқа шартты қозғалыс рефлексін (ШҚР) дамыту үшін арнайы педагогикалық сабақтар өткізілуі керек (мысалы, барабанды ұрғанда немесе «па–па–па» буынын айтқанда пирамидкаға шеңберлерді кіргізу, қорапшаға шарларды лақтыру және т.б).

Барлық естімейтін балаларға КИ жасалғаннан кейін олар ең тыныш дыбыстарды да естіп ажырата алады. Имплантация жасалғаннан кейінгі олармен жүргізілетін түзету жұмысының басты бағыты ол естіп қабылдауын дамыту. Королева.И.В ерте жастағы естімей қалған балаларға имплантация жасалғаннан кейін естіп қабылдауын оңалту жұмысының 4- кезеңін қарастырған:



  1. Кохлеарлы имплантпен естіп қабылдауын және сөйлеу тілін естіп қабылдауын дамытудың бастапқы кезеңі. Ұзақтығы – 3 – 12 апта.

  2. Кохлеарлы имплантпен естіп қабылдауын және сөйлеу тілін естіп қабылдауын дамытудың негізгі кезеңі. Ұзақтығы – 6 – 18 ай.

  3. Сөйлеу тілін және өз сөзін қабылдауын дамытудың тілдік кезеңі. Ұзақтығы – 5 жыл одан да көп.

  4. Байланыстырып сөйлеу тілі және күрделі мәтіндерді түсінуін дамыту кезеңі.

Сөйлеу тілін естіп қабылдауының және ауызша сөйлеу тілінің дамуының кезеңдеріне сәйкес естімейтін балаларға кохлеарлы имплантация жасалғаннан кейінгі оңалту жұмыстары жүргізіледі.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   146




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет