Мазмұны кіріспе 1 БӘсекеге қабілеттілік, прагматизм және ұлтттық бірегейлікті сақтау мәселелері



Дата24.10.2022
өлшемі0,61 Mb.
#154750
Байланысты:
nasimov mo


САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ БАҒЫТТАРЫ: МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ТҮСІНІКТЕРІ
Насимов Мұрат Өрленбайұлы
«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының директоры,
саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
АСТАНА, 2017

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ
1 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК, ПРАГМАТИЗМ ЖӘНЕ ҰЛТТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Бәсекелік қабілеттің негізгі белгілері мен ерекшеліктері
1.2 Прагматизм ұғымының ғылыми түсініктері
1.3 Ұлттық бірегейліктің мәні мен түсініктері
2 БІЛІМНІҢ САЛТАНАТ ҚҰРУЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ЕМЕС, ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ ЖӘНЕ САНАНЫҢ АШЫҚТЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Білімнің салтанат құруы мәселелері
2.2 Қоғамның эволюциялық дамуының көріністері
2.3 Сананың ашықтығы әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бағыты ретінде
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Ғылыми жұмыстың мақсаты - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұсынылған тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғырту бағыттарының мәні, мазмұны және түсініктерін талдау болып табылады.
Ғылыми-зерттеу жұмысы барысында салыстырмалы, жүйелік, тарихи-философиялық секілді т.б. зерттеу әдістері қолданылды.

1 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК, ПРАГМАТИЗМ ЖӘНЕ ҰЛТТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


1.1 Бәсекелік қабілеттің негізгі белгілері мен ерекшеліктері
Бірінші тараушада бәсекелік қабілет түсінігі мен теориясының негізгі белгілері мен қағидалары сарапталады. Әлемдік саяси, әлеуметтік-экономикалық ойлардағы бәсекелік қабілет түсінігінің даму үрдісіне талдау ұсынылды.
 
1.2 Прагматизм ұғымының ғылыми түсініктері
Екінші тараушада прагматизм ғылым нысаны ретінде айқындалады. Оның негізгі қағидаларын сәйкестендіру мақсатында прагматизмның даму теориясы зерттеледі. Бағыттың негізгі өкілдері Ч.Пирс, У. Джеймс, Дж. Дьюи көзқарастары мен олардың қызықты идеялары қарастырылады.
 

1.3 Ұлттық бірегейліктің мәні мен түсініктері Тарауша ұлттық бірегейлік түсінігін пәнаралық сипатта қарауға арналады. Ұлттық бірегейлікке байланысты маңызды деп қарастырылған теориялардың мәні мен негізгі түсініктері жиынтықталды. Ұлттық бірегейліктің қазіргі әлемдегі рөлі ашылды. Тақырып бойынша түрлі аспектілердегі ғылыми еңбектер қарастырылды.

2 БІЛІМНІҢ САЛТАНАТ ҚҰРУЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ЕМЕС, ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ ЖӘНЕ САНАНЫҢ АШЫҚТЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ


2.1 Білімнің салтанат құруы мәселелері
Тарауша білімнің салтанат құруы мәселелерінің негізгі түсініктеріне ізденістер жасалған. Білімнің мақсаты мәселесі бойынша шет елдік ғалымдар мен ойшылдардың көзқарастары, кейбір тұжырымдамалық идеялары қарастырылады және талданады. Білімнің қоғамның дамуы мен мемлекеттің экономикалық өсімін қамтамасыз етудегі рөлі айқындалды.
2.2 Қоғамның эволюциялық дамуының көріністері
Тарауша қоғамның эволюциялық дамуының көріністері ізденістеріне арналған. Революция, эволюция және даму түсініктерінің мәселелері мен өзара байланыстары талқыланады.

2.3 Сананың ашықтығы әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бағыты ретінде

Берілген тараушада сананың ашықтығы әрбір қазақстандықтың қоғамдық санасын жаңғыртудың бағыты ретінде қарастырылды. Ол үшін сана және сананың ашықтығы ұғымдарының негізгі тұжырымдамалары талданды. Сананың толеранттылығы сананың ашықтығының ерекшелігі ретінде көрсетілді.


Қорыта айтқанда, анықталғандай, нарықтық қатынастардың ажырамас бөлігі болып табылатын бәсекелік қабілет қоғамдық ілгерілеуге мүмкіндік береді. Сондықтан үнемі ғылым мен техника жетістіктері негізінде нарықтық жағдай өзгерістеріне мән бере отырып, барлық деңгейдегі мәдениет көрсеткіштерін арттыру қажет.
Айқындалғандай, прагматизм ұсынған үлгілерді ұстану заманауи әлемдегі табысты ұлт болудың негізін қалайды.
Дәйектелгендей, ұлттық бірегейлік тарихи, саяси, экономикалық, әлеуметтік, географиялық, рухани, құқықтық, діни наным, идеологияның ішкі және сыртқы әсерлері ықпалында қалыптасады. Сондықтан ұлттық бірегейлік қалыптастыруда рухани тәрбие беру мәселелеріне ерекше назар аударған жөн.
Анықталғандай, әлеуметтік, саяси, экономикалық, техникалық және ақпараттық мәселелерді шешу барысында және заманауи ақпараттық қоғамда білім жүйесі ерекше рөл атқарады. Сондықтан білімнің басты міндеті - қоғамдық дамуды жетілдіру, дамудың ғылыми, әлеуметтік, экономикалық салаларындағы адам мен қоғам қызметін үйлестіру саналады.
Айқындалғандай, ғылым, білім, технологиялар және дүниеге ғылыми көзқарастардың дамуы эволюциялық дамуға әсерін тигізеді. Бұл тек саяси-экономикалық қажеттілік қана емес, үдемелі қоғам дамуының заңдылығы
Дәйектелгендей, сананың ашықтығын қалыптастыру экономика, әлеуметтік өмір, саясат, мәдениет секілді бір-бірімен байланысты үдерістер қатынастарымен байланысты. Қоғамдық өмірдің маңызды осы салалар арасында өзара қарама-қайшылықтар мен шиеленістер болып тұрған жағдайда жүйелі түрде реттеліп отырғаны дұрыс.
Алынған ғылыми нәтижелерді практикалық қолданысы:
- оқу үрдісінде қолдану;
- мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар жұмысында қолдану;
- жаңа ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмек.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет