Жобалар әдісін педагог пен тәрбиеленушінің өзара әрекеттестігіне, қоршаған ортамен өзара әрекеттестікке, қойылған мақсатқа қол жеткізу бойынша кезеңдік іс-тәжірибелік қызметке негізделген педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың тәсілі ретінде ұсынуға болады.
Жобалар әдісін әзірлеудің тарихи тәжірибесін жалпылай отырып, мынадай негізгі кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
Мақсат қоюшылық: педагог балаға белгілі бір уақыт кезеңіне ол үшін неғұрлым өзекті және шамасы жететін міндетті таңдауға көмектеседі.
Жобаны (мақсатқа қол жеткізуге арналған қызмет жоспарын) әзірлеу.
Жобаны орындау (практикалық бөлімі).
Қорытындыларды шығару – жаңа жобалар үшін міндеттер анықтау.
Мектепке дейінгі балалардың жасына байланысты психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, жобаларды үйлестіру икемді болуы тиіс, яғни тәрбиеші жобаның жекелеген кезеңдерін ұйымдастыра отырып, балалар жұмысын күштеусіз бағыттайды. Әдетте барлық жобалар МДҰ ішінде, қатысушылар топтарының арасында өткізіледі, бірақ жеке тұлғалық, жеке жобалар (бейнелеу және сөз шығармашылығында) да болады. Мектепке дейінгі бала қызметінің жетекші түрі ойын болып табылатындықтан, кіші жастан бастап рөлдік-ойындық және шығармашылық жобалар: "Бес минуттық қызықты ойындар", "Шағын қадамдармен фольклордың үлкен әлеміне" және басқалар пайдаланылады.

Жобаның басқа түрлері де маңызды, мысалы: кешенді, топтараралық, шығармашылық, топтық, жеке, зерттеушілік жобалар.
Жобаның басқа түрлері де маңызды, мысалы: кешенді, топтараралық, шығармашылық, топтық, жеке, зерттеушілік жобалар.
Ұзақтығы бойынша олар қысқа мерзімдік (бір немесе бірнеше сабақ, 1–2 апта), ұзақтығы орташа және ұзақ мерзімдік болады.
МДҰ-да жобалық әдістің негізгі мақсаты баланың ерікті шығармашыл тұлғасын дамыту болып табылады, ол балалардың даму және зерттеушілік міндеттерімен анықталады:
балалардың психологиялық салауаттылығы мен денсаулығын қамтамасыз ету;
танымдық қабілеттіліктерін дамыту;
шығармашылық қиялдың дамуы;
шығармашылық ойлаудың дамуы;
қатынас-байланыстық дағдыларды дамыту.
Тәрбиешінің жобаны дайындау жөніндегі жұмысының үлгі жоспары
Балалардың зерделенген проблемалары негізінде жоба мақсатын қою.
Мақсатқа қарай жылжу жоспарын әзірлеу (тәрбиеші, әдіскер жоспарды ата-аналармен бірге талқылайды).
Тапсырма дайындау: үй және дербес орындауға арналған.
Жобаның тұсаукесерін немесе сабақтың ашылуын ұйымдастыру және өткізу.
Балалардың жобалық қызметі
Балалардың жобалық қызметі әрбір баланың өздігінен дамуына жағдай жасайды. Жобамен ұсынылатын барлық тақырыптар баланың түсінігіне сай болуы тиіс. Баланың жасы кіші болған сайын, жоба да қарапайым болады. Кішкентай балалар өз жұмысын бір күнге немесе бірнеше сағатқа есептеуге қабілетті. Мектепке дейінгі балалар жобалары күрделі еместігімен және қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Мектеп жасына дейінгі бала өз алдында тұрған міндетті ғана емес, сондай-ақ оны шешудің жолдарын айқын ұғынуы, педагогтың көмегі арқылы жобамен жұмыс жоспарын жасай білуі тиіс.
Жобалардың педагогикалық құндылығы:
оны баланың немесе топ ұжымының күшімен жүзеге асыру мүмкіндігімен;
бала жобамен жұмыс істеу барысында дамытатын икемділіктер және дағдылармен;
баланың жобамен жұмыс істеудегі қызығушылығымен анықталады.
Жобалау кезеңдері
Жобалау кезеңдері
• Дайындық (жоспарды ересектермен және балалармен бірлесіп талқылау, ақпарат іздестіру, міндеттерді бөлісу).
• Іске асыру кезеңі.
• Бірлескен қызметтің тұсаукесері.
Мектеп жасына дейінгі баланың жобалық қызметті игеруі
5 жасқа дейін – еліктеу-орындаушылық деңгей.
5–6 жас – дамытушы деңгей – әлеуметтік тәжірибенің жинақталуы.
6–7 жас – шығармашылық деңгей – дербес қызметті белсенді ұйымдастыру. Өзін-өзі бақылаудың дамуы
Балалар жобалауы – бұл мектеп жасына дейінгі балалардың нәтижесінде олар өмірдің әртүрлі: өндірістік, жеке, әлеуметтік-саяси салалары туралы жаңа түсініктер мен ұғымдарды меңгеретін кіріктірілген қызметі. Бала өз дербес қызметі арқылы танитын нәрсені ғана меңгереді, бұл одан танымдық және практикалық күш-жігерді талап етеді және бұдан кейін өмірде қолданылатын болады.