Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы «___» _________
№ ____бұйрығымен бекітілген
Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
Жалпы ережелер
1. Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама) білім беру бағдарламалары мазмұнының, оқу жүктемесінің көлемінің және кадрларды даярлаудың қорытынды деңгейінің міндетті минимумын анықтайды.
2. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау циклдерінде оқу үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды реттемелеу және біріздендіру есебінен қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру сапасына қол жеткізуге ықпа ету Үлгілік бағдарламаның мақсаты болып табылады.
3. Осы Үлгілік бағдарламаларда келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;
2) кадрларды қайта даярлау – тиісінше басқа медицина немесе фармацевтика мамандығын меңгеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны;
3) кадрлардың біліктілігін арттыру – бұрын алынған кәсіби білімін, іскерлігін және дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша қосымша білім беру нысаны;
4) мамандық - білім туралы тиісті құжатпен расталған белгілі бір қызмет түрін анықтау үшін қажетті мақсатты бағыталған даярлығы және жұмыс тәжірибесі, білімі, іскерлігі мен дағды жолымен алынған кешен;
5) медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша қосымша білім беру (бұдан әрі – қосымша білім беру) – біліктілікті арттыру және қайта даярлау нысанында іске асырылатын, кадрлардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен жүзеге асырылатын оқыту процесі;
6) тағылымдама – денсаулық сақтау ұйымдарында жаңа практикалық дағдыларды үйрену және бұрын үйренген дағдыларды жетілдіру;
7) тыңдаушы – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымда оқуға тіркелген маман;
8) сертификатты цикл – жоғары және орта (техникалық және кәсіптік) медициналық білімі бар тыңдаушыларға, біліктілік санатын алуға үміттенген мамандарға арналған біліктілікті арттыру циклі;
9) силлабус – қосымша білім беруді іске асыратын ұйым бекіткен оқытылатын пәннің сипаттамасы, мақсаты, міндеттері, қысқаша мазмұны, әрбір сабақтың (аудиториялық және аудиториядан тыс) тақырыбы мен ұзақтығы, оқытушының талаптары, бағалау өлшемдері мен қағидалары және әдебиеттер тізімі қамтылған тыңдаушыларға арналған оқу бағдарламасы;
10) симуляциялық технологиялар – нақты, соның ішінде шұғыл жағдайларға барынша жақындатылған, клиникалық және басқа жағдайларды модельдеуде негізделген, нақты шешімдерді жедел түрде қабылдауды, қайталанатын жағдайларды өңдеуді қамтитын кадрлардың дағдысын бағалау және оқытудың заманауи технологиялары.
4. Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау 2009 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасында нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 тіркелген «Медицина және фармацевтика мамандықтары номенклатурасын бекіту туралы» Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №774 бұйрығымен бекітілген мамандықтар бойынша жүргізіледі
5. Біліктілікті арттыру және (немесе) қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларын негізгі қызметі денсаулық сақтау саласында білім беру және ғылыми қызметті жүзеге асыру болып табылатын және «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 11 қарашадағы N 691 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5904 енгізілген) қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың Біліктілік талаптарына сәйкес келетін медициналық білім және ғылым ұйымдары іске асырады.
6. Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау:
Мамандықтар бойынша үлгілік бағдарламаларға;
Оқу жұмысы бағдарламаларына (бұдан әрі – ОЖБ) және Оқу жұмысы жоспарларына (бұдан әрі – ОЖЖ);
мамандықтардың біліктілік сипаттамасына;
оқу-әдістемелік құжаттамаларға сәйкес жүзеге асырылады.
7. Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламалары тыңдаушының міндетті компонент пен таңдау бойынша компонент бағдарламаларын меңгеруін, сондай-ақ тыңдаушының ағымдық және қорытынды бақылаудан өтуін құрайды.
Базалық пәндердің міндетті компоненттерінің және біліктілікті арттыру (216/4 сағат (апта) және қайта даярлау (1080/20 сағат (апта) мен 864/15 сағат (апта) циклдеріндегі сағаттардың ең аз көлемінің тізбесі осы Үлгілік бағдарламалардың 1-қосымшасына сәйкес анықталған.
Бейіндеуші пәндердің міндетті компонентінің және тиісті сағаттардың ең аз көлемінің тізімі осы Үлгілік бағдарламаларға сәйкес 2 және 66 қосымшаларға сәйкес мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларында және оқу бағдарламаларының мазмұнында анықталады.
Мамандықтар бойынша бейіндеуші пәндердің таңдау бойынша компонентінің және тиісті сағаттардың (апталардың) ең аз көлемінің тізбесі білім беру және ғылым ұйымдары өз бетінше белгілейді.
Таңдау бойынша компонент пәндері, еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріле отырып, пәндер мен аралас пәндердің жеке тарауларының терең оқытылуын қамтиды.
8. Қайта даярлау циклдеріндегі және ұзақтығы 4 апта біліктілікті арттыру циклдеріндегі және ұзақтығы 2 апта сертификаттау циклдеріндегі міндетті компонент пен таңдау бойынша компоненттің арақатынасы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларында анықталады.
Біліктілік арттыру циклдері 100% таңдау компоненті пәнінен тұрады, оның ұзақтығы 1 аптадан 3 аптаға дейінгі уақытты қамтиды (сертификаттау циклдерін ескермегенде).
9. Пәндер бойынша медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларының құрылымы оқу мазмұнын анықтайтын білім беру және клиникалық жұмыс түрлерінен қалыптастырылады, олардың арақатынасын, өлшемін және есебін көрсетеді.
10. Барлық жұмыс түрлерінің еңбек өнімділігі меңгерілген материалдың көлемі бойынша сағаттарда (апталарда) есепке алынады.
11. Мамандықтар бойынша медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламалары күндізгі оқыту нысаны арқылы жүзеге асырылады.
Қосымша білім беру бағдарламаларын меңгеру жұмыстан қол үзу немесе ішінара қол үзу арқылы жүргізіледі. Жұмыстан ішінара қол үзі арқылы білім алу жағдайларында кадрлар толымсыз жұмыс уақыты тәртібімен жұмыс істейді және қосымша білім беру нысаны бойынша, соның ішінде Нормативтік-құқық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімдемесінде № 10768 тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығымен бекітілген қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесінде белгіленген тәртіпте қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалану арқылы білім алады.
12. Тиісті мамандықтар бойынша бағдарламалардың мазмұны Үлгілік оқу бағдарламалар негізіндегі Оқу жұмысы бағдарламаларында (таңдау компоненті) анықталады.
13. Ұйым Үлгілік оқу бағдарламасы негізінде (соның ішінде сертификаттау циклдеріне арналған) өз бетінше қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша Оқу жұмысы жоспарлары мен Оқу жұмысы бағдарламаларын (таңдау компоненті пәндеріне арналған) және силлабустарды әзірлеп, бекітеді.
14. Мамандар даярлығының қорытынды деңгейіне қойылатын талаптар тиісті мамандық бойынша қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларының мазмұнында анықталады.
Қайта даярлау бағдарламасын меңгерген маман тиісті мамандықтың кәсіби стандартына және біліктілік сипаттамаларына сәйкес құзыреттерге ие болады («медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №699 бұйрығымен бекітілген).
Біліктілікті арттыру бағдарламасын меңгерген маман сол бағдарламаның мақсаты мен мазмұнына және мамандық бойынша Үлгілік бағдарламаның талаптарына сәйкес құзыретке ие.
15. Ұзақтығы 54 сағат және одан да көп біліктілікті арттыру, сондай-ақ қайта даярлау циклдері тыңдаушыларының бастапқы білім деңгейін анықтау үшін базалық білім беру кезінде – ағымдық, ал білім беруден кейін – қорытынды бақылау жүргізіледі.
16. Бақылау тестілеу, әңгімелесу симуляциялық технологияларды пайдалану, сондай-ақ біліктілікті арттыру, қайта даярлау циклдері оқытушыларының басшылығымен науқастармен жұмыс түрінде жүргізіледі.
Біліктілікті арттыру циклдеріндегі қорытынды бақылау нысанын білім беретін ұйым өз бетінше анықтайды.
Қайта даярлау циклдеріндегі қорытынды бақылау тестілеу (100 сұрақтан кем емес) және симуляциялық технологияларды пайдалану арқылы мамандықтың бейіні бойынша тәжірибелік дағдыларды бағалау түрінде жүзеге асырылады.
Қорытынды бақылау тыңдаушының аудиториялық және аудиториядан тыс жұмысты меңгеруінен тұрады.