Медициналық биология генетика пәні және оның міндеті, негізі даму кезеңдері.
Жоспары: 1.Биология ғылымы.Биология ғылымының негізгі зерттеу әдістері.
2. Медициналық биолгия дегеніміз не?
3.Генетика пәні және оның даму тарихы
4. Генетика ғылымының негізгі зерттеу әдістері.
Биология-тіршілікті зерттейтін ғылым (биос-тіршілік, логос-білім). Биология ғылымы тіршіліктің барлық нысандарын жан-жақты, кең ауқымды зерттейді, яғни ол тірі ағзалардың және олардың табиғи қауымдастықтарын құрылысы, функциясын таралуын, шығу тегін, дамуын, олардың бір-бірімен және тірі ағзалармен өлі дүние арасындағы күрделі байланыс-тарды зерттейді. Биология терминін 1802 жылы Ж. Ламарк және Г. Тревиранус бір мезгілде, бір-бірінен тәуелсіз енгізген болатын.