І кезең – пайда болуы: 1900 – 1930 жылға дейін (классикалық генетика)
ІІ кезең – қалыптасу: 1930 – 1953 жылға дейін (неоклассцизм)
ІІІ кезең – молекулалық генетиканың пайда болуы: 1953 жылдан қазірге дейін (синтетикалық)
Генетика ілімін зерттеген ғалымдар:
Ежелгі дәуірде ХІХ ғасырда
Демокрит Гиппократ У.Бэтсон Ч.Дарви Платон Аристотель В.Иогансен Т.Морган т.б Генетиканың зерттеу әдістері, олар: гибридологиялық, цитологиялық, онтогенетикалық, математикалық, гениологиялық әдіс, популщиялық әдіс, биохимиялық әдіс, феногенетикалық әдіс.
Гибридологиялық зерттеу әдісі – организмнің бойындағы белгілер мен қасиеттердің тұқым қуалау сипаты будандастыру жолымен зерттеледі және ол көбіне генетикалық талдаумен ұштастырады.
Цитологиялық зерттеу әдісі – клетканың құрылымын организмдердің көбеюі мен тұқым қуалайтын информацияның берілуіне байланысты зерттейді.
Онтогенетикалық зерттеу әдісі – организмдердің жеке дамуы кезінде гендердің қызметі мен көрінісін зерттейді.
Математикалық зерттеу әдісі – өзгергіштік пен тұқым қуалаушылықтың статистикалық заңдылықтарын зерттейді.
Гениологиялық әдіс — бұл гибридологиялық әдістің бір түрі болып табылады. Ұрпақтың шыққан тегін зерттеу, оның шежіресін білу арқылы белгілердің тұқым қуу қасиеттерін, соның ішінде тұқым қуатын ауруларды зерттеу үшін адамдар мен баяу өсіп дамитын жануарлардың тұқым қуу заңдарын зерттеу.
Популщиялық әдіс — гибридологиялық әдістің бір түрі. Баяу өсіп дамитын жануарлар мен адамдардың тұқым қуалайтын белгілерін зерттеу.
Биохимиялық әдіс — гибридологиялық және цитогенетикалық әдістермен қатар жеке организмнің даму, өсу барысындағы клеткалардағы процестерді түбегейлі зерттеу және генетикалық материалдың химиялық құрамын, олардағы пайда болған өзгерістерді бақылау.
Феногенетикалық әдіс — гендермен қоршаған ортаның организмдегі белгілерге тигізетін әртүрлі әсерін зерттейді. Сондықтан бұл әдісті әртүрлі тұқымдас немесе түрлі қоршаған ортада дербес өскен организмдердің тұқым куу қасиетін білу үшін қолданылады.
Қазіргі кезде генетиканың ауыл шаруашылық жануарлары өсімдіктер және микроорганизмдер селекциясында алатын орыны белгілі. Генетика селекцияның теориялық негізі ретінде танылады. Оиың ішінде өсімдіктермен жануарлар селекциясының генетикалық негіздері дербес дамуда.
Медициналық генетика — тұқым қуалайтын аурулар, олардан сақтану, оларды анықтау және емдеу туралы ғылым, генетиканың бір саласы. Медициналық генетиканың дамуына молекулалық генетика ашқан ғылыми жаңалықтардың тигізетін әсері зор. Осы заманның молекулалық генетиканың негізгі шешетін мәселесі — тұқым қуалаушылықтың молекулалық негізін анықтап, оның механизмін зерттеу. Бұл — жасуша тіршілігін және тірі жүйедегі организмдердің барлық деңгейдегі биологиялық бағыну тәртібін анықтайды. Бүгінгі таңда тұқым қуалайтын 1 мыңнан аса ауру түрлері бар, соның 400-ден астамы бір ғана ген мутациясының себебінен болады. Жаңа туылған нәрестелердің орта есеппен 5%-ындағы кемтарлық олардың генетикалық материалына тікелей байланысты. Гендік терапия ауру адамның соматикалық немесе ұрықтық (алғашқы дамуы стадия-сында) клеткасындағы кемістікті түзетумен байланыстырыла жүргізіледі. Бірақ мұндай емдеудің қиыншылығы — геннің жеткізілу механизмімен тығыз байланысты, яғни ген қажетті жасушаға дұрыс жеткізіліп, организмнің жұмыс істеу қабілеті жақсарып, оған ешқандай қауіп-қатер төнбеуі керек.
Начало формы