Меңдігүл Бұрханқызы Шындалиева



Дата30.03.2018
өлшемі85,22 Kb.
#39903
Меңдігүл Бұрханқызы Шындалиева
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

баспасөз және баспа ісі кафедрасының профессоры,

филология ғылымдарының докторы

Астана қаласы

Массмедиа және ақпараттық кеңістік

Ел Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы "Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" атты Қазақстан халқына Жолдауында ұзақ мерзiмдi басымдық ретiнде ұлттық қауiпсiздiк айқындалды, оның құрамының бiрi ақпараттық қауiпсiздiк болып табылады.


      Қоғам мен мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық және мәдени өмiрiндегi ақпараттық технологиялардың даму серпiнi ақпараттық қауiпсiздiк мәселелерiн шешуге жоғары талаптар қояды. Тәуелсіз мемлекетімізге қажетті мемлекеттік институттар тәжірибиесі мен біліктілігі күн сайын артып келеді. Соның ішінде ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ұстанып отырған ақпараттық саясаттың мәні зор. Ел Президентінің «Қазақстан -2030» Жолдауы жарияланғанынан бері ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылықпен егіз ұлттық біртұтастық сақталып нығаю түсуде. Ішкі саяси тұрақтылықтың сақталуы қоғамның негізгі бірлігі және қазақ елінде өмір сүріп жатқан жүздеген ұлт өкілдері мен қазақ халқының өзара байланысы, қарым-қатынасы бұрынғыдан да күшейе түсуде. Біздің еліміздегі демократиялық жүйенің қалыптасуында айтарлықтай алға басушылық бар, әлеуметтік-экономикалық дамуымызда оң нәтижелерге қол жетуі халықаралық беделіміздің бұрын-соңды болмаған дәрежеде шарықтап өсуінің себебі болса керек. Біріншіден, елімізде этникалық топтардың құқықтары тең болуы қамтамасыз етілген, екіншіден, әр кезеңдерде туындаған әлеуметтік проблемалар дер кезінде шешіліп отырады, үшіншіден, әртүрлі конфессиялар арасында сенімді қарым-қатынас орнаған.

Қазақстан Орта Азия елдері ішінде ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтау саясаты жағынан алда келеді. Қазіргі таңда Қазақстанда сындарлы ақпараттық саясатты жүзеге асырылып отыр. Азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі ақпараттық саясатқа негіз бола отырып, Қазақстанда барлық мүмкіндіктер толыққанды қамтамасыз етілу жағы қарастырылған. Ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру үшін ақпаратқа еркін қол жеткізу, мемлекет пен масс-медиа арасындағы байланыс және елімізде коммуникацияларды дамыту мәселелерін заңнамалық тұрғыда өзара ажырату мақсатында Қазақстан өз ақпарат кеңістігін қамтамасыз ету үшін Елбасы Жарлығымен «2006-2009 жылдардағы Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңіс­ті­гінің бәсекеге қабілеттілігін да­мыту туралы» тұжырымдамасын бекітті. Мұнда заманауи ақпараттық қоғам құру көзделіп, электронды үкімет, сандық телевидение және интернет жүйесін кеңінен қолдану жан-жақты қарастырылған. Шалғайдағы елді мекендердің әр тұрғыны қажетті ақпаратқа және бүкіләлемдік ғаламтор қызметіне қол жеткізуіне мүмкіндік жасау жолдары кеңінен қарастырылып жатыр.

Әртүрлі ақпарат көз­дерін пайдалану арқылы халықтың дүниеге көзқарасы кең түрде қалыптасып, жан-жақты мәлімет алуға мүмкіндік туып отыр. Қазақ тілді басылымдардың саны мен сапасы жылдан жылға көтеріліп келеді, «Айқын», «Жас қазақ», «Алтын Орда», «Түркістан», «Ана тілі», «Айқара»т.б. сияқты басылымдардан оқырман көп нәрсе үйренуіне болады. Ал ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ақпараттық саясатты жүргізуде республикалық «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Жас алаш», «Нұр - Астана» басылымдары белсенділік танытып, саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастыруды, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз етіп, анағұрлым байыппен, сындарлы және ашық талқылауды үрдіске айналдырған.

Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтарды қоғамдық-саяси қызметке, әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кеңшілікке, төзімділікке, қоғам алдындағы жауапкершілікке баулуды жүзеге асыруды еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары жүзеге асырып отырғаны күмәнсіз. Оның ішінде «Қазақстан -1» ұлттық арнасы, «Хабар» агенттігі, «Астана» арнасы қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға жұмылдыруда қомақты істер атқарып келеді.

Қазіргі БАҚ-тың ақпараттық-танымдық маңызы зор, ақпараттық кеңістігімізді өзгеден қорғау үшін қазақстандық БАҚ-тың мәселелері мемлекеттік дәрежеде шешіліп отыр деуге толық негіз бар. Біздің мемлекетіміз өз ақпараттық саясаты арқылы ел мүддесін көздеп отыр. Ақпараттық заманда бәсекеге қабілетті болу үшін кез келге бАҚ өзінің техникалық мүмкіндігі мен полиграфиялық деңгейін, материалдық жағдайын жақсартып, журналистердің табысын көтеріп, нәпақа үшін біреуге тәуелді болмауын, өз еліміздің мүддесіне жұмыс істейтіндей жағдай жасау жағы да қарастыратын күнге жеттік. Ақпараттық саясат заңдық тұрғыда реттелген жағдайда ғана қоғам өкілдерінің ақпаратқа біркелкі қол жеткізе алуы қамтамасыз етіледі. Ақпаратқа толыққанды қол жеткізу мүмкіндігі қоғам өкілдерінің, ақпарат алушы мен ақпаратпен қамтамасыз етуші арасындағы өзара ықпалдастықтың нәтижесінде ғана жүзеге асады. Бұл жерде негізгі ақпарат жалғастырушы рөлін бұқаралық ақпарат құралдары атқарады.

Бүгінгі таңда Қазақстан заманауи ақпараттық қоғам құруды көздеп отыр. Сондықтан оның негізі - электронды үкімет, сандық телевидение, интернетті кеңінен қолдану және ақпаратқа жедел қол жеткізу болып табылады. Бұл туралы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Тұрақты кеңесінде сөз сөйлеген Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев мәлімдегені белгілі. Министріміздің Қазақстанның ақпараттық кеңістігін дамыту жөніндегі баяндамасын көпшілік қауым жоғары бағалады.

Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Конституция оның ең жоғарғы құндылығы адам, адамның саяси өмірі, құқығы мен бостандығы деп ерекше атап өтті. Мұның өзі қоғамдағы көп жақты, көп сатылы қарым – қатынастарды реттеудің негізгі құралы ретінде саяси сана мен ақпараттық саясат істерінің оңға басуына жол ашты. Қоғамдағы шынайылықтың объективті ақиқат қисынын тек зиялы, білімді қоғам өз қалыптасуының барысында, демократияның барлық мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, жан-жақты аша түсетінін озық мемлекеттердің дамуы дәлелдеп отыр. «Мемлекетіміз өзінің алдына ұзақ мерзімге үлкен жоспаралар қойып отырғанын біз жақсы білеміз. Еліміз 2030 жылдары Орта Азияның барысына айналғалы отыр. Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ақпараттық саясат қалыптастыру және нақты іске асыру мәселелелері шектен тыс көп қырлы. Кез-келген қоғамда демократияның пайда болуының қажетті алғышарты — онда азаматтық саяси мәдениет пен онымен тығыз байланысты демократиялық ақпараттық саясаттың өмір сүруі болып табылады. Қазіргі таңда қоғамымызда демократиялық ақпараттық саясат қалыптасып орнықты.

Ақпараттық саясаттың мақсаты қоғамдағы жағдай мен өзгерістерді дер кезінде азаматтарға жеткізіп, демократиялық саясат туралы ақпараттарды тарату, осы негіздегі құндылықтарға тәрбиелеу арқылы оны орнықтыру болып табылады.

Тәуелсіз Қазақстанның өтпелі кезеңдегі дербес мемлекеттік ақпараттық саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен оны жүзеге асырудың өзекті мәселелерін төмендегідей қажеттіліктерден туындап отыр: Біріншіден, ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ақпараттық саясаттың рөлі ерекше, екіншіден, ақпараттық саясаттың рөлі жастардың саяси білімін қалыптастыруына ықпал ететін негізгі фактор, үшіншіден, Қазақстанның саяси тұрақтылығының қалыптасуы мен дамуына ақпараттық саясат қызмет етеді.

Ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ақпараттық саясат нақтылы саяси жүйенің сипатын, саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсіндіруді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырады. Ақпараттық саясат ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейді.

Ақпараттық саясатты қалыптастыруға ең бірінші мемлекет қатысады. Кез келген ел бұл міндетін заң шығару, атқару және сот органдары арқылы жүзеге асырады. Мемлекетпен қатар ақпараттық саясатты қалыптастыруға қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысады. Ақпараттық саясатты қалыптастыруда елеулі рөл атқаратын бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз, радио, теледидар жатады. Қазір оларды биліктің төртінші саласы деп жүргені тегін емес. Әсіресе, ғылыми мен техниканың дамыған жағдайында теледидардың рөлі орасан өсті. Бүгінгі таңда әлемдегі, өз еліндегі болып жатқан жаңалықтарды миллиондаған адам теледидар арқылы көзімен көре алады. Сондықтан ішкі жөне сыртқы саясат бойынша қабылданып жатқан шешімдер саяси сананы қалыптастыруға зор әсерін тигізе отырып, ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін белгілеп беріп отыр. Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асыру мен ақпараттық саясат қалыптастырудағы нақты қадамдары болашаққа бастаған Елбасының жасампаз да жарқын жолы екені сөзсіз.

Ақпараттық соғыс деген ұғымының пайда болғанына көп уақыт өткен жоқ. Ақпараттық соғыс жүргізудің стратегиясы 100 жыл бұрын «Сион даналығы хаттамаларының жинағы» деген құжатта құрастырылып, қазіргі ірі-ірі державалардың ақпараттық саясатында сол өсиеттің басты қағидаға айналып отырғанына куәміз. Бұл құжаттың екінші тарауында мемлекет жүйесінде халықтың қоғамдық ойын қозғаушы құдіретті күші – баспасөзге баса мән беру. Ақпараттық майдан жүргізуде кез келген ел өзгенің басқару жүйесі, халықты ақпараттандыру, терроризм, экономикалық соғыс, қаржы бағдарламасы, жалпыхалықтық дауыс беру, т.б.сияқты мемлекеттің басты салаларын тұтастай бақылауға алуы тиіс. Кеңес Одағы тұсындағы ақпараттық соғыс­тың мәні үш бағытқа жұмылды­рылғаны белгілі. Онда америкалық саясатты жоққа шы­ғаруға арналған материалдар жариялау, сонымен қоса АҚШ пен НАТО-ға кіретін мемлекеттерді арандатуға арналған материалдар әзірлеу, бейбітші­лік­ті жақтайтын батыстық мемле­кет­­терді қолдау көзделгені ақиқат.

Қазақстан өз ақпарат кеңістігін қамтамасыз ету мақсатында Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен «2006-2009 жылдардағы Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңіс­ті­гінің бәсекеге қабілеттілігін да­мыту туралы» тұжырымдамасын бекітті. Бірақ біздің елдің ақпарат кеңістігі Ресейдің ақпараттық экспансиясынан құтыла алмай отыр. Ре­сейден келген әрбір басылым жергілікті ау­дан­дық, қала­лық әкімші­ліктерден тіркеуден өтпей-ақ таратылуа. Оның ішінде «Комсомольская правда Казахстан», «Аргументы и факты Казахстан», т.б. басылымдардың қосымшалары шектеусіз таралуда. Қазақстандағы ресейлік телеарналар мемлекетаралық, үкіметаралық келісімдер арқылы хабарларын таратып отыр. Оны басқа елдер сияқты мүлдем жауып тастауға тағы болмайды. Олар заңда белгіленген 50 де 50 бойынша тепе-теңдік сақтап, орысша хабарлар қазақшаға аударылып берілуде. Бір ескеретін жағдай қазақша хабарлар түн ауа берілуі түсініксіз. Сонда қазақша көретін қазақтар түнде ұйықтамайтын «үкі» болғаны ғой. Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі негізінен, «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңда да қарастырылған. Онда шетелдік БАҚ-тың акциялары 20 пайыздан аспауы тиіс деп көрсетілген. Нақтылы өмірде бұл заңдар іске аспай отырғаны тағы бар.
Ресейлік БАҚ-тың ақпараттық-танымдық маңызы зор, бірақ тәрбиелік мәні жоқ хабарлар мен басылымдарды таратуға тосқауыл қойып, шектеу міндеті дұрыс атқарылып отыр ма деген заңды сауал туады. Қазақ халқының діліне жат көрсетілімдер мен газет-журналдардың өзі қазір еліміздің аймақтарында таратылып жатыр.

Мемлекетіміздің ақпараттық саясатында қазақ мүддесі бар екенін ескерсек, Ресей БАҚ-тары арқылы көп нәрсені үйренуге болатынын да мойындағанымыз жөн. Ресейдің БАҚ-мен біздің Қазақстан БАҚ-тары таласа алмайтыны бесенеден белгілі. Жоғары бәсекеге қабілетті болу үшін техникалық мүмкіндік пен полиграфиялық, материалдық жағдай да рөл атқаратыны көп жағдайда ескерілмейді. 150 млн. халқы бар Ресейден 15 млн халқы бар Қазақстанның үйренері көп. Өзіміздің ақпараттық кеңістігіміз анық та мықты болуы үшін ірі-ірі құрылтайшысы бар БАҚ-тар мемлекет саясатымен ортақ мүддеге жұмылдырылса ғана ақпараттық саясатты жүргізуде табыстарға жетуге мүмкіндік туады. Сонда ғана БАҚ неғұрлым шындыққа жақын болатыны сөзсіз.

Жергілікті деңгейдегі БАҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу асыру мақсатында бюджеттен жыл сайын миллиондаған теңге бұқаралық ақпарат құралдарына, электронды бұқаралық ақпарат құралдарына бөлініп отыр.

Мемлекеттiң ақпараттық саясатын қамтамасыз ету адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын iске асыруға қабiлеттi ұйымдастырушылық, техникалық, бағдарламалық, әлеуметтiк тетiктердi қамтитын кешендi көзқарасты пайдалануды, Қазақстан  Республикасының егемендiгi мен аумақтық тұтастығын, саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылықты, заңдылық пен құқықтық тәртiптi қорғау мақсатында пайдалануды, ақпараттық қауiпсiздiк саласында өзара тиiмдi халықаралық ынтымақтастықты дамытуды талап етедi.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет