«Мәңгілік ел»- ежелгі түркілер мұраты «Мәңгілік Ел»



Дата11.05.2022
өлшемі22,97 Kb.
#142366
Байланысты:
Мәңгілік ел


«Мәңгілік ел»- ежелгі түркілер мұраты
«Мәңгілік Ел» ата-бабамыздың сан мындаған жылдар бойғы асыл арманы. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Мәңгілік ел идеясының тарихи бастамасына көз жүгіртер болсақ, көне түркілердің осы сипаттағы идеясы үш негізден тұрады. Оның біріншісі – көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел»идеясы.
«Мәңгілік ел» – Тәуелсіздік алғаннан кейін қалыптасқан, мыңжылдық мәні бар жалпыұлттық, философиялық идея. Көреген хандарымыз бен дана билеріміз, Алаш арыстары елін қайырымды қоғамға, қазақ жерін жайлы мекенге, Жерұйыққа айналдыруды арман етіп, сол үшін жанын да аямағаны тарихтан белгілі. Түркі халқының елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі. Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар, бұл жерде «Мәңгілік Ел» ұғымы қазіргі Қазақстанның тәуелсіздік рухы және азаттық идеясымен үндесіп тұр. Қазақстан халқының тарихи тағдыры мен жалпы мүдделері, біздің елімізді дамытудың базалық құндылықтары көрінетін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас тұғыры, жеті құндылықтар ұсынылған. Тәуелсіздік және Астана, Жалпыұлттық бірлік, Бейбітшілік пен келісім, Зайырлы мемлекет және жоғары руханият, Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім, тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы, Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. «Мәңгілік ел» идеясы – халықтың мүддесіне, қоғамдағы тыныштық пен ынтымақтастыққа қызмет ететін, бағыты мен бағдары анық жол, бейбітшілік пен келісімді, ұлтaрaлық татулық пен төзімділікті сақтaп, сындарлы сәттерден сүріндірмейтін ұлы мұрат.
Бұрынғы-соңғы білімдарлардың пайымдауынша, елді ілгері сүйрейтін идея мемлекеттік сипат алып, қоғам мүшелерінің көңілінен шығуы үшін негізгі екі талап орындалуы тиіс екен.
Оның біріншісі – сол мемлекетте өмір сүріп отырған халықтың болмысымен, мақсат-мүддесімен толық сәйкес келуі;
Екіншісі – мемлекет тарихымен сабақтасып, ұзақ мерзімдер бойы сол қоғамда қалыпты, жетекші идеологиялық мәні болуы. Ұлы қағанат құрған түркілер осы екі қағиданы да ұстанған екен.
Қазақ халқы Түркі қағандары мен Қазақ хандарының, Абай мен Алаш қайраткерлерінің ізгі арманы болған ұлттық идеологияны қалағандықтан, «Мәңгілік Ел» идеясын ту етіп көтеру қажеттілігін сезінді.
Бүгінде бізді «Мәңгілік Ел» құндылықтары: азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, оқымыстылық, толеранттық, шын берілгендік пен патриотизм біріктіреді», – деді. Шындығында, бірлігі мықты, іргесі бүтін елдің қашанда ырзығы мол. Еліміз осындай баға жетпес байлығы – татулығымен мақтана алады. Қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Олардың ішінде қазақ ұлтының үлесі - 63,6 %, орыстар – 23,3%, өзбектер – 2,9%, украиндар – 2%, ұйғырлар – 1,4%, татарлар – 1,2%, немістер – 1,1%, басқа ұлыстар 4,5% құрайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2000 жылы 14-желтоқсанда латын алфавитіне көшу мәселесіне қатысты өз пікірін білдіре келіп, өте мұқият дайындықтан соң латын алфавитіне көшетінімізді айтты. Бұл жерде Тоныкөк негізін салған «Мәңгілік ел» идеясын қалпына келтіруші, жандандырушы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына славяндық кириллица емес, түркі тектес бауырларымыз қолданатын латын қарпіне көшудің қажеттілігін айтты.
«Мәңгілік Ел» болу – шектеусіз ғұмыры бар, тәуелсіз, тұғыры биік, ғылым-білімі дамыған, бірлігі жарасқан алдыңғы қатарлы, әлем таныған алпауыт елге айналу. Мәңгілік Ел идеясы —қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология .

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет