«Мәңгілік ел» құндылықтары және рухани жаңғыру пәні бойынша білім алушылардың өзіндік жұмысы (БӨЖ) мен оқытушымен бірге орындалатын білім алушылардың өзіндік жұмысын (оббөЖ) ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқау



бет1/24
Дата18.09.2023
өлшемі104,58 Kb.
#181370
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Заги obbozh


Ф8-ПД-33-21





«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»






«ЦЕНТРАЛЬНО-АЗИАТСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ»



«Педагогика және тілдер» факультеті


«Педагогика» кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»


Оқу- әдістемелік жұмыстар
жөніндегі проректор
________Л.В. Игнашова
«____»____________2022


«Мәңгілік ел» құндылықтары және рухани жаңғыру пәні бойынша


білім алушылардың өзіндік жұмысы (БӨЖ) мен оқытушымен бірге орындалатын білім алушылардың өзіндік жұмысын (ОББӨЖ)
ұйымдастыруға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Барлық білім беру бағдарламасы үшін

Шымкент, 2022 ж.

«Мәңгілік ел» құндылықтары және рухани жаңғыру пәні бойынша білім алушылардың өзіндік жұмысы (БӨЖ) мен оқытушымен бірге орындалатын білім алушылардың өзіндік жұмысын (ОББӨЖ) ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқау. – Шымкент: Орталық Азия Инновациялық Университеті, 2022ж.


Құрастырушы: _______________ Ізімбетова З.Т.

Әдістемелік нұсқау «Мәңгілік ел» құндылықтары және рухани жаңғыру пәнінен білім алушылардың өзіндік жұмысы (БӨЖ) мен оқытушымен бірге орындалатын білім алушылардың өзіндік жұмысын (ОББӨЖ) ұйымдастыруғаарналған.Әдістемелік нұсқау БӨЖ мен ОББӨЖ тақырыптары, Мақсаты мен міндеттері мен міндеттері, ОББӨЖ өткізілу формалары, тақырып бойынша тапсырмалар, бақылау түрлері, БӨЖ тапсырмаларыжәне ұсынылатын әдебиеттерден тұрады. Әдістемелік нұсқау оқу жоспары мен пәннің оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес құрастырылған, пән бойынша білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға қажетті барлық мәліметтер қамтылған.
Әдістемелік нұсқау университеттің барлық білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған.
Әдістемелік нұсқау «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.
Хаттама № « »_____ ____2022ж.
Кафедра меңгерушісі: _________________ Джумагулова Г.Ш.

Әдістемелік нұсқау Орталық Азия Инновациялық Университеті Әдістемелік комиссиясының мәжілісінде қаралып, мақұлданған.


Хаттама № « » _______ _____ 2022 ж.


Комиссия төрағасы __________________ Елибаева Р.Д.


Әдістемелік нұсқау университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінде қаралып, бекітілген.

Хаттама № « » ______ ______ 2022ж.


ОӘК хатшы _______________________ Мамадиева К.Х.



Мазмұны
Кіріспе ..........................................................................................................................4

БӨЖ мен ОББӨЖ ұйымдастыру жөнінде жалпы мәліметтер...................................5


ОББӨЖ мазмұны .......................................................................................................... 8


БӨЖ мазмұны................................................................................................................15



Кіріспе

Білім беру жүйесіндегі бакалавр бағдарламасы сапалы жоғары білім берудегі және білікті мамандар даярлап оқытудың түрлі деңгейіндегі алғашқы баспалдақ болып саналады. Оқу үдерісін кредиттік жүйе бойынша жүргізу дүниежүзілік білім беру жүйесіне енуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күннің еңбек нарқы сұранысына сай маман кадрларды дайындауда кредиттік жүйе бойынша білім беру – заман талабы. Бұл жүйе – білім алушыны өз бетінше білім алу бейімділігін дамытып, шығармашылық негізде білім алуды өз мүмкіндігіне қарай икемдеп оқытатын технология.


Кредиттік технология шарты бойынша оқытудың оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде оқу пәнінің көлемі 3 кредиттен кем болмайтын өлшеммен бағаланып жатқандықтан, оқу бағдарламасына сәйкес әрбір тақырыптық блоктағы пәннің оқу материалдарын, студенттің өз бетінше жұмысы (СӨЖ) берілген тапсырма бойынша оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс және (СОӨЖ) белгіленген кесте бойынша аудиторияда оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысы арқылы сабақ түрлерін жаңаша ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі оқытушы білім алушының тану-ойлау қызметін ұйымдастырушы, білім алушы өз бетінше белсенді түрде жұмыс жасаушы, оның өзіндік даярлығына тиесілі уақыт аудиториялық сағатқа қарағанда екі есеге артық не 70 пайыздан кем болмауы керек, өйткені әрқайсысының білім деңгейі, қабілеті бірдей емес.
Өзіндік жұмыс оқу жұмыс жоспарының әрбір пәні бойынша ұйымдастырылады.
Қазіргі таңда заманауи білім алушының білімді өз бетінше толықтыруы мен жаңартуы, мамандығына қажетті материалдар бойынша ана тілінде және шетел тілінде өзіндік ізденіс жүргізуі, шығармашыл тұлға болып қалыптасу жолында өзіндік қабілеттеріне деген талап қоюы - өзекті мәселе болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет