Мейрамхана бизнесіндегі маркетинг тұжырымдамасы



Дата07.02.2022
өлшемі15,94 Kb.
#83673
Байланысты:
Мейрамхана 1-апта Аймағамбетова Алтыншаш


Мейрамхана бизнесіндегі маркетинг тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы салалардың жылдам диверсификациялық дамуы және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға байланысты. Осының ішінде қоғамдық тамақтану саласының дамуы тиімді үрдіс болып табылады. Себебі, ол біріншіден халықты жұмыспен қамтамасыз етсе, екінші жағынан экономикалық өсу үшін белгілі бір мөлшердегі үлесін қосады. Жалпы қоғамдық тамақтану саласы саудалық қызметке жатады. 2010 жылғы Қазақстан Республикасының саудадағы қызметте алатын үлесі ЖІӨ-ң 12,2%. Қоғамдық тамақтану орындары бірқалыпты дамуда, сонымен қатар еліміздің басқа да экономикалық салаларымен салыстырғанда динамикалық өсуі байқалады. Статистикалық берілгендер бойынша қоғамдық тамақтану саласынан түсетін пайда жылына 700 млн АҚШ долларын құрап отыр (барлық қоғамдық тамақтану орындарын қоса есептегенде). Ал соңғы дағдарысқа дейінгі бес жылда оның өсімі 37% болды. Бұл салаға салынған инвестиция орташа 3-4 жылда қайтарылады. Қоғамдық тамақтану жүйесінде мейрамхана ерекше орын алады.


Мейрамхана бизнесі – тұтынушының жақсы демалуына қолайлы жағдай жасай отырып, сонымен қатар оның эмоционалды және эстетикалық қажеттілігін қанағаттандыра отырып, тұтынушыға жоғары сапалы тағамдар мен қызметтер түрлерін ұсынатын арнайы мамандандырылған қызмет түрі. Қазақстандағы мейрамханалар қызметі нарықтық экономикаға көшкеннен бастап белгілі өзгерістерге ие болды. Халықтың әлеуметтік жағдайы жоғарылаған сайын әлеуметтік-мәдени және мәдени демалатын орындарға сұраныс та арта түсті (кафе, мейрамхана, клубтар). Қоғамдық тамақтану нарығында ұсынылатын өнім, қызмет, олардың бағасы, бәсекелестігі тұтынушылар сегментіне байланысты икемделді. Ол үшін маркетинг қызметі қолданылуда.
Қоғамдық тамақтану саласындағы маркетинг ерекшеліктері:
Қоғамдық тамақтандыру саласындағы маркетинг 7 элементтен тұрады:
-Тауар немесе қызмет көрсету;
-Баға;
-Өндіру;
-Коммуникация;
-Қызмет көрсету үрдісі;
-Персонал;
-Физикалық қоршаған орта.
Қоғамдық тамақтану саласы өндіріс пен тұтыну қызметін тура байланыстырады. Қызмет сферасының басқа да секторларындай қоғамдық тамақтануда тұтыну мен өндіру үрдісі сәйкес келеді. Бұл салада өндіріс үрдісі тауар және қызметті сату мен тұтыну өзара байланыстырылған. Сонымен қатар тұтынушыға қызметтердің көптеген түрлері ұсынылады. Қазіргі кезде ұсынылатын қызмет пен тауар бірігіп, «жағымды әсер» деп аталатын инновациялық тауарға айналды. Осыған байланысты қоғамдық тамақтандыру орындары негізгі қызмет түрін өзгертіп қана қоймай, сонымен қатар қосымша қызметін де жетілдіруде.
Қоғамдық тамақтандыру қызметіне деген сұраныс елімізде маусымдық сипатта жүзеге асырылып жатыр. Практика бойынша бұл саладағы максималды сатылым көлемі қыста, минималды сатылым көлемі жазда. Осыған байланысты мейрамхана бизнесіндегі маркетингті басқару мәселесі – сұранысты теңестіру. Ол үшін бағаны реттеу, жеңілдіктер қолдану және т.б. шаралар қолданылады. Сонымен қатар мейрамхана бизнесіндегі сұраныс икемді болып табылады. Себебі ол тұтынушының төлем қабілеттілігі мен табысына байланысты болады.
Қоғамдық тамақтанудағы өнім мен қызметтің өзара бірін-бір толықтыруы. Мейрамхана бизнесі ең алдымен тұтынушыға байланысты, тұтынушы мейрмахананың жұмыс істеу мерзімін ұзартады немесе қысқартады. Сонымен қатар өнімнің сапалығы мен оның дайындалу технологиясы да маңызды. Ал өнім түрлері, құрамы және сапасы бәсекелестік жақсы дамыған мейрамхана бизнесінде нарық сегментін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Қоғамдық тамақтану орындарындағы баға кәсіпорын типі мен мақсатына байланысты. Қазақстандағы қоғамдық тамақтандыру орындарында бәсекелестік баға мен дифференциация стратегиялары қолданылады. Қоғамдық тамақтандыру орнының ұсынатын бағасы оның өмірлік цикліне байланысты. Қоғамдық тамақтандырудағы бағаны қалыптастыру (асхана мен элитті мейрамханаға дейін) 50-1000% саудалық баға қоюмен реттеледі.
Қоғамдық тамақтандырудағы қызметті жылжыту үшін арнайы жылжыту арналары және жеке коммуникациялар қолданылады. Сауда агенттері ролінде даяшылар қызмет атқарады. Зерттеу бойынша қоғамдық тамақтандыру туралы ақпараттар жеке қарым-қатынас немесе ауызша жарнамалау арқылы (жағымды әсер қалтыру) жүзеге асады.
Мейрамхана бизнесіндегі қызметтің өзгермелілігі. Бұл жерде персонал біліктілігі маңызды роль атқарады. Бұл арнайы персоналға арналған маркетингтік концепцияны жасау, қызмет көрсету стандартын ұстану, мотивация және қызмет сапасын қадағалау арқылы жүзеге асады. Жалпы мейрамхана бизнесіндегі көрсетілетін қызмет сапасы елімізде өте тұрақсыз, себебі қызмет көрсететін персонал өз қызметін толық деңгейде жүзеге асырмайды немесе немқұрайлылық танытады.
Архитектура және дизайн, интерьер және қызмет көрсету үрдісі, қызметті тұтыну атмосферасы мен жағдайы. Кез келген қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызмет көрсетушілер ең алдымен тұтынушыға оның күткен қызмет көрсетуінен 10 есе жоғары қызмет көрсету мен атмосфера сыйлауы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет