Тапсырма 5№ Cтуденттердің бейнелеу дағдыларын қалыптастыру. Тақырып



Дата07.02.2022
өлшемі16,09 Kb.
#82713
Байланысты:
КЕ зд-5




Тапсырма 5№ " Cтуденттердің бейнелеу дағдыларын қалыптастыру.


Тақырып. Натурадан кезеңдерін сақтап суретті салу./ Кескіндеме-живопись/»
1.2-3 заттан тұратын қойылым (ыдыс-аяқтар, гүлдер т.б.).
2. Натурадан суретті кезеңдермен орындау./2-3 заттан тұратын натюрморт, кескіндеме/
Затты қарапайым қарындаш арқылы бейнелеуде сурет салу ережелеріне сүйенген дұрыс. Сурет салуға үйрету бейнелеу өнерінің ең негізгі міндеті болып табылады. Сондықтан сызық арқылы нобай, долбар (набросок) жасауға үнемі жаттығамыз. Көзбен көрген нәрсесін есте сақтап, жылдам бейнелеуге үйренеміз. Долбар жасауда нақты заттың пішіні жіңішке әрі жуан тұтас сызық арқылы бейнеленеді. Суретте түзу сызықтан гөрі қисық сызық әлдеқандай жанды болып келеді. Әсіресе қимылды жануарлар мен адам образын бейнелеуде долбардың рөлі зор. Сондықтан жанды нәрселерді бейнелеуден бұрын, ең алдымен қарапайым заттардың суретін салып үйренгеніміз дұрыс. Тек қана әрбір заттың пішіндік ұқсастығын тауып қана қоймай, оның реңдік қатынасына да баса назар аударған жөн. Реңдік қатынастар жарық пен көлеңке бөліктерін беру арқылы шешіледі.
Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Мешиікті көлеңке дегеніміз — заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп табиғи сәуле мен жасанды жа- рық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз — жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз — нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз — меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз — заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Сонымен затты штрихтау арқылы өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.
Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.
1-кезең. Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу.
2-кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра карау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек. Суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.
3-кезең. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олардың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке арқылы айқындалады. Әрбір заттың өңінің көмескі не қараңғы болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты.
4-кезең. Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.

Әдебиеттер:

  1. Щипанов. А.С. Әуесқой жас суретшілермен мүсіншілерге. Алматы «Мектеп», 1989.

  2. Төлебиев. Ә. Сурет сала білесің бе? Алматы «Өнер», 1990.

  3. Әлмұхамбетов. Б. Балкенов. Ж. Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері. Алматы «Мектеп», 1987.

Бағалау критерийлері:
3 балл/100% – материалдар толық әрі нақты дайындалады, қосымша деректермен толықтырылады, дер кезінде тапсырылады;
2 балла/67% – материалдар толық емес дайындалады немесе нақтылық жоқ, қосымша деректермен толықтырылмайды, дер кезінде тапсырылады;
1 балл/ 33% – материалдар толық емес дайындалады, нақтылық жоқ, қосымша деректер жоқ, дер кезінде тапсырылмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет