ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ Ы.Алтынсарин еңбектері: - “Қазақ хрестоматиясы”
(Кел, балалар оқылық!) - “Қазақтарға орыс тілін оқытудың қолданбасы”
(әңгіме әдісін қазақ мектебінде алғаш рет қолданды) А.Байтұрсынов еңбектері: - Мектеп балаларына арналған “Оқу құралы”, 1912 ж.
- “Баяншы”
- “Нұсқаушы”
- “Әліппе”
- “Сауат атқыш”
- “Тіл жұмсар”
А.Байтұрсыновтың тілді үйретуде ұсынған тиімді тәсілдері мен қағидалары: - Тілдік материалды жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге қарай оқыту;
- Кез келген тілді үйретуді “қаріптан” , яғни әріптен бастау керек;
- Тілді үйрету ана тілінің сөз, сөйлем жүйесін білгізумен қатаржұруі тиіс;
- Тіл арқылы сауат ашуда суреттерге көп мән берілуі керек;
- Оқушыларға арналған материалдар аса түсінікті болуы шарт;
Мәтіндер, көрнекіліктер, иллюстративтік материалдар аса түсінікті болуы шарт; - Мәтіндер, көрнекіліктер, иллюстративтік материалдар аса түсінікті болуы шарт;
- Тілді оқытуда тіл ұстартуға, көркем сөзге де ден қойған жөн;
- Тілді үйрету үшін мұғалім бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, табанда өзі қажет әдісті тауып, пайдалана білуі керек;
- Мұғалім балаға білімді өз тәжірибесі арқылы жинақтауға жағдай жасап, тілді тез үйренуге қарай үнемі бағыт-бағдар сілтеп отыруы қажет.
Жүсіпбек Аймауытов еңбектері: - “Тәрбиеге жетекші” (Орынбор, 1924)
- Психология (жан жүйесі) мен өнер таңдау” (Мәскеу, 1926)
- “Комплекспен оқыту жолдары”
Ж. Аймауытовтың қазақ тілін оқыту мәселелеріне қатысты еңбектерін былай топтастыруға болады: - Қазақ тілін сапалы әрі тиімді оқытуға байланысты жазылған еңбектер;
- Қазақ тілін әріптен бастап үйрету әдісіне арналған еңбектер;
- Қазақ тілін жүйелі түрде оқытуға бағытталған еңбектер.
Тілді меңгеру үшін баланың ынтасын жетілдіру – ең маңызды шарт (Ж.А.) - Алдын ала дайындалған сұрақтар арқылы баланың ынтасын бұру;
- Баланың ынтасын арттыратын, қызықты мағлұматтарды ғана алу;
- Баланың ілтипатын қадағалап қоймай, мұғалімнің өзі де материалды бар ынтасымен үйрету;
- Жаңа материалды баланың бұрыннан білетін материалдарымен ұштастыра білу;
Қажетсіз мағлұматтардан сақтану; - Қажетсіз мағлұматтардан сақтану;
- Оқыту барысында қолданылатын көрнекіліктерді күшейту;
- Сабақ оқыту әдіс-тәсілдерін үнемі өзгертіп отыру.
М. Дулатовтың мақалалары: - “Кім оқытады? (Еңбекші қазақ, 1923)
- Газет тілі оңды болсын. (Еңбекші қазақ, 1927)
- Мектеп-медреселер туралы;
- Оқшау сөз;
- Жаңа жазу ережелері;
- Үлгілі іс.
М.Жұмабаев еңбектері: - “Ана тілі: бастауыш мектепте”
- “Қызыл әскер әліппесі”
- “Сауатты бол”
- “Қазақстандағы оқу жұмысының құрылысы”
Мына ғалымдарды білесіздер ме? Қай салада еңбектер жазды? - Телжан Шонанов
- Ш.Х.Сарыбаев
- С.Жиенбаев
- Ғ.Бегалиев, И.Ұйықбаев
- Д.Әлімжанов пен Ы.Маманов
- А.Исаев
Телжан Шонанов еңбектері: - “Әліппе”
- “Жаңа арна”
- “Шала сауатты ересектер үшін оқу құралы”
- “Қазақ тілінің оқу құралы”
- “Орыстар үшін қазақша әліппе”
Ш.Х. Сарыбаев еңбектерін бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады: - Қазақ тілін орыс мектебінде оқыту мәселесі;
- Қазақ тілін қазақ мектебінде оқыту мәселесі;
- Фонетиканы оқыту мәселесі;
- Орфография және оның принциптерін оқыту мәселесі;
- Етістіктің грамматикалық категорияларын оқыту мәселесі;
- Сөз таптарын оқыту мәселесі.
Ш.Сарыбаевтың құнды пікірлері: - Сөйлеуге үйрету грамматиканы меңгертумен тығыз байланысты;
- Тілді оқытуда маңызды орын алатын – сөз;
- Тіл үйренушінің сөздік қоры жаттанды сипат алмауы үшін нақты заттармен, өмірдегі құбылыстармен байланысты болуы керек;
- Тілді меңгерту оқушының есту, көру, сезіну, ойлау қабілеттерімен қатар жүргізілуі керек.
Тілші С.Жиенбаевтың еңбектері: - “Қазақ тілі методикасы”атты кітабы - қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты жарияланған тұңғыш зерттеу.
- Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесі, соның ішінде тіл дамыту, сөйлеуге үйрету, арнайы тақырыппен жұмыс, сабақ беру әдісі сияты мәселелерді сөз еткен.
Достарыңызбен бөлісу: |