«Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан сұрақтары Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі»



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі213,74 Kb.
#122422
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Емтихан сұрақтары 1


«Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан сұрақтары

  1. Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері

«Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты – қазақ тілін оқыту әдістемесі теориясынан студенттерге жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Міндеті:
– қазақ тілін оқытуға байланысты практикалық іскерлік пен дағды қалыптастыруға негіз болатын теориялық және практикалық мағлұматтар беру;
– оларды пәннің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын іске асыруға дайындау;
– қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.

  1. Пәнді оқытудың заңдылықтары

Бірінші заңдылық. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарды меңгереді.
Балалар ана тілінің фонологиядық мағынасын, әдеби тілдің орфоэпиялық мөлшерін мектепке дейін-ақ меңгере бастайды. Оқушылар сөздің лексикалық мағынасын да мектепке дейін меңгереді. Олар мектепке оқуға түскеннен кейін мұғалім балалардың лексикалық қорын кеңейту, қолданылатын сөздердің мағынасын анықтай түсу сияқты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді.
Екінші заңдылық. Тілді ұғыну үшін орасан сезімталдық керек. Зерттеушілер мұндай қасиеттің балада тіпті сәби кезден болатынын айтып жүр.
Грамматиканы үйрету осы «тілдік сезімталдыққа» сүйеніп, іске асырылады.
​Бұл принцип төмендегідей әдістемелік ережелерді сақтауды талап етеді:
Балалардың бұрыннан білетін сөздерін тәртіпке келтіру (мұнда грамматика басты орын алады); оқушылар өздеріне белгісіз, грамматикалық құбылыстарды бұрыннан таныс құбылыстармен салыстыра алатындай дидактикалық материал іріктеу; тілдік фактілерді жинақтауға негізделген әдістерді кеңінен пайдалану.
Үшінші заңдылық. Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен қатар мәнерлеп сөйлеу, сезімге бөлене сөйлеуді меңгеру.
​Мұндағы әдістемелік принцип: мәнерлеп сөйлеуге назар аудару.
Бұл принципті іске асыруда мына сияқты ережелер сақталады:
​Тілдің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарын үйрену барысында сезімге бөлене, мәнерлеп сөйлеудің жолдарын түсіндіріп отыру; әдебиеттік оқу мен қазақ тілі сабақтарын міндетті түрде байланыстырып отыру; көркем мәтіндердің тілдерін талдағанда сезімге әсер ететін бөліктерін таңдап алу.
Төртінші заңдылық. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуді таңбалау жүйесіне аудару ретінде (дыбыстық таңбаға көшіру) ұғынылады.
​Сауат ашу кезеңінде баланы жазуға үйретудің бастапқы шағында әуелі оған таныс емес әріптің бұрыннан таныс, естіп жүрген дыбысы айтылады. Мұнда тағы бір маңызды мәселе – ауызша сөйлеудің жазбаша сөйлеумен салыстырылып тұруы. Мысалы, тыныс белгілерін қоюда дауыс ырғағының рөлі.
Сонымен, ана тілін оқытуда жазбаша сөйлеудің ауызшамен салыстырылуы бірнеше әдістемелік ұстанымға негізделеді.
Бұл ұстаным төмендегі ережелерді сақтағанда іске асады:
Ауызша сөздегі дыбыстар мен жазғандағы әріптерді салыстырып отыру; дауыс ырғағы мен тыныс белгісін салыстырып отыру; ауызша және жазбаша жаттығуларды ұштастыру.
Бесінші заңдылық. Фонетикалық, грамматикалық және лексикалық мағыналардың барлығы «тіл материясын», яғни тіл таңбаларын - дыбыс, морфема, сөз, дауыс ырғағы және тиісті жазбаша таңбалар (әріп, тыныс белгісі) - ұғыну барысында меңгеріледі.
Бұл ұстанымды іске асыру ережесі мынадай:
1) көрнекілікті пайдалану (таблица, схема, түрлі суреттер, теледидар, кино және т.б.); 2) есту құралдарын пайдалану (мәтіндер оқып беру, магнитофон, радио, теледидар, кино т.б.); 3) оқу құралдары, көркем мәтіндер, ғылыми-көпшілікке арналған мәтіндер, газеттер, журналдар; 4) ана тілін үйрену үшін оқушылардың басқа пәндерді оқу барысындағы сөйлеу практикасы (мұғалімнің, жолдастарының сөзі, оларды аңғарту үшін талдау) пайдаланылады.
Алтыншы заңдылық. Тілге үйрену сөйлеу органдарының (өкпе, тамақ, тіл, беттің бұлшық еттері), жазатын қолдың жаттығулары, қимыл-қозғалыстарының тәртіптелуі, дағдының қалыптасуы арқылы ғана іске асады.
Мұғалімнің айтқанын естіп немесе жолдастарының жұмысына қарап қана тіл үйренуге болмайды. Әрбір оқушы өзі оқып, жазып, айтып, түрлі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырып, сөйлемдерді сан-салаға өзгертіп, өзі әрекет еткенде ғана нәтижеге жетеді.
Бұл заңдылықтан сөйлеу органдары мен жазатын қолды жаттықтыру ұстанымы келіп шығады.
Жетінші заңдылық. Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика және грамматикалық формалар арқылы дамиды, екінші жағынан тіл неғұрлым бай болса, тілдік фактілер де соғұрлым тез ұғынылады.
Сондықтан оқушыларға алдыңғы үйренгендерін ұмытып қалмайтындай етіп, тілдік материалдарды бірте-бірте көбейтіңкіреп беріп, сөйлегенде қолданылып отыруына жағдай жасалады.

  1. Пәнді оқытудың әдістемелік ұстанымдары

Жауабы: Қазақ тілін меңгертудің заңдылықтары мен әдістемелік ұстанымдары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет