«Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан сұрақтары Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі»



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі213,74 Kb.
#122422
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Емтихан сұрақтары 1

Ана тілін ұғыну заңдылықтары тіл табиғатының өзінен және оны ұғыну психологиясынан келіп шығады.
Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді, ал олардың мектепте оқуына байланысты сол табиғи үдеріс онан әрі жалғаса түседі. Сондықтан мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи үдерістің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Ең алдымен тілдің өз табиғатынан басты-басты мынадай заңдылықтар шығады:
Бірінші заңдылық. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарды меңгереді.
Екінші заңдылық. Тілді ұғыну үшін орасан сезімталдық керек. Зерттеушілер мұндай қасиеттің балада тіпті сәби кезден болатынын айтып жүр.
Грамматиканы үйрету осы «тілдік сезімталдыққа» сүйеніп, іске асырылады.
Үшінші заңдылық. Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен қатар мәнерлеп сөйлеу, сезімге бөлене сөйлеуді меңгеру.
Мұндағы әдістемелік принцип: мәнерлеп сөйлеуге назар аудару.
Төртінші заңдылық. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуді таңбалау жүйесіне аудару ретінде (дыбыстық таңбаға көшіру) ұғынылады.
Сауат ашу кезеңінде баланы жазуға үйретудің бастапқы шағында әуелі оған таныс емес әріптің бұрыннан таныс, естіп жүрген дыбысы айтылады. Мұнда тағы бір маңызды мәселе – ауызша сөйлеудің жазбаша сөйлеумен салыстырылып тұруы.
Бесінші заңдылық. Фонетикалық, грамматикалық және лексикалық мағыналардың барлығы «тіл материясын», яғни тіл таңбаларын - дыбыс, морфема, сөз, дауыс ырғағы және тиісті жазбаша таңбалар (әріп, тыныс белгісі) - ұғыну барысында меңгеріледі.
Алтыншы заңдылық. Тілге үйрену сөйлеу органдарының (өкпе, тамақ, тіл, беттің бұлшық еттері), жазатын қолдың жаттығулары, қимыл-қозғалыстарының тәртіптелуі, дағдының қалыптасуы арқылы ғана іске асады.
Мұғалімнің айтқанын естіп немесе жолдастарының жұмысына қарап қана тіл үйренуге болмайды. Әрбір оқушы өзі оқып, жазып, айтып, түрлі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырып, сөйлемдерді сан-салаға өзгертіп, өзі әрекет еткенде ғана нәтижеге жетеді.
Жетінші заңдылық. Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика және грамматикалық формалар арқылы дамиды, екінші жағынан тіл неғұрлым бай болса, тілдік фактілер де соғұрлым тез ұғынылады.
Сондықтан оқушыларға алдыңғы үйренгендерін ұмытып қалмайтындай етіп, тілдік материалдарды бірте-бірте көбейтіңкіреп беріп, сөйлегенде қолданылып отыруына жағдай жасалады.
Тілге жүйелі түрде, бірте-бірте үдетіле үйрету заңдылығынан мынадай әдістемелік принцип шығады:
Ұштастыра оқыту; қайталау; өз бетімен жұмыс істеуді күшейте түсу.
Бұл ұстанымдарды іске асыру үшін: бағдарламаны тиянақты құру; жоспарлы түрде қайталап отыру; жаттығу жұмыстары; оқушыларды ойлау мен сөйлеуге үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерін іріктеу сияқты жұмыстар жүзеге асырылады.
Сөйтіп, ана тілін меңгерудің заңдылықтары оны мектепте оқытудың негізі болып табылады; ал әдістемелік ұстанымдар осы заңдылықтардан туындайды, мұндай ұстанымдарға негізделген әдістеме, сөз жоқ, оқушыларға ана тілін үйрету жұмыстарын жүйелі жүргізуге көмектеседі.



  1. Қазақ тілінің психологиялық негіздері

Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне, есте сақтау ерекшеліктеріне, зейінділіктеріне т.б. үнемі назар аударып, ескеріп отыру қажет.
Психологияда сөйлеудің адам әрекетінде жетекші қызмет атқаратын түрі «коммуникативті сөйлеу» деп аталып, оның бұл түрі төрт топқа бөлініп қарастырылады: а) монологтық сөйлеу (дара адамның сөйлеуі), ә) диалогтық сөйлеу (екі не бірнеше адамның сөйлесуі, әңгімелесуі), б) үнсіз (іштей) сөйлеу, в) жазба сөз.

  1. Қазақ тілінің лингвистикалық негіздері

Қазақ тілін оқытудың лингвистикалық негіздері тілдің дыбыстық жүйесіне, лексикологиясына, сөз құрамына және тілдің грамматикалық құрылымына қатысты теориялық материалдардан көрініс табады. Тілдік материалдарды оқыту үшін әрбір тілдік теориялық материалдың мазмұнын мұғалімнің өзі терең меңгеруі тиіс. Тек сонда ғана оқыту үдерісінде жаңа талапқа сай жұмыс түрлерін орындатуға болады.

  1. Қазақ тілінің әдістемелік негіздеріне қатысты зерттеулерді ата, талда

Педагогика ғылымының не екенін түсіндіріп, дидактикалық ұстанымдарды тәрбие үдерісімен ұштастыруға алғаш ұмтылыс жасаған адам – М.Жұмабаев . Ол өзінің «Педагогика» деп аталатын еңбегінде педагогика ғылымының негізгі құрамдас бөліктерін және оның өзге ғылымдармен байланыстарын түсіндіре отырып, педагогикадағы негізгі ұғымдарды қазақ ауылдарындағы оқу-тәрбие жұмыстарымен ұштастыра талдап көрсеткен болатын..
Кейін республикамыздың педагог-ғалымдары (М.Мұқанов, Н.Көшекбаев, Ә.Исабаев т.б.) өздерінің теориялық еңбектерінде оқытудың барлық пәнге ортақ жалпы дидактикалық ұстанымдары (принциптері) мен әдістері болатынын ғылыми тұрғыда негіздеп берді
Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелерін зерттеген ғалымдар (Д.Әлімжанов, Ы.Маманов, Б.Құлмағанбетова, С.Рахметова, Г.И.Уайсова, А.Е. Жумабаева, Г.Т.Сәдуақаст.б.) осы дидактикалық ұстанымдарды грамматикалық ұғымдарды оқыту, бастауыш мектепте "Қазақ тілін" оқыту, тіл дамыту проблемаларына қатыстыра отырып талдайды

  1. Қазақ тілін оқыту қалай ұйымдастырылады?

Жауабы: Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне, есте сақтау ерекшеліктеріне, зейінділіктеріне т.б. үнемі назар аударып, ескеріп отыру қажет.
Жеке пәндерді оқыту әдістемесін жасау ісі педагогика ғылымына, оның оқыту мәселелерін зерттейтін саласы дидактикаға сүйенеді. Педагогика ғылымының не екенін түсіндіріп, дидактикалық ұстанымдарды тәрбие үдерісімен ұштастыруға алғаш ұмтылыс жасаған адам – М.Жұмабаев болды. Ол өзінің «Педагогика» деп аталатын еңбегінде педагогика ғылымының негізгі құрамдас бөліктерін және оның өзге ғылымдармен байланыстарын түсіндіре отырып, педагогикадағы негізгі ұғымдарды қазақ ауылдарындағы оқу-тәрбие жұмыстарымен ұштастыра талдап көрсеткен болатын..
Кейін республикамыздың педагог-ғалымдары (М.Мұқанов, Н.Көшекбаев, Ә.Исабаев т.б.) өздерінің теориялық еңбектерінде оқытудың барлық пәнге ортақ жалпы дидактикалық ұстанымдары (принциптері) мен әдістері болатынын ғылыми тұрғыда негіздеп берді. Бұл ұстанымдардың басты-бастылары мыналар:
- оқытудың ғылымилық ұстанымы;
- оқытудың жүйелілік ұстанымы;
- оқытудың материалды дұрыс орналастыру ұстанымы;
- оқытудың алдын ала болжау ұстанымы
- оқытудың саналылық ұстанымы;
- оқытудың берік, тиянақты болу ұстанымы;
- оқытуды теориямен, практикамен және өмірмен байланыстыру ұстанымы;
- оқытудың көрнекілік ұстанымы.
Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелерін зерттеген ғалымдар (Д.Әлімжанов, Ы.Маманов, Б.Құлмағанбетова, С.Рахметова, Г.И.Уайсова, А.Е. Жумабаева, Г.Т.Сәдуақас т.б.) осы дидактикалық ұстанымдарды грамматикалық ұғымдарды оқыту, бастауыш мектепте "Қазақ тілін" оқыту, тіл дамыту проблемаларына қатыстыра отырып талдайды.
Осы айтылғандардың барлығы қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының жалпы заңдылықтарына және оның негізгі ұстанымдарына сүйенетінін көрсетеді. Педагогика ғылымы болашақ ұрпаққа білім мен тәлім-тәрбие берудің заңдарын, оларды іске асырудың бағыт-бағдарын, жүйесін белгілейді.
Кейін республикамыздың педагог-ғалымдары (М.Мұқанов, Н.Көшекбаев, Ә.Исабаев т.б.) өздерінің теориялық еңбектерінде оқытудың барлық пәнге ортақ жалпы дидактикалық ұстанымдары (принциптері) мен әдістері болатынын ғылыми тұрғыда негіздеп берді. Бұл ұстанымдардың басты-бастылары мыналар:
- оқытудың ғылымилық ұстанымы;
- оқытудың жүйелілік ұстанымы;
- оқытудың материалды дұрыс орналастыру ұстанымы;
- оқытудың алдын ала болжау ұстанымы
- оқытудың саналылық ұстанымы;
- оқытудың берік, тиянақты болу ұстанымы;
- оқытуды теориямен, практикамен және өмірмен байланыстыру ұстанымы;
- оқытудың көрнекілік ұстанымы.
Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелерін зерттеген ғалымдар (Д.Әлімжанов, Ы.Маманов, Б.Құлмағанбетова, С.Рахметова, Г.И.Уайсова, А.Е. Жумабаева, Г.Т.Сәдуақас т.б.) осы дидактикалық ұстанымдарды грамматикалық ұғымдарды оқыту, бастауыш мектепте "Қазақ тілін" оқыту, тіл дамыту проблемаларына қатыстыра отырып талдайды.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың бойында адамгершілік, адалдық, жауапкершілік, шыншылдық, білімге деген қызығушылықты қалыптастыру арқылы жаман қасиеттерден арылу жолдарын педагог ғалымдар ғылыми тұрғыда қарастырып, өз ойларын үнемі ортаға салып отырады.

Жалпы қазақ тілін оқытып үйрету – бұл басқарылатын жүйе. Сондықтан ол келесі негізгі үштік: мақсат, басқару және нәтиже компоненттерін белгілейтін басқарудың жалы теориясы тұрғысында зерттелуі керек. Мұнда басқару сапасын мақсат пен нәтиже аралығындағы сәйкестік анықтайды.


Қазақ тілін оқытудың лингвистикалық негіздері тілдің дыбыстық жүйесіне, лексикологиясына, сөз құрамына және тілдің грамматикалық құрылымына қатысты теориялық материалдардан көрініс табады. Тілдік материалдарды оқыту үшін әрбір тілдік теориялық материалдың мазмұнын мұғалімнің өзі терең меңгеруі тиіс. Тек сонда ғана оқыту үдерісінде жаңа талапқа сай жұмыс түрлерін орындатуға болады.



  1. Қазақ тілінің мазмұны

қазақ тілі пәнінің мазмұнына білімдағды және білік жатады. Бұлар оқулық пен бағдарламада айқын көрсетіледі.
Білім – оқушының тіл және оның құрылымы туралы алған білімінің нәтижесі. Білім теориялық және эмпирикалық болып екіге бөлінеді. Теориялық білім – заттар мен құбылыстардың мәнін білдіреді, олардың ерекшеліктерін, ішкі байланыстары мен қарым-қатынастарын анықтайды. Теориялық білім дегеніміз – жинақталған ұғым. Ол теориялық заңдар, заңдылықтар, себеп-салдарлық байланыстар, ұғымдар түрінде беріледі. Эмпирикалық білім объектілер мен құбылыстардың сыртқы ерекшеліктерін білдіреді, бұған түсініктер мен фактілер жатады.
Тілші-ғалым А.Байтұрсынұлы тілдік материалдарды оқыту логикасын 2 кезеңмен береді: 1-кезең – нақтылықтан абстрактылыққа қарай жүру жолы, яғни білім берудің эмпирикалық кезеңі (кіріспе сөз, тілдік фактілер келтіру, тілдік бірліктің сыртқы белгілерін таныту, ереже шығару), ал 2-кезең – абстрактылықтан нақтылыққа қарай өту жолы, яғни білім берудің теориялық кезеңі (ереже, сұрақ-жауаппен нақтылау, жекелеген белгілерін топтастыру, практика: сынау, дағдыландыру).
Дағды әрекеттің автоматты орындалуы болып есептеледі.
Білік – әрекет тәсілі болып есептеледі. Ол арқылы оқушы алған біліміне сүйенеді, оны үй тапсырмаларын орындауға қолданады, жаңа білім алады.



  1. Қазақ тілінің оқу-әдістемелік кешені нелерді қамтиды?

Білім мазмұнын мектепте тиімді оқытып, оның басты мақсатын жүзеге асыру оқытуды оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Осыған орай қазақ тілі пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен жасалады. 
1.Сауат ашу оқулығы – 1 сынып (1,2 бөлім)
2.Қазақ тілі (оқулықтар) – 2,3,4 сыныптар (1,2 бөлім).
3.Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі (әдістемелік нұсқау) 1-4 сыныптар 
4. Қазақ тілі. Жұмыс дәптері – 1, 2, 3, 4 сыныптар
5. Диктанттар жиынтығы - 1-4 сыныптар.
6. Қазақ тілі. Аудио таспа – 1-4 сыныптар
Оқу-әдістемелік кешенде оқу бағдарламасы мен оқулықтың алатын орны ерекше.

  1. Оқытудың коммуникативтік тәсілдемесі

Жауабы: Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асады. Яғни,белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі.
Е.И.Пассовтың коммуникативтік технологиясын қазақ тілін оқытуда қолдану тиімді:Коммуникативтік технологияның элементтері оқушыларды бірден әлеуметтік жағдайлар арқылы сөйлеуге үйретуге мүмкіндік береді. Тілін жаттықтырады,сынып алдында өзін еркін ұстауға көмектеседі.Мұғалім бұл технология бойынша жеке оқушымен жұмыс істеу керек.Оқу процесінің негізінде бұл технология элементтерін пайдаланып, сабақта оқушылардың білімділігін,іскерлігін, адамгершілік, эстетикалық, патриоттық сезімін дамыту.Бүгінгі күнде біздің қоғамымызға адамдармен еркін сөйлесіп, тіл табыса алатын коммуникативті адамдар керек.

  1. Оқытудың зерттеушілік тәсілдемесі

Жауабы: Оқытудың зерттеушілік тәсілдемесі -тек ақпарат іздеу, өңдеуден ғана емес, оны қорытындылап, өз ойын түйіп, нәтиже алу және оны өз ортасынада қорғай білу. Оқушы зерттеушілік әрекетті жүзеге асыру үдерісі барысында өз бетімен белсенді ізденістің әртүрлі деңгейі және оқушылар үшін қолжетімді зерттеу әдістерін қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктері пен оқуға ынтасы артады.

  1. О
    қытудың жүйелік-іс-әрекеттік тәсілдемесі




  1. «Тәсілдеме» ұғымын қалай түсінесің?

)Оқытудағы зерттеушілік тәсілдеме тек ақпарат іздеу, өңдеуден ғана емес, оны қорытындылап, өз ойын түйіп, нәтиже алу.Оқушылар үшін қолжетімді зерттеу әдістерін қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктері мен оқуға ынтасы артады.


Белсенді іс-әрекеттік тәсілдеме – нәтижеге жеткізетін ең тиімді тәсілдеме, өйткені адамның жадында бірінші кезекте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады.



  1. Аталған тәсілдемелерді ұстанудың маңызы неде?

Демек тәсілдемед «не білу» емес, «не жасай білу» «Қазақ тілі» пәні тапсырмалар жүйесін түзудің негізгі қағидасы болып табылады.


Тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді.



  1. Аталған тәсілдемелерді ұйымдастыру жолдары қандай?

  2. Қазақ тілін оқыту әдістері

1-Түсіндіру әдісі: Бұл әдіске ауызша баяндау — түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, лекция түрлері жатады.


2-Кітаппен жұмыс істеу әдісі; Мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан қарау — анықтама, түсініктер, жоспар, конспектілеу, тезис, газет, журнал, сөздікпен, т.б. жұмыстар.
3-Көрнекілік әдіс: экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану, т.б.
4-Техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің бірі -демонстрациялық әдіс: экран бейнесі арқылы диафильм, кино, фрагмені т.б. Техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің тағы бір түрі кодоскоп, эпидоскоп, лингофон, компьютермен жұмыс, т.б.
5-Жаттығу әдісі; ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс тақтамен жұмыс, өз бетінше жұмыс, қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану жұмысы.
Баяндау әдісі. Қазақ тілінен оқушыларға белгілі тақырып бойынша берілетін білімді мұғалімдердің түсіндірудегі әрекеті -ауызша баяндаудан басталады. Мұғалімнің оқушыларға жаңа білімді баяндап айтып беруін — ауызша баяндау әдісі дейміз. Ауызша баяндау әдісі оқушылардың жас шамасына қарай, қысқа, не ұзын баяндалуы мүмкін.. Ауызша баяндап, мазмұндап берудің үш түрі бар: әңгіме әдісі, түсіндіру (объяснение), лекция түрі.
А)Әңгіме әдісі — жаңа материалды түсіндіргенде жүргізілетін әдіс немесе сұрақ-жауап әдісі. Қазақ тілінен жаңа материалды түсіндіру барысында ғылыми фактілерге, анықтамаларға сүйене отырып, сол тақырыптың шығу тарихы немесе оны жазған авторлар мағлұматтан бастап әңгімелеу әдісімен түсіндіруге талаптанады. Оқушыларға ол материалды түсіндіруді түсінікті, айқын, тілмен жеткізе отырып, сол тақырыптың шығу тарихы немесе жазған авторлардан бастап, әңгімелеу әдісімен түсіндірген пайдалы. Б) Түсіндіндіру әдісі — қазақ тілінен берілетін белгілі бір тақырыпты түсіндіруде мұғалім көрнекі құралды, кестені, т.б. құралдарды пайдалана отырып, сабақтың мазмұнын түсіндіреді.
В) Лекция — жоғары сыныптардың оқушыларына қазақ тілінен факультативтік сабақтарда, ал 9-сыныпта қазақ тілі сабағында оқылады. Бағдарламада берілген тақырыптарды түсіндіруде лекция әдісін пайдаланады. 8-9 сыныпқа 10-15 минут, 10-11 сыныптар сабақтарында 15-20 минуттік лекция оқылады



  1. Қазақ тілін оқыту әдістерінің дидактикалық жүйесі

Оқыту әдістерінің дидактикалық жүйесі оқыту жолдарының жалпы заңдылықтарын көрсетеді. Оқыту әдістерінің түрі мектептегі оқыту жүйесіне байланысты түрлі кезеңдерде өзгерістерге ұшырап отырды. Мысалы, 1932 ж. 25 тамыздағы қаулыда оқыту әдістері 4-ке бөліп көрсетілген: 1) ауызша мазмұндау; 2) оқулықты пайдалану; 3) өздігінен жазба жұмыстарын орындау; 4) лабораторияда оқыту әдістері. Ал белгілі ғалым, дидактик Р. Лемберг «Дидактические очерки» кітабында мектептегі оқыту әдістерін 10 түрге бөліп көрсетеді: ауызша мазмұндау, байқау, оқулықпен жұмыс, әңгіме, лабораториялық, мақсатқа жету, жаттығу, оқушының хабарлауы, практикалық жұмыс, көркем өнерді пайдалану.





  1. Қазақ тілінен білім беру әдістерінің классификациясы

19. Оқыту әдістерінің топтастырылуы туралы түсінік беріңіз.
20. Қазақ тілін оқытуды ұйымдастырудың тиімді әдістерін сипаттаңыз.
оқыту әдістерін негізінен 3-ке топтап көрсеткенді жөн көрдік. 1) балалардың оқу-таным әрекетін ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері; 2) оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер ету әдістері; 3) оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері. Бұлардың әрқайсысына бірнеше жекелеген әдіс енеді. Мысалы, І топқа сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер (олар қабылдау мен есте сақтауға негізделеді); индуктивтік, дедуктивтік әдістер (логикалық ойлауға негізделеді), өздігінен орындау, мұғалімнің басшылығымен орындау әдістері (қиялға, ерікке негізделеді). Ал ІІ топқа балалардың қызығу мүддесін туғызу, зейінін жинақтау және оқуда борыш, жауапкершілік туғызу әдістері; ІІІ топқа ауызша тексеру, жазуша тексеру, тест лабораториялық-практикалық тексеру және өзін-өзі тексеру әдістері енеді. Ана тілін оқыту барысында бұл әдістердің қайсысының қай кезде тиімді екенін мұғалімнің өзі айқындап алып, іріктеп қолданады. 2-сыныпта алғашқы тілдік грамматикалық ұғымдар қоса меңгертіледі. Сондықтан оқыту үдерісінің өзіндік ерекшеліктері болуы шарт. Білім мазмұнының көлемі шағын, құрылысы қарапайым болумен қатар, білім беру мен тәрбиелеу баланың жеке тұлға ретінде дамуына бағдарлануы тиіс



  1. Оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау әдістері туралы айтыңыз.




  1. Фонетиканы оқытудың мақсат, міндеттері, мазмұны, ерекшеліктері

Бастауыш мектепте фонетиканы оқытудың басты мақсаты ­– оқушыларға тіл дыбыстары, олардың ой білдірудегі маңызы, ерекшелігі, яғни оқушыларға тілдің дыбыстық жүйесі туралы мағлұмат беруге мүмкіндік жасау. Атап айтқанда, дыбыстарды: қызметі, жасалымы және естілімі тұрғысынан қарастыру. Осыдан нақты мақсат туындайды, яғни дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіндігі, олардың әрқайсысының жіктелінетіндігі, үндестік заңы, олардың табиғаты т.т. сөз болады.



  1. Дыбыс, әріп, буын, дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке дыбыстар, тасымал, алфавитті оқыту әдістемесі

  2. Бастауыш сыныптарда орфографияны оқыту әдістемесінің мақсаты мен ұстанымдары

Бастауыш мектепте орфографияны оқытудың мақсаты – оқушылардың жазу сауаттылығын қалыптастыру.


Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Сауаттылық, сауатты жазудың қоғамдық мәні зор. Ол адамдардың бір-бірімен жазбаша қарым-қатынас жасауының ең тиімді де, қажетті жорлы, ойды нақты да, түсінікті берудің амалы болып табылады. Ал сауатты жазудың негізі бастауыш мектептен қаланатыны белгілі.
—Орфографияны оқыту әдістемесі мынадай ұстанымдарға сүйенеді:
1. Орфографияны тілдің фонетика, морфология, синтаксис салаларымен тығыз байланыста оқыту;
2. Әр түрлі тілдік құбылыстарды (дыбыс пен әріпті, фонеманы позициясы тұрғысынан) бір-бірімен салыстыра оқыту;
3. Мағыналық-құрылымдық (морфемалардың құрамы мен мағынасы туралы білімді тірек ету) ұстанымы.



  1. Орфографиялық жұмыс мазмұны

.Бастауыш сыныптардағы орфографиялық жұмыстың мазмұнына орфографиялық білім, орфографиялық ереже, орфографиялық білік пен дағды жатады. Орфографиялық білім ұғымдар мен фактіден құралады. Орфографиялық ұғым жазу жүйесін көрсетеді және екіге бөлінеді: 1) оқушылардың игеретін ұғымдары; 2) мұғалімнің оқыту үдерісінде басшылыққа алатын, сүйенетін ұғымдары.

  1. Орфографиялық жаттығу түрлері Орфографиялық жаттығу түрлері? Оларға көшіру, грамматикалық-орфографиялық талдау, диктанттар, мазмұндама мен шығарма түрлері жатады.

  2. Орфографиялық жаттығуларды жүргізу әдістемесіКөшіру. Алғашқы, І сыныпта, ІІ сыныпта сөзбе-сөз, механикалық көшіру іске асырылады. Кейін бірте-бірте: деформаланған мәтінді (картинадағы рет бойынша) көшіру, сөз теріп көшіру, қалдырылған сөздерді қойып көшіру, толық көшіру т.с.с. ұйымдастырылады. Есте ұстау арқылы көшіру.Мұнда тақтаға жазылған мәтін оқылады, талданады, сонан соң жазылады.Оқушы есінде қалғандарын жазады. Еркін көшіру.Балалар әуелі мәтінді оқып шығады, талдайды, сонан соң кітапты жауып қойып, мәтіннен есте қалғандарын, қалай ұғынса, солай жазады. Грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру. Сөздің немесе сөйлемнің бір бөлігі өзгеріссіз сол қалпында, екінші бір бөлігі өзгертіліп көшіріледі: қалып қойған жерін ойлап тауып немесе қосып, өзгертіп жазады.

  3. Бастауыш сыныпта оқытылатын алғашқы лексикалық ұғымдар

  4. Сөз және оның мағынасы туралы түсінік беру жолдары

  5. Сөздің морфемалық құрамын оқытудың мәні, міндеттері, жүйесі.

  6. Сөздің морфемалық құрамын оқыту әдістемесі

  7. Қосымшаның жұрнақ және жалғау болып бөлінетінін таныту әдістемесі

  8. Бастауыш сыныптарда граммматиканы (морфология, синтаксис) оқытудың ғылыми негіздері

  9. Сөз таптарын оқыту әдіс-тәсілдері

  10. Сөз таптарын оқыту барысындағы тіл дамыту жұмысы

  11. Қазақ тілінің синтаксистік жүйесі

  12. Бастауыш сыныпта синтаксистен берілетін білім мазмұны

  13. Сөйлем түрлерін, сөйлемдегі сөздердің байланысын, сөйлем мүшелерін, сөз тіркесін оқыту әдістемесі

  14. Мәтін туралы түсінік беру, мәтіннің өзіндік белгілерін таныту жолдары

  15. Бастауыш сыныпта мәтін құрылымын және түрлерін таныту әдіс-тәсілдері

  16. Мәтіндегі негізгі ойды анықтауға, ат қоюға, мәтіндегі тірек сөздерді табуға үйрету

  17. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары туралы түсінік

  18. Дамыта оқыту технологиясы

  19. Деңгейлік оқыту технологиясы

  20. Қазақ тілін қатысымдық тұрғыда оқыту жайы

  21. Қатысым әдісі және оған тән белгілер

  22. Қатысым барысындағы сөйлесімнің сипаты

  23. Байланыстырып сөйлеуге үйретудің теориялық негіздері

  24. Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының мақсаты мен оған қойылатын әдістемелік талаптар

  25. Мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету жолдары

  26. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың лингвистикалық негізіне не алынады?

  27. Қатысымдық тұлғаларға не жатады?

  28. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың психологиялық негіздері туралы түсінік беріңіз.

  29. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың педагогикалық негіздері нені қарастырады?

  30. Әдіс дегенді қалай түсінесің?

  31. Әдісті жіктеуде қандай негіздер ескеріледі?

  32. Интербелсенді әдістер туралы түсінік беріңіз.

  33. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың қай әдістерін қолданған тиімді?

  34. Мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы қандай?

  35. Сабаққа қандай анықтамалар берілді?

  36. Сабаққа қандай талаптар қойылады?

  37. Сабақтың түрлері қандай?

  38. Сабақты типке бөлгенде ғалымдар қандай негіздерге сүйенеді?

  39. Сабақтың құрылымдық элементтерін атаңыз.

  40. Ұйымдастыру кезеңінің мақсаты қандай?

  41. Жаңа материалды өту кезеңінің мақсаты неде?

  42. Бекіту кезеңінің мақсаты қандай?

  43. Қорыту кезеңінің мақсаты қандай?

  44. Сабақты жоспарлаудың мақсаты неде?

  45. Жоспардың түрлері қандай?

  46. Ұзақ мерзімді жоспардың құрылымына тоқталаңыз.

  47. Қысқа мерзімді жоспардың құрылымына тоқталыңыз.

  48. Орта мерзімді жоспарының құрылымына тоқталыңыз.

  49. Қысқа мерзімді жоспардың тиімділігі мен ерекшелігі

  50. Мұғалімнің өз сабағын талдауы, бағалауы үшін қандай межелер қарастырылған?

  51. «Тәсілдеме» ұғымын қалай түсінесің?

  52. Тәсілдемелерді ұстанудың маңызы неде?

  53. Тәсілдемелерді ұйымдастыру жолдары қандай?

  54. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалымдар

  55. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда жаңа бағыт ұстанған қандай әдістемешілерді білесің? Солардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып айтып беріңіз және сабақта қалай пайдаланатыныңызды көрсетіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет