Қабылдаған: Жакипбекова Г. С шымкент 2015ж Жоспар I. Кіріспе II. Негізгі бөлім



Дата20.11.2016
өлшемі231,39 Kb.
#2130
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы
Морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиямен кафедрасы




Тақырыбы:Психикалық іс-әрекеттің физиологиялық негізі. Есте сақтау, эмоция.

Орындаған: Елемес Н.Қ

Тобы: 102 ФК Б

Қабылдаған: Жакипбекова Г.С


ШЫМКЕНТ 2015ж

Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1.Адамның психикалық іс-әрекеті.

2.Эмоция

3.Есте сақтау

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Адамның психикалық іс-әрекеті.

Осы күнгі физиология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі - адамның психикалық (психо—жан), іс - әрекетінің негіздерін анықтау. Қазіргі кезде үлкен мидың он, және сол жарты шарларының Әрекеттік айырмашылыгы, сезім жүйелерінің, таным, түйсік, тіл, сана процестерінің, ұйқы, сезініс, мотивация іспетті психикалық әсерленістердің физиологиялық механизмдері кеңінен зерттеліп, айтарлықтай нәтиже алынды.

Адамның психикалық әсерленісінің физиологиялық негіздері мен заңдылықтары И. M. Сеченов пен И. П., Павловтың ұғыну ілімі арқылы айқындалады. Психикалық әсерленістер физиологиялык құбылыстармен тығыз байланысты дербестігі бар процестер.

Психикалық және физиологиялық кұбылыстардың ара салмағы.

(психо - физиология сауалы) бейнелеу теориясының маңызды саласы. Ол материя мен санаға байланысты философияның негізгі мәселесі.

Психикалық әрекеттің қалыптасу заңдылықтарын психология ғылымы зерттейді. Ол психиканы мидың ақиқат болмысты бейнелеу ретінде қарайды.

Психикалық әрекет жалпы психикалық құбылыстардан, күйлерден және кісілік қасиеттерден тұрады. Психикалық әрекеттерге ықылас түйсік, зерде, эмоция (сезініс), ойлау, тіл, сана жатады. Эволюциялық даму кезінде адам мен жануарлардың психикасы биологиялық мұқтаждығынан, қоршаған ортаның жағдайларына икемделуі арқасында қалыптасты. Ол мінездің қарапайым түрінен күрделі көріністеріне алмасып дамыды. Адам бейімделудің және өзгергіштіктің өте ерекше дәрежесіне жетті. Өйткені оның миы өзгеше жетіліп бүкіл адамзаттың тарихи-қоғамдық тәжірибесін иеленді.

Адамның психикалық қасиеттері: қабілеті, типтік ерекшеліктері, мінезі, темпераменті, әлеуметтік бағдары, талаптары, оның санасы арқылы ұйымдастырылады.

Психикалық әрекеттің негізі — қоршаған ортамен организмнің объективті ара қатынасын сипаттайтын жеке физиологиялық көріністер. Олар біртұтас бірлестірілген субъективтік бейне құрайды (А. А. Ухтомский). П. К. Анохиннің әрекеттік жүйе туралы ілімі физиология мен психология арасындағы тұжырымды байланысты ашты.

Психикалық әрекетті бірнеше әдістер арқылы зерттейді. Олар

физиологиялық, психологиялық, социологиялық, кибернетикалық,

электрофизиологиялық әдістер. Сонымен бірге пікірлесу, ауызша

жауап, бақылау, тәжірибе, психологиялық сынамалар жиі қолданылады. Адамның психикалық әрекеттері мен кейбір күйлері алдыңғы тарауларда талданды. Сондықтан ықылас, ой, тіл сана іспетті психикалық процестердің әрекеттік негізін анықтаған дұрыс.


Эмоция
Адам мен жануарлар психикасының ерекше көріністерінің бірі— эмония (лат. emavere — күйзелу, қобалжу). Ол мінезді бағыттау және жүзеге асыру амалдарын жасайтың мотивацияның құрамында маңызды орын алады.

Эмоцияның бірнеше түрі бар. Биологиялық эмоция — әртүрлі Тіршілік (ашығу, шөлдеу т. б.) мұқтаждықтарын қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау әрекеттерімен байланысты болады. Жоғары эмоция — әр алуанрухани (әлеуметтік, танымдық, әсемдік) әрекеттерінен туады. Қідірген эмоция — жёке адамның кейбір себептерімен, эмоциялық көріністерін тежеуі нәтижесінде байқалады. Жағымсыз эмоция — қандай болса да бір мұқтаждық қанағаттандырылмаған жағдайда ұнамсыз күйзеліс түрінде кездеседі. Жағымды эмоция — мұқтаждық қанағатта.ндырылған кезде болатын сүйкімді әсерленушілік.

Эмоция кұбылыстары аффект (долданыс), нағыз эмоция және сезім түрінде кездеседі. Аффект — айқын қимылдар ағза көріністерімен қоса жүретін күшті және біршама қысқа мерзімді эмоциялық күйзеліс күйі. Ол жүріп жатқан тіршілік немесе әлеуметтік жағдайда кездеседі. Нағыз эмоция ұзақ уақыт және әлсіз түрде білінеді. Ол бастан кешкен немесе болашақты елестету арқылы туады. Эмоцияның үшінші түрі — заттық сезімдер. Олар кейбір белгілі немесе дәйексіз нәрселерді (мәселен, махаббат), отанды сүю, өшпенділік т. б. елестету немесе ойлау арқылы пайда бола­ды. Заттық сезімдер тиянақты эмоциялық қатынасты көрсетеді. Эмоциялық көтеріңкілік сәтте адамды шабыт, нұрлану, жаңалық ашу, шығармашылық қуанышы билейді. Яғни, сезініс күйі — адамның рухани және дене күшінің ең жоғары көтеріңкі сатысы.

Организмнің эмоциялық күйі эмоциялық күйзеліс және эмоциялық көрініс іспетті әсерленістерден тұрады. Эмоииялық күйзеліс деп организмнің өзін және қоршаған әлемді бейнелейтін субъективтік сезінісін айтады. Организмнің дене сезу және ағза жүйелерінде байқалатын өзгерістерді эмоциялық керіңіс деп атайды. Эмоциялық көрініс әртүрлі. Симпатикалық жүйке қатты қозғағандықтан жүректің қызметі жеделдейді, қанның қысымы көтеріледі, газ алмасу өседі, тыныс кеңейеді, организмде тотығу және энергия құбылыстарыньң қарқыны артады. Қанда, сілекейде, несепте катехоламиндер, пептидтер және глюкоза мөлшері көбейеді.

Бұлшық ет тонусы өеіп, көз қимылы жиіленеді, терінің түктері үрпиеді, эмоциялық қозу кезінде организмнің бүкіл қосалқы мүмкіндіктері жедел жұмылдырылады. Сонымен қатар түпті қарқынды іс-әрекеттің өзінде, оның әлі де зор пәрменді мүмкіншіліктері сақталады. Бұлар тек төтенше жағдайларда, эмоциялық зорлану кезінде тұтынылады.

Эмоция кезінде адамның субъективтік күйі өзгереді. Оның парасаттық қабілеті, зердесі сезімтал, қоршаған орта әсерлерін жіті қабылдайды.

Эмоциялық күйзелістің тіршіліктегі негізгі мәңі адам мен жануарларға өзінің ішкі жағдайын, пайда болған мұқтаждығын, тез бағалауға, оны толық қанағаттандыруға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, ол организмдегі бейнелеуші (бағалаушы) ізденуші, нығайтушы, реттеуші, байланыстырушы әрекеттерді ұйымдастырады.

Эмоцияның бейнелеуші әрекеті оқиғаларға жалпы баға береді. Организм өзінің бүкіл іс әрекетін бірлестіру арқасында, оған әсер етуші тітіркендіргіштің жағымды немесе жағымсыз жактарын тез анықтайды. Адамның сезініс қабілеті дара күйзеліспен қатар, өзара қоса әсерленушілік арқылы қалыптасады.

Эмоцияның ізденуші түрі мақсат пен ниетке байланысты білінеді. Ол жетекші және жағдайлық болып екіге бөлінеді. Жетекші эмоциялық күйзеліс — мұқтаждықты қанағаттандыратын мінездік мақсатқа бағытталады. Жағдайлық эмоциялық күйзеліс мінездің кейбір кезеңдерін бағалаудан туады. Ол нәтижеге қарай мақсатқа жету үшін мінезді не жалғастырады не өзгертеді.

Эмоция нығайтушы әрекеті арқылы тәлім және зерде процестеріне қатысады. Эмоциялық әсерленістер тудыратын маңызды қақиғалар тез және ұзақ уақытқа зерде де сақталады. Мұны әрбір шартты рефлекс қалыптасар кезде байқауға болады. Оның алғашқы жалпылама сатысын — эмоциялық сатысы дейді. Дәл осы кезде организмнің вегетативтік саласы ерекше жұмылдырылады. Өйткені белгісіз жайларда үстемді әсерлену тиімді келеді.

Эмоцияның реттеуші немесе аударақосушы әрекеті үстемді мұқтаждықты анықтайтын себептердің бәсекесінде айқын көрінеді. Ол үрей мен міндет, үрей мен үяттың сезімдер таласында байқалады. Мұның ақыры ңиеттің күшіне адамның тілегіне және еркіне байланысты болады.

Эмоцияның байланыстырушы әрекеті ымдау, қол сермеу, дене қимылы, кейпі, мәнерлі күрсіну, дауыс ырғағын өзгерту арқылы, серіктеріне сезініс түрін білдіреді. Мұның айғағын эмоциялық күйлердің арасындағы қарама - қарсылықтан байқауға болады. Мәселен, куаныш пен қайғы, ашу мен үрей, ынта мен жеркену, ұят пен жек көру, сүйсіну мен күйіну сезімдері белгілі сипаттармен айқындалады.

Эмоцияның пайда болу механизімін теориялар арқылы ұғынуға болады. Эмбпияның алғашқы теориясы Ч. Дарвин ұсынған биологиялық қағида болатын. Ол жануарлардың эмоциялық көрнекті қимылдарын салыстырып, белгілі бір биологиялық сигналдық мәні барлығын анықтады. Мұндай көрнекі қимылдар (ашу, үрей, қуаныш т. с с.) және ымдау әсерленістері эмоциялық туа біткен көріністерге жатады.

П. K. Анохиннің айтуынша, эмоция тарихи даму сатысында сыртқы жайларға сәйкес мүқтаждықты тез бағалау және қанағаттандыру амалы ретінде қалыптасты. Әдетте, әрбір мұқтаждық жағымсыз күйзеліспен қатар жүреді. Сондықтан ол адам мен жануарларды белсеңді іс - әрекетке демеп отырады. Ал әрбір мұқтаждық мақсат орындалса қанағаттық сезімі туады. Содан нәтижелі қимыл - әрекетпен ұласқан жағымды эмоция зердеде сақталып, әр уақытта мақсатты мінезді ұйымдастырады.

В. В. Симонов ұсынған ақпараттық қағида эмоцияны адам мен жануарлар миының пайда болған мұқтаждықтың сапасын және мөлшерін, оны қанағаттандыру ықтималдығын бейнелеу қасиеті деп санайды. Мұны олардың әрқайсысы ырықсыз генетикалық және жеке жүре пайда болған тәжірибе негізінде бағалайды. Яғни, эмоция мұқтаждық мотивациялық және ақпараттық түрткілерден туады. Оның пайда болу ережесі ретінде төмендегі теңдеуді қолданады:

Э=М- (An-A11),

мұнда Э — эмоция, оның дәрежесі, сапасы және белгісі; M — маңызды мұқтаждықтың сапасы мен күші; (Ак—A1,)—туа бітін және жүре болған тәжірибе негізінде бағалау; Ак — мұқтаждықты қанағаттандыру үшін қажетті амалдар тұралы ақпарат, A1, субъект қолданып отырған нақтылы амалдар туралы ақпарат.

Келтірілген көрсеткіштер кейбір эмоция пайда болуы үшін қажетті және жеткілікті түрткілер болып есептеледі. Алайда бұлармен қатар субъектің дара типологиялық ерекшеліктері, эмоция тудыратын уақыт түрткісі және мұқтаждықтың сапасы ескерілуі тиіс. Осыған орай әлеуметтік және рухани мұқтждықтан шыққан эмоцияны сезімдер деп атайды.

Осы «эмоция теңдеуі» бойынша, амалы ықтималдылық

(Ақ—Ah) жағымсыз эмоциялар тудырады. Ал болжамды мақа жету ықтималдылығы (Ан—Ақ) артқа жағдайда жағымды сезініс пайда болады.

Физиологиялық тұрғыдан алғанда, эмоция — арнайы ми құрылымдарының белсенді күйі, ол осы жағдайды өсіруге немесе азайтуға бағыттап, мінезді өзгертуге мәжбүр етеді.

Эмоциялық күйдің қалыптасуына мидың әртүрлі құрылымда­ры қатысады. У. Кеннон ұсынған таламустың теория бойынша эмоциялық әсерленіс алғашқыда таламус орталықтарында пайда болып, ми қыртысына ықпалын тигізеді. Сөйтіп, ол түйсіңті түрлендіріп, көрнекті қимылдарды тудырады.

Эмоцияны ұғынуда лимбиялық теория жетекші орын алады. Дж. Пейпец клиникалық байқаулардың нәтижесінде, ми қыртысының маңдай бөлігі, гипокамп, күмбез, бадамша, таламус, гипо­таламус эмоциялық әсерленісті ұйымдастырады деп тұжырымдады. Д. Линслей электроэнцефалография әдісін қолданып, бұл құрылымдарды ми бағанының торлы құрылымы белсендіретіндігін дәлелдеді. Сөйтіп, ол эмоцияның белсендіріліс теориясын ұсынды.

B. P. Гес тітіркендіру әдісі арқылы гипоталамустың алдыңғы және қапталдас ядроларының жағымды эмоцияға, ал артқы және ішкерілес (медиальды) ядроларының жағымсыз эмоцияға жауапты екендігін көрсетті. Сол сияқты Д. Олдз жануарлар миына енгізілген электродтар арқылы, олардың өзін-өзі токпен тітіркендіру әдісін пайдаланып, мидың жағымды және жағымсыз нығайтушы құрылымдары болатындығын анықтады. Жағымды нығайтушы құрылымдар жүйесіне қапталдас гипоталамус, перде, мидың ішкерілес будасы жатады. Жағымсыз орталық солғын зат, ішкерілес гипоталамус, бадамшадан құралады. Бұл құрылымдар мидың эмоциогендік жүйелері құрамына кіреді.

Эмоция саласында үлкен ми сыңарларының әрекетінің асимметриясы байқалады. Мидың оң жарты шарының эмоциогендікмәні зор, көбінесе дағдыланудың алғашқы кезеңінде іске қосылады. Адамның жағымды эмоциясы негізінен сол жарты шармен, ал жағымсызы оң жарты шармен жүзеге асады. Осыған сәйкес әртүрлі психосоматикалық көріністер тұлғанын, сол жақ жартысынан жиі білінеді. Адамның сол жақ беті көбінесе жағымсыз, ал оң жақ беті жағымды эмоцияны бейнелейді. Мұндай айырмашылық тіпті жаңа туғандарда байқалады. Олардың тәтті немесе ащы дәмді туйсінуі бет әлпетінен анық көрінеді.

Алайда A. B. Вальдман эмоцияның белгілі түрлері мен мидыц нақты құрылымдары арасында «мызғымас» байланыс болатынына кумән келтіреді. Өйткені, эмония психикалық әрекет болғандықтан белгілі ми құрылымына тұрақты бекітілмейді. Ол туа біткен және жүре болған механизмдерге негізделген мінездің түрі. Расында, клиникалық байқауларда, мидың әртүрлі құрылымдарын емдеу мақсатымен тітіркендіргенде, олардың әрқайсысы әрі жағымды, әрі жағымсыз эмоциялық күйлерге сәйкес келетіндігі анықталды.

Эмоциялык күйдің пайда болу негізі орталық жүйке жүйесінің нейромедиаторлық механизмдерінен құралады. Жануарларға жасалған тәжірибелер бойынша, норадреналин жағымды сезініс, ал cepотон мен холинергиялық жүйелер жағымсыз эмоция тудырады. Сонымен қатар жағымды эмоциялық күйді қалыптастыруға ішкі апиындар қатысатындығын дәлелдейді. Бір жағынан осы эндорфиндер мидағы серотонин сезгіш жүйелердің әсерін өзгерте алады.

Кейбір зерттеулерде эмоцияның нығайтушы әрекетінің дофамин — және серотонинергиялық жүйелерден, ал мотивация норадренергиялық жүйелерден тәуелді екендігі анықталды. Сөйтіп: әртурлі эмоциялық күйді жүзеге асыруға мидың бүкіл нейромедиаторлық жүйесінің қатысатындығын болжауға болады. Шынында, олардың балансы өзгергенде эмопия бұзылады. Мәселен, мания немесе депрессия жағдайларында мидың әртүрлі бөлімінде дофамин, норадреналин және серотонин құрамасы өзгереді.

Эмоцияның екі түрлі ауытқуы байқалады. Гипотимия — абыржу, үрей, торығу, жабырқау күйі. Мұндай жағдайда мотивация әлсірейді, адам жүдеп, ішкі ағзалардың қызметі бұзылады. Гипертимия — көңіл шалқып, қимыл күшейеді, желік пайда болады. Адамдарда эмоция ауытқулары өте күрделі. Мұндай күйлер эмо­циялық ышқынуда (стресс) жиі кездеседі. Ол мұқтаждық пен оны өтеу мүмкіндігі сәйкес келмеген жағдайда туады. Яғни эмоциялық ышқыну осындай кақтығысуларды жоюға арналған организмнің барлық қорғаныш күшін жұмылдыратын маңызды икемделу әсерленісі. Ол жойылмаған күнде эмоциялық қозу ұзақ уақыт іркіліп, адамның мотивация сезініс саласы бұзылып, әртүрлі аурулар пайда болады.

Эмоциялык стресс — жүрек ишемиясы, гипертензия, асқазан жарасы, эндокрин жүйесінің ауруларына әкеліп соғады. Мұнда орталық жүйке жүйесіндегі нейромедиаторлар мен пептидтердің мөлшері көп өзгереді.

Адамдарда мұндай ауытқулар көбінесе әлеуметтік қақтығы - суларда ете жиі кездеседі.

Эмоциялық стресті зерттеу невроздарды емдеу істеріне көмектеседі. Сондықтан ұзақ және тиімді психофармакологиялық ем­деу психиканы зақымдаушы әсерлердің эмониялық зерде, із жазбасын өшіріп, толық немесе жартылай психикалық іс-әрекетті қалпына келтіреді. Сонымен бірге нәтижелі емгерліктің алғы шартты — мидың өзінің етеміс механизмдерін белсендіріп, дерттену сәттерін жою немесе шектеу.


Есте сақтау

Есте сақтау кезінде мәліметті түйсік басталған сәттен еске түсіруге дейін толық немесе азғана ұстап тұрады. Есие сақтау үрдісі адамның ойлау қабілетіне, өмір тәжірибесіне, ниеттеріне байланысты.

Естің физиологиялық сипатын орыс физиологы И.П. Павлов зерттеді. Ол ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп атады. Қазақ ғұламасы Абай ес туралы “Отыз бірінші сөзінде”: “Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: бірінші — көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде иә көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек”, — дейді.

Ес— адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлену (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі:

• а) әсерленген нысанның белгілі бір кеңістік пен уақытқа ұштаса қабылдануы;

• ә) әсерленген нысанның басқа бір нысанға өзара ұқсастығы;

• б) олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы.

Осыған орай ол нәрселер мен бейнелердің есте ассоциациялануы түрлерін алғаш зерттеп тұжырымдады:

• 1) аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы, түс — сары);

• 2) ұқсас ассоциациялар (мысалы, қарындаш, дәптер);

• 3) қарама-қарсы ассоциациялар (мысалы, ақ — қара; ұзын — қысқа).

Ес түрлері

Ес түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:

1. Психикалық белсенділікке қарай:

• 1) Қозғалыс есі - еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып, оны қайта жаңғырту есі;

• 2) Сезімдік ес - бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру;

• 3) Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту;

• 4) Сөз логикалық ес - бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.

2. Мақсатқа қарай:

• 1) Ырықты ес – түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы;

• 2) Ырықсыз ес – адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.

3. Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай:

• 1) Қысқа мерзімді есте қалдыру;

• 2) Ұзақ мерзімді есте қалдыру (ұзақ мерзімді ес);

• 3) Оперативті ес - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.

1. Есте қалдыру. Есте қалдыру - мәліметті белсенді қайта өңдеу, жүйелеу, жалпылау және оны теру процесстері. Есте қалдыру түрлері төменде көрсетілген:

• 1) Қысқа мерзімді есте қалдыру;

• 2) Ұзақ мерзімді есте қалдыру;

• 3) Оперативті есте қалдыру;

• 4) Ырықты есте қалдыру. Жаттау - ырықты есте қалдырудағы ең негізгі тәсілдердің бірі болып табылады. Жаттаудың белсенді болуы уақытқа байланысты;

• 5) Ырықсыз есте қалдыру;

• 6) Логикалық есте қалдыру;

• 7) Механикалық есте қалдыру - заттар мен құбылыстардың мазмұны есте сақталмай, олардың ерекшеліктері мен формалары есте сақталады. Логикалық есте қалдыруда қабылдаған нәрселердің мазмұны есте сақталады. Логикалық есте сақтаудың тәсілдері:

• 1) Есте сақтауға тиісті материалдың жоспарын құрастыру.

• 2) Салыстыру.

• 3) Материалды топтастыру және жіктеу.

• 4) Есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды алмастырып отыру.

• 5) Бейнелі байланыстарға сүйену.

• 6) Есте қалдыруда өзін-өзі бақылау.

• 7) Мағыналы байланысты орнату.

2. Қайта жаңғырту. Қайта жаңғырту – бұрын қабылдаған заттармен құбылыстарды өзімізге керек болған кезде есімізге түсіруді айтамыз. Мұндағы негізгі процесс – елес. Елес – бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу. Қайта жаңғыртудың бір көрінісі – тану. Тану – бұрын қабылдаған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс. Тану 2-ге бөлінеді: 1) Толық. 2) Толықсыз.

Қайта жаңғыртудың біртүрі – еске түсіру. Еске түсіру – белгілі қиындықтарды жеңумен байланысты ерік күшін жұмсауды талап ететін санасы қайта жаңғыртуды айтады. Қайта жаңғырту 2-ге бөлінеді: 1) Ырықты. 2) Ырықсыз.

3. Ұмыту. Ұмыту – бұрын қабылдаған нәрселерді керек кезінде еске түсіре алмау және қайта жаңғырта алмау процессі. Ұмытудың себептері: 1) Жағымсыз индукцияның әсері. 2) Проактивтік тежелу. 3) Ременисцения – кешіктіріліп еске түсіру. 4) Шектен тыс тежелу.

4. Есте сақтау. Есте сақтау – бұл алынған нәрселерді есте ұстауға бағытталған есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс. Ол 2-ге бөлінеді: 1)Ырықты. 2)Ырықсыз.

Есте сақтау — жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі — адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.


Есте сақтаудың 10 әдісі:

1. Жақсы кітаптар оқыңыздар. Кітапты оқу барысында миыңызды кейіпкер, оның мінез-құлқы, сезімі, уақиғалар жайлы ақпаратты жаттауға мәжбүрлейсіздер. Мида нақты бейнелер құралып, қабылдауыңыздың жақсаруна себепші болады. Сол арқылы оқу сіздің есте сақтау қабілетіңізді жақсартып, зияткерлігіңізді жетілдіріп, сөздік қорыңызды байытады.

2. Компьютер ойындары. Компьютер ойындарын сүйіп ойнайтындарға, олар өздерінің миын жаттықтыратын білу қуантар. Бірақ… Миды жаттықтыру үшін жарты сағат, асып кеткенде бір сағат жеткілікті. Зияткерлі немесе логикалық ойындарды ойнау барысында, ойыншы стратегия таңдап, алдағы іс-әрекетті жоспарлайды. Егер сіздің жұмысыңыз ескішілдік негізінде болса, жарты сағатттық ойын миды белсенділік жағдайында ұстайды.

3. Ұйқы.Миды жақсы қалыпта ұстау үшін сегіз сағаттық ұйқы керек. Күні бойы сіздің миыңыз әр түрлі мәселелерді шешеді – оңай болсын, қиын болсын. Сондықтан оған ертеңгі мәселелерді шешу үшін жақсы демалыс керек.

4. Жаңа бір нәрсені үйреніңіз.Не нәрсені үйренгіңіз келеді, не нәрсе керектігін жақсылап ойлап, соны жүзеге асырыңыз. Өз күштеріңізді жаңа әуес іске жұмсаңыздар – мүмкін, ол атпен серуендеу немесе сурет өнері болатын шығар. Балаға ертегі жазып немесе өлең шығарып көріңіздер. Ешқашан істемеген нәрсені істеңіздер, өз миыларыңызға оған белсенді қатысуға мүмкін беріңіздер.

5. Кертартпалықтан құтылып көріңіз.Ерекше іс-әрекеттер жасап, аяқ-асты шешімдер қабылдаңыздар. Мысалы, таңғы кофеңізді шырынға алмастыру, сол қолмен жазып үйрену; үйреншікті бағытты ауыстырыңыз – сол арқылы ескіліктен құтыласыздар.

6. Сандармен жұмыс істеп көріңіз.Көбейту кестесін білесіз бе? Оны ойша қалай санау керектігін ше? Біз өмірімізді калькуляторсыз елестете алмаймыз. Ал сіздер супермаркеттегі саудаңызды ойша есептеп, не басқа да есептерді есептеп көріңіз. Бұл арқылы миды жаттықтырып қоймай, есте сақтау қабілетін де жақсартасыз.

7. Жаттап үйреніңіздер. Жатқа қанша тақпақ білесіздер? Ал балалар он шақтысын біледі. Сіздер балаларыңызбен бірге он шақты тақпақ немесе қазіргі заманғы ақындардың ұнаған өлеңдерін жаттап алуларыңызға болады. Есте сақтау қабілетін жаттықтырып қана қоймай, жақсы нәрсеге де қол тигізесіздер. Бір кездері әріптестеріңізге, отбасыларыңызға жатқа өлең айтып, оларды таңғалдырасыздар.

8. Өткеніңіз туралы айтыңыз.Біреуге кешегі күніңіз жайлы айтыңыз. Соңынан басына дейін. Мысалы, кешке, сосын күндіз не істедіңіздер, кешегі күніңіз қалай басталды. Өткенге көз жүгірту арқылы миыңыз сол ақпаратты жаттап қалады.

9. Шет тілдерін үйрену.Шет тілдерін үйрену миды жаттықтырудың жақсы жолы. Күніне кем дегенде он жаңа сөз жаттауды әдетке айналдырыңыз. Осыны әдісті меңгергенде, сөз емес сөз тіркестерін жаттауға көшу керек.

10. Сөздік қорыңызды көбейтіңіз.Күніне өзіңіз үшін жаңа сөзді ашыңыз. Бұл жалпы немесе сіздің мамандығыңызға қатысты сөздер болуы мүмкін. Сізге түсініксіз сөздердің анықтамасын табу үшін сөздіктерді қолданыңыз. Сол жаңа сөздерді өмірде қолдану арқылы жаттаңыздар.
Егер сіздер есте сақтау қабілетіңізді жаттықтырмасаңыз, оны жоғалтып аласыз. Есте сақтау қабілетін әлсіретіп алмау үшін мына 10 кеңесті қолданыңыздар. Олар көп уақытты алмайды, бірақ біраз уақыттан кейін сіздің миыңыз тиімдірек жұмыс істейтінін байқайсыздар.
 
Психофизиологиялық сауал
Қазір физиология, психология, философия ғылымдары саласында өзекжарды проблемалардың бірі — психофизиологиялық сауалдар. Ол материалдық пен идеалдық мәндердің бір-біріне ауысу қатынастарының құрамына кіретін физиологиялық және психикалық құбылыстардың арасалмағын ажырату. Бұл туралы қазіргі философия да үш түрлі қағида бар.

Бірінші қағиданы жақтаушылар физиологиялық құбылысты да, психикалық құбылысты да, материалдық процесс деп санайды. Яғни психиканы жоғары жүйке іс әрекеті сияқты материя қозғалысының қасиеті деп есептейді. Олардың пікірі бойынша, адам миы объективті болмысты материалдық нәрселермен бейнелейді. Демек', психика физиологиялық құбылыстар сияқты мидың рефлекстік механизмдерінен туады.

Екінші қағида психика материя қозғалысының формасы екендігі туралы тезисті теріске шығарады. Психиканы жоғары жүйке қызметіне ұқсастыруға болмайтындығын ерекше атайды. Мұны жақтаушылардың айтуы бойынша, психика рухани нәрсе, материалды дүниенін, идеалдық шындығы. Яғни, сана болмыстың идеалдық кескіні бола тұра мидың нақтылы құбылысы және өз идеалдығын жоймайды. Алайда мұндай пікірдің көмескі жерлері көп.

Үшінші қағиданы қолдаушылардық басты тезисі психика — мидың белгілі бір нейродинамикалық жағдайының субъективтік көрінісі. Басқаша айтқанда, кез келген психикалық күй (сезу, эмоция, ой) мидың әрекеттік жүйелерінің сәйкестелген нейродинамикалық құбылыстарының көрінісі.

Шындығында, психика мен физиологиялық кұбылыстарды тірі организм әрекеттерінің екі түрлі даму сатысы ретінде қараған жөн. Расында, идеалды құбылыс — нәрсені субъективті бейнелеу. Сондықтан ол мида орналасады, өйткені осы материалдық құрылымнан тыс субъективті бейнелеу болмайды. Психика субъективті болмыс ретінде тек адам миында туады, әрине, ол сыртқы әсерлерге, адамның әлеуметтік белсенділігіне байланысты. Адамның психикалық іс-әрекетінің күрделі формаларының механизмдер адамдардың өзара және адам мен әлеуметік ортаның қарым-қатынасына негізделген. Сондықтан адамдарды олардьщ іс-әрекетінен бөлек алып үғыну мүмкін емес.

Соңғы жылдары миды электр тогымен тітіркендіру арқылы психикалық әсерленістердің негізгі механизмдері анықталды. Сөйтіп, күрделі психикалық құбылыстарды жүзеге асыруға мидың терең орналасқан құрылымдарының белсенді түрде қатысатындығы дәлелденді (H. П. Бехтерева). Адамның ойлау қасиеті, ақпараттармен жоғары сатыда әрекет жасайтын құбылыс ретінде, нысаналы зерттелді. Адам миының орасан ақпараттық сыйымдылығы бар. Ол 14—15 миллиардтай нейроннан тұрады, шамамен. 1020 дәрежесіне тең ақпаратты қабылдай алады. Мұны көптеген ми нейрондарынан басқа, олардың көп әрекеттік популяциясы және мидың барлық іс-әрекетінің негізін қалайтын жылжымалы механизмдері жүзеге асырады.

Психикалық іс-әрекеттің бірлестіру механизмдері. Адам мінез-кұлқының саналы іс-әрекетті бағдарлауын, реттелуін және бақылауын қамтамасыз ететін механизмдері өте күрделі біріккен жүйелерден тұрады. Олар адамның психикалық іс-әрекеттің күрделі салаларын реттейтін физиологиялық механизмдер.

Психолог A. P. Лурияның пікірі бойынша, психикалық іс-әрекеттік қайсысы болса да, үш негізгі әрекеттік блоктан құралады. Бірінші әрекеттік блок қалыпты психикалық іс-әрекетті жүзеге асыратын ми қыртысының сергектігін реттейді. Ол қыртысасты және ми бағаны бөлімдерінің торлы құрылымында орналасқан. Бұлар ми қыртысына әсер етумен қатар, өздері оның ықпалында болады. Оларды белсендіретін үш түрлі әсер бар. Бірінші белсендіру көзі — гомеостаз бен ырықсыз мінездің негізін қалайтын зат алмасу процестері. Оған торлы құрылымнан басқа орталық аралық ми, лимбия жүйесі ықпал жасайды. Екінші белсендіру көзі — сыртқы әлемнен келетін тітіркендіргіштер. Олар организмді сезім мүшелері арқылы белсендіреді, бағдарлау рефлексін тудырады. Бұл рефлекске таламус, құйрықты дене, гипокамп нейрондары қатысады. Үшінші белсендіру көзі — адамның саналы өмірінде тіл арқылы қалыптасатын ниет, жоспар, керініс және бағдарлама. Олар ми қыртысы, торлы құрылым, таламус, ми ба­раны арасындағы қатынастар арқылы жүзеге асады. Екінші әрекеттік блок мидың ақпарат қабылдауын, өңдеуін және сақтауын қамтамасыз етеді.Олар ми қыртысының көру, есту және сезімдік аймақтарында атқарылады. Үшінші әрекеттік блок белсенді саналы психикалық іс-әрекеттің реттеу мен бақылау бағдарламасын жасайды. Бұл орталық үлкен ми сынарларының алдыңғы маңдай бөлігінде орналасқан. Мидың маңдай бөлігі сыртқы тітіркендіріске синтез және бағдарлама жасап, қимыл-әрекетті дайындаумен қатар, олардың нәтижесі мен барысын қадағалайды.

Қазіргі ұғымдарға байланысты белсенді психикалық әсерленістердің кұрылысын өзін-өзі реттеуші күрделі «рефлекстік шеңбер» түрінде қарайды. Саналы іс-әрекеттің қайсысы да үш блоктың біріккені-жұмысы арқылы жүзеге асырылады. Бірінші блок үйлесімді қимылға қажет бұлшықеттер тонусың екіншісі — афферентік синтезді, үшіншісі — бағдарламаға сәйкес ниетті қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар көптеген психикалық әрекеттерге ми сыңарларының әртүрлі меңгеру айырмашылықтары ықпалын тигізеді.

Мидың әрекеттік асимметриясы. Адам миы симметриялы орган. Алайда олардың әрекеттері әртүрлі болып, әралуан іс-әрекетті меңгереді.

Бұрын мидың сол сыңары тіл, ойлау, қимыл-әрекетіне, кеңістікте дене бағдарланысына жауапты, сондықтан үстемді (доминантты) деп есептелді. Ал оң сыңары қосалқы ретінде қаралды. Қазіргі кезде әрбір психикалық әрекетті меңгеруде сол немесе оң ми сыңарларының үстемдігі болатындығы анықталды. Мәселен, сол ми сыңарының әрекеті басым адамдар теорияға бейім, сөз қоры мол, оны кеңінен пайдаланғыш, қимылы белсенді, мақсатқа талпынғыш, уақиғаларды болжағыш келеді.

Оң ми сыңары нақтылы іс-әрекетке жұмылдырады, ол адам-шабан, сөзге сараң, бірақ ете сезімтал және әсерленгіш, меңзей қарауға және еске түсіруге әуес болады.

Алайда адамдардың үштен бірінде ми сыңарларының жекеленген анық әрекеттік мамандалысы байқалмайды. Маманданған ми сыңарларының арасында өзара тежелу процесі болады.

Екі ми сыңары екі түрлі ойлау процесін ұйымдастырады. Сол ми сыңары талдау процесіне қйтысып, қисынды ойлауды, ал оң ми сыңары нақтылы, яғни бейнелі ойлау амалын басқарады. Сол ми сыңары сөйлеу іс-әрекетін: оны түсіну және құрастыру, сөз символдары мен жұмысты қамтамасыз етеді. Оң ми сыңары кеңістік сигналына жауапты заттарды көру және сипап сезу арқылы таниды. Оған жеткен ақпараттар бір мезгілде және жалпы тәсілмен өңделеді. Оң ми сыңарымен музыкалық қабілеттер байланыс­ты.

Сөйлеу орталығы сол ми сыңарында орналасады. Ол он қолдың қимыл белсенділігінен қалыптасады. Солақай адамдардың да 70%-де сөйлеу орталығы, оңқай адамдардағыдай сол ми сыңарында, солақай адамдардың тек 15%-де сөйлеу орталығы оң ми сыңарында орналасады.

Мидың кейбір әрекеттерге ерекше жауапты болып, белгілі үстемді орталыққа айналуы латерализация деп аталады. Сірә, адамның жоғары жүйке іс-әрекетінің типтік ерекшеліктері қандай ойлау аппаратын иеленетіндігіне байланысты болуы мүмкін. «Көркемпаз» типтер — бірінші сигналдық жүйесі басым адамдар, олардың оң ми сыңары жетік, көбінесе бейнелі ойлайды. Ал «ойшыл» типтер — екінші сигналдық жүйесі үстем адамдар. Бұлар сол ми сыңарына тән дерексіз ойлауды иемденеді. Аралық тип екі сигналдық жүйенің әрекеттік теңдесуімен сипатталады. Адамдардың көбісі осы типке жатады.

Жалпы мидың бір сыңарының басым болуы туа пайда болады, алайда тәрбие мен тәлім де ерекше маңызды орын алады. Сондықтан солақай балаларды қайта үйрету кезінде, олардың ойлау қабілетінің ширақтығы тоқырап қалуы ықтимал.

Сөз жоқ, адамның қалыпты психикалық іс-әрекеті мидың екі сыңарының біріккен жұмысының нәтижесі. Олардың тек бір мезгілдегі жұмысы мен бейнелік және дерексіз ойлау тетіктерін бірлестіру ғана сыртқы әлемнің құбылыстарын жан-жақты (нактылы және теориялық) қамтиды. Ми сынарларының өзара қатынасына сыртқы ортаның әртүрлі кұбылмалы ықпалдары себепші болады. Сонымен ми сыңарларының қарым-қатынасының екі жақты силаты психикалык іс-әрекетті және мінез-құлықты тиімді бағытта өзгертуге мүмкіндік туғызады.

Қорытынды

Осы күнгі физиология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі - адамның психикалық (психо—жан), іс - әрекетінің негіздерін анықтау. Қазіргі кезде үлкен мидың он, және сол жарты шарларының Әрекеттік айырмашылыгы, сезім жүйелерінің, таным, түйсік, тіл, сана процестерінің, ұйқы, сезініс, мотивация іспетті психикалық әсерленістердің физиологиялық механизмдері кеңінен зерттеліп, айтарлықтай нәтиже алынды.Адамның психикалық әсерленісінің физиологиялық негіздері мен заңдылықтары И. M. Сеченов пен И. П., Павловтың ұғыну ілімі арқылы айқындалады. Психикалық әсерленістер физиологиялык құбылыстармен тығыз байланысты дербестігі бар процестер.



Бұлар танымның анағұрлым күрделі кезеңі — қоршаған әлемді жалпылама дерексіз бейнелеу.

Адам мен жануарлар психикасының ерекше көріністерінің бірі— эмония (лат. emavere — күйзелу, қобалжу). Ол мінезді бағыттау және жүзеге асыру амалдарын жасайтың мотивацияның құрамында маңызды орын алады.

Эмоцияның бірнеше түрі бар. Биологиялық эмоция — әртүрлі Тіршілік (ашығу, шөлдеу т. б.) мұқтаждықтарын қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау әрекеттерімен байланысты болады. Жоғары эмоция — әр алуанрухани (әлеуметтік, танымдық, әсемдік) әрекеттерінен туады. Қідірген эмоция — жёке адамның кейбір себептерімен, эмоциялық көріністерін тежеуі нәтижесінде байқалады. Жағымсыз эмоция — қандай болса да бір мұқтаждық қанағаттандырылмаған жағдайда ұнамсыз күйзеліс түрінде кездеседі. Жағымды эмоция — мұқтаждық қанағатта.ндырылған кезде болатын сүйкімді әсерленушілік.

Есте сақтау кезінде мәліметті түйсік басталған сәттен еске түсіруге дейін толық немесе азғана ұстап тұрады. Есие сақтау үрдісі адамның ойлау қабілетіне, өмір тәжірибесіне, ниеттеріне байланысты.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Х.Қ Сәтбаева, Ж.Б Нілдібаева, Ө.А Өтепбергенов«Адам физиологиясы» Алматы 1995ж

  2. Қуандықов.Е.Ө. Әбілаев.С.А. “Медициналық биология және генетика” Алматы 2006ж.

  3.  Шайхова М. Жастардың әлеуметтік–психологиялық бейімделу мәселелері / М.Шайхова // Ұлағат. – 2004. – № 1

  4. www.yandex.kz

  5. www.google.kz

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет