МЕКТЕБІМ – киелі мекенім Мақсаты Білімге деген ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық, сондай-ақ жаңа оқу жылында рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту туралы бірлескен талқылау ұйымдастыру, достық қарым-қатынастың, жауапкершілік пен бір-біріне деген құрметін ашу
МЕКТЕП
ӨНЕР ТӘРБИЕ ОҚУ ӘДЕПТІЛІК ЕРЕЖЕСІ ШЕБЕРЛІК МҰҒАЛІМ БІЛІМ 1. Мектеп дегеніміз не? Мектеп туралы не білеміз оқушылар?
2. Ең алғаш мектеп ашып, бала оқытқан ағартушы ақын, жазушы кім?
3. Ақын, мемлекет қайраткері. Ол ұлттық әліпбиді тұңғыш рет жасап жаңа үлгі ұсынды. Ол «Оқу құралы» атты тұңғыш әліппелердің бірін жазды.
4. Сарыөзек орта метебінің директорының, оқу орынбасарларының толық аты-жөнін айтып шығыңыз?
Тапсырма. «Кім көп біледі?» әдісі. Сарыөзек орта мектептің қанша мұғалімін білесің және ол мұғалім қай пәннен береді? Қай оқушы көп мұғалім жазады сол жеңіске жетеді.
Жұмбақтар шешу
1. Жазу жазып жалықпаған,
Жаза жаза арықтаған.
(Бор)
2.Бірге барып класқа,
Бірге үйіңе қайтады
Оның бетін кім ашса,
Әр бағаңды айтады
(Күнделік)
3. Шәкіртке жаны ашыр,
Мейірбан кім жаны асыл?
(ұстаз)
4. Жоқ өзінде баста, қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында
(Сызғыш)
5.Ілулі тұр кең алаң
Керегімді мен одан.
Жазып алам көшіріп
Сүртем сосын өшіріп (тақта)
Жалпы тәртіп сақтау ережелері: 1. Оқушы мектепке сабақ басталмастан 15-20 минут бұрын мектеп бұйрығына сәйкес таза және ұқыпты мектеп формасымен келіп, кейін сабақ өтетін сыныпқа барып, өз жұмыс орнына отырып, сабаққа керекті құралдарды дайындайды. 1.2. Мектепке және мектеп территориясына салқын қарулар, жарғыш немесе өртке қарсы, алькогольды сусындар, наркотиктер, газ баллондарын, сағыз, чипсы, улы және дәрігер қолдануға қатаң тыйым салынған басқа да заттар әкелуге тыйым салынады. 1.3. Мұғалімдердің келісімінсіз оқушыға сабақ уақытында мектептен кетуге рұқсат етілмейді. Оқушы сабақ жіберген жағдайда сынып жетекшісіне сырқаттануы туралы дәрігерден анықтама немесе сабақ жібергенінің себебі туралы ата-анасының қолхатын беруі тиіс. Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді; 1.4. Оқушы мектепте оқу құралдарымен (дәптер, оқулық, күнделік), сабақ кестесіне сәйкес орындалған үй тапсырмасымен келеді. әкелу тиіс,). 1.5 Оқушы үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетуі тиіс; Оқушылар, мұғалімдер бір біріне құрметпен қарайды. Оқушылар -үлкендерге, жоғары сынып оқушылары- кішілерге, ұл балалар- қыз балаларға жол береді 1.6. Оқушы мектепте және мектептен тыс әдептілік, біліктілік қасиеттерін сақтауы тиіс; 1.7. Мектеп мүліктеріне өз мүлкіне сай мұқият қарауы тиіс;оны жөндеуге қолдан келерлік көмек береді. Сабақ кезіндегі, сабақ басталғанға дейін,үзілістерде асханадағы тәртіп ережелері. Сабақ кезіндегі тәртіп: 2.1. Оқушылар мұғалім сыныпқа кірген кезде құрмет көрсетіп, тұрып амандасады және мұғалімнің рұқсатымен отырады. Сонымен қатар сабақ кезінде сыныпқа кірген кез келген ересек тұлғамен орнынан тұрып амандасады; 2.2. Сабақ уақытында шулауға, өзін және қасындағы оқушыларды бос сөздермен және басқа да сабаққа қатысты емес мәселелермен алаңдатуға болмайды. 2.3. Егер оқушы сабақ уақытында сыныптан шығу керек жағдайында алдымен мұғалімнің рұқсатын сұрауы тиіс. Сабақ басталғанға дейін, үзілістерде және сабақ аяқталғаннан кейінгі тәртібі. 3.1.Сыныпқа қоңыраудан бұрын кіру тиіс, коңырау соң сыныпқа тек мұғалімнің рұқсатымен кіреді;сонымен қатар сабақ уақытында немесе бақылау жұмысы кезінде телефон құрылғыларымен пайдалануға рұқсат етілмейді, телефон жоғалған жағдайда мектеп әкімшілігі жауапты болмайды. 3.2. Үзілістер (қоңырау) кезінде оқушы міндетті: Өзінің жұмыс орнында тазалық пен тәртіп орнату; сыныптан шығу; мектеп қызметкерлері мен педагогтардың қойған талаптарына бағыну;педагогтың өтініші бойынша сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектесу, мектепте және мектеп территориясында құқыққа қарсы іс әрекеттер жасау жіберілмейді; себепсіз сабақты қалдырмау (сабақты қалдырған жағдайда оны растайтын құжат көрсету). 3.3.Терезенің қасында орналасқан баспалдақтарда және басқа да ойнауға жарамайтын жерлерде жүгіруге болмайды; бір бірін итеріп, заттар лақтырып, бір біріне күш қолдануға болмайды;әдепсіз сөздер айтып, шулап, басқа демалып жатқандарға кедергі келтіруге;мектеп немесе мектеп территориясында алькогольды сусындар ішуге, темекі тарту, есірткі қолдану істеріне жол берілмейді. 3.5. Оқушылар асханада болған кезде: Мұғаліммен асхана қызметкерлерінің талаптарына бағыну, ыстық және сүйық тамақтарды алу барысында назар аударып сақтықпен қолдану; асханада алынған немесе өздері әкелген тағамдарды тек қана асхана тамақтанады;тамақ ішіп болғаннан кейін үстелді жинайды.