Мектеп: 3
Мұғалімнің аты-жөні:
Нугуспанова Ш.Т.
Сынып: 3А
|
Пән: Дүниетану № 31 сабақ
Ортақ тақырып: Демалыс мәдениеті. Мейрамдар Бөлімше: Мейрамдар
|
Күні: 03.05.23
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
Тақырып:
|
Қазақстан халықтарының мейрамдары
|
Оқу мақсаты:
|
3.1.6.1 зерттеулер негізінде Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерін шығармашылық түрде ұсыну.
|
Сабақтың мақсаттары: (Күтілетін нәтижелер)
|
Барлық оқушылар:
Қазақстанда қандай мейрамдар аталып өтілетінін біледі;
Қазақстан халқының бірлігі күні қашан және қалай тойланатынын біледі;
ұлттық мәдени орталықтар немен айналысатынын біледі;
мейрамдардың не үшін керек екенін түсінеді.
Көптеген оқушылар:
еліміздегі мейрамдардың күнтізбесін құрастырады;
салыстырады, қорытындылар шығарады;
мәселені талқылайды, пікірлерімен бөліседі.
Кейбір оқушылар:
еліміздегі мейрамдарды шығармашылық тұрғыда көрсетеді;
өзінің тұрғылықты жеріндегі бір халықтың мейрамына сипаттама береді.
ЕБҚ оқушылар: Қазақстанда қандай мейрамдар аталып өтілетінін біледі;
|
Алдыңғы білімдер
|
Наурыз мейрамы
|
Сабақ жоспары
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Ой қозғау
|
Мұғалім: Мейрамдар не үшін керек, қалай ойлайсыңдар?
Оқушылар:
көңіл көтеру үшін, өзіңді бақытты сезінуің үшін;
күнделікті шаруадан көңіл сергіту үшін;
жақындарыңа сыйлық жасап немесе тәтті тағамдар дайындап, оларға қуаныш сыйлау үшін;
шығармашылық қабілеттеріңді көрсету үшін және т.б.
(Ж) Парталас көршіңмен мына сұрақтар бойынша әңгімелес:
біздің елімізде қандай мейрамдар аталып өтіледі?
мейрам күндері адамдар не істейді?
«мейрам» сөзін естігенде көз алдыңа не келетінін сипаттап бер: түрлі дыбыстар, иістер, көңіл-күй, т. б.
|
Оқулық
|
|
(Ұ, Ж) Сабақтың тақырыбын анықтаңдар. Сабақтың соңында қандай мақсаттарға жетуіміз керек:
–Қазақстанда тұратын халықтардың мерекелері жайында білеміз;
елімізде аталып өтілетін мерекелерді шығармашылық түрде көрсете білуді үйренеміз.
|
|
Жаңа сабақ
|
Оқулықтағы мәтінді оқу (тапсырмаға дейін).
(Т) Топта жұмыс істей отырып, мейрамдардың бірі туралы постер дайындаңдар. Оған шағын төрт жолды өлең шумағын, мерекелік ашық хатты, құттықтауларды қосуға болады.
Мейрамның қашан және қалай тойланатыны жайлы шағын әңгіме құрастырыңдар немесе қысқаша сахналық қойылым дайындаңдар.
Оқулықтағы 85 беттегі екінші азат жолдағы мәтінді оқу Мұғалімге арналған ақпарат:
|