Мектеп Ең алғаш әріп танып, оқу оқып, Ұстаздардың ақылдарын миға тоқып, Ойнап, күліп, жүгіріп қызық қуып Мектеп атты кемеге біздер қондық. Мектеп көңілді де, қызықты кез, Бұл жерге ешқандай жер тең келмес



Дата25.05.2022
өлшемі13,73 Kb.
#144886
Байланысты:
Абайға арнау


Мектеп
Ең алғаш әріп танып, оқу оқып,
Ұстаздардың ақылдарын миға тоқып,
Ойнап, күліп, жүгіріп қызық қуып
Мектеп атты кемеге біздер қондық.

Мектеп көңілді де, қызықты кез,


Бұл жерге ешқандай жер тең келмес.
Көңілді күндер өтер, жылдар өтер,
Осылайша 11 жылда зырлап кетер.

2016 жыл


Анашым
9ай құрсағында көтереген,
Түнде де түн ұйқысын төрт бөлген.
Бойымызға ақ сүтімен нәр берген
Айналайын анашым не деген көркем ең?

Ақ түспесін ешқашан шашыңызға,


Жүріңіз ойнап-күліп қасымызда.
Біздердің бұл өмірде жүргеніміз,
Анашым тек сіздің арқаңызда!
2015 жыл


Тәуелсіздік
1991 жыл,
16 желтоқсан.
Тәуелсіздік алған күн,
Елімізге бейбітшілік қонған күн.
Көк аспан мен шуақты күн астында
Бар қазаққа құт қонған күн.
Баршаңызды құттықтаймын шын жүректен!
Әрқашан қуанайық бейбіт күнмен.
Тәубе етейік осы күнге Аллама,
Біздер сынды жас ұрпақ барды
Тәуелсіздік жырланбай қалама?!
2017 жыл

Бұл өмір бітпейтін бір ертегі
Өмір есігін ашқан сәттен,
Атандың ертегінің кейіпкері.
Ертегінің авторы да өзің болдың,
Басты рөлде әрине өзің болғың.
Есіңді жиып дағы үлгермейсің,
Біреу сені жамандап үлгереді,
Солайша болып жатқан ертегіңде,
Кейіпкерлер байқаусыз көбейеді.
2017 жыл

Мен....
Мен ақын емеспін,
Тума талантта демеспін.
Жәй ғана қырсық қыздың
Қызығушылығын оятқан,
Хоббиі деп шешкің.
Ақындардың өлеңдерін оқимын,
Керек жерін көңіліме тоқимын.
Солайша ойымдағы ұйқасты,
Қағаз бетіне түсіремін деп шештім.
2017 жыл


Бестау орта мектебі
Бестау орта мектебі биіктерге самғайды,
«Бір үйдің баласындай» қатарынан қалмайды.
Қырандай қалықтаудан талмайды,
Жеңісін басқаға беріп қоя алмайды.
2018 жыл

Тәуелсіз Қазақстан
Қазақстан – елім менің байрақты,
Ұлдарың мен қыздарың бар жан-жақты.
Астанада ЭКСПО-ны өткізіп,
Қазақстанды одан әрі жайнатты.
30 елдің қатарына кіреміз,
Қиындықты бірлесіп біз жеңеміз.
Қазақстанның бүгіні мен ертеңі,
Жас ұрпақтың қолында деп сенеміз.
2017 жыл

Ақтөбе
Жайқалған қалам – Ақтөбем,
Қазақстанның батысында көркейген.
Баурайында қанша батыр, ақын жерленген,
Ұлылардың мекені сенсің Ақтөбем!
2016 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет