Мектеп мұражайы-тарихтан сыр шертеді



бет1/3
Дата02.07.2018
өлшемі12,5 Mb.
#45331
  1   2   3
Мектеп мұражайы-тарихтан сыр шертеді. (Мақала)

1.Атауы:Тарихи-этнографиялық мұражай

2.Мекен-жайы:Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Зеренді селосы

Жанайдар Мусин көшесі №34 ғимарат

"М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім бертін орта мектеп" КММ

Тарихи-этнографиялық мұражай



Электрондық пошта:nurseitov@mail.ru
3.Эмблемасы:

4.Құру мақсаты:мұражай жәдігерлері арқылы көрермендерді ұлттың тарихын

тануға тарту,отансүйгіштікке баулу.

5.Мұражаймен орындалатын нысана:ұлттың тарихына қызығыншылықты ояту

6.Мұражай келесі нысаналарды орындайды:

а)білім беру-байланысты сабақтарда мұражай көрмесін пайдалану

б)экскурсиялық-1995 жылдан бастап 467 экскурсия болып,5965 адам

біздің қонағымыз болып кетті

в)сабақтан тыс-тәрбие шараларын жүргізу,экскурсоводтарды дайындау

с)басқалары-соғыс,еңбек ардагерлерімен,атақты жерлестерімізбен,

мектептің бұрынғы түлектерімен кездесулер ұйымдастыру

7.Негізгі бағыттары:

а)танымдық қызмет-ұлттың,өлкенің тарихын білуге

б)іздестіру-зерттеу-жергілікті материалдарды зерттеу,экспозицияны үнемі

толықтырып отыру

в)бағалы-хабардар болу-жазғы қазба жұмыстарының нәтижелерімен танысу,

жаңа жергілікті материалдарды іздестіру

г)шығармашылық қызмет-жинақталған материалдарды пайдалана келе стенд,

буклет,альбом,бейнетаспа,реферат,баяндама дайындау

д)экспозициялық-көрсетілім:-өлке тарихы

е)ғылыми-танымдық-шежіре құрастыру,өлке тарихын жазу

8.Тараулар және мұражайдың экспозициялары:

1.Ұлы Отан соғысының ардагерлері

2.Туған өлкенің табиғаты

3.Этнография материалдары

4.Біздің өлкенің атақты адамдары


Адамзат тарихының күре тамыры мәдениет болса, мәдениеттің күре тамыры-адам баласының ақыл-ойы мен қимыл-карекеті дүниеге әкелген рухани және материалдық құндылықтар. Қай халықтың болсын өзге ешбір халыққа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзгеше тағдыр-талайын айқындайтын жәдігерлер. Осыған орай, ғылыми, ағартушылық-біліми, мәдени мекеме ретінде мүражайлардың рөлі өте зор. Себебі, мұражай көрмелерінде орналасқан әрбір мұраның астарында сол жеке мұра тарихы ғана емес, осыған байланысты болатын кез келген халықтың жүріп өткен ізі, тарихы жатыр.

Мұражай, ғылыми зерттеу жұмыстарымен катар, тарихымыздың құнды деректерін сақтау арқылы ұрпақтан-ұрпаққа сана-салттың қалыптасуы мен дамуын жеткізетін орын болып табылады.



Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты жүзеге асыру мақсатында, балалар мен жастарға отансүйгіштік тәрбие беру жұмысын ұйымдастыру үшін М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің іргесінде тарихи-этнографиялық мұражай 1995 жылдың 5-ші мамыр күні ашылған болатын. Мұражайдың салтанатты ашылуы Ұлы Жеңістің 50 жылдығына арналған. Сол күндері мектебімізде осы мерекеге арналған көптеген игілікті жұмыстар жүргізілді. Аудан және мектеп басшылығы, оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер қауымының қызу қолдауымен бағалы деректер жиналды. Газет, құжат материалдары, керекті документтер, архив документтері, әр түрлі фотосуреттер шын ниетпен мектепке ұсынылды және мұражай жаңа экспонаттармен толықтырылды. Мұражайда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған,ардагерлердің естеліктері,іс қағаздары фотосуреттері,медальдары мен төс белгілері,каскалар,котелоктар,түймелер,гилзалар оқушыларға экскурсиялар кезінде үкен әсер етуде.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет