Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі 1.«Тәрбие жүйесі» ұғымы 2.Сыныптың тәрбие жүйесі 3.Тәрбие жұмысының бағыттары Жүйе (лат. systēma, гр. σύστημα– бөліктерден құралған тұтастық, қосылыс) – бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы. - Жүйе (лат. systēma, гр. σύστημα– бөліктерден құралған тұтастық, қосылыс) – бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы.
- И.Кант жүйе ұғымына “бір идеямен біріктірілген, сан алуан білімдер бірлігі”, деген анықтама беріп, оны гносеологиялық мағынада ұсынған.
- Гегель болмыс пен ойлаудың тепе-теңдігі принципіне сүйеніп, жүйе ұғымын онтологиялық мағынада да, гносеологиялық мағынада да қолданады. Ол категориялар жүйесі түріндегі диалектика ілімін негіздеді.
Тәрбиелік жүйе — адамдарды мақсатқа бағытталған іс-әрекет, жеке адамды идеялық, саяси, Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық, рухани-адамгершілік, ұлттық тәрбие, отбасы тәрбиесі, еңбек, экономикалық және экологиялық, зияткерлік, ақпараттық мәдениет, көпмәдениетті және көркем-эстетикалық, дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытталған жүйелі тәрбиелеу кешені болып табылады. - Тәрбиелік жүйе — адамдарды мақсатқа бағытталған іс-әрекет, жеке адамды идеялық, саяси, Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық, рухани-адамгершілік, ұлттық тәрбие, отбасы тәрбиесі, еңбек, экономикалық және экологиялық, зияткерлік, ақпараттық мәдениет, көпмәдениетті және көркем-эстетикалық, дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытталған жүйелі тәрбиелеу кешені болып табылады.
Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметгік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді - Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметгік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді
Мектептің тәрбиелік жүйесі – мектептің тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және баланың әлеуметтенуі мен дамуының мақсатқа бағытталған факторы. - Мектептің тәрбиелік жүйесі – мектептің тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және баланың әлеуметтенуі мен дамуының мақсатқа бағытталған факторы.
Қазіргі таңда мектептегі тәрбие жүйесінің негізгі құрылымы - сабақ үстіндегі, сабақтан тыс уақыттағы, мектептен тыс уақыттағы, қоғамдық ұйымдардағы және қоғам, мектеп, ата-аналар бірлестігінде, т.б. іске асырылады, бір-бірімен сабақтастықта және жүйелі түрде байланысады.
Мектептегі тәрбие жүйесі, біріншіден жүйенің қалыптасуынан, екіншіден әр ұжымның іс-әрекетінің мазмұнын нақтылаудан, үшіншіден, жаңашыл үрдістерді пайдалану барысында жүйені қалыптастырудан тұрады.
Ресей ғалымы Л.И.Новикова тәрбиелеу жүйесі тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны, іс-әрекеттерінің өзара байланысынан тұратын әлеуметтік ортаны құрайды деп анықтама береді.
Жалпы мектептегі тәрбиелеу жүйесі, сыныптағы тәрбие жүйесі бір-бірімен кіріктірле отырып, сабақтастырыла жүргізіледі. Тұтас педагогикалық жүйе секілді тәрбие жүйесінің негізіне оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жатады.
Тәрбие жұмысы — бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған ересектер мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруға бағытталған мақсатты іс-әрекет. - Тәрбие жұмысы — бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған ересектер мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруға бағытталған мақсатты іс-әрекет.
- Мектептің тәрбие жұмысын жүйе ретінде өзара байланысқан блоктар түрінде көрсетсе мынадай
В.С.Кукушкин өзінің “Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесі“ атты еңбегінде тәрбиелеу жүйесінің негізгі бағыттарын нақтылайды: - В.С.Кукушкин өзінің “Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесі“ атты еңбегінде тәрбиелеу жүйесінің негізгі бағыттарын нақтылайды:
- әр мектептің өзіндің тәрбие жүйесінің тұжырымдамасының болуы; - тәрбиелеу жүйесінің жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі; - тәрбие жүйесінің тұлғаға бағытталған еркіндік кеңістігінің қалыптасуы; - мектеп пен қоғамның өзара байланысына негізделуі; - жүйелі түрде салауатты өмір салтының қалыптасуы; - әр мәселенің жариялылық тұрғыда әділ шешілуі; - мектептегі қарым-қатынастың ізгілікке бағытталуы; - мектептегі әр атқарған іс-шаралардың сабақтастығымен бірге, іргелі шараларға ұласуы.
Достарыңызбен бөлісу: |