«мектепке дейінгі мекеменің Әдістемелік жұмысын ұйымдастыруда инновациялық технологияларды пайдалану» атырау облысы индер ауданы «райхан» балабақшасының Әдіскері
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ» АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ИНДЕР АУДАНЫ «РАЙХАН» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мектепке дейінгі тәрбие педагогтарының инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару тәрбиешінің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір баланың қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласының өзі мектепке дейінгі тәрбиеден бастау алатынын ескерсек, балабақша қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқыту мен тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда тәрбиешілер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында пайдалана отырып, оның сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан 2050: стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауында мектепке дейінгі білім беру жүйесіне 3 нақты тапсырма берген болатын, олар:
Мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім беруге оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін енгізу;
Балаларды мектепке дейінгі білім беру мен қамту мәселелеріне қатысты жүйелі ұсыныстарды егжей-тегжейлі әзірлеу;
Мектеп жасына дейінгі білім беру деңгейінде үш тілді оқытуды жаппай енгізуді қамтамасыз ету.
Мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім беруге оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін енгізу– жаңа формация педагогын қалыптастырудың, баланы жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға ретінде тәрбиелеудің алғы шарттарының бірі болып отыр.
“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз»,– дейді. Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген инновациялық педагогикалық технологиялар :
Жалпы, балабақша бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнын жаңарту мақсатында ұйымдастырылып отырған жұмыстарға әдістемелік басшылық жасау Коучинг технологиясы негізінде жүргізілуде.