Мектепке келдім. Оқушылардың қауіпсіздігін қадағаладым. Сыныпқа кіргізіп антисептиктерін маскаларын тексеріп шықтым. Оқушыларға сабақ басталды. Мен сынып жетекші мұғаліммен бірге өзім өткізетін тәрбие сағат жоспарымды көрсеттім. ҚМЖ жұмысымды жазып оқушыларымды қадағалады. Пән жетекші ұстазымнан білмеген түсінбеген жерлерімді сұрап қатемен жұмыс жасадым. Оқушыларға ескерту жасап сабақ біткен кезде қайттым.
Аптаның екінші күні. Күнделікті сыныбыма қарау керек жұмысыммен айналыстым. Сабақ басталды алғашқы сабақ менің сабағым химия. Оқушылардан үй тапсырмасын сұрадым. Скамборд және веен диограммаларын пайдаланып үй жұмысын сұрап шықтым жаңа түсіндірмес бұрын оқушыларға сергіту сәтіне ермексаздан азот молекула құрлысын жасаттым. Оқушыларға қызықты болды. Жаңа сабақ түсіндірдім тақырыбым аммиак болатын. Оқушыларға аммиактың зертханада алынуын видео ретінде дайындап алып барып көрсеттім оқушылар аммиактың қандай маңызды зат екенін көріп әрі физикалық химиялық қасиеттеріне қызыға қарады. Осылайша сабағымды аяқтадым. Оқушылармен бірге мектептен қайттым.
Мектепке келіп ең алғашқы қауіпсіздік жұмысымды жасадым. Оқушыларды сыныпқа жайғастырып өз жұмысыммен айналыстым қмж толтырдым. Үзіліс кезінде оқушыларыммен ертеңгі болатын тәрбие сағаттын ақылдасып дайындық жұмыстарын қадағаладым. Оқушыларым өте өнерлі екенін қатты қуандым және тәрбие сағатты жоғары дәрежеде өткізетініме көзім жетті. Ұлдарда қыздарда өнерге жақын екен, бірі ән айтса бірі биге қол өнерге спортқа барлығына икемі бар балалар екен. Тәрбие сағат тақырыбы «Қазақ халқының салт дәстүрлері». Оқушылар маған тәрбие сағатқа деген қызу дайындығын көрсетіп қуантты.
Бүгін аптаның төртінші күні мектепке келіп оқушыларымды қадағалап сыныпқа жайғастырдым. Бүгін тәрбие сағат өткізетін күн. Оқушыларым қазақи киімдерін , құрал жабдықтарын алып келіп дайындықтарын көрсетті. Оларға тәрбие сағат тақырыбы ұнағандықтан барлығы белсене қаттысты. Тәрбие сағатымды бастадым. Көрермен ретінде басқа сынып жетекші мұғалімдерді, қауіпсіздік үшін мектеп медбикелерін және мектептің іс шараларымен айналысушы мұғалімді шақырдым. Оқушылар тәрбие сағат барысында ән айтып, би билеп, кешігі өткен Мұқағали атамызды туылған күніне орай өлең оқып, ұлдарым ұлттық ойындар арқылы сайысып қыздарым ою ойып, ұмыт болған салт дәстүрлерді көрініс ретінде көрсетіп, мақал мәтел жұмбақ сайысын өткізіп жоғары деңгейде алып шықты. Оқушылардың дайындығын көрген мұғалімдер ұйымдастырушы мені мақтап оқушыларға ырза болды. Сосын соңғы сабақ өзімнің сабағымды өттім оқушылармен аммиактың химиялық қасиеттерімен таныстық.
Аптаның соңғы күні мектепке келіп күнделікті ең бірінші жұмысыммен айналыстым. Оқушыларымды түгелдеп сабақтарын қадағаладым. Мұғалімдер менің сыныпқа жақсы әсер еткенімді айтып қуантты. Өз жұмыссыммен айналысып қмж толтырдым. Оқушылардың маска антисептитерін қадағалап отырды . сабақ аяқталған кезде оқушылармен бірге қайттым. Практика кезінде болған 4 аптам өте қызықты өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |