Мен, Бегалиева Фарида Жайчибекқызы 1968 жылы 9 ақпанда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша-бибі ауылында дүниеге келдім.
1975 - 1985 жылдар аралығында Айша-бибі атындағы орта мектебінде оқыдым.
1985-1990 жылдар аралығында Жамбыл технологиялық институтында оқып, экономист мамандығы бойынша диплом алдым.
1990-2001 жылдар аралығында экономист мамандығы бойынша Жамбыл облыстық білім басқармасында -экономист, Шу аудандық атқару комитетінің жоспарлау бөлімінде- экономист, Шу аудандық жұмыспен қамту орталығында бас маманның қызметін атқардым.
2001 жылдың қаңтар айынан бастап Жамбыл облысы Жуалы ауданы №12 Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебіне информатика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым.
2002-2004 жылдар аралығында сырттай Тараз мемлекеттік университетінде информатика мамандығы бойынша екінші жоғары білім алдым.
2002 жылдың тамыз айынан бастап жоғарыда аталған мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалдым.
Осы 17 жыл ішінде осы лауазымда көптеген жұмыстарды атқарудамын. Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан әлуеметтік-экономикалық, саяси өзгерістер білім беру саласын жетілдіруді талап етеді, жаңа міндеттер жүктейді. Осы міндеттерді орындау мақсатында педагогикалық ұжыммен бірлесіп «Жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру» мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізудемін. Бүгінгі алға қойған міндеттеріміз: Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сапалы біліммен қамтамасыз ету. Оқу-тәрбие үдерісіне жаңа технологияларды енгізу, оның ішінде ақпараттық, телекоммуникациялық технологияларды қолдану арқылы өткізілетін сабақтардың сапасын арттыру. Мектеп мұғалімдеріне 7 модульді ықпалдастыра отырып, коучинг, тәлімгерлік және сабақты зерттеу арқылы оқытудың тәжірибесін өзгертуге ықпал етудемін. Оқушылардың өз бетінше білім алуына бағытталған бағалау жүйесіне көшудеміз.
Мектепте 38 мұғалім жұмыс істейді. Мұғалімдердің сапалық құрамына келетін болсақ, жалпы жұмыс істеп жүрген 38 ұстаздың жоғары санаттағы мұғалімдері- 10 (26,3%), бірінші санатта -8 (18,5%), екінші санатта- 10 (28,9%), санаты жоқ мұғалімдердің саны-11 (26,3%) құрады, мұғалімдердің біліктілік санатының үлесі (жоғары, бірінші, екінші) 28 мұғалім (73,7%).
Жалпы оқушылар саны – 202 болды. Жалпы үздіктер мен екпінділер саны 141 оқушы (69,8%) құрады.