19-06 Дүйсембай Бейбарыс
Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары. "Мен жастарға сенемін" деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, әр елдің, ұлттық болашағы, оның ары қарайғы ірге тасын қалайтын ол - жастар, өскелең ұрпақ. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тым көп уақыт өтпеседе, дамыған елдер қатарына еніп, даму елдер тобындамыз. Еліміздің осылай тез дамып, өркендеуіне еліміздің жастарының қосқан үлесі өте зор.
XXI ғасыр нанотехнологиялардың дамыған ғасыры деп айтылатын ғасырда өмір сүріп жатқан біздер өткен ғасырдағы жастардан ерекшеленіп отырмыз. Әрине, қоғам емес адамдардың өзгеруінің әсерінен болып отырған жағдай деп түсінемін. Білім мен ғылымның қарқынды дамуының әсерінен адам өміріндегі көптеген өзгерістер байқалды. Қазіргі таңда интернет желісін қолданбайтын адам жоқ шығар. Осыдан 15 жылдар бұрын орта жас ретінде интернет желісін 20-25 жас аралығындағы адамдар қолданған болса, қазірге кезде 5-6 жасар балаларда қолданады. Осылайша, кішкен кезден бастап интернет желісін пайдаланғаннан соң қазақ халқымыздың этикалық құндылықтарына кері әсер жатыр. Интернет желісінде көптеген сайттар бар, олардың барлығында бірдей пайдалы ақпарат бар деп айта алмаймын. Кейбір сайттарда сананы улау үшін әр түрлі ақпараттар бар. Бірақ осындай сайттарды бұғаттау жұмыстарыда жүргізіледі. Бұдан басқа өзге елдің, яғни шет елдерге еліктеу қазіргі жастардың арасында кең таралған. Шет елге еліетеймін деп қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарын жоғалтып жатқандаймыз. Соңғы жылдары жастарымыздың арасында заманына қарай- адамы деген қағида пайда болып, жастарымыз өздері айналысып жүрген істерінің ақ қарасын ажыратпай, ұлттық менталитетімізге тән емес өзге елдің рэп оқу, сәндік киім деп ашық-шашық киіну, шаш кесу, қас жұлудан бастап. көптеген зиянды іс-әрекеттерді жасауда. Осы бір өзге елдің мәдениеттерінің елімізде таралуы болашағымызға балта шабуда деп ойлаймын. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін отандық мультфилмдер, мектеп қабырғаларында ұлттық аспаптарды үйретенін үйірмелер және тағы сол секілді қосымша сабақтар болу қажет. Себебі, болашағымыз өскелең ұрпақтың қолында болғандықтан, ата-бабаларымыздың ізін жалғастырушы солар болғандық, тәрбие тал бесіктен дейді, сондықтан кішкентай кезден бастап үйретіп, саналарына қондыру қажет.
Қай заманда болсын, өз ұлтының тарихы мен мәдениетін, ұлттық құныдылығын, ұлттық этикасын сол елдің ұлттық менталитетін сақтап өскен білімді ұрпағы ғана сақтай алады.