Ата-аналар жиналысы : ТӘРБИЕ ТАЛ БЕСІКТЕН...
Мақсаты: Мектеп - ата-ана – бала арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер: *Ата-ананың баламен жүргізілетін тәрбие жұмысына жауапкершілігі артады;
* Мектеп пен ата-ана байланысы нығайып, жұмыс жүйесі жақсарады ;
Әдіс-тәсілдер: Тренинг жаттығуы «Ассоциация», «Шаттық шеңбері» танысу тренингі ,миға шабуыл, топтық жұмыс, кеңес, шығармашылық тапсырма.
Қажетті құрал жабдықтар: Ватман қағаз,маркерлер, жапырақшалар, үлестірмелі тапсырмалар, слайд,
Жиналыс барысы :
Қызығушылықты ояту(5-мин)
*Ата-аналармен амандасу.
«Шаттық шеңбер» құрып, доп арқылы танысу тренингін өткізу.
/ тренингте ата-аналар бір-біріне допты беру арқылы өздерін таныстыру. Мысалы: ата - ананың аты жөні,кімнің анасы (әкесі) екенін айту.Өзінің бір жақсы қасиетін айту./
*Жиналыстың мақсат –міндетімен таныстыру.
*Күн тәртібінде қаралатын мәселелерді анықтау.
Күн тәртібінде:
Тренинг «Ассоцияция»
“Тәрбие тал бесіктен ...”
2.1. Ата-ана кодексі
2.2. Қауіпсіздік техникасы б.нұсқаулықпен танысу
Мағынаны тану
*Топтастыру /Ата-аналарды 2 топқа бөлу/
«Ана», «Бала» суреттері арқылы топтарға бөлу.
*Ата-аналар бүгін топтарда жұмыс істейтін боламыз.
*Топтық ереже құрып алайық
Ереже
1.Бір-бірімізді тыңдау
2.Бір-бірімізді сыйлау
3.Белсенді жұмыс істеу
*Топпен жұмыс
«БАЛА» тобы -Бақытты бала деген кім? Ол қандай болу керек?
«АНА» тобы-Адамгершілік дегенді қалай түсінесіздер?Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |